Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары "Наурыз тойы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Сабақ жоспары "Наурыз тойы"

библиотека
материалов

Тақырыбы: “Наурыз той”

Мақсаты:Оқушыларға қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде, әдет- ғұрпында ерекше орын алған Наурыз тойының ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын, қазақша жаңа жылдың келу салтанатын әңгімелеу, баланың жас ерекшеліктеріне байланысты әрі өзін қатыстыра отырып сөйлету.

Тәрбиелік мәні: ұмытылып бара жатқан әдет-ғұрыптарымызды: имандылық, тіл мен дінімізді берік орнықтыруға тәрбиелеу, бағдар беру.

Көрнекілік заттар: Киіз үй, тұскиіз, күн мен түннің бейнесі.

Барысы:

1.Кіріспе сөз (мұғалімнің сөзі).

-Қазақ халқының тұрмыс- тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі-Наурыз. Бұл күн жыл сайын Наурыз айының 22-жұлдызында мерекеленетін болған. Яғни күн мен түннің теңесіп, қар еріп, көк шыға бастайтын көктем айы.Сондықтан Наурыз күнін ертедегі адамдар Жаңа жылдың басы-ұлыстың Ұлы күні деп есептеп, жақсы тілек, зор қуанышпен қарсы алған, жұрт ел аралап үйлерге кірген наурыз көже ішіп, жастар ән шырқап, палуандар күресіп, ойын- сауықпен өткізген. Наурыз мейрамын жыл басы ретінде тек қазақтар ғана емес, көрші өзбек, қырғыз, қарақалпақ, әзірбайжандар да тойлаған.Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл дегендей, бүгін біз жыл басы, Жаңа жыл -Наурыз мерекесінің ықшамдалған тәрбие сағатын тамашалауға шақырымыз!


1-бастаушы:

Наурыз-өте көнеден келе жатқан мейрам. Қазақтар бір жылды әрқайсысы 30 күннен тұратын 12айға бөлген. Санатқа кірмей қалған бес күнді бесқонақ деп атаған.


2-бастаушы:

Ежелгі сенім бойынша жақсылық пен жамандық жан алып, жан берілетін, жуаның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер кезін халық Өлара деп атаған.

1-оқушы:

Тіпті осы күні хан тағынан түсіп, қараға тағын береді екен, ертеде Иран патшасы шапанын құлға берген екен.

Құл құтылар құрықтан,

Күң құтылар сырықтан депті ғой.


2-оқушы: Құлға да бір күн азаттық деген сөз осыдан қалса керек.


3-оқушы: Қазақтар Наурызды қалай қарсы алған?


4-оқушы: Малдар төлдеп, қой қоздап,

Сүттен бұлақ ағызған,

Жаңа жылдың сипаты,

Молшылыққа аңыз боп,

Басталыпты Наурыздан!

5-оқушы: Қазақтар Наурызды жыл басы санайды!

6-оқушы: Жер бетіне жақсылық орнаған күн!

Ұзақ ұшып келген күн,

Жұлдыздың жерге түскен күні!


7-оқушы: Наурызды 21-жұлдызында Қыдыр ата даланы аралайды екен. Қыдыр ата адамдарға- бақыт, дәулет әкелетін көзге көрінбейтін ақсақал.


8-оқушы: Қыдыр түні үйге қос шырық жағып отырған.Жаңа жылда үйді тазалап, ағартып отырған.Сол күні қар немесн жаңбыр жауса, нұр жауды деп санаған.Үстіне аппақ киім киген.

9-оқушы: Шәкәрім ақын:

Қыз шығады қиылып,

Екі көзі жәудіреп,

Бозбала шығар бұрқырап,

Құлын-тайдай шұрқырап, -деп өлең де шығарған.


10-оқушы: Ұлы күнде сәлемдесудің де қалыптасқан дәстүрі бар (сахнаға ер бала шығады).

-Ассалаумағалейкум!

-Әлейкумассалам!

-Мал- жан аман ба?

-Шүкір, шүкір!

-Наурыз құтты болсын!

-Бірге болсын!


11-оқушы:

Жасың құтты болсын!

Өмір жасың ұзақ болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке болсын!

Пәле-жала жерге енсін!

-Әумин!


12-оқушы:

Жаңа атқан қозыдай,

Жамырасқан өрістен.

Ұдыс күні кәрі жас,

Құшақтасып көріскен.

Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар,

Ұлы кісіден бата алса,

Сонда олжалы жол болар.

13-оқушы:

Ұлыс күні жеті түрлі тағамнан: сүт ет, қойдың басы, сүт, құрт, бидай, тұз, судан қазы қазан толы көже берілген. Басты ауыл қариясына таратқан.

Бақытты ас берсін,

Ұлыстың ұлы күнінде.

Менің берген бұл батам,

Ұлы күнге сақтап жүрген сүр батам, -деп бата берген.


14-оқушы: Ежелгі қуатты Сақ елінің бірлігі бұзылып, ел көсемдері жиналып, не істейміз деп ойласады.

Сөз тыңда, құлақ салып, балам маған,

Астында дарияның алтын қазан.

Әкелген сол қазанды ерлік қылып,

Беремін Күнсұлуды қосып саған.

Мұғалім:

Сол өазанға пісіріліп таратылған тағамнан дәм татқан сақтар өзара өкпе-наздарын ұмытып, қазан асып, отбасында қайтадан татуласып, осылайша ел бірлігі сақталып қалған екен.

15-оқушы:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Ұлыс күні басталды,

Наурыз туын көтеріп

Жар салайық әлемге!


16-оқушы:

Жаңарғаны сананың,

Ұмытады мұны кім!

Ата салтын бабамның,

Алып келді Ұлыс күн!


1-бастаушы:

Ел ішінде ардақ тұтар еңселі

Ортаға шық, жұлдызшалар, кел бері.

Баршамызды қызықтырған биылғы,

Бізге мәләм қандай жылдың келгені.


17-оқушы:

Он екі жыл бір мүшелді құраған,

Бұрыңғылар жылың не деп сұраған.

-Ата, биылғы жылымыз қандай?

Көріпкел аспанға дүрбімен қарап:

Ә-ә, көрдім,көрдім!

Биылғы жыл жылқы!

Ортаға жылқы келеді.

Амансыздар ма, балалар!

Жаңа жылдарың құтты болсын!


2-бастаушы

Жыл иесі, бақыт әкел еліме,

Құт-береке, молшылық дари берсін жеріме.

Тарылмасын табиғаттың тынысы,

Тазалықты тарту ет, өзендер мен көліме.


Мұғалім:

Қасиетті Қарақазан-тіршіліктің тірегі,

Бір өзіңде құдіреті халқымның.

Бірлік сенен басталады әрқашан,

Сен тұрғанда керегі жоқ алтынның.

Қарақазан қасиеті халқымның,

Бір өзіңде құдіреті салтымның.

Сен бар жерде құт-береке мол болып,

Тірлік-бірлік жұбын жазбай жүреді.


Автор
Дата добавления 04.06.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров84
Номер материала ДБ-109844
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх