Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары. Символдар бойынша жолдарды өңдеу. Символдық жолдармен жұмыс істеуге арналған функция.

Сабақ жоспары. Символдар бойынша жолдарды өңдеу. Символдық жолдармен жұмыс істеуге арналған функция.


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:    Символдар бойынша жолдарды өңдеу. Символдық жолдармен жұмыс істеуге арналған функция.

Сабақтың  мақсаты:             

Білімділігі:  Оқушыларды символдық шамалармен орындалатын амалдар таныстыру. Символдық  мәліметтерді енгізу, шығару ерекшеліктерін түсіндіре отырып, программа құруға дағдыландыру;   

Дамытушылығы:  Символдық мәліметтерді Паскаль тілінде программалау арқылы өңдеу тәсілдерін жүзеге асырып, оқушылардың логикалық  ой- өрістерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілдікке  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:    теориялық  сабағы

Сабақтың барысы:   

1. Ұйымдастыру

2. Өткен материалды қайталау

3.  Жаңа сабақты түсіндіру

3. Сабақты бекіту

4.  Үйге тапсырма

 

Өткен материалдарды қайталау сұрақтары

 

·        Var операторының қызметі қандай?

·        Const  операторының қызметі қандай?

·        Readln  операторының қызметі қандай?

·        Writeln  операторының қызметі қандай?

·        Цикл дегеніміз не?

·        Циклдік алгоритмнің неше түрі бар?

·        Программаның нәтижесін қалай көреміз?

 

Жаңа  сабақты түсіндіру

 

         Символдық шамалар дегеніміз  сөз тіркестері түрінде берілген мәтін элементтері. Символдық мәліметтермен жұмыс істеу тәсілдері. Осыған дейінгі программаларда біз тек сан мәндерімен ғана жұмыс жасап келеміз.  Ал қазіргі компьютерлерімізде кез-келген символдық айнымалыларды өңдейтін программалар бар. Сондықтан бүгінгі тақырыбымыз бойынша ақпаратты пернетақтадан енгізу және дисплей экранына шығаруды қарастыратын боламыз. Бұл программада да сандық ақпаратты енгізу және шығару сияқты          операторларының  көмегімен жұмыс істей аламыз. 

Символдық мәліметтерді өңдеу символдық типті анықтайтын  CHAR түйінді сөз арқылы жүзеге асырылады.Әрбір символ 0 мен 127 кодтарына әмбебап таңбалар,яғни латын әріптері тыныс белгілері,басқару символдары кіреді.Ал,128-255 кодтарына орыс,қазақ алфавиттің әріптері орналасқан.

Символдық мәліметтер төмендегідей стандартты функциялар орналасқан:

Chr(x)-byte типіндегі х санын символға түрлендіреді

ord(ch)-ch символын оның byte типіндегі сәйкес кодына түрлендіреді   pred(ch)- кодына сәйкес келесі символды береді

upcase(ch) – кіші латын әріптерін бас әріптерге айналдырады.

 

 

Символдық мәліметтерді еңгізу

         Символдық мәліметтерді пернетақтадан енгізу READ (READLN) операторы алқылы жүргізіледі,оларды еңгізудің төмендегідей ерекшеліктері бар:

1.     Бос орын таңбасы -  ‘_’ Паскаль тілінде символ орнына жүретіндіктен символдық айнымалылардың мәндері бос орынсыз жазылады.

2.     Бір айнымалыға бір ғана символ меншіктеледі.

3.     Символдық айнымалыларды енгізудің тағы бір ерекшелігі – ENTER

( )   басылса да  READ операторы бос орын символы ретінде қабылдайды.

4.     Символдық айнымалыларды енгізу кезінде Shift,Ctrl,Caps Lock, Alt басқанда олар жек символ ретінде енгізіліп,мән орнына олардың сканерлеу кодтары қабылданады.

5.     Символдық және сандық мәндерді енгізгенде көбінесе EOLN ( end of line)    стандартты функциясын пайдалану қолайлы.Бұл функция мәні жолдың соңы немесе мәндер беріліп болды – дегенді білдіретін  Enter пернесі басылғанда ғана  ( True ) қалған жағдайда жалған ( Folse )  болады.

                             Паскаль тілінде мәтіндік ақпаратты өңдеу

       Паскаль тілінде символдар тізбегінен тұратын тіркестік айнымалылар қолданылады.Олардың типін көрсету үшін алдымен айнымалы атауы,одан кейін тік жақша ішінде жолдың ең ұзыны көрсетілгенstring түйінді сөз қолданылады. VAR<айнымалы аты>:  string [ жолдың ең үлкен ұзындығы ]

Тіркестік өрнектер.Тіркестік өрнек деп амал белгілері,тіркестік айнымалылар және функция атауларынан құралған,ұзындығы 256 символды тізбекті айтамыз.

Біріктіру немесе конкатенанция амалы,ол қарапайым + белгісімен белгіленеді.Бұл амал бірнеше символдардан немесе сөз тіркесінен жаңа мәтін жолын құру үшін пайдаланылады.Программа мәтіндегі сөз тіркесінен тұратын тұрақтылар бір жолда жазылу тиіс.Егер оның бөлігін келесі жолға тасымалдап жазсақ қате болады.

Салыстыру амалдары олар: =, < >,<, >, <=, > = белгілерімен белгіленеді.Егер тіркестің алғашқы символдары бірдей болса,онда қай жолдың символдары көп болатын болса,сол үлкен деп есептеледі.Егер өрнекте біріктіру мен салыстыру амалдары болса,ең алдымен біріктіру амалы,содан соң салыстыру амалы орындалады.

Мәтін ұзындығын анықтау операциясы.Бұл операция  алгоритмдік тілде ұзын түйінді сөзі қолданылады.Мәтін ұзындығы оны құрайтын  символдар санымен анықталады.

Сөз тіркестерін өңдеуге арналған стандартты функциялар мен процедуралар. Паскаль тілінің функциялары :

CHR(I)-I  санына сәйкес символы береді.

         ORD(S)-S  символының бүтін сан түріндегі кодын береді

         COPY( ST,POZ,N ):String; ST сөз тіркесінің POZ нөмірлік символынан   

 бастап қатар тұрған N- символ көшіріліп алынады.

         UPCASE( C:CHAR ): CHAR; латын алфавитінің кіші әріптерін бас 

 әріптерге ауыстырады.

         DELETE( Var S:String; N, M:Integer); S-мәтіннің,N-таңбасынан бастап,М-

 таңбасын өшіреді.

         INSERT( S1,S2,Poz ); S сөз тіркесі символдарының  Poz  нөмірінен бастап        

  N символды өшіреді де, нәтижені S мәні ретінде жазады.

Сабақты бекіту сұрақтары

·        Символдар программаға қалай енгізіледі,олар қандай типте болуы тиіс?

·        Символдық мәліметтерге қандай оперейиялар қолдануға болады?

·        Литерлік шамалармен қандай операциялар орындалады?

·        Тіркестік өрнектер дегеніміз не?

·        Тіркестік айнымалының ұзындығы қалай анықталады?

 

      Үйге тапсырма   Символдық мәліметтермен жұмыс істеу тәсілдері.

                   Символдық  мәліметтерді енгізу.  Паскаль тілінде мәтіндік ақпаратты өңдеу.

 




Автор
Дата добавления 11.02.2016
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1480
Номер материала ДВ-442224
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх