Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Сабақ жоспары+ презентация тақырыбы: Не үйрендік,не білдік? 1сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сабақ жоспары+ презентация тақырыбы: Не үйрендік,не білдік? 1сынып

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Не ?йренд_к не б_лд_к.doc

библиотека
материалов

Амиртаева Мейрамкуль Нурмухановна,

Бастауыш сынып мұғалімі,

КММ №16 ЖББОМ Қарағанды қаласы


1-сынып

Сабақтың тақырыбы: « Не үйрендік ? Не білдік?»
Сабақтың мақсаты:

-Оқушыларды топтық сайыстарға үйрету, алған білімдерін тексеру.

-Шапшаңдыққа, алғырлыққа баулу, білім - біліктерін дамыту.
-Өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру, іскерлікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: Түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, слайд.
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.
2.Жаңа сабақ:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанарма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәлім,тәрбие табарма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға -сол алда, - дегендей жарыс түрінде өткізілетін сабағымызды бастаймыз.
Топтық сайыс
1-топ:«Алғырлыр»
2-топ:«Тапқырлар»
Қызығушылығын ояту
«Кім жылдам» ойыны арқылы екі топқа бірнеше

Жұмбақтар айту.


-Асты тас,

Үсті тас,

Ортасында жанды бас. (тасбақа)


-Кесе,шыны,пиала-

Оларсыз шай құяма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді? (ыдыс)


-Өзі ащы,

Бірақ ,

Дәмді етер асты. (тұз)

-Орманда жоғары

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балға етіп,

Тарсылдатып соғады. (тоқылдақ)


-Балалар, бүгін біз «Білім бағына» саяхатқа шығамыз. «Білім бағына» біз «Білім» көлігімен шығамыз. Бірақ бізге осы бақты аралауға көптеген аңдар кедергі жасауға тырысады. Біз әрі қарай саяхатқа шығуымыз үшін, олардың бізге берген тапсырмаларын орындап, барлық сұрақтарға толық және қатесіз жауап беруге тырысуымыз керек.

Ал ендіше тұрмайық

Саяхатымызды бастайық.

Не үйрендік, не білдік?

Соны ортаға салайық.

Балалар, бүгін бізге «Білім бағындағы» алғашқы кездескен аңды танисыңдарма?

-Қасқыр.

-Қасқыр туралы не білесіңдер? Қасқыр қандай аң еді?

- Қасқыр — жыртқыш аң.Тағы оны бөрі деп те атайды.

- Балалар, біздер әріптерді, сөздерді оқуды, жазуды қай пәннен үйрендік?

-Әліппеден.

-Ал сөйлем құрауды,ертегі,жұмбақ,мақал-мәтелді,жаңылтпаш жаттауды қай пәннен үйрендік?

-Ана тілі.

-Міне, балалар олай болса бізге қасқыр Ана тілі пәнінен тапсырмалар ала келіпті. Дұрыс жауап берген топқа жұлдызша беріп отырамыз.
1 - тапсырма: Дыбыстық талдау жаса.
«Алғырлар» тобына «Тапқырлар» тобына
Доптар Құстар
2 - тапсырма:

«Кім біледі?» ойыны.

а) «Алғырлар» тобына: Бала, машина, доп, балапан, балабақша сөздерін буынға бөлу.

«Тапқырлар»тобына: Алмалар, қала,дәріхана,қол,дәптер сөздерін буынға бөлу.

ә ) Сөзді қалай буынға бөлеміз?

3 - тапсырма:

Қайталанып келген әріптерді алып тастау арқылы жасырынып турған сөзді табу.

«Алғырлар» тобына:

СҚСАРСЛСЫСҒСАСШ ҚАРЛЫҒАШ

Сұрақ:Қарлығаш қандай құс? Осы туралы қандай ертегі білеміз?

«Тапқырлар»тобына:

МЖМОМЛМБМАРМЫМС ЖОЛБАРЫС

Сұрақ :Жолбарыс қандай аң? Ол туралы қандай ертегі білесіңдер?

4-тапсырма:Таратылып берілген суреттердің кеспе әріптермен аттарын кеспе әріптермен жазады. Осы сөздерге сөйлем құрату.

Қоңырау соғылады.
Ән: «Біз дәуірдің түлегіміз»

Саяхатқа әрі қарай шығамыз.
Енді алдымыздан тағы бір аң кездесті.Бұның атауы қалай еді балалар?

-Түлкі.

-Түлкі қандай аң?

-Түлкі-жырқыш аң.Түсі жирен сары болады.Ол өте қу.

- Балалар, біз тура, кері санауды, қосу мен азайтуды, есеп шығаруды қай пәннен үйрендік?

-Математика.Математика пәнінен тағы не үйрендік?

Міне, балалар бізге түлкі математика пәні бойынша тапсырмалар әкеліпті.

1-тапсырма: Математикалық жұмбақ есептер.
«Алғырлар» тобына «Тапқырлар» тобына
Аулада 3 үйрек, Табақта 5 алма,
Қорада 1 үйрек.
Қолымда 2 алма.
1 үйрек тығылды, Қосқанда барлығы,
1 үйрек жығылды. Болады неше алма?
2 - тапсырма: «Жоғалған сандар» ойыны.

Қалдырып кеткен сандарды тауып орнына қою.

0 2 6 8 10 1 3 5 7 9

3 - тапсырма: «Кім шапшаң»
«Алғырлар» тобына «Тапқырлар» тобына
8 – 3 = 7 - 4=
6+2 = 5 + 3=
5 – 5 =  4 - 4=
4+0 =  5 + 0=
9 – 0 =  6 - 0=

80 - 20= 60 – 40=

10 + 60= 50+50=

100-30= 90-30=

4-тапсырма:«Құрамын тап» ойыны.( Гүлдің күлтесіне сандардың құрамын жазу)

1-топ: 6-ның, 8 -дің, 10-ның құрамын табу.

2-топ: 5 -тің, 7-нің, 9-дың құрамын табу.

Қоңырау соғылды.
Ән: «Ертегілер»
Саяхатқа әрі қарай шығамыз. Ал енді мынау алдымыздан көрінген не екен анықтап қараңдаршы балалар?

-Алдымыздан кездескен қоян екен.Ал қоян жайлы не айта аламыз?

-Қоян үй және дала қояны деп екіге бөлінеді.Олардың түсі сұр,қара,ақ болады.Олар өте қорқақ жануар.

-Өте жақсы, ал енді қоян бізге қай пәннен тапсырма дайындап әкелгенін көрейік.Қоян бізге Дүниетану пәнінен тапсырмалар алып келіпті.

-Ал дүниетану пәнінен біз нелермен таныстық?

Берілген тапсырмаларға тез алдымыздағы дөңгелекшені көтеріп жауап береміз.
1 - тапсырма:

-Қол не үшін керек?

-Тірі табиғатты ата?

-Өсімдіктердің қандай пайдасы бар?

-Неше жыл мезгілі бар? Қандай?

-Құстар нешеге бөлінеді?

-Қандай жануарлар қыста ұйқыға кетеді?

-Қазақтың тұңғыш президенті кім?
-Кітап не үшін керек?

2 - тапсырма:

Берілген суреттерден «Қай жануар немен қоректенеді?» тауып айту.
Интерактивті тақтада суреттер көрсетілген.

3-тапсырма:

«Алғырлар» тобына: Көкөністерді жинау

«Тапқырлар»тобына: Жемістерді жинау.

Қоңырау соғылады.
Ән: «Қуыршақ»

Ал келесі көрінген не екен?

-Аю.

-Аю жайлы не білесіңдер?

-Аюлар- жыртқыш аң. Олардың денесі шомбал, басы үлкен, құлағы кішкентай, құйрығы қысқа (қалың жүнінен көрінбейді). Жүні бір түсті, қоңыр, қара не ақ, аяғы бес саусақты, тырнақты болады. Иіс сезу қабілеті жақсы жетілген.

-Өте жақсы.Ал енді аю бізге қай пәннен тапсырмалар әкелген екен көрейік.
Аю бізге бейнелеу пәнінен тапсырмалар әкеліпті.

-Бейнелеу пәнінен не үйрендік?

Сурет салуды,бояуды,түстермен таныстық.

Олай болса осы үйренгенімізді іс жүзінде көрсетейік.
Екі топтың оқушыларына салынған түрлі суреттер таралады. Осы суреттерді берілген уақыт ішінде дұрыс бояп, көрмеге тез іліп қою керек.
Қоңырау соғылады.
Би: «Қаражорға»

4.Сабақты бекіту:

-Сонымен балалар бүгінгі білім саяхатына шығып,бір жыл бойы әрбір пәннен алған білімдерімізді ортаға салып өзімізді сынап көрдік. Алдағы кездескен кедергілерден жақсы өттіңдер.

- Сендерге сабақ ұнады ма? Оқушылар ойларын тыңдау. Екі топ оқушыларының алдындағы жұлдызшалар саналып, көп жұлдызша алған топты марапаттау.























Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 12.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров632
Номер материала ДВ-332141
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх