Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Сабақ жоспары Нәтиже сабақ "Мерекелер" (Биоақпараттандыру және синергетика технологияся бойынша)

Сабақ жоспары Нәтиже сабақ "Мерекелер" (Биоақпараттандыру және синергетика технологияся бойынша)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік мерекелер.

Сабақтың мақсаты: 1) Мемлекеттік мерекелерді білу.

2) Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

3) Сөздік қорын байыту.

Сабақтың түрі: Ауызша сабақ - 1. Биоақпараттандыру және синергетика технологиясы

 Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а)сәлемдесу; ә)түгендеу; б)сөйлесу; в) мақсат, міндеттерін айту

-Сыныпта кім кезекші?

-Сыныпта кім жоқ?

-Қазір қай мезгіл?

-Қазір қыс мезгілі.

-Қазір қай ай?

-Қазір қаңтар айы.

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

  1. Қандай мемлекеттік мерекелерді білесіңдер?

  2. Сандар сөйлейді.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Мемлекеттік мерекелер.

І кезең. Тірек сөздермен жұмыс:

1.Мереке

2.Мемлекеттік

3.Халықаралық

4.Мейрам

5.Білім

6.Отан

7.Тәуелсіз

Сөздерді есте сақтап ретімен жазу керек. Егер 5 сөз дұрыс болса + белгісі қойылады.

Бір-бірінің дәптерлерін алмастырып , тексереді.

ООМ (Отырғызу орындарының матрицасына белгілеу)


ІІ кезең. Мәтінді оқиды. 4 минут беріледі.

Менің Отаным – Қазақстан. 1 қыркүйек – Білім күні. Бұл күні алғашқы қоңырау мерекесі өтеді. Оқушылар мектепке келді. Оларды мұғалім қарсы алды. 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні. Біздің республикамыздың мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді білу – міндет. 1 қаңтар – Жаңа жыл мерекесі. Бұл күн – қуанышты күн. Мерекеге арнап шырша орнатамыз. Бүгін – 8 наурыз. 8 наурыз– Халықаралық әйелдер күні, мереке. Аналар мен әжелерді құттықтау керек. 22 наурыз – Наурыз мейрамы. Бұл күні күн мен түн теңеледі. Мерекелік ас «наурыз көже» пісіреді. 1 мамыр – Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні. Бұл – бүкіл халықтық мейрам. Ынтымақ, достық, бірлік күні. 7 мамыр- Қазақстан қарулы күштерінің күні. Тәуелсіз мемлекеттің жері, шекарасы болады. Жерін, елін, шекарасын ерлер, батырлар қорғайды. 9 мамыр – Жеңіс күні. Мәншүк Мәметова – Кеңес Одағының Батыры. Ол майданда пулеметші болды. 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болды.

ІІІ кезең. Дұрыс сұрақтар қою. 3 секунд уақыт беріледі.

1.Сенің Отаның не?

2.8 наурыз қандай мереке?

3.Жаңа жыл мерекесін қашан тойлаймыз?

4.Жаңа жылда не құрамыз?

5.7 мамыр қандай мереке?

6.Кімдер елін, жерін қорғайды?

7.Наурыз көжені қай мерекеде пісіреді?

8.9 мамыр қандай мереке?

9.Мәншүк Мәметова кім?

10. Мәншүк Мәметова майданда кім болды?

11.Тәуелсіздік күні қашан?

12. Біздің республикамыздың мемлекеттік тілі – қай тіл?

13. 1 қыркүйек – Білім күні ма?

14. Қай күні алғашқы қоңырау мерекесі өтеді?

15. Қай күні күн мен түн теңеледі?

16. Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні қашан?

17. Қазақстан – қандай мемлекет?

18.1 қыркүйек қандай мереке?

19. Қай жылы Қазақстан тәуелсіз республика болды?

20. 8 наурызда кімдерді құттықтау керек?

ООМ (Отырғызу орындарының матрицасына белгілеу)


ІІІ. Кері сұрақтар қою. 3 секунд беріледі. (Иә не жоқ деп толық жауап беру керек)

1. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болды. (иә)

2. Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні 9 мамыр. (жоқ)

3. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. (иә)

4. 1 қыркүйек – Білім күні. (иә)

5. Наурыздың 25 күні күн мен түн теңеледі. (жоқ)

6. Біздің республикамыздың мемлекеттік тілі – орыс тілі. (жоқ)

7. Жаңа жылда біз шырша құрамыз. (иә)

8. Менің Отаным - Өзбекстан. (жоқ)

9. 8 наурызда әкелерімізді құттықтаймыз. (жоқ)

10. 7 мамыр- Қазақстан қарулы күштерінің күні. (иә)

11. 10 қаңтар – Жаңа жыл мерекесі. (жоқ)

12. Ол майданда пулеметші болды. (иә)

13.Жерін, елін, шекарасын ерлер, батырлар қорғайды. (иә)

14. 1 мамыр – Жеңіс күні. (жоқ)

15. Мәншүк Мәметова – Кеңес Одағының Батыры. (иә)

16. Мемлекеттік тілді білу – міндет емес. (жоқ)

17. Мерекелік ас «наурыз көжені» 9 мамырда пісіреді. (жоқ)

18. 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні. (иә)

19. Тәуелсіз мемлекеттің жері, шекарасы жоқ. (жоқ)

20. 22 наурыз – Наурыз мейрамы. (иә)

ООМ (Отырғызу орындарының матрицасына белгілеу)


ІҮ кезең. Тақырыптық сөздік қорды тексеру. 37 сөз жазу керек немесе тақырып бойынша әңгіме жазуға болады.

ООМ (Отырғызу орындарының матрицасына белгілеу)


6. Рефлексия . Не білдік? Не үйрендік?

Бағалау.

Ү.Үйге тапсырма: қайталау.






Автор
Дата добавления 12.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров364
Номер материала ДВ-331667
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх