Сабақ жоспары қоршаған орта "Мамандықтар" мектепалды даярлық

Предпросмотр материала:

Пәні:  Қоршаған орта

Тақырабы:  Мамандақтар

Мақсаты:

                - Балаларға мамандық түрлерін таныстыру, еңбек етудің қажеттілігі жайлы айтып өту.

-          Болашақта қандай маман иесі болатынына бағдар беру, мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру.

-          Өз еңбегіне адал болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Мамандық иелерінің суреттері , үлестірмелер, суреттер.

                                                                      Сабақтың барысы:

I.                    Ұйымдастыру кезеңі.

Назарларын сабаққа аудару.

Жылулық шеңбері: Табиғатым тамаша, көз тоймайды қараса.

                                     Табиғатты аялап, жүрейікші жараса.

                                     Сәлем саған жер ана, сәлем саған нұрлы күн.

                                     Аман есен болайық, бейбітшілік қалайық.

                                     Армысыздар қонақтар!

 

II.                 Жаңа сабақ:

                                               Жұмбақ жасыру .

·         Мектептің жүрегі , білімнің тірегі.  ( Мұғалім)

·         Сауықтырар сырқатты , жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)

·         Тікті әсем киімді, дүкенге әкеп ілінді. ( Тігінші)

·         Зымыранды ерттеген, ай жұлдызды зерттеген. (Ғарышкер)

·         Тәртіп заңын сақтайды, ел сенімін ақтайды. (Маи қызметкері)

·         Тыныштықты отанның, күзететін адам кім? (Шекарашы)

·         Өскен шашты жаратпайтын, қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)

·         Дабылға тез жететін, жалынға сүнгіп кететін. (Өрт сөндіруші)

·         Бал татыған мәзір, ол бар жерде әзір.(Аспазшы)

·         Жалтылдап қалағы, салатын кім қаланы? (Құрлысшы)

·         Тұрады әркез сауда сатып, таразы, шотпен достасып.(Сатушы)

·         Ол көлікті тізгіндейді,жол жөнекей қсасынан жолаушы бір үзілмейді. (Шофер)

Балалар осы шешілген жауаптарды бір сөзбен қалай айтамыз?

-          Бір сөзбен айтқанда мамандық иелерін айтамыз .

Осы аталған мамандықтардан басқа тағы қандай мамандық иелерін білесіңдер?

-          Оқушылардың жауабы.

Балалар біз Зайсан көлінің жағалауында тұрғандықтан, біздің ауылдың ер азаматтарының көбісі қандай қызмет атқарады? Жұмақ жасырамын сендер шешіп көріңдер:

                                      

                                   Айдында ол жүзеді, тірі күміс сүзеді. (Балықшы)

Біздің ауылдың ер азаматтарының  көбісі балық шаруашылығымен айналысады екен.

Ал балалар сендер өскенде қандай мамандық иесі болуды армандайсыңдар?

-Оқушылардың жауабы.

-Неліктен.

 

 

III. Сергіту сәті:  Ұзын құлақ сұр қоян , естіп қалып сыбдырды.

                             Ойлы, қырлы жерлермен ытқып-ытқып секірді .

                             Қарап еді артына, қиығын салып көзінің.

                             Келе жатқан тоңпаңдап, көжегі екен өзінің.

 

IV. Суретпен жұмыс: 

 

- Оқушылардың жартысына мамандық иелерінің суретін таратып, олардың атқаратын қызметтері жайлы сұрау.

- Қалған оқушылар суреттегі мамандық иелерінің құрал жабдықтарымен байланыстырып сызықтар арқылы қосып көрсетеді.

Мысалы:  

 

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSPno-VRNaGVmRnF8n9WjTkDgR_JVdWXKhgNBoMj0qpR3rpnLlL2qjUud0                                                                 https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRROwrLxjoB2mwIlZZ1MooZ1CcF9PpE-uf5nyQfubBFp0lgP2nuBRno-TP8

 

https://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQq7-0STNQKoOyks5jvoJb2Zu6kx_xVUYOGUs96_wTGxv3o4DXohVgsGrI                                                              https://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQNoGHNUyH-39WbBX6-LVr2fc_Jg3Wtmivkd_4pk14D9ELvwjlkxU3cox-v

 

 

V. Ойын: Сыңарын тап.

Оқушыларға микрафон, қазан, қайшы, тарақ, хат, қайық, уколдың суреттері көрсетіледі, олар қай маманға қажет құрал екенін тауып айтады.

Балалар сендер мамандықтарға байланысты қандай тақпақтар білесіңдер?

·         Жақсы оқып сабақты,

Білім алып толамын.

Ауруларды емдейтін,

 мен дәрігер боламын.

 

·         Сән үлгісін қиятын,

шаштараз баолам жолында .

Түрлі-түрлі шаш қиып,

Қызмет етем халыққа.

 

 

 

 

 

·         Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламын .

Үлкен болып өскенде,

Мен сатушы боламын.

 

·         Елге қызмет етемін,

шаршамайтын мен бірақ.

Күні - түні маи болып,

Ұйқтамайтын мен бірақ.

 

·         Жақсы оқып сабақты,

Білім алып толамын.

Бөбектерді оқытар,

Мен мұғалім боламын.

 

·         Қолда темір қалағым,

Саздан сарай саламын.

Алматыдан аумайтын,

Әсем қала саламын.

 

VI. Қорытындылау.

 

-Мен сендерге әріптер көрсетемін, сендер сол әріптен басталатын мамандық атауларын атайсыңдар.

А- Аспазшы

Ғ- Ғарышкер

Ш- Шахтер

М- Мұнайшы, маи қызметкері

Т-Тігінші

Қ-Құрлысшы

-Балалар біз нелермен  таныстық ? 

- Әртүрлі мамандықтармен.

 

Мадақтау, бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     Ш. УАЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Мамандықтар»

                        АШЫҚ САБАҚ МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ

 

 

                               

                                                                                              ОРЫНДАҒАН:  СУЙЕСИНОВА  Ж.Т

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                2014-2015 ОҚУ ЖЫЛЫ.

             

Краткое описание материала

Сабақ жоспары қоршаған орта "Мамандықтар" мектепалды даярлық

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Суйесинова Жадыра Тлеубековна

Учительница дошколбных класов

  • На сайте: 10 лет и 8 месяцев
  • Всего просмотров: 3243
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 2
  • 3243
    просмотров
  • 2
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Суйесинова Жадыра Тлеубековна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: