Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Рабочие программы / Сабақ жоспары: "Санды теңсіздік"

Сабақ жоспары: "Санды теңсіздік"

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_2bcf6d1.gifБ.Т.Абишева

Математика пәні мұғалімі №38 ЖОББМЛ

ШҚО, Семей қ.


Сабақтың тақырыбы:Санды теңсіздік

Сабақтың мақсаты:Санды теңсіздік туралы мағлұмат беру .

Сабақтың міндеттері:

  1. сандарды салыстырып,теңсіздікпен жазуды;қатаң , қатаң емес теңсіздіктерді жазуды,оқуды;таңбалары бірдей, таңбалары қарама -қарсы теңсіздіктерді жазуды,оқуды үйрету.

  2. Берілген тақырып бойынша оқушылардың білімін жүйеге келтіру, математикалық тұрғыда сауатты жазып, оқуға дағдыландырып, оқушының зерделі ойын дамыту .

  3. Топпен жұмыс істеуге, өзгенің пікірін тыңдай білуге, көпшіл сезім қалыптастыруға тәрбиелеу және өзінің білімін бағалай білуді үйрету.

Сабақтың типі:Топпен жұмыс

Сабақ барысы:

Мұғалім:

  • Балалар, өткен сабақта біз қандай тақырып өткен едік.

  • Оны қайда қолдануға болады ?

  • Қалай ойлайсыңдар,енді өздерің осы тақырыпқа есептер келсе шығара аласыңдарма?

  • Әлде тағыда қарастыратын сұрақтар барма?

Қайталау сұрақтары

    • Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атайды?

    • Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?

    • Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер?

    • Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің түбірі қалай табылады?

Теңдеуді шешіңдер (ауызша)

1) X + 3,5 = 5; 4 ) + X = 1;

2) X - 0,5 = 1,5; 5) X - = ;

3) 3,2 х + 1,3 = 4,5; 6) 3х – 6 = х – 4.

1) 2; 4) 1;

2) 1,5; 5) 1;

3) 3/5; 6) 2.

Жаңа сабақ : § 27 Санды теңсіздік

1) 5 - 3 = 2; 2 > 0 – оң сан, онда 5 >3;

2) -2 - (-4)= -2+4 = 2, онда -2 > -4;

3) 3 - 6 = -3; -3 < 0, онда 3 < 6.

Сен білесің бе ?

Бейбітшілік және Келісім ғимараты туралы дерек

Астанадағы 11 қабатты Бейбітшілік және Келісім ғимаратының құрылысына 69 млн доллар бөлінді. Сарайдың жобасын әлемге белгілі ағылшын сәулетшісі Норман Фостер дайындапты. Бейбітшілік пен келісім ғимараты – пирамида тәріздес пішінде болмақ. Оның биіктігі 77 метр, ал жалпы ауданы 25 мың 500 шаршы метрді құрайды. Менеджерлердің айтуынша, тас және шыны секілді материалдармен безендірілетін ғимаратта Қазақстан халықтары ассамблеясы мен діни конфессиялардың кеңсесі орналаспақ. Мұнда қысқы бақ, университет, 1 500 көрерменге лайықталған опера театры, Қазақстан халықтарының мұражайы және кітапхана жұмыс жасайтын болады.

hello_html_38afa69d.jpg

Бейбітшілік және Келісім ғимараты

Сәулеті ерекше сарайдың іші көздің жауын алады. Биіктігі 62 метр, төменгі қырларының ұзындығы да 62 м.болып тұрған Пирамида 25 қабатты үймен бірдей. Оның құрылысына 12 мың шаршы метр гранит тасы, 52 мың метр құрылыс ағашы, 15 мың тонна цемент, 900 шаршы метр шыны жұмсалған. Осынша құрылыс материалын бар-жоғы 13 айдың ішінде сағызша илеп, тамаша ғимарат етіп шығарған түріктің “Сембол-Иншаат” құрылыс компаниясы. Ал архитекторы дүние жүзіне белгілі атақты сәулетші – Норман Фостер. Құрылыс жұмыстарын екі мыңнан артық адам жүргізген екен.

Бейбітшілік және Келісім ғимаратының құрылысына санды теңсіздік құруға болады.

hello_html_65677de9.jpg

Ішкі биіктігі 62 метр сыртқы биіктігі 77 метр.

77 > 62; 77 м - 62 м= 15 м; 15- оң сан.15>0. Демек Бейбітшілік және Келісім ғимаратының сырқы биіктігі оның ішкі биіктігінен 15 см. артық.

a=77; b=62 болса , a-b>0.

а және b сандарын салыстырғанда a-b айырмасы оң сан болса, а>b болады.

Координаталық түзуде a саны b санының оң жағында кескінделеді .

  • 58 62 77

b a

Мысалы :

  • 7>0 және 5 < 9 қарама – қарсы теңсіздік белгілері бар санды теңсіздіктер

  • 7 >5 және 9>2 - бірдей теңсіздік белгілері бар санды теңсіздіктер;

  • < немесе > белгілерімен жазылса, қатаң теңсіздіктер;

  • немесе белгілерімен жазылса, қатаң емес теңсіздіктер деп аталады.

1) a ≥ 5 теңсіздігі: «а саны 5 – тен артық немесе тең» деп оқылса ,«а саны 5 – тен кем емес» деп те оқылады.

2) b 4 теңсіздігі:«b саны 4 – тен кем немесе тең» деп оқылса, « b саны 4 – тен артық емес» деп те оқылады.

Пысықтау сұрақтары:

  • Санды теңсіздік деген не?

  • a және b сандарының қайсысы үлкен, қайсысы кіші екенін қалай білеміз?

  • Координаталық түзуде үлкен сан кіші санның қай жағында кескінделеді?

  • Қатаң, қатаң емес теңсіздіктер деп қандай теңсіздіктерді атайды?

А тобы

888 Санды теңсіздіктерді салыстырып, жұлдызшаның орнына тиісті теңсіздік белгілерін қойыңдар.

890.Координаталық түзуде А, В және С нүктелері берілген.

1. А нүктесінің координатасы мен В нүктесінің координатасын;

2. В нүктесінің координатасы мен С нүктесінің координатасын салыстырып , теңсідік түрінде жазыңдар.


hello_html_4f123bc0.png

В - тоб ы

897. a және b сандарының айырмасы бойынша a және b сандарын салыстырыңдар.

  1. a- b = -3; a * b

  2. a- b = ; a * b

  3. a-b = 0; a * b

  4. a - b = - 0,5; a * b

5. b- a = 1; b * a

6. b – a = -0,99; b * a .

898

1. 7 <15 және 15 <20;

7 < 15 < 20.

2. 0,8>0,3 және 0,8 <1;

0,3 < 0,8 < 1.

С тобы

905. Мына өрнектердің мәндерін салыстырып, теңсіздік (<, >) белгілерімен жазыңдар:

  1. X + 0.5 және Х-(-1);

  2. y + (- ) және y- ( + );

  3. n:(-7) және n:7;

  4. (–n):(-3) және n (-4).

Тест орындау. ( 5 сұрақ )

hello_html_m14eb7e44.jpg

Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы

1911-1989

Ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Қорытынды.

V тарау. Сызықтық теңдеу және сызықтық теңсіздік тарауын бастағанда ЖӘУТІКОВ ОРЫНБЕК АХМЕТБЕКҰЛЫ туралы айтып өткен болатынбыз. Алғашқы ұлттық жоғарғы математика оқулығының авторынан қалған қанатты сөз:“Қазақ халқы – талантты  халық. Біз  математика мен  механикадан  дүние жүзі  ғалымдарының  назарын  өзімізге  аударуға тиіспіз”.Осы сөздің дәлелі ретінде сендерде өз білімдеріңнің нәтижесін көрсетіңдер. Енді жауап парақтарыңды ауыстырып,есептің дұрыстығын тексеріп маған өткізіңдер.

Үйге тапсырма :§26 .№ 889, № 895 нұсқа бойынша түсініктеме. Бағалау .

Қолданылған әдебиеттер:

Оқу және оқу құралдары

  1. Ж.Қайдосов, Г.Хабарова Геометрия 8 сынып/ «МЕКТЕП» баспасы.

  2. Культура умственного труда или 101 техника учения - Рудик.Г.А., профессор, доктор педагогических наук.

  3. Матрица заданий к учебному занятию по Блуму

  4. Жайтапова А.А., Рудик Г.А., Белошниченко Е.В.,Сатывалдиева А.СХХІ ғасыр педагогикасы мектеп табалдырығында ақпараттық-әдістемелік дайджест» Алматы қ ., 2012 ж.

  5. Кобдикова Ж.У.Педагогическая технология «Трехмерная методическая система обучения» /Алматы, 2008 С.26/

  6. Жанпейісова.М.М.«Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде».Алматы қ.,2006.22-23б.

  7. Рудик Г.А.Монреаль, Канада.Центр современной педагогики «Обучение без границ»-34б.

  8. Манвелов С.Г. Конструирование современного урока математики.// Просвещение.Москва. 2002.С.7.

  9. Шыныбеков Ә.Н. Алгебра: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық.//Алматы.Атамұра, 2004.61-100 бет.

  10. Шыныбеков Ә.Н. Алгебра дидактикалық материал//Атамұра.Алматы,2004 жыл. 35-47 бет.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 23.02.2016
Раздел Математика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров131
Номер материала ДВ-478562
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх