Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары "Одағай" 8 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Сабақ жоспары "Одағай" 8 сынып

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Одағайдың сөйлемдегі орны, қызметі.

Мақсаты:

Білімділік: Одағай сөз туралы білімдерін кеңейтеді. Тіл байлығын арттырады.

Дамытушылық: Синтаксистік талдау жасауға дағыдыланады. Талдауды жүйелі жүргізудің қажеттілігін түсінеді.

Тәрбиелік: Оқушылар ұлттық құндылықтарды сақтауға, қастерлеуге үйренеді.

Көрнекілік: «Білім мен дәстүр» ойыны,.қоржын, асықтар.

Әдісі: практикалық шығармашылық жұмыс, сұрақ-жауап, әңгіме т.б

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушыларды түгендеу.

2. Сабаққа әзірліктеріне көңіл аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Білім мен дәстүр» ойыны арқылы сұралады.

Шарты: қоржындағы асықтарды алып, асық номері бойынша интерактивті тақтада жасырылған сұрақтарға жауап беру.

1. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?

2. Одағай деп қандай сөз табын атаймыз?

3. Одағайға мысал келтір.

4. Өлең жолдарынан одағайды тап.

-Наурыз келді,балақай ,

Алақай-ау, алақай!

5. Шақыру одағайына тұрмыс-салт жырларынан мысал келтір.

Үй тапсырмасының II бөлімі.

Үйге одағайға байланысты өлеңдер ,диалогтар жаттап келу тапсырылған соны тыңдайық. (дауыс ырғағына мән беріледі)

Одағайлар – ертегіде. «Қаңбақ шал»ертегісі бойынша:

- Әй, кемпір! Ертең дәулер қонаққа келеді.

- Ойбай, немізді береміз?

- Тәйт! Ойбайламай:- Үйде ет жоқ,нені асамыз?- десең болды. (дәулер келеді)

Кемпір:- Ойпырым-ай, шал-ай, нені асамыз,үйде дым жоқ?

- Түу, сол да сөз боп па, басқы дәудің басын, ортаңғы дәудің төсін ас,болмаса, досым дәудің өзін ас!

Дәулер:- Астапыралла, қашайық! (бәрі шығып кетеді)

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Одағайдың сөйлемдегі орны, қызметі.

Одағай сөздер. Қаратпа,қыстырма сөздер сияқты одағай да сөйлемде сөйлем мүшесі бола алмайды.Одағайлар сөйлеушінің сезімін,көңіл-күйін – қуанышын,ренішін,таңдануын,ризалығын – білдіру қажет болғанда қолданылады. Мысалы: Па,шіркін! Даусы дауыс-ақ екен.Жұмысты істеген соң осылай істеу керек,бәрекелді!

Одағайлар көбінесе ауызекі сөйлесуде қолданылады және көркем әдебиетте жұмсалады.Сөйлемнің басында келеді,кейде сөйлемнің соңында келеді.Одағайдан соң леп белгісі,кейде үтір қойылады.

Көңіл-күй одағайы

Жекіру, бұйыру одағайы

Шақыру одағайы

Адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөз

Жекіру,тыйым салу мәнін білдіретін сөз

Мал, ит-құсты шақыру неқууға байланысты айтылатын сөз.

Алақай,әттең,шіркін

Тәйт,жә, тек

Шөре-шөре

Құрау-құрау

Одағайдың басқа сөз таптарынан ерекшелігі:

1- толық лексикалық мағынасы жоқ

2- сөйлемдегі басқа сөз таптарымен байланысқа түспейді,оқшау тұрады.

3- белгілі бір сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды.

4- одағай түрленбейді.

66-жаттығу. Айналаларыңдағы адамдардың сөзіне зер салып, одағайларды қандай көңіл-күйде жұмсағандарына зер салыңдар.

Терме диктант

Ой, арам қат, арам қатқыр! Танау құрт келгір! Ойбай-ау, енді қайтейін, ойбай! Құдайы құрғыр, қу құдай! Әй, иттің ғана малы-ай, шашымды ағарттың-ау, ойбай! (С. Мұқанов).

  • Ойбай! Бақтығұл!..- деп, саңқ етіп қалған даусын естіді.

  • Қап!- деді де, шың-шыңнан төмен шапшаң-шапшаң, секіре-секіре, құлай-құрай түсіп кетті. (М.Әуезов).

  • Тапсырма: Одағайларды тауып астын сызу. Қандай мағынада жұмсалғынын түсіндіру.

Сабақты қорытындылау. Бағалау.

Үйге тапсырма: Одағай сөздерді қатыстырып диалог құрастыру.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 04.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров971
Номер материала ДВ-306203
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх