Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / ИЗО, МХК / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары "Портрет жанры" 5-сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • ИЗО, МХК

Сабақ жоспары "Портрет жанры" 5-сынып

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы:   Портрет жанры .

Сабақтың мақсаты: 

  

бейнелеу өнерінің негізгі жанрларының бірі – портрет туралы толық мәлімет бере отырып, оқушыларды сурет өнеріне қызықтыру, оларды әдемілікке, сұлулыққа баулу.

  Көрнекілігі: әр түрлі суреттер, схемалар,дидактикалық материалдар.

  Сабақтың түрі: жаңа білімді хабарлау.

  Сабақтың әдісі: баяндау, практикалық ,сыни тұрғыдан ойлау әдісі.

  Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, геометрия.

 

Сабақтың барысы :             I . Ұйымдастыру бөлімі

II . Үй тапсырмасын қайталау

                                         III. Жаңа сабақ:

              1. Қызығушылығын ояту.

    2. Мағынаны тану.

3. Ой -толғаныс.

                                      ІV. Бекіту  

 

І. Сәлемдесу.  Оқушыларды түгендеу.

ІІ. Оқушыларға сұрақ қойю арқылы білімін тексеру.

1.     Бейнелеу өнерінің түрлерін атта?

2.     Кескіндеме, оның жанырлары туралы айт?

3.     Пейзаж деген не?

4.     Натюрморт қандай мағынаны білдіреді?

5.     Тақырыптық сурет туралы айт?

6.     Порт рет туралы өз ойыңды айт?

ІІІ.

Қызығушылығын ояту.

-Қане, балалар бәріміз де көзімізді жұмып, өзімізді мектепте емес, ну орманда жүрміз деп елестетейік. Жан-жағымызда әр түрлі талдар, сол жақта ақ қайың, оң жақта шырша, емен, артымызда қарағай,шетен.Не деген керемет талдар! Елестеттік пе? Енді көзімізді ашып тыңдаймыз. Бұл сиқырлы орман, әр тал-жеке адам.Өзіне тән мінезі бар, өзіне тән келбеті бар. Біздер бүгін мейірімді сиқыршылармыз. Бәріміз бірігіп орманның сиқырын ашып көреміз.Олай болса, сендерге бірінші тапсырма адамның бейнесін бейнелейтін шығарма қалай аталады?

 

-Портрет.

-Ендеше бүгінгі сабағымыз портрет жанры туралы болмақ

-Қазір бірінші қатарда отырған оқушылар компьютерлерінде сақталған  портрет жайлы мәліметпен танысады.Ал екінші қатардағы оқушылар осы кезде шешуінде  өткен сабақта өткен песпектива  тақырыбына байланысты  сөзжұмбақтарды құрастырып құрбыластарына шештіру керек.

Мағынаны тану .

«Портрет-адам бейнесін бейнелейтін көркем шығарма.

Адам баласы ерте заманнан айналасын қоршаған табиғатты,жан-дүниесін,адам бейнесін салуға қызықты.Оған тасқа салынған ежелгі суреттер дәлел бола алады.Жалпы портрет өнері бұдан мыңдаған жылдар бұрын дүниеге келген белгілі мүсін мен сурет өнерінде адам дидарын бейнелеу ешқашан назардан тыс қалып көрген жоқ.Халық суретшісі Ә.Қастеевтен бастап бүгінгі жас суретшілерге дейінгі Қазақстан қылқалам шеберлері осы жанрда өзіндік қолтаңбасымен көзге түскен.Олар Айша Ғалымбаева,Сахи Романов,Молдахмет Кенбаев т.б.

Композициялық орналасуына байланысты портрет 3 бөлінеді.

1 Иық бөлігіне дейінгі портрет.

2 Бел бөлігіне дейінгі портрет.

3 Толық фигуралы  портрет.

Осыған қосымша 4 қимыл-қозғалысқа арналған портрет.

                               5 Салтанатты портрет

                                6 Мінез-құлыққа арналған портрет.

                                7 Әзіл-сықаққа арналған портрет.

                                8 Топтасқан портрет»

Осы кезде қарсы топ құрастырған сөзжұмбақтарын оқып шешуде.7 минуттан кейін бірінші топ оқыған мәтіндерін сыныпқа түсіндіреді.

-Осы портрет жанры өздеріңе таныс тағы бір пәнде бар.Ол қандай пән деп ойлайсыздар?

-Дұрыс,ол әдебиет пәні.Әдебиет пәнінде адам бейнесін өлең жолдары арқылы және сөзбен суреттеу арқылы да беруге болады.

«Түкті қабақ жауып түскен көзіне

Тікенектей түк шығып тұр жүзіне

Қырлы мұрын,қырмызы ерін,қап-қара

Ұшқын шашып ойнап тұр көзіне.»

Бұл -өлеңмен берілген портрет.Ал мынау сөзбен бейнеленген портрет.

«Хамит-ұзын бойлы,жауырынды,тіп-тік,сұр жігіт. Қырша мұрынды,шүңіректеу қара кер тобылғы көзді,қырқып жүретін сақалы,мұрты бар.Жасы 25-26 шамасында». Міне осы портретті кітап бетінен оқып-ақ көз алдымызға сол адамның бейнесін елестете аламыз.


 

Оқушылар сурет салған кезде үнсіздікті толтыру мақсатында оқушыларға жеңіл дидактикалық тапсырма орындатып, портретке байланысты бір ойынды ойнатамын.

«Бейнені тап»-тапсырмасы және «Қожанасырдың мұрнын қондыр» ойыны.

Үйге тапсырма беру.

Портеттің тағы бір түрі болады,ол-автопортрет,яғни суретшінің өзін

-өзі бейнелеуі.Осыған байланысты сендерге үйге тапсырма, өздерінің бейнелеріңді салып келесіңдер.

Сабақты қорыту бөлімі.


Ой- толғаныс.

ІV. Қорытынды:

1.     Портреттің салу ережесін айт?

2.      Сурет салған кезде басты нешеге бөлеміз?

3.     Көзді қалай  салу керек?

4.     Құлақты қалай өлшеп  саламыз?

5.     Сіздер бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар?


Бағалау.







































Ашық сабақтың тақырыбы: «Үш заттан құралған натюрморт» Ашық сабақтың мақсаты: а)білімділік: Оқушыларды бейнелеу өнері пәнінде заттың өзіне қарап бейнелеуге баулу. Затты бір-бірімен салыстыра отырып бейнелеуге үйрету. б)дамытушылық: живопись өнерінің натюрморт жанры туралы білімдерін тереңдету. в)тәрбиелік: Оқушыларды өнер танушылыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ашық сабақтың түрі: жаңа сабақ, жазықтықта (қағаз бетінде) бейнелеу. Ашық сабақтың әдісі: баяндау, үйрету, практикалық. Пәнаралық байланыс: математика, композиция, сурет. Ашық сабақтың көрнекілігі: 4 кезеңдік сурет салу үлгісі, қойылым, түрлі суреттер, натюрморттар, т.б. Ашық сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: ақ қағаз, акварель бояу, қылқалам, су құятын ыдыс, карандаш бояулар езуге араластыруға қажетті палитра. Ашық сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, құрал-жабдықтарын түгендеу, назарларын сабаққа аудару. ІІ. Өткенді қайталау. Өткен сабақтарға байланысты бірнеше сұрақтар қойылады. • Кескіндеме өнерінің басты құралы не? (Түс) • Табиғат әлемінде кездесетін түстер екі топқа бөлінеді, ол қандай? (Жылы және суық түстер) • Хроматикалық түстерді атаңдар? (қызыл, сары, көк, жасыл т.б.) • Ахроматикалық түстерді білесіңдер ме? (ақ, қара,сұр) • Локальдік түс дегеніміз не? (нәрсенің өз түсі) • Кескіндемелік түс дегеніміз не? (нәрсенің алыс жақындығын,күннің әсеріне байланысты түстердің өзгеруі) • Мүсіннің қандай түрлері бар? (монументальды және қондырғылы) • Анималистік жанр дегеніміз не? (аңдардың, жануарлардың бейнесін салу) • Акварель бояуы қандай болады? (мөлдір, нәзік) жылы түстер суық түстер Ахроматикалық түстерге түссіз түстер: ақ, сұр, қара түстерінің реңдері жатады. Хроматикалық түстерге түрлі түстердің бәрі жатады. ІІІ.Жаңа сабақ. Натюрморт-бейнелеу өнерінің бір жанры болып табылады. Бұл жанр алғаш рет ХVII ғасырда Голландияда және Испанияда пайда болған. Суретшілер ыдыстарды, гүлдер мен жемістерді, көкөністерді, маталарды бейнелегенді ұнатады. Бейнелеу өнерінің бұл жанры Натюрморт деп аталады. Натюрморт жанрының дамуына үлес қосқан мынадай Голланд суретшілерін атауға болады: Давид Байли (1584-1657 ж.ж), Рембрандт (1606-1669 ж.ж), Фердинат Боль (1616-1680 ж.ж), Виллем Кольф (1619-1693 ж.ж). «Натюрморт» француз сөзінен алынған. Қазақша «өлі табиғат» немесе «тыныш, қозғалмайтын зат» деген мағына береді. Натюрморт «өлі табиғат» немесе «өлі зат» аталғанымен, сонда бейнеленген заттар арқылы табиғи өмірді, заман келбетін, тіпті бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, тарихын танып білуге көмектеседі. «Натюрморт» халықаралық термин болғандықтан, біз де «натюрморт» деп пайдаланамыз. Негізінен натюрмортта заттар саны көп болуы міндетті емес. Олар тақырыбына, мазмұнына байланысты өзара үйлесімді таңдалып қойылады. Натюрморттың тақырыбы әр түрлі болуы мүмкін. 17 ғасыр Голландияда өлі табиғат француз сөзі бұйымдар заттар Натюрморт күрделі және қарапайым болып екі топқа бөлінеді. Қарапайым натюрмортқа бір немесе үш заттан қойылған қойылымды жатқызады, ал күрделі натюрмортқа бес заттан жоғары қойылған композицияны жатқызады.Натюрморттың композициялық орталығы болуы шарт. Натюрмортты бір немесе бірнеше заттар арқылы құрауға болады. Натюрморт салуға үйрену бейнелеу өнерінде сауатты сурет салуға бейімделудің алғашқы шарты болып табылады. Ендеше натюрморт бейнелеу, ереже заңдылықтарын меңгеру үшін алдымен пішіндері қарапайым үш заттан тұратын натюрморт бейнелеп көрейік, олар-құмыра, алма мен алмұрт. Бұл заттардың пішіндері, көлемдері және түстері әр түрлі. Кез келген заттарды бейнелеу үшін олардың жеке-жеке көлемін және бір-біріне өлшемдік қатынасын (бір-бірінен қаншалықты үлкен не кіші), кеңістікте орналасуын мұқият қарап зерттеп алу керек. Тек содан соң бейнені түсіруге арналған қағаздың орналасу бағытын (тігінен немесе көлденең) бейнеленетін заттардың көлеміне, кеңістікте орналасу ерекшелігіне байланысты таңдап алынады. Сурет әдетте жүйелі кезеңдермен біртіндеп бейнеленеді. Ол кезеңдер бейнеленетін заттардың көлемінің күрделігіне қарай 3-4 немесе одан да көп кезеңдерден тұрады. Сұрақтар: 1. Мына суреттерде не бейнеленген? 2. Бірінші планда не бар? Екінші планда ше? 3. Үшінші, төртінші планда не бейнеленген? Натюрморттың орындалу кезеңдері Қағаздың ортақ нүктесін тауып, заттардың шеткі нүктелерін анықтау Нұсқаның толық көрінісін көмекші сызықтар арқылы шығарып салу Нұсқадағы жалпы заттардың түстерін анықтау, көлеңке жарығын белгілеу Нұсқаның түстерін политраның көмегімен анықтау Алғашқы кезең-заттардың жалпы алатын орнын қағаз бетіне үйлестіріп, белгілеу. Есте сақтайтын нәрсе заттар бейнесі қағаздың ортасынан, жан-жағынан өте көп орын алмауы тиіс немесе қағаз шетіне өте жақын орналаспауы керек. Екінші кезеңде қағаз бетіне белгіленген заттардың орындарының ішіне жекеленген заттардың өздеріне тән бөліктерінің пропорциялық қатынастарын (өлшемдік қатынас) салыстыра отырып геометриялық денелер пішінінде бейнелейміз. Зат көлемін дұрыс бейнелеу үшін оның тасаланып көрінбей тұрған жерлерін де бейнелеу керек. Сөйтіп көмекші сызықтар арқылы заттардың дәл бейнесін анықтап бейнелейміз. Заттар бейнесінің дұрыстығын тексерген соң көмекші сызықтарды өшіріп тастаймыз. Жұмыс барысында жасырын суретті табу. Тапсырма: Берілген жасырын суретті табу үшін төрт ұяшықтың біреуін ашып, жасырын суреттің төрттен бір бөлігін көріп, толық суреттің атын жаңылмай табу керек. Келесі үшінші кезеңде заттарға түскен жарық пен көлеңкенің алып жатқан орындарын анықтап, олардың шекараларын белгілейміз. Жарық заттарға сол жағынан түскендіктен, негізгі ең қою көлеңке заттардың оң жағында орналасқан, ал жарықтың тікелей түсіп ең жарықтанған жылт бөлігі заттардың сол жағында орналасқан. Қызығушылығын ояту. Қай кілт қай үйдікі? 30 42 36 6*5= 64 7*6= 40 9*4= 8*8= 5*8= Жарық көлеңке реңдерінің алатын орындары белгілі болған соң, төртінші кезеңде заттар бейнесінің ең қою негізгі көлеңкі жерінен бастап жарыққа қарай біртіндеп бояй бастаймыз. Жарық көлеңке түсіру арқылы нәрсенің көлемін және қандай материалдан жасалғандығын білдіруге болады. Жұмыстың соңында натюрморттың композициялық бірлігін, жарық пен көлеңкенің жарасымдылығын қадағалап, мұқият тексеріп көрген жөн. ІV. Ашық сабақты қорыту. Бүгінгі өткен сабағымызды қорыта келіп тақтада ілулі тұрған сөздерге жауап беру арқылы бүгінгі сабақтан нені ұқтық, нені үйрендік соны білеміз. «Кім жылдам» Рефлексия. Шарты: Тақтада аяқталмаған сөйлемдер тұрады, әр оқушы сөйлемдерді жалғастырып жазады. 1. Бүгін мен білдім............. 2. Маған қызықты болды.............. 3. Қиын болды..................... 4. Мен түсіндім................... 5. Енді менің қолымнан келеді......... 6. Мен сезіндім.................... 7. Мен үйрендім.................. 8. Мені таң қалдырды......... 9. Мен жасап көремін......... 10. Ашық сабақ маған.................... V.Бағалау. Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, жақсы шыққан жұмысты мадақтап көрсету. Ашық сабаққа қатысына қарай оқушыларды бағалау.























































Түрлі түсті бояумен сурет салу (5 сынып)

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Жаңа сабақты түсіндіре отырып, оқушыларға түс, кескіндеме (живопись) өнері туралы түсінік беру.
2. Дамытушылығы: Жас жеткіншектерге жылы түсті суық түсті ажырата білуіне, негізгі және қосымша түстердің ажырата білуіне ықпал ету.
3. Тәрбиелілігі: Оқушыларды суреткерлікке, әдемілікті көре білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі(типі) Аралас сабақ

Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі:
Интерак. тақта(слайд), көркем шығармалар, ұлы суретшілер
шығармалары, плакаттар.
Кезеңдер бойынша суретті орындау тәсілінің сызбасы. Түстік шеңбер суреті,
жылы және суық түстерге арналған натюрморттың кезеңдерге бөлінген суреті,
жылы және суық түстерге арнап салынған бірнеше суреттер, акварель, гуашь,
қылқаламдар, плакат қағаздары, тағы басқалар.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру:
1) Білімділік міндеттері:
А) Жұмыс істеу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету.
Ә) Оқушыларды қарым - қатынасқа психологиялық дайындау.

2) Кезеңінің мазмұны:
А) Сәлемдесу.
Ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Б) Оқушылардың көңіл - күйін сабаққа аудару.
В) Сынып тазалығына көңіл аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- үйге берілген суретті тексеріп бағалау.
Дұрыс салынған суреттерді оқушыларға көрсету, мадақтау.
- Қате салынған суреттерге сабақ барысында кемшіліктерін жеке түсіндіріп, қателеспеуге үйрету.

ІІІ. Өткен тақырыпты қайталау.
- Сұрақ жауап арқылы өткенді қайталау.
• Графика дегеніміз не?
• «Сурет өнері(графика)»- қағаз немесе қатырмақағаз (картон) бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, қылқалам көмегімен немесе баспа машиналарымен салынған сурет. Бұл сөз гректің «grapo» «жазамын», «сурет саламын» деген сөзінен шыққан.
• Натюрморт дегеніміз не?
• «Натюрморт(жансыз заттар)»- француз сөзі, қазақша баламасы «жансыз заттар»- деген мағынаны береді. Олардың (жеміс жиектер, ыдыс аяқтар, геометриялық денелер, құрал жабдықтар т. б.) саны екі немесе оданда көп болуы керек.

- Оқушылардың өткен материалды қалай меңгергендігін тексеру.
- Өткен материалды қайталата отырып, меңгерілген білімді оқушының есінде қалтыру.
ІІІ. Жаңа сабаққа даярлық.
Ертегіге барар жолда
Бақыт құсын табарсың.
Суретіңнің бояулары -
Мың құбылған жарасым.

Бізде одан көріп тұрмыз
Жаңбырда да бір барын.
Бізде одан көріп тұрмыз,
Желде де бір түс барын.

Бізде одан сезіп тұрмыз
Түсін бүкіл әлемнің.
Бізде одан сезіп тұрмыз,
Тыныштығын бар елдің.
Міне, балалар мен оқыған бұл өлеңнен нені аңғардыңдар? Бұл өлеңде табиғаттағы кездесетін бояу түстері, желде де, суда, бүкіл әлемде бояу түстерінсіз ештеңе білінбейді де сезілмейді де екен. Олай болса бүгін біз сабағымыздың түрлі түсті түстер, жылы және суық түстер және кескіндеме өнері жайлы өтетінімізді ескертемін.

ІV. Жаңа сабақ

Тақырыпты баяндау.
Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы:
«Түрлі түсті бояумен сурет салу»

- Арнайы дайындалған слайдты интерактивті тақтадан көрсете отырып сабақты түсіндірем.
«Кескіндеме(живопись)»- бұл жазықтықтың бетіне (кенеп, ағаш, үй қабырғасының беті) жағылған әр түсті бояу қабаттарының көмегімен жасалған өнер шығармасы. Кескіндеменің графикадан айырмашылығы осында. Қолданылатын материалдарға (бояу) байланысты кескіндеме техникасының түрлері мынадай болады: майлы бояу, субояқ (акварель), темпера, фреска, мозайка. Бұл сөз орыстың «живой писать» «тірі жазу» деген сөзінен шыққан.
Табиғат қоршаған ортадағы сұлулық бояу нақышымен қымбат. Олардың көркі ең алдымен түрлі - түстің реңіне байланысты айқындалады. Табиғатта кездесетін түстер негізінен негізгі үш түске бөлінетінін білеміз. Осы үш түсті араластыру арқылы қосымша түстер алынады. Ал қосымша түстердің өзі жылы түстер және суық түстер болып бөлінеді. Жылы түстерге қызыл, сары, қызыл сары түстер жатады. Ал суық түстерге көк, көгілдір, жасыл түстер кіреді. Түстер ерекшелігін, қасиеттерін жақсы білу үшін кескіндемеде, сәндік өнерде көбірек суреттер салып үйренуіміз керек.
Табиғатта жылы және суық түстер ғажайып үйлесім тапқан. Шөлдің сары құмы мен көгілдір аспан және Антарктида мұзы, көлдер мен теңіздердің көк суы және күн батқан сәттегі қызғылт түсті тау шыңдары. Жануарлар мен өсімдіктер әлемі де жылы және суық түстерден тұрады. Осы жылы және суық түстердің өзі реңктерге бөлінеді.
Реңк - бұл бір түстің бірнеше түрге түрленуі. Әрбір бояу түстерінің көптеген реңктері болады. Егер кез келген түстер реңктерінде сары немесе қызыл түс басым болса, онда реңктер жылыға жатады.
Табиғаттың төрт мезгілінде де осы түстердің, яғни жылы және суық түстердің барлығын көруге болады. Мысалы: алтын күз мезгілін алсақ, жылы түстерді табуға болады. Бұл кезде айнала қоршаған өсімдік әлемі сары түске, қызыл түске еніп, сұлулық мекеніне айналады.
Ал, қыс мезгілін алсақ айнала аппақ қар, көгілдір мұз суық ауа - райы барлығы қатқыл, қатал көрініс тауып суық түске енеді.
Егер сіздер жақсы суретші болғыңыз келсе өзіңді қоршаған ортаға, дүниеге зер сала қарап, елеусіз көрінетін сұлулықты, немқұрайлы, назарсыз қалдырмауға тырысуыңыз керек. Сонда бояулар әлемі саған таусылмас қуаныш сыйлайды!

V Сарамандық жұмыс
Бүгінгі өтілген сабағымыздың тақырыбына байланысты кескіндеме өнерінің бір жанры натюрморт саламыз. 4 Кезең бойынша натюрморт салу. Кезеңдер бойынша натюрморт салу схемасына қарай отырып суретті оқушылармен бірге тақтаға бормен орындау.

V І Сабақты қорыту
Сұрақ - жауап арқылы оқушылардың сабақты қалай түсінгендігін тексереміз ж - е жауаптарын
Толықтыра отырып олардың естерінде алған білімдері толық сақталып қалуына жағдай жасаймыз.

VІІ Үйге тапсырма
Тақырыпты қайталап оқу. Натюрмортты аяқтау.
VІІІ Бағалау
Сабаққа қатысқан ж - е суреттерін аяқтап үлгерген оқушыларға баға қою. Алған бағалары
жөнінде қысқа айтып өту. Қате салынған суреттер болса ескертулер жасау. Дұрыс жақсы
салынған суреттерді көрсетіп олардың жетістіктерінің себебін түсіндіру.
































  1. 2.
     
    Мақсаты:Мақсаты: Білімділік: Геометриялық денелерді өзіне тән ерекшеліктерін ажырата отырып, геометриялық пішінін талдай білуге үйрету. Тәрбиелік: Оқушының ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыра отырып, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Дамытушылық: Оқушыға политехникалық білім берумен қатар шығармашылық қабілетті, өз ойын тиянақты жеткізуге дамыту, өздік білім алуға ұмтылдыру.

  2. 3. ««ПроекцияПроекция»» қай елдің сөзі, қазақша мағынасықай елдің сөзі, қазақша мағынасы Латын сөзі, «алға қарай лақтыру» Француз сөзіФранцуз сөзі «бір орында«бір орында тұру»тұру» Неміс сөзі,Неміс сөзі, «лақтыру»«лақтыру» Грек сөзі,Грек сөзі, «белгілеу»«белгілеу» Тест тапсырмалары №Тест тапсырмалары № 1 - сұрақ1 - сұрақ Ағылшын сөзі, «бірге» Фин сөзі, «алға қарай» Латын сөзі, «белгілеу бірге» Грек сөзі, «бір орында тұру» Түрік сөзі, «бірге»

  3. 4. Тест тапсырмалары №Тест тапсырмалары № 2 - сұрақ2 - сұрақ Овал ОвоидОвоид НүктеНүкте Сызу практикасында эллипсқа қарағанда жеңіл болғандықтан неменСызу практикасында эллипсқа қарағанда жеңіл болғандықтан немен жиі алмастырамыз?жиі алмастырамыз? Үшбұрыш ОрайКуб Көпбұрыш парале лепипед

  4. 5. Тест тапсырмалары №Тест тапсырмалары № 3 - сұрақ3 - сұрақ Осьтер бойынша өлшеу изометрияизометрия х, у, Z парале лепипед диметрия Координаттриметрия Аксонометрия сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағынаныАксонометрия сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіредібілдіреді

  5. 6. перпенди куляр параллельпараллель Проекция жазықтықтары бір-біріне қалай орналасқан Тест тапсырмалары №Тест тапсырмалары № 4 - сұрақ4 - сұрақ көлбеу дөңес кезеңқатар

  6. 7. нүкте болыпнүкте болып кескінделедікескінделеді Кеңістікте орналасқан /АВ/ түзу проекция жазықтығына перпендикуляр орналасса жазықтыққа қалай кескінделеді Тест тапсырмалары №Тест тапсырмалары № 5 - сұрақ5 - сұрақ кескін болап кескінделеді түзу болып кескінделеді жазықтық болып кескінделеді белгілі бір бұрышты жасап кескінделеді

  7. 8. 7 мм Бас әріптің биіктігі 10 мм болғанда, кіші әріптің биіктігі қанша болады Тест тапсырмалары №Тест тапсырмалары № 66 - сұрақ- сұрақ 8 мм 5 мм 3 мм

  8. 9. 2 Проекция жазықтықтарының қаншауы вертикаль орналасқан Тест тапсырмалары №Тест тапсырмалары № 77 - сұрақ- сұрақ 1 3

  9. 10. М 2:1, М 5:1, М 2,5 :1 Төмендегі белгілердің қайсысы үлкейту масштабына жатады Тест тапсырмалары №Тест тапсырмалары № 88 - сұрақ- сұрақ М 1:2, М 1: 2,5 М 1:4 М 1: 4, М 2:1, М 5:1

  10. 11. француз «Формат» қай тілдің сөзі Тест тапсырмалары №Тест тапсырмалары № 9 - сұрақ9 - сұрақ латын

  11. 12. Сабақтың тақырыбы:

  12. 13. ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАР

  13. 14. ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАР  берілген нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелер жиыны, жазықтықтағы фигура  ШЕҢБЕР

  14. 15. ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАР қабырғалары өзара перпендикуляр дұрыс төртбұрыш.  Төрт қабырғалары өзара тең , бұрыштары тік болатын.  ШАРШЫ

  15. 16. ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАР  Жазықтықтағы фигура,барлық қабырғалары тең,барлық бұрыштары тең.  Тұйықталған сынық,оған сыртай және іштей шеңбер сызуға болады.  ДҰРЫС КӨПБҰРЫШТАР

  16. 17. ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАР  Төрт қабырғалары бар,қарама- қарсы қабырғалары өзара параллель және тең.  Барлық бұрыштары тік.  ТІКТӨРТБҰРЫШ

  17. 18. ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАР  Бір түзуде жатпайтын үш нүктеден,оларды қосатын кесінділерден тұрады.  Үш төбесі,үш қабырғасы бар.  ҮШБҰРЫШ

  18. 19. ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ДЕНЕЛЕР

  19. 20. ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ДЕНЕЛЕР

  20. 21. Айналу денелері Көпжақтар Шар Призма Пирамида: Цилиндр тікбұрышты толық Конус:толық параллелепипед қиық қиық Куб ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ДЕНЕЛЕР

  21. 22.  Нәрсені геометриялық денелерге талдау ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ДЕНЕЛЕР

  22. 23. ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ДЕНЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПРОЕКЦИЯЛАРЫ

  23. 24. Қорытындылау

  24. 25. Өзіндік жұмыс  Жетіспейтін көріністі тұрғызу  а) в)  с)

  25. 26. Пайдаланылған әдебиеттер  Сызу оқулығы, 9 сынып –Келешек 2030 Көкшетау 2013 ж, В.В.Никитенко, В.Б.Кульбаев, Р.М.Мухамадеева.  Сызу оқулығы, 9 сынып – «Атамұра» Алматы 2013 ж, В.Г.Чукалин, М.М.Ахметжанов  Сызу, «Рауан» Алматы 1990 ж, А.Д.Ботвинников, В.Н.Виноградов, И.С.Вышнепольский  Сызу 9 сынып–электрондық оқулық, К.Б.Омаров, О.Ф.Сейтов  Сызу 9 сынып–электрондық оқулық, Келешек 2030 Көкшетау 2013 ж, В.В.Никитенко, В.Б.Кульбаев, Р.М.Мухамадеева.





































Сабақтың тақырыбы:
Аксонометриялық проекцияларды алу және оларды салу (фронталь диметриялық және изометриялық проекциялар)
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Білімгерлердің білімін қалыптастырып қана қоймай, оларға тың мәліметтер беру.
ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Сызу арқылы оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.
Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:
А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Тетіктер мен машиналардың сызбаларына түсініктеме бергенде көрнекі кескіндерді пайдаланады Жазықтықта көрнекі кескіндерді салу үшін осы нәрселердің аксонометриялық проекцияларын салуды орындаймыз.
«Аксонометрия» – грек сөзі, «остер бойынша өлшеу» деген мағынаны білдіреді. Осы нәрселерді салғанда өлшемдерді (ұзындық, ен, және биіктік) х, у, және z остері бойынша өлшеп саламыз.
Проекциялаушы сәулелердің бағытына және нәрсенің сызықтық өлшемдерінің осьтер бойынша өзгеріп түсуіне байланысты аксонометриялық проекцияларды тік бұрышты және қиғаш бұрышты проекциялар деп екіге бөледі.
Қиғаш бұрышты фронталь диметриялық проекцияның пайда болуы.
Тік бұрышты изометриялық проекцияның пайда болуы.
Жазық фигуралардың аксонометриялық проекциялары
Жазық фигуралардың аксонометриялық проекцияларын орындау кезінде z осі болмайды. Мұндай салуды х және у осьтерін жүргізуден бастаймыз.. Осылайша салу кейінірек геометриялық денелердің аксонометриялық проекецияларын орындау барысында қажет болады.
Жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекциялары
Жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекцияларын салу кезінде үш: х, у және z осьтерін пайдаланады, себебі мұнда үш өлшем (ұзындық, ен және биіктік ) қатысады.
Мысал үшін сызбада бұған дейін екі көрінісі салынған тетікті алайық.
Кескіні салынатын нәрсе проекциялар жазықтығы мен қараушының арасында орналасқан деп қарастырады. Нәрсенің қараушы көріп тұрған бетінің проекциялар жазықтығындағы тікбұрышты проекциясын оның көрінісі деп атайды. Көріністе нәрсенің көрінбейтін қырларын үзілме сызықтармен кескіндеуге рұқсат етіледі, бірақ ол міндетті емес. Негізгі алты көріністі орналастырғанда үстінгі көрініс алдыңға көріністен төмен ал астынғы көрініс жоғары бір вертикальдың бойында орналасуы керек. Сол жақ көрініс алдыңғы көріністің оң жағына, ал оң жақ көрініс-сол жағына онымен бір деңгейде орналастырылады. Негізгі көріністерді осылайша орныластыруды еуропалық тәсіл деп атап Е әрпімен белгілейді. Негізгі көріністерді орналастырудың А әрпімен белгіленетін американдық тәсілде керісінше болады. Яғни үстінгі көрініс алдыңғы көріністен жоғары, астыңғы көрініс-төмен бір вертикальдың бойына орналастырылады. Сондай-ақ сол жақ көрініс алдыңғы көріністің сол жағына, оң жақ көрініс-оң жағына бір деңгейде орналастырылады.

Нәрсенің негізгі проекциялар жазықтықтарында (текшенің жақтарына) паралель болмайтын жазықтықтағы проекциясын қосымша көрініс дейді. Егер нәрсенің кішкене бөлігі ғана кескінделсе, онда оның жергілікті көрінісі шығады. Сонымен, көріністер негізгі қосымша және жергілікті көріністер болып бөлінеді. Негізгі көріністер алтау: алдыңғы көрініс, астыңғы көрініс, және артқы көрініс. Жергілікті көрініс негізгі көріністе, қосымша көріністе болуы мүмкін. Оқулықта берілген жаттығуларды орындау оқушылардың алған білімін іс жүзінде пайдалануға мүмкіндік береді. Олардың сызбаны оқу дағдыларын молайтады, кеңістікті елестету қабілетін дамытады.
Алдыңғы басты көрініс Үстіңгі көрініс Сол жақ көрініс
Оң жақ көрініс Астыңғы көрініс Артқы көрініс
Көбінесе екі немесе үш көрініс жеткілікті болады. Алдыңғы көріністі бас көрініс деп те атайды, өйткені нәрсені кеңістікте оның алдыңғы көрінісі мүмкіндігінше көп ақпарат беретіндей етіп орналастырылады. Алдыңғы көріністі фронталь проекция, үстіңгі көріністі горизонталь проекция және сол жақ көріністі профиль проекция деп те атайды.
Онда проекциялық байланыстарды сақтаудың міндеттілігін ұмытпай, үстіңгі көріністі алдыңғы көріністің жоғары жағына сызу керек және аталған үш көрініс бірінің үстіне екіншісі, екіншісінің үстіне үшіншісі дәл орналасып бір вертикаль бағанның бойында жатады. Сондай-ақ сол жақ алдыңғы көріністің оң жағына, ал оң жақ көрініс сол жағына сызылады. Артқы көріністі көбіне сол жақ көріністің оң жағына орналастырады. Сонда төрт көрініс оң жақ көрініс, алдыңғы көрініс, сол жақ көрініс және артқы көрініс қатарласа орналасып, бір горизонталь жолдың бойында жатады. Көріністе көрінбейтін сызықтырдың кескіндеу міндетті емес, орындайтын сызбада көрінбейтін сызықтарды кескіндеу талап етіледі. Көрінбейтін сызықтар үзілме сызықпен кескінделетіні белгілі, Түзудің өзіне перпендикуляр жазықтықтағы тікбұрышты проекциясы нүкте болады. Олай болса, жазық фигура (үшбұрыш, паралелогграм, трапеция, кез-келген жазық көрбұрыш, жазықтықта жататын қисық сызықпен шектелген фигура) өзіне перпендикулияр жазықтықтағы түзу кесіндісіне проекцияланады.
Осындай тұжырымды жақсы түсініп, кеңістікте оны елестете білуге қол жеткізу керек. Координаталарымен берілген нүктелердің фронталь (алдыңғы көрініс) горизонталь (үстіңгі көрініс) және профиль (сол жақ көрініс) проекцияларын көп ойланбай сала білу және керісінше фронталь және горизонталь (немесе профиль) проекциялары бойынша нүктенің координаталарын анықтай білу қажет.
Денеің үш өлшемі шартты түрде ұзындығы ені және биіктігі болатыны белгілі, Оларды сыртшек өлшемдер деп атайды. Дененің іші қуыс тесіктері және ойықтары болуы мүмкін. Олардың әрқайсысының өлшемдері жеке-жеке көрсетіледі. Одан кейін осындай элементтердің өзара орналасуын анықтайтын өлшемдерді оның элементтерінің өзара орналасуын анықтайтын өлшемдерден ажырата білген дұрыс.
Үйге тапсырма:
Жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекцияларын салу ережесін игеру, жаттығу жұмысын орындау, сұрақтарға жауап беру.




















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 03.05.2016
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров436
Номер материала ДБ-064479
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх