Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Сабақ жоспары "Нарманбет Орманбетұлы " 10 сынып

Сабақ жоспары "Нарманбет Орманбетұлы " 10 сынып



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

10-сынып


Сабақтың тақырыбы:Нарманбет Орманбетұлы «Шал қағысы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Нарманбет Орманбетұлы өмірі мен шығармашылығын қайталау, шығармашылығын талдау, «Шал қайғысы» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ұғыну.

Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрістерін дамыту,танымдық құзіреттіліктерін арттыру.

Тәрбиелік:Ақын шығармалары арқылы оқушыларды адалдыққа,ауызбіршілікке баулып,бойкүйездіктен,жалқаулықтан арылуға шақыру.

Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ

Сабақтың көрнекілігі:интерактивтік тақта,ақын портреті.

Сабақтың әдісі:Венн диаграммасы,сұрақ-жауап,семантикалық карта,сатылай кешенді талдау,салыстыру картасы.

Ұйымдастыру

Амандасу,түгендеу.

Үй тапсырмасын сұрау

Н.Орманбетұлы.

1.Өмір жолы

2.Ақын мұраларының тағдыры

3.Шығармашылығы

А) тарихи оқиғалар 1905-1906жж, 1916 ж,1917 ж

1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Бұл кезенде патша үкіметінің отаршылдық саясаты күшейіп, барған сайын асқына түсті. Мұны мынадан айқын көруге болатын еді. Біріншіден, қазақтардың жерлерін қоныс аударушы орыс шаруаларының және қазақтардың қорына жаппай тартып алу одан әрі жүріп жатты. Екіншіден, өлке аумағынан мал өнімдері шикізаты, минералдық ресурстарды көптеп тасып әкету күшейді. Кеніштерді, шахталарды, зауыттар мен фабрикаларды болмашы арзан бағаға сатып алған шетелдік кәсіпкерлер елдің табиғи қазба байлығын тасып әкетуде алдарына жан салмады. Үшіншіден, жұмысшыларды, соның ішінде әсіресе қазақтарды қанау әлдеқайда қатыгездік сипат алды. Қазақтардың жалақысы көрер көзге төмендетілді, олар мамандық деңгейі төмен, ең ауыр қара жұмыстарда істеді. Орыс жұмысшыларымен салыстырғанда тұрғын үй жағдайлары да адам төзгісіз еді. Төртіншіден, патша үкіметі қазақ өлкесінде православие дінін уағыздаушы миссионерлерді қаптатып жіберді.


1916 жылы 25 маусым күні орыс емес  «бұратана»  халықтардың 19-43 жас аралығындағы ер-азаматтары  соғысып жатқан  армия ауданында қорғаныс құрылыстарын салу мен тыл  жұмыстарына «реквизицияланатыны» жөніндегі патша жарлығы жарияланды.  Алдын ала жасалған есеп  бойынша, 390 мың адам алу көзделді. Көтерілістің негізгі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипатты факторлары: отарлық езгінің күшеюі, жерді тартып алу, салықтар мен алымдардың көбеюі, еңбекшілерді аяусыз қанау, күшпен орыстандыру жөніндегі патша саясаты, ұлт араздығын қоздыру, енбекші бұқараның соғысқа байланысты жағдайының нашарлауы. Стихиялы түрде басталған қозғалыс біртіндеп ұйымдасқан сипат ала бастады. Оның Торғай мен Жетісуда дала халқынын танымал өкілдері, көпке белгілі жетекшілері Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин, Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев    т. б. бастаған ірі орталықтары пайда болды.



Венн диаграммасы

Абай шығармашылығы Ұқсастық Нарманбет шығармашылығы

«Ғылым таппай мақтанба» Тақырып ұқсастығы

Ағартушылық «Бала қайдан?»

Ғылымды насихаттайды

Сауатсыздықтан құтылу

Адамгершілік

Имандылық


Жаңа сабақ :«Шал қайғысы» өлеңі

Сөздер сыры

Ғапыл-бес күндік

Тәбділ-көну,мойынсұну

Қапыз-жалған

Қарап-лас

Лақатқа кірмейсің-көрге кірмейсің

Әзәзіл-алдаушы

Мазфуздан-ең жақын


1.Өлеңді оқып шығамыз

Сатылай кешенді талдау:

1.авторы: Н.Орманбетұлы

2.тақырыбы:заманның келеңсіз тұстары

3.жанр түрі:поэзия

4.идеясы:ел бірлігі,адалдық,тоғышарлықтан арылу

5.Ұйқас түрі:аралас ұйқас

Семантикалық карта

Өлеңнен үзінді:

Мақал-мәтелдер:


Біреу мен біреу алдасып,

Мал ұрласып жандасып,

Татулықпен өлмек жоқ.

Кешегі дос бүгін жоқ,

Егер болса қарны тоқ,

Қайта айналып көрмек жоқ.

Татулық – табылмас бақыт.

Ұрлық түбі - қорлық

Қатында қайрат қалмады,

Ұйқылары қанбады,

Иірген жіп,өрмек жоқ.

Қызда қылық қалмады,

Шешенің тілін алмады,

Кесте тіккен өрнек жоқ.

Қызым,саған айтам,Келінім,сен тыңда.

Қызға қырық үйден тыйым,Одан қалды есіктегі күңнен тыйым.

Ұлың да оқу оқымас,

Оқыса қоймас ықылас,

Көңілі зерек,серігі жоқ.

Оқусыз білім жоқ,Білімсіз күнің жоқ.

Білімдінің күні жарық.Білімсіздің күні ғаріп.

Кәпірстан бай шықты,

Тоямыз барып деуге жоқ.

Қанағат қарын тойғызар.Тоя жегеніңді қоя жесең,досыңның көңілін ауларсың.


Салыстыру картасы

Шал қайғысы

XXI ғасыр қайғысы


Ұрлық

Білімсіздік

Қыз тәрбиесі

Экология

Кедейшілдік

құлықсыздық

Тіл тағдыры

Тастанды балалар

Қарттар үйі

Қыздардың арын сатуы

Баспана мәселесі

Жемқорлық


1-шығармашылық кезең

Бейбіт Есеттің өлеңін тыңдайық.

2-шығармашылық кезең

«Мәңгілік ел – қайғысыз ел» тақырыбына байланысты болашақты болжалдау мақсатында өз ойларыңызды жазыңыздар.

Бағалау

Сабағымыздың қорытындысы есебінде мынадай үндеу жарияламақпын.

Ел ертеңі сіздер,құрметті оқушылар!

Біздің ең басты құндылығымыз – тәуелсіздік!

Еліміздің барын бағалап,жоғын жоқтайтын,намысын қорғайтын да сіздер боласыздар. Сондықтан да,ел тағдырын білімді ұрпаққа сеніп тапсыратын болайық
















57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 19.10.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров19
Номер материала ДБ-274436
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх