Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сабақ жоспары Қош бол әліппе

Сабақ жоспары Қош бол әліппе



  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Білім кілті Әліппе»

Мақсаты: Әліппеден алған білімдерін тексеру, оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, ана тілі пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу. 
Іс-шара жоспары: 
Мұғалімнің құттықтау сөзі: 
1 слайд. Музыка қосылып тұрады. (Асылбек Енсепов.) 
-Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар! Балаларыңыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! «Білім кілті Әліппе»атты мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер! 
2 слайд 
Өсті міне бойларың 
Өсті,міне ойларың. 
Қуанышқа ортақпын 
Құтты болсын тойларың! 
Армандасаң да, қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған әліппемен қоштасқалы отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық! 

1-оқушы Ерсұлтан: Ассалаумағалейкум, уа халайық! 
2-оқушы : Наргиза Армысыздар, ардақты әкелер мен ару аналар,ұлағатты ұстаздар,құрметті қонақтар! 
3-оқушы: Наргиз Кешегі сәби балаңыз, 
Жарады міне қараңыз. 
Ғылым, білім жолына 
Енді қайық саламы

Аружан:Садвакасова

1.Баршаңызға иіліп сәлем берем, 1.АРУЖАН

Мен қызымын Өмірдің Аружан деген

Оқуды да жазуды да тез меңгердім,

42 әріпті жатқа білем.

2.Отбасының еркелеткен

Жарқыраған жұлдызымын 2. Дәмеш Гүлназ

Сабақты жақсы оқитын

Гүлназ деген бір қызымын.

3.Жақсы әдепті,жақсы істі,

Бойыма әркез теремін

Қиын-ау деп қайыспайтын 3. АРХАТ

Ер мінезді Архатпын.

4.Ай нұрынан жаралған,

Ай мен күні анамның,Ақылдысы баланың

Кілең бестік сабағым

Аружан деген сұлуың 4. Смагулова АРУЖАН

Мен боламын ағайын.

5.Ерсұлтан деген баламын

Таудай биік талабым

Жақсы оқып сабақты 5. ЕРСҰЛТАН

Білімді адам боламын.

6.Жақсы оқитын

Мен үлгілі баламын.Азамат болып мен де өсіп толамын.

Бассам деймін даналардың тек ізін, 6. ЕРХАТ

Мен Марат ұлы Ерхатпын.

7.Жеңу үшін қиынды

Еңбегіңді аяма

Алдарыңда тұрған қыз 7.ЖАНЕРКЕ

Ережепова Жанерке.

8.Мен ле есті баламын,

Айтқан тілді аламын,

Жұмсағанға барамын 8. ГИЗАТ

Жақсы менің сабағым.

Гизат деген ер жігіт

Мен боламын ағайын.

9.Суретті шебер саламын

Есепті де шағамын,

Білімді де өнерлі, 9. С. ГҮЛНАЗ

Гүлназ атты баламын.

10.Сәулелі де сымбатты

Сөйлегенім тым тәтті

Назерке деген қыздарың 10. НАЗЕРКЕ

Сіздерге арнап тіл қатты.

11.Сабақтан еш қалмаған

Ерінбей еш талмаған

Боламын мен үлгілі 11. ЕРБОЛ

Ербол атты бір балаң.

12.Әліппені жатқа білем бүгінде,

Өз бетіммен оқи алам ертегі.

Танысыңыз,әдепті қыз, Наргиза 12. НАРГИЗА

Мен боламын еліміздің ертеңі.

13.Түсінсем деп бар кітапты,

Ынта қойып қарамақпын 13. ДАЯНА

Сыныптағы ең кішісі

Қамидолла Даянамын.

14.Ынталы да инабатты,

Өнегелі бір қызбын

Анамның ақылдысы 14. КАМИЛА

Сулейменова Камиламын.

15.Лаулатып сәби сезім ой алауын,

Шаттық тілеп таңменен оянамын

Еркелетіп есті қызы апамның 15.БАҒЖАН

Мына мен Баймұрат қызы Бағжанмын.

16.Балауса қызбын кең маңдай,

Әдемімін мен қандай.

Бармағынын бал тамған, 16. ӘСЕМГҮЛ

Әсемгүлмін балдай тәтті.

17.Аймен күні анамның,

Ақылдысы апамның.

Көп оқитын,көпи тоқитын 17. МАДИНА

Мен Мадина боламын.

ХОР:Бойымызды қуаныш кернеп,

Баршаңызды,баршаңызды,

Бірінші сынып ,бірінші рет,

Мерекесіне шақырады.

Ерсұлтан:Осы біздер қандаймыз?
2 – оқушы: Мың бұралған бишіміз Аружан  Смагулова
3 – оқушы: Біз қызықпыз, қызықпыз. 
Сәл еркелеу бұзықпыз. Ерхат
4- Біз шеберміз 
Ақылдымыз Даяна
5-Үлкенге ізеттіміз 
Кішіге қамқоршымыз Гизат
6- Көп оқимыз 
Терең оқимыз Бағжан
7. Өнерліміз,  
Жанып тұрған шырақпыз 
Толқынды су бұлақпыз Әсемгүл
8. Елімізді өркендетін 
Қазақ тілін көркемдететін НАРГИЗА
Бабаларға тағзым ететін 
Аналарға бас иетін.
10. Елтаңбасымен еңселі 
Туымен тұғырлы 
Әнұранмен айбатты Гүлназ Дамеш 
Хормен: «Біз қазақ елінің болашағымыз!» 
Аружан Садвакасова
-Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік. 
Аружан Смагулова
-Мен енді өзім оқып, өзім жаза аламын. Ертегі, әңгімені де өз бетімше оқи аламын. 
Ерхат
-Біз көп нәрсені-кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды үйрендік. 
Наргиз 
-Балалар, мен сендерге сұрақ қоямын: 
Іші толы әріпке, 
Білімдегі жарық не? 
Оқушылар хормен: 
Болашаққа жол ашар, 
Ол -сүйікті Әліппе,  ХОР
Ол-сүйікті Әліппе! 
Мұғалім: 
Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық! 
Хормен: Әліппе,Әліппе,Әліппе 
Әліппе ортаға шығады: 
-Армысыңдар жас достар! 
Армысыңдар, ата-ана! 
Болашаққа жол бастар, 
Әліппең келді ортаға. 
Білім деген ғажаптың, 
Әліппесін меңгерген. 
Келешегі қазақтың, 
Басталады сендерден. 
Таудай болса талабың, 
Айтары көп әріптің 
Қуанышы баланың 
Қуанышы ананың 
Жақсы білім көрімдік, 
Болсын бізге халайық. 
Не үйретіп, не білдік, 
Қане, ортаға салайық! 
Мұғалім: 
-Балалар, өнер-білімнің барлығы да мектептен басталады. Біз әліппенің арқасында көп нәрсені оқып-үйрендік. Жүрекке жылы тиетін: «Отан. Ата-ана, Мектеп, Әліппе» сөздерімен таныстық .
Мұғалім: 
-Балалар, біздің Отанымыз қай Республика? 
-Қазақстан Республикасы. 
-Біз қай обл тұрамыз? 
-Қарағанды обл. 
Мұғалім: 
-Біздің білім алатын ордамыз- мектеп. 
-«Мектеп-кеме, білім-теңіз». Мектеп –екінші үйіміз, себебі, біздің бір күніміздің жартысы мектепте өтеді, бір аптаның алты күні мектепте өтеді. 
-Біз мектепке не үшін келеміз? 
-Оқумен қоса ән-би үйренеміз, ойын ойнаймыз 
-МЕКТЕП сөзіне арналған тақпақтар тыңдайық; 
Наргиза:  Мектебім- білім берер алтын ұям. 
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам. 
Баулисың 4жыл бойы ата- анамдай. 
Әрқашан қасиетті атың маған. 
Ерхат
Армысың сен алтын ұя мектебім, 
Саған айтар жыр алғысым көп менің. 
Жүректерге жаққан білім шырағын, 
Мақтан етем сені мәңгі мектебім. 
Д Гүлназ
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі, 
Алтын ұя, ақ босаға киелі. 
Қанат қаққан білім алып өзіңнен, 
Күллі шәкірт саған басын иеді. 
Аружан Садвакасова
Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам, 
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам. 
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек. 
Тамырланып , сан тарапқа тараған. 
Бәрі бірге: 
Жүректерге жаққан білім шырағын , 
Мектебіме арналады бұл әнім! 
ӘН: «Сәлем саған, мектебім» (хормен) 
Әліппе сөйлейді: 
-Әліппеде тізілген 
42 әріп бар, 
Тізілген соң ізімен, 
Өз кезінде танып қал. 
Мадина
Әке, шеше, атын сен,
 
Бізге үйреттің Әліппе 
Бізге жақын нағыз сен, 
Сенен білдік әріп ті 
Даяна 
Ізгілікті ойға тоқитын, 
Шәкірт боп үздік оқитын. 
Әліппе атты кемемен, 
Кеземін Білім мұхитын. 
Бағжан

Әжең мен атаң да

Әкең,анаң,ағаң да

Шопан биші,аспаз да,

Ғарышкер де,ұстазда

Барлық,барлық жақсы адам,

Әліппеден бастаған.

Әсемгүл
Барлық әріп бағалы, 
Айттық әділ бағаны. 
Әріпсіз сөз болмайды, 
Буын онсыз толмайды. 
Адам барлық әріпті, 
Ардақтайды, қолдайды. 
Мұғалім: 
-Балалар, біз әліппеден әріп, дыбыс, буын, сөз, сөйлем деген ұғымдармен таныстық 
-Әріп пен дыбысты қалай ажыратамыз? 
-Әріпті-көреміз, жазамыз; дыбысты-айтамыз, естиміз 
-Қазір жылдың қай мезгілі? 
-Қыс мезгілі 
-Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз? 
-Шаңғы,шана тебеміз 
-Рахмет, балалар! Мұғалім 
-Балалар, сендер 4 ай ішінде көп нәрсені үйрендіңдер 
-Осының бәрін үйреткен кімдер? 
Оқушылар (хормен): 
-МЕКТЕП! 
- ӘЛІППЕ! 
- МҰҒАЛІМ! 
- АТА-АНА! 
Мұғалім: 
-Рахмет, шәкірттерім! 

Балалар тек оқу-жазуды,ән мен биді ғана үйренген жоқ біздің балаларда актерлік өнерде жеткілікті олай болса, олардың актерлік өнерлерін тамашалайық.

КӨРІНІСТЕР:

Архат пен Ерхат

Архат:Оқымап ем,бір алдым,

Ренжіп қалды мұғалім.

Әкеп едім екілік,

Мамам шықты ұрысып,

Үш алғанда байқадым,

Папам басын шайқады.

Бес деп едім бүгін кеп,

Қалды бәрі күлімдеп.

Ерхат:

Бес алдым

Архат,-деді папасы,-

Сабағыңнан не алдың?

Күнделікті көрсетіп

Архат:

-Міне бес алдым

Ерхат:

-Мынау тұрған 3-делік

Ал мынауың екілік.Бес алдым деп бүгін сен

Неге айтасың өтірік?

Архат:

-Ой, папатай есепті

Білмеуіңді қарашы;

3ке қоссаң 2-ні

Бес болмай ма,санашы.
-Міне, білімнің кілті - Әліппемен қоштасар уақыт та жақындады. Әліппеге арналған ән-биімізд,ризашылығымызды білдіріп өнерімізді көрсетейік.

ӘН-БИ ӘЛІППЕ
-Қане, әліппеге Қош айтайық!
 
Оқушылар хормен: 
-Бізге білім салып берген, 
Қош бол, құтты Әліппем, 
Қош бол, құтты Әліппем! 
Әліппе сөйлейді: 
Білімінің көп қой саласы, 
Әліппе соған жолбасшы. 
Ғылымның қиын жалғасын, 
Басқа кітаптан табарсың! 
-Қош болыңдар, балалар! 
Балалар хормен: 
-Жақсы кітап - ӘЛІППЕ
-Қош бол құтты ӘЛІППЕ! 
Мұғалім: 
-Балалар, әрі қарай бізге Әліппенің орнына АНА ТІЛІ келеді. 
-Қарсы алайық, танысайық 
Ана тілі сөйлейді: 
Туған елдің тілімін, 
Ақылы мен танымымын. 
Түсіндірер бәріне, 
Ана тілі пәнімін. 
Ана тілің-арың бұл, 
Ұятың боп тұр бетте. 
Өзге тілдің бәрін біл, 
Өз тіліңді құрметте! 
-Балалар, енді сендер мені оқитын боласыңдар, ынтамен оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер. 
-Мен сендерге жұмбақтар айтайын, сендер шешіңдер: 
1. Қабат-қабат қаттама 
Ақылың болса аттама (кітап) 
2. Тақтада жазып, жалықпаған, 
Жаза-жаза арықтаған (бор) 
3. Үйреткен білімді, 
42 білімді (алфавит) 
4. Алты түрлі түсі бар, 
Сурет салар ісі бар (қарындаш) 
-Рахмет, балалар, жарайсыңдар! 
Мұғалім:Ана тілі отырып балалардың өнерін тамашалаңыз. 
Әріптерді үйретіп 
Жақын болған кім бізге? 
Хор: Ол мұғалім 
Жамандықтан жиреніп 
Ақыл болған кім бізге? 
ХОР;Ол мұғалім. 

Әсемгүл
Ең алғаш алғанымда әліппені, 
Қызығып қарай бердім әліппені. 
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді, 
Ұстазым оның кілтін ашып берді 

Смагулова Аружан
-Әліппе оқуға, 
Үйреткен әр күні 
-Үйретіп санауды, 
Көп еңбек сіңірген 
Мұғалім апай ғой! 
Жанерке 
Үйретіп мұғалім бізге әліппені, 
Мұғалім ғылымға жол салып берді. 
Адамның ақыл-ойы, мақсаттары, 
Оқудың сәулесімен жарық көрді. 

Камила
Әліппе даңғыл жол ашты, 
Жаңадан пәндер жалғасты. 
Әліппе сырын ұқтырған 
Барлығы хормен: 
-Рахмет, ұстаз алғашқы! 
Ән «Мұғалім ол біздің» 
-Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-анамызға ризашылығымызды білдіреміз: 
Мұғалім: 
-Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам – Ана! 
-Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз. Ендеше, келесі сөз кезегі аналарға арналады. (Музыка ойналады. 
-АНА сөзіне байланысты өлең шумақтарын тыңдаңыздар: 
С ГУЛЬНАЗ(сахна ортасына шығып, өлеңін айтады). 
Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың, 
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың. 
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың, 
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым! 
(өлеңін айтып, аналарға бас иеді ). 
оқушы: Назерке
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын, 
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың. 
Білім алып, тер төгем , еңбек етем, 
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін! ... 
4-оқушы:Мадина 
Ата-анаға еркелеп, 
Ортасында өстік біз. 
Жақсы оқып, қуантып, 
Бестік күнде алдық біз.... 
3-оқушы: Архат
Ата келші тезірек, 
Ана тілін бастадым. 
Өзіңе айтар тағы да, 
Дайын менің тақпағым..... 
Балалар хормен: 
-Ата-анаға мың рахмет! 
Құрметті ата-аналар оқушылардың өнерін тамашаладыңыздар, 
сіздердің білімдеріңізді тексерейік. 
1.Ананың көңілі балада,2. Ананың сүті – бал, 
Баланың көңілі далада. Баланың тілі бал. 
3.Досы көпті жау алмайды, 
Ақылы көпті дау алмайды. 
4.Еңбектің наны тәтті 
Жалқаудың жаны тәтті. 
5.Ұлдың ұяты әкеге 
Қыздың ұяты шешеге 
Жұмбақ шешу. 
1.Бір үйге көзсіз боп басың сұғасың, 
Бұл үйден көреген болып шығасың. (Мектеп) 
2.Бетін адам ашады 
Білім нұрын шашады .(Кітап) 
3.Маған да, саған да, 
Жақын туыс – бес адам. 
Үш әріптен тұратын, 
Оңға оқы, солға оқы, 
Өзгермейді еш одан, 
Бәрі де өз жұратың, 
Айтады кәне: кім атын?(Ата; Ана;Апа; Аға; Іні) 
4.Құстан аумайды, 
Көкте заулайды. (Ұшақ) 
Ата-ана туралы музыка қосылады. 
Ата-аналарға арналған сыйлықтарын табыс етеді.
-Қымбатты оқушылар, сендерді мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын! Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын! Құттықтау сөз мектебіміздің директоры 
Мақтау қағазымен марапаттау ата-аналарына. 
Хор: « Әліппе» әнімен аяқтау



Автор
Дата добавления 14.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров137
Номер материала ДВ-339901
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх