Инфоурок Биология КонспектыСабақ жоспары "Онтогенез кезеңдері"

Сабақ жоспары "Онтогенез кезеңдері"

Скачать материал

Биология. 9 - сынып.  

Күні: 14.11.2015.

Сабақтың тақырыбы: § 20 - 21. 93 – 97 бет. Организмдердің жеке дамуының элементарлық түсінігі. Жасушалардың бөлінуі, өсуі, жіктелуі, органогенез, даму, қартаю, даралардың өлуі. Ұрықтардың ұқсастығы. 

Сабақтың мақсаты: Жасушалардың бөлінуі, өсуі, жіктелуін меңгерту.

Сабақтың міндеті: Ұрықтардың ұқсастығын ажырату.

1. Білімділік: органогенез, даму, қартаю, даралардың өлуі.

2. Дамытушылық:Организмдердің жеке дамуының элементарлық түсінігін қалыптастыру.

3. Тәрбиелік: Оқу, ұқыпты жазу, тапсырманы таза орындау.

Сабақтың типі: Білім, білік дағдысын қалыптастыру.  

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың әдіс- тәсілдері: баяндау, слайд.

Сабақтың пән аралық байланысы: математика

Сабақтың көрнекілігі: слайд

Сабақтың жоспары:  І. Ұйымдастыру бөлімі. 1 мин.

                                       II. Пысықтау. 4 мин.

                                       III. Үй тапсырмасын сұрау. 4 мин.

                                       IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 20 мин.

                                       V. Білімді бекіту. 13 мин.

                                       VI. Үйге тапсырма беру. 1 мин.

                                       VII. Оқушылардың білімдерін бағалау. 1 мин.

                                       VIII. Қорытынды сөз. 1 мин.

Сабақтың барысы:

І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу.

II. Пысықтау.

         III. Үй тапсырмасын сұрау.

         IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жаңа тақырыпты жоспарлау:

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

 

Тірек сөз

Тірек сөз

 

1

Онтогенез

11

Мезодерма

 

2

Эмбриогенез

12

Нейрула

 

3

Постэмбриогенез

13

Жүйкелік

 

4

Партеногенез

14

Метаморфоз

 

5

Зигота

15

Жұлдызқұрт

 

6

Бластула

16

Өсу

 

7

Митоз

17

Қарын

 

8

Бластомерлер

18

Дернәсіл

 

9

Хромосома

19

Эктодерма

 

10

Гаструла

20

Эндодерма

 

 

    

 

        

Ұрық дамуының алғашқы сатылары:

1-Зигота. 2 – 2 бластомер сатысы.

3 – 4 бластомер сатысы.

4 көп сатылы бластомерлер.

5 бластула бірқабаты ұрық.

 

Ұрық дамуының кейінгі сатылары:

1 – бластула.

2 – гаструла.

3 -  нейрула

 

Толық түрленіп даму:

(метаморфозы бар)

Шала түрленіп даму:

(метоморфоза жоқ)

 

 

Ұрық жапырақшаларынан мүшелер мен жүйелердің түзілуі

 

Эктодерма

Мезодерма

Энтодерма

1

 

 

 

 

 

 

 

 

         Онтогенез — организмнің жеке дамуы. Жыныс жасушаларының қосылып, зиготаның түзілуінен бастап, одан әрі өсіп дамуы жүріп, тіршілігі тоқтағанға дейінгі кезеңі организмнің жеке дамуы деп аталады. Өсімдіктерде тұқым онтогенездің бастапқы кезеңі болады. Тұқым өніп, әр түрлі қызмет атқаратын ұлпалар — өсімдіктің мүшелерін түзеді. Жынысты көбею мүшесі – гүл жетіліп, қосарлы ұрықтану жүрген соң түзілген жемістер мен тұқымдар шашылады да, біржылдық өсімдіктердің тіршілігі тоқтайды. Екіжылдық, көпжылдық өсімдіктер де бар.

     Жануарларда онтогенез екі кезеңнен тұрады. Олар: 1) эмбриондық — зигота түзілгеннен бастап туылғанға немесе жұмыртқа қабығын жарып шыққанға дейінгі; 2) постэмбриондық — туылып немесе жұмыртқа қабығын жарып шыққаннан тіршілігі тоқтағанға дейінгі кезеңдер.

     Көпжасушалы жануарлардың эмбриондық дамуы (ұрықтыың жетілуі) бір — біріне ұқсас болады. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы — ол әрі бір жасуша, әрі дамудың бастапқы кезеңіндегі организм. Бұл жасуша дамуында бластула, гаструла, нейрула және мүшелер түзу кезеңдерінен өтеді.

     Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы — зигота бірнеше минуттан соң митоз жолымен қарқынды бөліне бастайды. Бұл — бөлшектену сатысы. Сөйтіп, бір жасушалы ұрық көпжасушалыға айналады. Бөлшектену нәтижесіндеөсіп үлгермей, жасушалар майдаланады, оларды бластомерлер деп атайды. Бұл сатыда ұрықта жасушалық материал түзіледі. Бөлшектену сатысы қабырғасы бірқатар жасушалардан тұратын бластуланың түзілуімен аяқталады. Бластуланың ішінде сұйықтыққа толы қуыс болады. Оны бірінші реттік немесе бластоцель деп атайды.

     Бластуланың жасушалары құрылысы мен мөлшері бірдей болып, ұлпаларға әлі ажырамаған болады.

     Бөлшектену кезеңінде түзілген жасушалардың хромосома жиынтығының саны диплоидты болып, бір біріне жұмыртқасындағы сарыуыз мөлшері арқылығана ажыратылады. Бұл жасушалар маманданбаған (ұлпаларға ажырамаған) бірыңғай болады. Ересек организмдермен салыстырғанда, бластомерлердің (бөлініп түзілген жасушалар) митоздық циклы қысқа болады. Интерфза кезеңінде тек ДНҚ еселенкі жүреді.

     Гаструляция. Бұл кезде гаструляция процесі жүріп, бластула күрделеніп (ланцетникте 3000) жаңа даму сатысы гаструлаға (грек. gaster – қарын) айналады. Гаструляция кезінде бластуланың бір жақ қабырғасы ішіне қарай ойысып, жасушалардың тез бөлініп көбеюі нәтижесінде ұрық келе — келе қосқабырғалы қапшықа ұқсайды. Қабырғасы екі қабат жасушалардан тұратын, іші қуыс бұл қапшық гаструла деп аталады. Осы ұрық қабырғасының қабаттарын ұрық жапырақшалары деп атайды. Сыртқы жапырақшаны эктодерма (грек. ektos – сыртқы, derma – тері), ішкісін (грек. entos – ішкі) дейді.

     Көпжасушалы жануарларда ішекқуыстылардан басқаларында экто және энтодерманың арасындағы жасушалардан үшінші ұрық жапырақшасы - мезодерма (грек. mesos – аралық) түзіледі. Сөйтіп, ұрық үш қабаттан тұрады.

     Нейрула (жүйкелік) – ұрықтың тек хордалыларға (желілерге) ғана тән гаструладан кейінгі сатысы. Бұл кезеңде эктодемадан жүйке түтігі қалыптасады. Жүйке түтігінен ми және жұлын дамып жетіледі.

     Мүшелердің түзілуі – органогенез. Гаструляция кезеңінен соң ұрықта жүйке түтігі, хорда, ішек түтігі сияқты мүшелер жетіледі. Ланцетникте арқа эағындағы эктодерма ортасынан ішке қарай майысып, арнаға айналады. Екі бүйіріндегі эктодерма жасушалары арнаны жауып өседі де, қаусырылады. Сөйтіп, арнадан түзілген жүйке түтігі эктодерманың астында орналасады. Қалған эктодермадан тері эпителийінің бастамасы – жабын ұлпасы түзіледі.

     Энтодерманың арқа жағындағы жүйке түтігінің астындағы мезодерма бөлімі хордаға айналады. Энтодермадан алдымен болашақ ішек түзіледі. Ұрық жапырақшаларының одан әрі жіктелуінің нәтижесінде түрлі ұлпалар мен мүшелер пайда болады. Эктодермадан жүйке жүйесі, сезім мүшелері, тері эпителийі, тіс кіреукесі; энтодермадан асқазан — ішек жүйесі, бауыр, ұйқы безі, сілекей бездері, желбезек пен өкпе түзіледі. Мезодермадан бұлшық ет, сіңір, шеміршек, сүйек, жүрек бұлшық еттері, қан, лимфа, қантамырлары жүйесі, зәр шығару жүйелері, жыныс мүшелері түзіледі.

     Постэмбриондық даму. Организмнің туылып немесе жұмыртқа қабықшасын жарып сыртқа шығуымен эмбриондық даму кезеңі аяқталып, постэмбриондық даму кезеңі басталады. Бұл кезең тікелей және түрленіп (метаморфоз) даму түрінде жүреді.

     Бауырымен жорғалаушыларда, құстарда, сүтқоректілерде тікелей даму жүріп, жұмыртқадан немесе аналық организмнен шыққан, барлық мүшелерінің негізі қалыптасқан, көлемі кіші организмдер әрі қарай тек өседі. Жыныстық жетілу (мысалы, тауықтың балапаны) жүреді.

     Түрленіп дамуда жұмыртқадан өздеріне тән уақытша мүшелері бар дернәсілдер жетіледі. Дернәсілдер қоректенеді, өседі. Біртіндеп дернәсілдің мүшелері ересек дараларға тән мүшелермен ауысады. Мысалы, көбелектің жұмыртқадан шыққан дернәсілі ататегі болатын буылтық құрттарға ұқсайды. Одан қуыршақ кезеңіне өтеді. Содан соң қуыршақтан шығып, ересек көбелекке айналады. Шегіртке шала түрленіп дамиды.

     Бақаның жұмыртқасынан шыққан дернәсілі – бақашабағы өзіне ұқсамайды. Оның құйрығы, желбезек саңылаулары, бүйір сызығы, екі камералы жүрегі, бір қанайналым шеңбері болады. Біртіндеп қалқанша безінен бөлінген гормонның әсерінен лизосомалар арқылы құйрығы еріп кетеді де, аяқтары пайда болады. Бүйір сызығы жоғалады. Өкпесі жетіліп, екі қанайналым шеңбері қалыптасады. Біртіндеп ересек бақаға айналады.

     Ересек жануарлар мен олардың дернәсілдері әртүрлі ортада тіршілік етіп, орта, қорек үшін бір – бірімен бәсекелестікке түспейді. Сол себепті олар табиғатта кең таралады.

     Постэмбриондық кезеңнің ұзақтығы әртүрлі. Бір күн тіршілік ететін қанатты көбелектер — біркүндіктердің дернәсілі 2-3 жыл, жыныстық жетілуі әртүрлі түрлерінде 2-3 сағаттан 2-3 2-3 тәулікке созылады.

     Адамның постэмбриондық кезеңдері: жыныстық жетілуі, есеюі, қартайған шағы. Адам өмірінің ұзақтығы жыныстық жетілуіне дейінгі кезеңнен 5-8 еседей көп.

     Постэмбриондық дамумен қоса өсу де жүреді. Кейбір организмдерде өсу тіршілігінің соңына дейін жүреді, басқаларында өсу белгілі бір кезеңнен кейін тоқтайды.

     Ағаштар, былқылдақденелілердің кейбір түрлері, омыртқалылардан балықтар, егеуқұйрықтар тіршілігінің соңына дейін өседі. Жануарлардың көп түрлерінде жыныстық жетілуден соң өсуі тоқтайды. Адам 20-25 жасқа дейін өседі.

     Ұрықтардың ұқсастығы. Барлық көпжасушалы организмдер ұрықтанған жұмыртқадан дамиды. Бір типке жататын жануарларда ұрықтардың даму процестері ұқсас болады. Барлық хордалы жануарларда эмбриондық кезеңде осьтік қаңқа – хорда, жүйке түтігі пайда болады. Хордалы жануарлардың құрылысы бірдей. Ерте даму кезеңінде омыртқалылардың ұрықтары бір – біріне қатты ұқсас болып келеді. Бұл орыс эмбриологі К. Бэр тұжырымдаған ұрықтың ұқсастық заіын дәлелдейді. Эмбриондық даму барысында өздеріне тән класс, туыс, түр, ең соңында дараны сипаттайтын белгілер пайда болады. Ұрықтардың ұқсастығы олардың шығу тегінің бір екеніне дәлел

         V. Білімді бекіту.

         VI. Үйге тапсырма беру. Организмдердің жеке дамуының элементарлық түсінігі. Жасушалардың бөлінуі, өсуі, жіктелуі, органогенез, даму, қартаю, даралардың өлуі. Ұрықтардың ұқсастығы. 

         VII. Оқушылардың білімдерін бағалау.

VIII. Қорытынды сөз.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары "Онтогенез кезеңдері""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заместитель директора

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 588 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.02.2016 3897
    • DOCX 264.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметова Жадыра Жайлаубаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахметова Жадыра Жайлаубаевна
    Ахметова Жадыра Жайлаубаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11935
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания биологии в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 806 человек

Курс повышения квалификации

Методика подготовки к ЕГЭ по биологии в соответствии с новой структурой и содержанием КИМ

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 140 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия и биология")

Учитель химии и биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Сенсорные системы и развитие нервной системы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 84 человека из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Мини-курс

Основы творческой фотографии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 223 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Профориентация детей и подростков

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек
Прямой эфир Загрузка...

Прямо сейчас в эфире

Инфофорум: «Всё, что волнует педагогов»