Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Презентации / Сабақ жоспары презентациясымен "Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы" (11 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Сабақ жоспары презентациясымен "Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы" (11 сынып)

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ proekt.ppt

библиотека
материалов
Ғабит Мүсіреповтің
Жетекшінің аты-жөні: Қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Тыштықаева Айнагүл Қадыр...
МҮСІРЕПОВ ҒАБИТ МАХМҰТҰЛЫ 	   Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы (1902-1985) - қазақт...
Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, өнер және сәулет салалары бойынша Ленинд...
Сонау отызыншы жылдарда ақ үлкен драматург екенін танытып, «Қыз Жібек» операс...
МҮСІРЕПОВ ҒАБИТ МАХМҰТҰЛЫ
“Қозы Көрпеш – Баян сұлу” Бұл трагедия 1936 жылы жазылып біткен. 1940 жылы 29...
“Ақан сері – Ақтоқты” Жазушының бұл пьесасы 1941 жылы жазылды. Алғаш рет 1942...
“Болашаққа аманат” 18 ғасырдағы қазақ шаруалар көтерілісінің басшысы Сырым Да...
“Қазақ солдаты” Бұл романда Ғабит Мүсірепов Қайрош деген азаматтың қаладан д...
Ғ.Мүсірепов Қазақ әдебиетін дамытуда аянбай еңбек еткен классик жазушы. 1974...
“Ананың арашасы” Ақын - Ана тақырыбына көптеген шығармалар жазып аударған. Қа...
14 1

Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Ғабит Мүсіреповтің
Описание слайда:

Ғабит Мүсіреповтің

№ слайда 2 Жетекшінің аты-жөні: Қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Тыштықаева Айнагүл Қадыр
Описание слайда:

Жетекшінің аты-жөні: Қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Тыштықаева Айнагүл Қадыркенқызы Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы Сабақтың бағыты: Ұлы ақындарымызды дәріптеу Сабақ: Қазақ әдебиеті Заградовка орта мектебі 2012 жыл

№ слайда 3 МҮСІРЕПОВ ҒАБИТ МАХМҰТҰЛЫ 	   Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы (1902-1985) - қазақт
Описание слайда:

МҮСІРЕПОВ ҒАБИТ МАХМҰТҰЛЫ   Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы (1902-1985) - қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, әдеби сыншы, аудармашы, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының Абай атындағы және Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат таныған. Ғабит жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебінде, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітірген. Қазақ төңкерісінен кейін үстемдік алған Кеңес өкіметінің жұмысына әжептеуір орысша сауаты бар адам ретінде араласып, түрлі қызмет атқарған. Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді. 1923-26 жылдары Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне (рабфак) оқуға түсіп, оны бітірісімен Омбыдағы ауыл шаруашылық институтында оқыған. 1927-1928 жылдары - Бурабай орман шаруашылығы техникумында оқытушы, 1928-1933 жылдары Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы, 1934-1938 жылдары «Социалистік Қазақстан» (Егемен Қазақстан) газетінің редакторы, Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты өнер секторының меңгерушісі, Қазақ өлкелік комитетінің баспасөз бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Компартиясы саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1938-1955 жылдары бірыңғай шығармашылық жұмыстармен айналысқан. 1956-1957 жылдары - «Ара» - «Шмель» журналының бас редакторы, 1957-1985 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметтерін атқарған. 1958 жылдан КСРО

№ слайда 4 Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, өнер және сәулет салалары бойынша Ленинд
Описание слайда:

Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, өнер және сәулет салалары бойынша Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комитеттің мүшесі болған. Ғ.Мүсіреповтің тұңғыш повестерінің қатарына «Тулаған толқында» мен «Американ бидайығы» шығармалары жатады. Жас жазушының болашағынан үміт күттірген бұл туындылар азаматтық тақырыпты толғайды. Ғ.Мүсірепов  әңгіме жанрының өркендеуіне үлкен үлес қосты. Алғашқы шығармаларынан-ақ жазушылық шеберлігімен танылған. «Қос шалқар», «Көк үйдегі көршілер», «Шұғыла», «Үздіксіз өсу», «Жайлау жолында», «Тұтқын қыз», Жеңілген Есрафил» тағы басқа әңгіме, повестерінде еңбек адамдарының қиындыққа толы қажырлы өмірі мен азамат соғысы, ұжымдастыру кезіндегі дүрбелең оқиғалар легі суреттеледі. «Талпақ танау» әңгімелері мен «Бір адым кейін, екі адым ілгері» повесі жыл аралатып барып, бірінен кейін бірі жарық көреген. Оның бұл шығармалары қазақ әдебиетіне жазу стилі қалыптасқан, көркемдік шеберлігі ерекше жаңа суреткердің келгенін жария еткен еді. Шығармашылық жолының бір белесін аналар туралы әңгімелер топтамасымен түйіндеген жазушы енді кең тынысты туынды жазуға кіріседі. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғын ала ол өзінің тұлғалы туындысы «Қазақ солдаты» романын жазған. Роман тың тақырыбымен, образдарының көркем бейнеленуімен, сюжет құру шеберлігімен, тартымды тамаша тілімен таңдаулы қазақ романдарының қатарына қосылады. Бұдан кейін ол араға біраз уақыт салып барып, өзінің ең ірі салалы да салиқалы шығармасы «Оянған өлке» романын жариялайды. Қазақ прозасының шоқтығы биік туындысы саналған осы романынан кейін жазушы қайтадан шағын жанрға ойысады. Сөйтіп әңгіме жанрында зергер суреткерлігімен танылған ізденімпаз жазушы, көркемдік шеберлігін барған сайын шыңдап, әр әңгіме, повесі сайын жаңа бір белеске көтеріліп отырады. 1968 жылы «Кездеспей кеткен бір бейне» кітабы үшін Абай атындағы республикалық сыйлық алады. Араға бес алты жыл салып барып, прозадағы соңғы елеулі туындыларының бірі «Ұлпан» повесін жариялайды.

№ слайда 5 Сонау отызыншы жылдарда ақ үлкен драматург екенін танытып, «Қыз Жібек» операс
Описание слайда:

Сонау отызыншы жылдарда ақ үлкен драматург екенін танытып, «Қыз Жібек» операсының либреттосын, «Қозы Көрпеш Баян сұлу» пьесасын берген Ғ.Мүсірепов кейінгі жылдарда да бүкіл қазақ драматургиясының тамаша туындысы болып табылған «Амангелді», «Ақан сері - Ақтоқты»,«болашаққа аманат», «Қыпшақ қыз Аппақ», «Қайран Майра» атты драмалық шығармаларын жазған. Сценариін Б.Майлин, В.Ивановпен бірігіп жазған «Амангелді» фильмі (1938) қазақ кино өнерінің алғашқы баспалдағы саналса, «Махаббат туралы дастан», «Қыз Жібек» (1970)  фильмдері қазақ кино өнерінің алтын қорынан орын алған туындылар. Көркем аудармада О.Генри, С.Тагарао, М.Горький, М.Шолохов, У.Шекспир, К.Симонов, А.Штейн, Ж.Мольер, тағы басқа қаламгерлер пьесаларын қазақ тіліне аударған. Ғ.Мүсірепов - көрнекті қоғам, мемлекет қайраткері. 1932 жылы шілде айында ол республикаға танымал адамдармен бірлесе отырып, халықтың басына төнген аштық нәубеті жайында БКП(б) қазақ өлкелік комитетіне «Бесеудің хатын» жолдаған. Ғабит Мүсірепов өзінің қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық қызметімен де туған халқының мәдениетінің дамуына зор еңбек сіңірді. Алайда қазақ халқы оны үлкен суреткер жазушы деп таниды, көркем сөздің хас шебері деп біледі, құрмет тұтады. Ол бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, бір рет КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланған. Үш мәрте Ленин орденімен және екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, Октябрь Революциясы орденімен және көптеген медальдармен марапатталған. Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрына  жазушының есімі берілген. 1991 жылы қайраткер тұрған үйде Ғ.Мүсірепов атындағы әдеби-мемиоралдық мұражай үйі ашылған. 2002 жылы 100 жылдық мерейтой қарасаңында Солтүстік Қазақстан облысындағы бір ауданға, Астана қаласындағы көшелердің біріне Ғ.Мүсіреповтің есімі беріліп, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры алдына қоладан ескерткіш мүсіні қойылған.

№ слайда 6 МҮСІРЕПОВ ҒАБИТ МАХМҰТҰЛЫ
Описание слайда:

МҮСІРЕПОВ ҒАБИТ МАХМҰТҰЛЫ

№ слайда 7
Описание слайда:

№ слайда 8 “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” Бұл трагедия 1936 жылы жазылып біткен. 1940 жылы 29
Описание слайда:

“Қозы Көрпеш – Баян сұлу” Бұл трагедия 1936 жылы жазылып біткен. 1940 жылы 29 сәуірде М.О.Әуезов атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық Еңбек Қызыл Ту орденді драма театырында “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” трагедиясы қойылды.

№ слайда 9 “Ақан сері – Ақтоқты” Жазушының бұл пьесасы 1941 жылы жазылды. Алғаш рет 1942
Описание слайда:

“Ақан сері – Ақтоқты” Жазушының бұл пьесасы 1941 жылы жазылды. Алғаш рет 1942 жылы 10 наурызда Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында қойылды.

№ слайда 10 “Болашаққа аманат” 18 ғасырдағы қазақ шаруалар көтерілісінің басшысы Сырым Да
Описание слайда:

“Болашаққа аманат” 18 ғасырдағы қазақ шаруалар көтерілісінің басшысы Сырым Датұлы (1712 – 1802) туралы бұл пъесаны жазушы 1980 жылы жазды. Пъеса алғаш рет “Жұлдыз” журналының 1981 жылғы бірінші санында жарияланды.

№ слайда 11 “Қазақ солдаты” Бұл романда Ғабит Мүсірепов Қайрош деген азаматтың қаладан д
Описание слайда:

“Қазақ солдаты” Бұл романда Ғабит Мүсірепов Қайрош деген азаматтың қаладан достарды тауып достасуын. Оқуға деген құмарлығы жайында айтылған.

№ слайда 12 Ғ.Мүсірепов Қазақ әдебиетін дамытуда аянбай еңбек еткен классик жазушы. 1974
Описание слайда:

Ғ.Мүсірепов Қазақ әдебиетін дамытуда аянбай еңбек еткен классик жазушы. 1974 жылы Ғ.Мүсіреповке әдебиетті өркендетуге сіңірген үздік еңбегі үшін жоғары Социалистік Еңбек Ері құрметті атағы берілді.

№ слайда 13 “Ананың арашасы” Ақын - Ана тақырыбына көптеген шығармалар жазып аударған. Қа
Описание слайда:

“Ананың арашасы” Ақын - Ана тақырыбына көптеген шығармалар жазып аударған. Қазақ әдебиетінде Ғабиттей Ана туралы жырлаған ақын жоқ.

№ слайда 14
Описание слайда:

Выбранный для просмотра документ Проект ?.Мусрепов.doc

библиотека
материалов

Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға Ғабит Мүсірепов туралы мәлімет беру, алған білімдерін қорыту, жинақтау, шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру.

2.Дамытушылық: Шығармалардың мазмұндық желісін тақырыбына сай талдау жасау арқылы оқушының ойлау қабілеттерін арттыру, эстетикалық сезімін ояту, әдеби пікір – таластар арқылы оқушының тілін дамытып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өздігінен іздену және өзіндік ой тұжырым жасауға баулу.

3. Тәрбиелік: Жас ұрпақты адамгершілікке, адалдыққа, іздемпаздыққа, уәде беріктікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қорыту, жинақтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, пікір-талас, іздендіру

Пәнаралық байланыс: тарих, мәдениеттану, қазақ тілі

Көрнекілігі: интерактивтивті тақта, кітаптар көрінісі
Сабақтың барысы: 
1. Ұйымдастыру. Сәлемдесу, сабаққа даярлық, түгендеу

Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойын бір ортаға топтау мақсатында мынадай ой тасталады: Ой қозғау? Миға шабуыл?

- Біздің бүгінгі және ертеңгі, болашақтағы мақсатымыз не?

Балалар бұл сұраққа мына түрде жауап береді:

- Оқу білім алу

- Тәрбиелі саналы азамат болу.

- Еңбек ету.

- ел экономикасын, мәдениетін көтеру.

- Ол үшін не істеу керек?

- Үлкенді тыңдап, кішіге қамқорлық көрсетіп, сабақты зейін қойып тыңдау керек.

- Біз ата – бабаларымыздың салт-дәстүрін жаңғыртатын. Жаңалыққа ұмтылатын ізденімпаз оқушылармыз!

ІІ Үй жұмысын сұрау: Тест тапсырмасын орындау

ІІІ. Жаңа сабақ: Кіріспе. Балалар, біз Ғабит Мүсіреповтың өмірі және оның шығармашылығы туралы жаңа білім аламыз, қорытындылаймыз.Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жаңа жол ауылында орта дәулетті отбасында дүниеге келген келешек қаламгер алғашында ауыл моласынан оқып, хат таниды. Ол кездегі ауыл ақсақалдарының бір әдемі әдеті-кешке жақын дөң басына, көкорай шалғын көк майса үстіне киізді жайғызып тастап, неше түрліқисса, жырды қызыға, құныға тыңдайтын. «Әдебиетпен алғаш жақын танысуым осы еді»,- дейтін жазушы балалық шағын есіне түсіріп отырып. Зерек бала «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр», «Ләйлі-Мәжнүн», «Көроғлы», «Сал-сал» секілді ерлік пен елдікке, пәктік пен сұлулыққа толы інжу- маржан жырды сүйсіне оқып, талай бетін жаттап та алады.

Хронологиялдық кесте

Жылдар

Оқиғалар

Өлеңдері



Солтүстік Қазақстан облысы

Жамбыл ауданы Жаңа жол ауылында дүниеге келді



1

1902

2

1917

Қостанай уезінің Обаған болысындағы

екі сыныптық орыс мектебіне оқуға түседі






3


1923


Орынбор қаласындағы жұмысшы

факультетіне оқуға түседі



4



1926



Омбы қаласындағы ауыл шаруашылығы

академиясында оқиды

«Тулаған толқындар»




5

1928-1938

Баспасөзде,әр түрлі орындарда жауапты қызметтер атқарады



6

1932-1933


«Шұғыла», «Талпақ танау», «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы»

7

1934


«Қыз Жібе», «Аманкелді» пьесасы

8

1938-1955

Біріңғай әдебиетпен айналысады



9

1939


«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» трагедиясы

9

1942


«Ер ана»

10

1944


«Ақлима»

11

1945


«Ақан сері-Ақтоқты» трагедиясы

12

1956-1966

«Ара-«Шмель» атты сатиралық журналдың бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы


13

1950-1970


«Автобиографиялық әңгіме», «Сөз жоқ, соның іздері», «Өмір жорығы», «Қаз қалпында», «Айгүл қойшының бір күні», «Италия сапарынан» әңгімелері

14

1985

Қайтыс болды



ІV.Ой шақыру: интерактивті тақтамен жұмыс

Ғадит Мүсірепов қаламынан шағын әңгімелер, драммалық шығармалар, эпикалық туындылар және тамаша аудармалар туды.

Жазушы жазған ең құдіретті тақырыптардың бірі – Ана тақырыбы.

«Ананың арашасы» шығармасын талдауларыңа оңайырақ болсын деп повесті үш тарауға өзара ат қойып бөліп тастадым. Әр тарауға қажетті тірек сөздер берілген. Соған қарап отырып, әр тараудың мазмұнын баяндау. Әр тарауға қатысты сендерге беймәлім сөздерге түсіндірме сөздігімен жұмыс жүргізулеріңе болады.

Осы повесте біз, қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін, әлеуметтік жағдайын, анаға деген сыйластықты көреміз.

Қазақ халқының сол кезеңдегі жай күйі:

1.әлеуметтік жағдайы

2. экономикасы

3. саяси өмірі

4. салт-дәстүрі

5. тұрмысы

Қазақ әдебиетінің класигі Ғабит Мүсірепов барлық жанрда шығарма жазған, әрі ол шығармаларынан басы артық сөз таба алмайсыз. Қазақ әдеби тілінің тазалығы үшін тынбай күрескен қайраткер де Ғабит Мүсірепов.


V.Қорытындылау: Сабақтың insert стратегиясы бойынша бекіту. Осы тақырып бойынша не білетін еді, нені үйренді, білді, не жөнінде білгісі келеді.


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім








VІ. Оқушыларды бағалау. 
VІІ. Үйге тапсырма : Қайталау



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 03.11.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Презентации
Просмотров5757
Номер материала ДВ-117534
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх