Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физкультура / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары "Шынықсаң шымыр боларсың"

Сабақ жоспары "Шынықсаң шымыр боларсың"

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Физкультура

Поделитесь материалом с коллегами:

«Шынықсаң шымыр боларсың»

атты отбасылық-спорттық сайыс

Мақсаты: ата-аналарды, оқушыларды бұқаралық спортқа тарту, отбасы арасындағы бірлік, татулыққа дәріптеу, намысты, жігерлі болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: шығыршықтар, доптар, шарлар, қапшықтар, секірме жіптер, хоккей таяғы, теннис добы, гимнастикалық таяқшалар.

Өту барысы:

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті спорт сүйер қауым!

Бүгін сіздер «Оқу шаттығы» жобасы аясында өткелі отырған «Әкем, анам және мен» спорттық сайысына қош келдіңіздер!

Биылғы жыл дүбірлі оқиғаларға толы. Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейлі тойы. Сайысқа қатысқалы отырған 3 – сынып оқушылары мен ата-аналарына да мерекелік көңіл-күй тілейміз!

Сайысымызды мемлекеттік әнұранмен бастаймыз.

Жүргізуші:

Жанұялар отыр сынға түскелі,

Сыналмақшы ептілік пен күштері.

Әрқайсының жігер-күші жалындап

Жеңіс сәтін тағат таппай күткені.

Спорт десе таза біздің арымыз,

Жалындайды сайысқанда жанымыз.

Сайысатын отбасыларды бүгінгі

Қарсы алайық қошеметпен бәріміз.


«Толағай» тобы – Ахметбековтер отбасы

«Болашақ» тобы – Бутабаевтар отбасы

«Достық» тобы – Мажыровтар отбасы

«Жас қыран» тобы – Бегаевтар отбасы

Сайыскерлерге дене қыздыру жаттығуы сергіту сәтін бастаймыз.

Сайыс болған соң әділқазыларсыз болу мүмкін емес.



Әділқазылар мүшелері:

1.Жарылғапова Қ.А. – қалалық білім бөлімінің әдіскері

2.Есмағанбетов Н.М. – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

3.Шермұханбет А.М. – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Сайысқа қатысушы отбасы реттік нөмірлерін таңдап алуы сұралады. Өз топтарын таныстырып өтеді.

Сайыстың бағдарламасында:

  1. «Капитандар» сайысы

  2. «Ең епті әке» сайысы

  3. «Үзілмейтін шынжыр» отбасылық эстафета

  4. Аналар сайысы

  5. Спорттық-зияткерлік сайыс


Жүргізуші:

Өнерсіздік зор айып,

Ән мен күйге басайық.

Бәріңізді құттықтап,

Әннен шашу шашайық.

Алдарыңызда «Күншуақ - 2014» республикалық балалар шығармашылығы байқауы жеңімпаздары Дәукенов Алихан мен Сапарбек Толғанай «Отан» әнімен қарсы алыңыздар!

  1. Капитандар сайысы

Әкесі мен анасы шығыршықты қатарласа ұстайды. Ұлы (қызы) шығыршық арасынан өтеді, бала өтіп болысымен, шығыршық алға қойылып отырады. Белгіленген қашықтықты айналып өтеді.Ең төменгі уақыт көрсеткен команда жеңімпаз аталады.

  1. «Ең епті әке» сайысы

Мәреде әкесінің қолында хоккей таяғы мен доп болады. Бұйрық бойынша допты таяқшалардың арасынан жүргізе отырып, орындық үстіндегі 3 дротикті алып, шарды атады. Қайтарды тіке допты жүргізе отырып, кері қайтады. Әр жарылған шар 1 сек. уақытын үнемдейді. Жеңіске ең аз уақыт көрсеткен әке жетеді.

  1. «Үзілмейтін шынжыр» отбасылық эстафета.

1 кезең – баласы қолындағы футбол добымен гимнастикалық таяқша арасымен жүгіре өтіп, шығыршыққа қолындағы добын қояды. Тақтайша бетіндегі тапсырмаларды орындайды. Қайтарда тіке жүгіріп өтеді.

2 кезең – анасы қолындағы волейбол добымен гимнастикалық таяқшаны айналып жүгіріп, қолындағы добын шығыршыққа қояды. Тақтайша бетіндегі тапсырмаларды орындайды. Қайтарда тіке жүгіріп өтеді.

Сергіту сәтінде сіздердің алдарыңызда Алматы қаласында болып өткен VII Қазақстан Черлидинг Чемпионатында ІІ орын жеңімпазы «Лучезарный» командасы өз өнерлерін көрсетеді. Қабыл алыңыздар!

  1. Аналар сайысы

Анасы 1 минутта баскетболдық торға доп түсіреді. Әкесі мен баласы доптарды алып, беріп тұрады.

  1. Спорттық - зияткерлік сайыс

Баласы орындық үстімен жүгіреді, тунельден өтеді. Шығыршықты өзіне киеді, тапсырмалар орындайды. (Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, мақалды толықтыр).

...бір рет өледі,

... мың рет өледі.

(ер, қорқақ)

Болат ... шынығады,

Батыр ... шынығады.

(қайнауда, майданда)



Ер жігіт елі үшін ..., елі үшін ...

(туады, өледі)

Анасы орындық үстімен жүгіреді, туннельден өтеді. Шығыршықты өзіне киеді, тапсырманы орындайды. 5 рет секірме жіптен секіреді.

Әкесі орындық үстімен жүгіреді, туннельден өтеді. Тақтайша бетіндегі тапсырмаларды орындайды. Қайтарда тіке жүгіріп өтеді. 10 рет қолды бүгіп-жазу жаттығуын орындайды.

Сайыс кезеңдері де өз мәресіне жетті. Әділқазылар әділ бағаларын шығаруыңызды өтінеміз.

Сіздерге арнап «Күншуақ-2013» республикалық балалар шығармашылығы байқауының жеңімпазы Досанғали Жандос «Алға, Қазақстан!» әнін қарсы алыңыздар!

Жүргізуші:

Жарыс заңды ежелден-

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау.

Сөз кезегі әділқазылар мүшесіне беріледі.

Сайысты бағалау реті:

«Жеңіске деген ынтасы үшін» -

3 орын – «Достық» тобы, Мажыровтар отбасы

2 орын – «Болашақ» тобы, Бутабаевтар отбасы

1 орын – «Толағай» тобы, Ахметбековтер отбасы

Сайыс жеңімпаздары дипломдармен марапатталады. Сайыс көңілді әнмен аяқталады.






Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 13.01.2016
Раздел Физкультура
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров166
Номер материала ДВ-335027
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх