Инфоурок Биология КонспектыСабақ жоспары "Семей ядролық полигоны"

Сабақ жоспары "Семей ядролық полигоны"

Скачать материал

Сабақтың мақсаты: Семей ядролық полигоны

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Семей полигоны жабылуының 25жылдығы, Семей ядролық сынақ полигоны және оның халық денсаулығына тигізген әсері, сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері туралы түсінік ала отырып, пікір алмасып, ойларын ортаға салу.

Дамытушылық:Оқушылардың көпшілік ортада ашық, жүйелі сөйлей білу,ой-пікірінбілдіре отырып, қосымша деректер мен құжаттарды пайдаланып,ізденушілікке, шығармашылық жұмысқа баулу;

Тәрбиелік: Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: пресс-конференция

Сабақтың  көрнекілігі:  Қазақстан Республикасының картасы;

Семей ядролық полигоны аумағы картасы; Презентациялық слайдтар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қазақстан Республикасының  тәуелсіздігіне биыл 25 жыл толғалы отыр. Тәулсіздік алу қарсаңында сынақ орталығы болған  Семей ядролық полигоны жабылды.Семей ядролық полигоны  еліміздің басына қасірет болып жабысқан  отаршылдық саясаттың  тағы бір қылмысы. Ақырзаман аждаһасы атанған ядролық қаруды сынау тек бір халықтың басындағы қасірет емес, ол күллі тіршіліктің жауы.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы 29 тамызда Семейдегі атом полигонын жабу турасындағы Жарлыққа қол қойғанына да, міне, жиырма бес жыл толды. Бұрынғы Семей атом полигонының ел мен жерге тигізген зардаптары туралы аз жазылып жүрген жоқ. Олай болса, осы тақырыптағы конференцияны бастайық.

І. Ғалымдармен сұхбат кезеңі.

Тарихшы: Семей ядролық полигонын ашу туралы  КСРО  Министрлер Кеңесі  шешімі 1947 жылы 2 тамызда қабылданды.1948 жылдың шілде айында  полигонға әскер бөлімдері мен құрылысшылар келе бастады. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өрттен иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты.Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған.Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған.Осы күннен бастап КСРО әскери-өнеркәсіпкешені  Қазақстан  тұрғындарына  қарсы жарияланбаған соғысты бастап кетті. Бұл қасірет 40 жылдан астамуақытқа  созылды.Сынақтар қазіргі Абыралы мен Саржал маңайындағы Дегелең тауының қойнауында терең шахталарда жүргізілген. Полигонда жарылған 600-ден астам сынақтың 467 бомбасының зарядының күші тіпті белгісіз, құпия күйде. Оны жүргізгендер Мәскеу асып кеткен. Бұған қосымша кейбір термоядролық қарулардың сыналғандығы туралы деректер де бар. Экранға назар аударайық. («Жарылыс басталған күн» бейнефильм)

Географ: Семей ядролық полигоны аумағы  8.372 шаршы шақырым. Орналасқан жері – бұрынғы Семей және Павлодар, Қарағанды облыстарының  түйіскен жері.Осы облыстардың кілең қазақтар тұратын  шұрайлы жері атом тажалханасына айналып,  жергілікті халық атамекенінен басқа аймақтарға күштеп көшірілді. Сынақ алдында Абай, Абыралы  аудандары тұрғындары  200-250 шақырым аулаққа көшірілді. Шығын құны деп  әркімге  50 сомнан(ол кезде 500 сом)  ақша берді. Экранға назар аударайық.

Физик:1949-1953 жылдар аралығында жасалған сынақ  Долон, Белтерек, Саржал, Қарауыл және Қайнар елді мекендерінің аумағында 150 рентген-сағатқа дейін білінді. Қазақстан аумағында барлық жиынтық қуаты 50 мегатоннадан асатын 470 ядролық жарылыс жасалды.Жетпісінші жылдарға дейін зарядтар салынған штольнялар мен скважиналардың түптері мен шығар ауыздары дұрыстап бетон қақпақтармен жабылмапты да. Соның салдарынан улы инертті газдар, ауыр металдар, басқа да радиациялық заттар жер бетіне жайылған. Мұны мамандардың өздері де жоққа шығармайды. Сынақ кезінде бөлініп шығар зиянды ауыр металл изотоптарының ең қауіптілері – «Стронций-90», «Плутоний-238», «Цезий-137», тағы басқалары. Мәселен, стронцийдің ұсақ микробөлшекке айналып, қоршаған ортаға зиянсыз күйге енуі үшін 56 жыл керек екен. Ал цезийге – 30, плутонийге – 2100 жыл қажет. Бір ғана жарылыс өткізуде осындай он мыңдаған изотоптар мен қосындылардың пайда болатынын ескерсек, барлық сынақтан кейінгі жеріміздің, ел-жұртымыздың денсаулығын ойлап көріңіз.  («Семей полигоны жайлы білеміз бе?» бейнефильм)

Химик: Полигонда алғашқы 14 жылда уран, сутегі және плутон бомбаларын жару ашық ауада және жер үстінде жүргізілді. Осы кезеңдерде қауіпсіздік шаралары  қолданылмады.1987 жылы қуаты 20 килотоннадан 150 килотоннаға дейін жететін 18 жарылыс жасалды. 1989 жылы 12 ақпанда қуаты 90 килотонна жарылыс болды. Бұл жолғы радиоактивті газдар ағыны полигонға тікелей жақын жатқан аудандарды айтпағанның өзінде, Семей қаласында радиация мөлшері 450 микрорентгенге жетті.

Демограф: Семей поигонының ықпалы көш-қон мәселесіне де қатты әсер етті.1990 жылғы статистикалық мәлімет бойынша 32,4 мың адам Семей облысына сырттан келсе, 37,8 мыңадам  тұрғылықты жерден, яғни, Семей өңірінен басқа жаққа орын ауыстырған. Тек1990 жылы ғана облыстан 18,9 мың адам сыртқа қоныс аударса,12,8 мың адам көшіп келген. Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданының халық саны да  өте көп мөлшерде азайған.Қазақ – көнбіс те шыдамды халық. Әйтеуір, қу жанын шүберекке түйіп алып, атам заманнан бері мекен етіп келе жатқан атажұртын тастап кетер емес. Қайнар – (Абыралы) полигоннан 120-ақ шақырым, Саржал (Абай) бұдан да жақын жерде, Абыралы ауданы қайта ұйымдастырылғанда, полигон түбінен тағы екі шаруашылық ірге тепті. Оған әдейі істегендей Моңғолиядан келген қандастарымызды көшірдік. Олардың көпшілігі бір жылға әрең шыдап, ауруға шалдыға бастаған соң көшіп кетті. Тек туған жердің тұрғылықты момын жұрты ғана қозғалар емес.

Дәрігер: Полигон зардабы  адамдардың екінші және үшінші ұрпақтарына  ауыр әсерін тигізіп отыр. Полигонға жақын тұрғындар  арасында жүрек-тамыр, онкология аурырулары,лейкоз, орталық жүйке  жүйесінің бұзылуы аурулары жиі кездеседі.Өлім көбейді. Біздегі ионданушы радияцияға байланысты туындаған ауыруларға диагноз қоюға тиым салынды.1975-1985 жылдары онкологиялық аурудан қайтыс болған Семей облысының тұрғындары саны 7 есеге дейін өсті. Сәуле ауруына  ұшыраған аймақтар: Абай,Абыралы (бұрынғы Семей облысы) және Егіндібұлақ, Қарқаралы  аудандары (Қарағанды облысы).Бүгінгі күні полигон жабылып, ядролық сынақтар жасау тоқталғанымен жергілікті халықтың азап шегуі одан әрі жалғасуда.Психологиялық аурудың саны үдей  өскенібайқалуда. Қатерлі ісіктің қатарына ақ қан (лейкоз) ауруы  да жататыны белгілі, осының салдарынан қан азаюы ауруы, әсіресе, балаларда 65-70 % кездеседі.

Радиациялық сәуле алу кесірінен бір қолы, бір аяғы жоқ, не аяқ-қолы істемейтін, не саңырау, мылқау болып туған кемтар балалар Саржалда, Қайнарда әлі де жиі кездеседі. Экранға назар аударайық.

       Эколог:«Полигонның табиғатқа, тіршілікке әсері төмендеуі үшін әлі кемінде үш ғасырдай уақыт керек» дейді  ғалымдар. Мәселен, «плутоний-240», толық ыдырап кетуі үшін 6500 жыл қажет, ал «плутоний-239»-ға 2100 жыл, ал «плутоний-241» ыдыраған кезде жаңадан альфа-сәуле пайда болатындығын Курчатовтағылар елемей отыр. Ядролық полигон зардаптарына 1,5 млн. тұрғын ұшыраған.Радионуклеидтер жерасты суларымен полигон маңындағы өзендер мен бұлақтарға құйылып, қоршаған ортаға зиян әкелуде. Мысалы, Шаған өзеніне тәжірибе алаңынан (опытное поле) бірнеше бұлақтар құяды екен. Ядролық орталықтың ғалымдары Шаған өзеніне суға түспеуді, мал апарып суармауды айтып, дабыл көтерді. Себебі өзен суында көп мөлшерде тритий бар боп шықты. Ғалымдар зерттеуі бойынша, Шаған суындағы тритий табиғаттық деңгейінен жүздеген есе асып кетіпті. Ал тритий адам ағзасында сумен барып 10 тәулікке дейін сақталса, радиацияға ұшыратып, айықпас дертке соқтырады.

Тарихшы: 1989 жылы  ақпанда  «Невада-Семей» қозғалысы құрылды. Осы жетістіктерінің бірі-өте қысқа мерзім ішінде  халықтың бас көтеруі арқасында  Семей  полигонындағы ядролық жарылыстың санын азайтуға  көмектесті. Ол қозғалыстың жетекшісі – Олжас Сүлейменов. 1989 жылы  6 тамызда – Қарауыл ауылы  жанында «Невада-Семей»Қозғалысының ұйымдастыруымен  митинг өткізді. Қаралған мәселе:КСРО мен АҚШ сынаққа бірлесіп мораторий жариялау қажеттігі туралы үндеу қабылдады.

ІІ.Сұрақ-жауап кезеңі: (тілші тобындағы оқушылар оқушы-ғалымдарға сұрақтар қояды)

1.Физикке: Полигон аумағында түрлі зерттеу, эксперименттік жұмыстар жүргізілгенін білеміз. Түрлі тәжірибе алаңдары болғандығы айтылып жүр, сол туралы тоқталсаңыз?

Жауап: Ең бастысы «Тәжірибелік алаң». Осы алаңда 1963 жылға дейін ауада және жер бетінде  ядролық сынақтар өткізілген. Екіншісі, «Дегелең» тәжірибелік алаңы, онда жер асты ядролық  жарылыстары жасалды. Үшіншісі, «Балапан»  алаңы, онда жер асты жарылыстары жасалды.

2.Географқа: Жалпы полигон орнын білдік, оның атауы туралы білсек?

Жауап: Полигонды «Семей-21» деп те атаған.Оғанқосақаланың Курчатов дегенекіншіаты да бар болатын.Бұлат 1974 жылықалағағылымғаорасанзорүлесқосқан аса дарынды  ғалым-физик Курачтовтыңатыберілді.

3.Дәрігерге: Семей қаласында  «Бурцелезге қарсы 4-ші диспансер» деп аталған ауруханада кімдер емделді?

Жауап: Онда науқас адамдарды емдеген жоқ, ғылым мен келешек үшін деген желеумен радиацияның тірі организмге тигізген әсерін зерттеді. Кейін де бұл  «диспансер» жұмыс істей берді, бірақ, «Радиациялық медицина және  экология ғылыми зерттеу институты» деп аталды.

4.Тарихшыға: Полигон аумағында қанша жарылыстар болды және оның зардабын немен салыстырар едіңіз?

Жауап: 42 жылда 470 атом  жарылыс жасалған, орта есеппен  жылына  11,5 рет бомба  жарылған. Онымен қоса 1963 жылға дейін жер үстінде және әуеде 118 ядролық бомба жарылды. Мұндағы жер үстіндегі және жер астындағы  жарылыстың жалпы қуаты Хиросимаға  тасталған бомбадан 1000 есе асып түседі екен.

5.Дәрігерге: Адам  бойында радиацияның мөлшері қаншаға жеткенде  қауіпті жағдай туады?

Жауап: Медициналық өлшем бойынша  әр адам жылына 0,5 бэрден артық радиация  алуына   болмайды. Бұл рак, ақ қан, жүрек-қан  тамырлары сияқты ауруларды қоздырады. Жоғарыда аталған үш облыстың полигон аумағындағы халықтың, яғни, 1,5 миллион халық 1 бэр және    одан да көп  мөлшерде радиация алған. Ал, полигон маңайындағы 100 мыңнан астам ауыл тұрғындары 100-ден 200 бэрге дейін радиациялық сәуле алғандығы мәлім болып отыр. Ол «Қайнар синдромы» деген атпен құпия түрде Мәскеудегі әскери ведомствоға жинақталған.

Мұғалім: 1991 жылы тамызда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Семей   полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды.Оның тарихи маңызы: алғаш рет ең ірі полигон жабылды; жалпыға бірдей ядролық қарусыздандыру процессіне үлес қосылды; Ресей, АҚШ, Франция  полигондарына мораторий жарияланды. Қазақстан  дүниежүзі елдері алдында  өзінің   бейбітсүйгіш ел екенін дәлелдеді. Енді, полигон зардаптарының әсерінен дүниеден озған адамдарды еске алып, бір минуттық үнсіздік жариялаймын.

Оқушы:

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір,кәусәр тынысын,

Қастерлейік оның асыл бар қазына ырысын.

Ей адамдар,қалай ғана қатыгездік жасайсың,

Табиғат - Анаң,ал сен оның аялаған  ұлысың.

Қорытынды:Оқушылар дәптерлеріне кесте толтырады:

Не білемін?

Нені білдім?

Нені білгім келеді?

Ән: « Заманай»

Үй тапсырмасы: эссе жазу, тақырыбы  «Әлемдегі бейбітшілік- менің

тыныштығым»

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары "Семей ядролық полигоны""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2017 13461
    • DOCX 23.3 кбайт
    • 430 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мамбетниязова Жемисгуль Карагуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18401
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания биологии в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 809 человек

Курс повышения квалификации

Составление и использование педагогических тестов при обучении биологии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 58 человек

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология учебной среды и развития детей: от диагностики к коррекции

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

ИТ-инструменты в управлении документооборотом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе