Инфоурок Директору, завучу ПрезентацииСабақ жоспары "Ш.Уалиханов" 10-сынып

Сабақ жоспары "Ш.Уалиханов" 10-сынып

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов – қазақтың аса көрнекті ғалымы, әрі ағартушысы

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік

Қазақ  халқының    ғалымы Ш.Уәлиханов  өмірі, өмір сүрген ортасы, ғылымға қосқан үлесі жайлы оқушылардың шығармашылық жұмысы арқылы кең түрде  мағлұмат беру.

ә)дамытушылық

Шоқан еңбектерінің  құндылығы, ғылымға қосқан үлесі жайлы талдау.

б)тәрбиелік

Оқушылардың бойында еліміздің біртуар ұлы ғалымы Шоқанның өміріне деген қызығушылық сезіміне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың әдісі:  топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:   Ш.Уәлихановтың шығармалар жинағы, слайдтар, баспасөз материалдары, нақыл сөздер, тарихи шығармаладан үзінді.

Пәнаралық байланыс:  тарих, география, бейнелеу өнері, орыс тілі мен әдебиеті.

І. Ұйымдастыру.

а) Оқушылармен амандасу, көңіл-күйлерін сұрау.

ә) Балалар, бүгінгі сабағымыздың –басқа сабақтардан өзгешілігі бар. Бүгін біз " Шоқан – ғалым, этнограф, жазушы, саяхатшы" атты тақырыпта портрет сабағын өтеміз. Бұл сабақтың  өзіндік ерекшелігі оқушыларға алдын ала тапсырма беріліп, ізденіс жұмыстарын пайдаланып, оқушы пікірі тыңдалады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

-Балалар өткен сабақта біз ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиетін өтіп, алдын ала үй тапсырмасы  ретінде ұлы ғалым Ш.Уәлиханов жайында баспасөз материалдарынан, қосымша әдебиеттерден мәліметтер іздеу керек болды. Сабаққа дайынбыз ба? Дайын болсақ, сабағымызды бастайық.

І топқа Шоқанның өмірбаяны,ата-тегі

ІІ топқа Шоқанның еңбектері

ІІІ топқа Шоқанның қызметі

І топ. Шоқанның өмірі. Кадет корпусы.

Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады. Оның арғы бабасы Абылай хан ХVII ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі. Ал,атасы Уәли хан патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді. Шоқанның әкесі-Шыңғыс Уәлиханов білімдә адам болған. Шоқан өзі хан тұқымынан болса, нағашы жұрты атақты Шорман би. Шоқан Мұхаммед  -Ханафия Шыңғысұлы Уалиханов 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысы, Құсмұрын бекінісінде дүниеге келіп, 1865 жылдың сәуір айында дүниеден өтті.

  Шоқан есімі қайдан шықты? Қазақ арасында оқыған адамдар шағатай тілінде сөйлеген. Олар хат жазса "шұ"- дан бастап жазған. Шоқанның ата-анасы оның мінезіне қарап, осы хан болады деп, баласын еркелетіп,’’ Шағатай тілі  мәнерімен’’:  ‘’Шұ-хан’’  деп атаған. Солай Шоқан болып кеткен. Шоқанға тәрбие беруге әжесі  Айғанымның  ықпалы күшті болды.

2-оқушы

Білім алған ордасы:

    Шоқан 12 жасына дейін  Құсмұрындағы  мектепте  оқып, мұсылман  діні,ілімімен танысады.Сурет салудыда уйренді. 1847 жылы 12 жасар  Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы  оқу орны  болып  есептелген  Сібір  кадет  корпусына оқуға  орналастырады.Осы  әскери,әмбебап білім беретін оқу орнында Шоқан жетілді.Алғаш оқуға түскенде бір ауыз орысша білмеседе орыс жолдастарынан басып озды. 1853 жылы кадет корпусын  корнет офицер шенімен бітіргеннен кейін Сібір қазақ әскерлеріне қызметке жіберілді. Көп ұзамай Батыс Сібір генерал-губернаторының адьютанты болып тағайындалды. 1855жылы  Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х.Госфорттың Орталық Қазақстан,Тарбағатай мен Жетісу жеріне жасаған  сапарына қатысады. 1856жылы белгілі ғалым П.С.Семенов Тянь-Шанскиймен танысты. 1857жылы Шоқан Алатау қырғыздарына сапар шегіп,оның тарихын,этнографиясы және халықтың поэзиясын зерттеді. 1858-1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария сапарына барып қайтты. 1860жылы Санкт – Петербургте ол орденмен марапатталып,әскери шені жоғарлады. 

Мәтін:

Шоқан Уәлиханов
(1835 -1865)
  Атақты ғалым , кемеңгер ойшыл, от –жалынды азамат, ержүрек саяхатшы Шоқан Уәлихановтың есімі жұртшылыққа мәлім.Ол Орта Азия мен Қазақстанды зерттеудегі ұлы еңбегімен дүние жүзіне аты шықты.
  Шоқан Уәлихановтың ұлы қасиеттерінің бірі – өмірін де,білімін де,асқан дарынды талантын да туған халықының игілігіне жұмсағандығы. Ол қараңғы даланың аспанынан сәуле түсірген шам-шырақтай аз уақыт жанды да, тез сөнді.Өз басы кішіпейіл, еңбекқор,елгезек,жарқын жүзді адам болды.
  Шоқан 1847 жылы,12 жасында Омбының кадет корпусына түскенде,орысша бір ауыз сөз білмеген.Өзінің зеректігі,алғырлығы арқасында орысшаны тез үйренген.Корпустың соңғы кластарында Шоқан ғылым,философия,көркем әдебиет кітаптарын оқып,әлеуметтік тіршілікке көңіл аударған.
  1854 жылы Шоқан генерал Госфортпен бірге ұзақ саяхатқа шығып, Аягөз, Тарбағатай, Қапал тауларын аралады.Алматы,Қарқаралы,Баянауыл,Көкшетау жерлеріне соғып, Омбыға оралады.
1856 жылдан бастап Шоқан қырғыз халқының тұрмысын, Ыстықкөл жағасын, Күнгей Алатау, Сарыжаз , Алматы, Қапал тауларын кезіп, халықтың әдет-ғұрпын, тұрмыс-салтын, әдеби мұраларын зерттеп, бай мағлұмат жинады.
  1856 жылы Шоқанның Қашқарға жасаған саяхаты оның ғалымдық атағын көкке көтерді. Шоқанның бұл күнделік дәптері КСРО Ғылым академиясының мұражайында осы күнге дейін сақтаулы.
Шоқан Уәлиханов шығармалары ең алдымен, өз халқының тарихын, этнографиясын және фольклорын зерттеуге арналған.

 

Грамматикалық тапсырмалар:

I топ. Мәтіннен синоним, антоним, омоним сөздерді табыңдар.
II топ. Бір сөйлемге морфологиялық талдау жасаңдар.
III топ. Мәтіннен бір құрмалас сөйлемді таңдап, оған синтаксистік талдау жасаңдар.

Тест сұрақтар:

 І топ сұрақтары:
      1. Шоқанның әкесінің аты.

     2.Шоқанның орыс досы.            

     3.Шоқанның атақты саяхаты.

     4. Шоқанның арғы атасы.

     5. Шоқан зерттеген қырғыз жыры.

ІІ топ сұрақтары:

     1.Шоқанның Қашқарға барғандағы есімі.

     2.Шоқанның шешесінің аты.

     3.Шоқанның жарының аты.

     4.Шоқанның нағашысы кім.

     5.Қанша жасынды қайтыс болды?

 

ІІІ топ сұрақтары

     1.Шоқанның әжесінің аты.

     2.Шоқанның кадет корпусына түскен және бітірген жылдары.

     3.Кеңес дәуірінде Шоқан жайлы жазған ғалым.

     4.Шоқан қай жерді қағазға түсірді.

     5.Шоқанның балалық шағы қай жерде өтті.

 

 «Артығын тап!» (ауызша орындалатын тапсырма)

Шоқан Уәлиханов ...

Ғалым

Құрылысшы

Саяхатшы

Шоқан Уәлиханов саяхат жасаған жерлер...

Қашқарияға

Ыстықкөлге

Текеліге

Шоқан Уәлиханов шығармалары

«Абай жолы»

«Манас»

“Алты шаһарға сапар”

Шоқан Уәлихановтың ескерткіші орнатылған жер

Алтынемел

Астана

Алматы

«Аққан жұлдыз» романының авторы

С.Дөнентаев

С.Мұқанов

С.Мәуленов

 

 

 Сабақты бекіту:
5 жолдық тұжырымдама:
1. Кім? (Шоқан)
2. Қандай? (Алғыр, ақылды, білімді, өнерлі, зерек)
3. Не істеді? (зерттеді, саяхат жасады, аралады)
4. Синоним. (зерттеуші – ғалым, алғашқы – тұңғыш, атақты – белгілі, танымал –әйгілі)
5. Бір сөйлем. (Ш. Уәлиханов – қазақтың тұңғыш әскери ғалымы)

Рефлексия . Ой толғаныс.
– Ал, балалар, көңіл – күйлерің қалай? Сонымен бүгінгі сабақта кім туралы айттық? Нені ойға тоқып, жадымызға сақтауға тиіспіз?
 Сабақты қорытындылау. Білімдерін бағалау.

 Үйге тапсырма:  «Егер мен ғалым болсам...» тақырыбына эссе жазу.
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
- Балалар, бүгін барлықтарың сабақта тамаша жұмыс істедіңдер. Сендерге үлкен рахмет! Шығыста «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөз бар екен . Сол айтқандай, дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын тұратын ұрпақ болып өсіңдер!
Білімдерің шыңдала түсуіне тілектеспін!Сабақ аяқталды.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары "Ш.Уалиханов" 10-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Художественный руководитель

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 989 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.12.2015 18894
    • DOCX 23.6 кбайт
    • 47 скачиваний
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Койлибаева Гульнур Жанабековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 58313
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Мини-курс

Аспекты эмоционального благополучия и влияния социальных ролей на психологическое состояние

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы внедрения инновационных технологий в деятельность библиотек

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Курс повышения квалификации

Методика осуществления тренировочного процесса в лыжном спорте

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 82 человека

Мини-курс

Фитнес: вопросы здоровья и безопасности во время тренировок

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективность обучения школьников на уроках литературы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансы и управление в медиакоммуникациях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе