Инфоурок / Биология / Рабочие программы / Сабақ жоспары №40 "9 сынып "

Сабақ жоспары №40 "9 сынып "


библиотека
материалов

Күні:

Сынып:10
Сабақтың тақырыбы: Э.Мюллер және Э. Геккельдің биогенетикалық заңы.Өсімдіктердің онтогенезі. Жануарлардың онтогенезі.
• Мақсаты:
• білімділік: Организмнің жеке дамуы туралы және әр кезеңдері туралы түсінік бере отырып, оқушыларды өз беттерімен тақырыптағы негізгіні ажырата білуге, білім мен дағдыны жаңа байланысқа кіргізе отырып тереңдету.
Білім көздерінің ақпаратты – коммуникативтік технологиямен ұштастыра отырып оқушыларды шығармашылық жұмысқа жетелеу;
• Дамытушылық: Ақыл – ой әрекетінің дамуына оқушыларды пәнге қызықтыра отырып, қазіргі заманауи мәселені көтеріп қана қоймай, шығармашылық қабілеттіліктерін және ғылыми – тәжірибелік, зерттеушілік қабілеттерін арттыруға мүмкіндік ашу; қазіргі таңда етек алып отырған әлеуметтік проблемаларды қозғау, әрі Адамдағы постэмбриондық кезеңді ән арқылы ұғындырып, балалық шақ, жастық және қартаю кезіндегі дамудың маңызын ашу
• Тәрбиелік: Көрсетілген сюжеттер арқылы оқушылардың болашақтағы іс - әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға, адамгершілік, саяси тұлға болып қалыптасуына, белсенділік, орындаушылық, өз - өзіне баға беруге қабілетті, ынталы, шешім қабылдағыштық пен қатар адамға қатысты сезімталдық мінездерінің қалыптасуына тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
• 1. Ұйымдастыру
• 2. Сергіту кезеңі.
• 3. Үштік топқа тапсырмалар “Тірек суреттеме”
• 4.
Жаңа сабақ
• 6. Қорытынды “Қарттың сөзі ”
7. Бағалау.

Ұйымдастырудан соң оқушылармен сергіту жүргізіледі. Бұл кезде оқушыларға тақта арқылы сурет көрсетіліп, суретте неше адам бейнеленгенін айту керек. Оқушылар экрандағы адамдарға мұқият қарап үш адам бар екендігін айтады. Онда оқушылар мен сіздерді үштік топқа бөлемін. Әр топқа алдын ала тапсырмалар беріліп, білімді өз беттерімен меңгеруге кіріседі.

Үштік топқа берілетін тапсырмалардың тақырыптары.
1. Онтогенездің кезеңдері. Эмбриондық даму кезеңіндегі жасушалардың жіктелінуі туралы.
2. Эмбриология ғылымының даму тарихы. Онтогенетика ғылымы.
Жасанды түсік – қылмыс.
3. Постэмбриондық кезең.
Үштік топ мүшелеріне «Тірек суреттеме» беріліп оқушылар дайындалады.
Тірек суреттеме арқылы топ мүшелері қорғап ойларын ортаға сал
Өз тақырыптары бойынша қорғап отырады..
Биогенетикалық заң[1] — табиғаттағы әрбір тірі организмнің жеке дамуы (онтогенез) кезінде сол түр эволюциясының (филогенезінің) аса маңызды кезеңдерін қысқаша және жылдам қайталап өту заңдылығы. Мұндай заңдылықты 1864 ж. неміс эмбриологы Ф. Мюллер (1821 — 1897) және 1866 ж. неміс ғалымы Э. Геккель (1834 — 1919) өз зерттеулерінде дәлелдеп берген.

Биогенетикалық заң онтогенездік пен филогенездік дамудың арасында болатын өзара тығыз байланыстылыққа негізделген.

19 ғасырда Санкт-Петербургтық академик К.Бэр бір типке жататын көптеген жануарлар ұрығының дамуында бір-біріне ұқсас белгілердің болатындығын анықтаған.

1910 ж. орыс ғалымы А.Н. Северцов (1866 —1936) биогенетикалық заңды тағы да нақтылай түсіп, онтогенез кезінде филогенездік дамудың барлық сатысы түгелдей қайталанбайды, тек олардың ұрықтарының даму сатысы ғана тез арада қайталанады деген қорытынды жасады. Мұны ғылымда А.Н. Северцовтың филэмбриогенез теориясы деп атайды. Мысалы, желілілер (хордалылар) типіне жататын балықтардың, қосмекенділердің, бауырымен жорғалаушылардың, құстардың, сүтқоректілердің (осы класқа жататын адамның да) ұрықтарының алғашқы даму сатысында біріне-бірі ұқсас белгілері (дене тұрқының ұзынша болуы, хорданың, жүйке түтігінің, желбезек саңылауларының пайда болуы, т.б.) қалыптасады. Бұл олардың арғы ата-тектерінің туыстық жақын екендігіне дәлел бола алады.

Э. Геккель барлық көп клеткалы жануарлардың арғы ата-тектері қазіргі гидраға ұқсас жануарлар болған деген қорытынды жасаған, өйткені олардың бәрінің даму кезеңінде гаструла сатысы болатындығы анықталған. Онтогенездік даму кезінде тұқым қуалайтын өзгергіштік белгілер пайда болады да, филогенездік дамуға негіз болады.

Биогенетикалық заңның қағидаларының дұрыс екендігін орыс ғалымдары А.О. Ковалевский (1840 — 1901), И.И.Шмальгаузен (1884 — 1963) зерттеулері дәлелдей түсті. Оның негізгі қағидаларын палеонтологиялық, салыстырмалы анатомиялық, эмбриологиялық, соңғы кездегі биохимиялық, генетикалық, т.б. зерттеулер де дәлелдеді. Биогенетикалық заң қағидалары организмдердің өзара туыстық жақындығын анықтауға және эволюциялық процестердің даму бағыттарын дұрыс түсіндіруге негіз болды.


Қорытынды жасалғаннан соң оқушылар тақтаға шығып, топ мүшелеріне басқа топтар дайындаған қарама – қарсы сұрақтар қойылады.
1 – үштік топқа сұрақтар.
1. Зигота дегеніміз не?
2. Бөлшектену кезеңінің қандай ерекшелігі бар?
3. Бөлшектенудің ересек жануарлардың жасушаларының митоздық бөлінуінен айырмашылығы қандай?
2 - үштік топқа сұрақтар.
1. Ұрық жапырақшалары дегеніміз не?
2. Эмбрионды даму кезіндегі жасушалардың жіктелуі деген не?
3. Суретті тапсырма

3 – үштікке сұрақтар.
• 1. Онтогенетика нені зерттейді?
• 2. Мезодерма қабатында қандай мүшелер түзіледі?
3. Суретті тапсырма.

Қарама – қарсы сұрақтан соң оқушылар бағалау парағын толтырады, қорытындыланады. Келесі кезең эссе жазбас бұрын оқушыларға «Туылмаған сәбидің күнделігінен» атты видео сюжет көрсетіледі. Содан кейін эссе жазуға екі тақырып беріледі. Тақырыптың соңғы кезеңі бағалау парағына қойылған соң жеңімпаз топ анықталып, оқушылар түгелдей бағаланады. Соңғы «Қарт сөзі» атты Муз. АРТ тобының әні тыңдалады. Оқушылар түйінді сөздерін жеткізеді

Өзіңді бағала. Рефлексия “Мен қалай жұмыс жасадым?”
• Мені сабақта қамтылған мәселелер қызықтырды, ойландырады, толғандырды.
• Тақырып бойынша алған білім тереңдей түсті
• Мұғалімнің сұрақтарына жауап бердім
• Мен алдын ала берілген тапсырма бойынша материал жинақтадым, әрі іздендім.
• Топтағы түсіндіру жұмыстары сәтті өтті.
• Өз ойымды еркін жеткіздім.
• Ортақ істе жұмыс жасауға үйрендім, жауапкершілікпен жұмыс жасадық.
• Басқаны тыңдай білуге, басқаның өмірінен үлгі алуды ұқтым.

Мен қалай жұмыс жасадым? Өзін өзі бағалау парағы
10 - 8 “+” сабақта өте жақсы жұмыс жасадым.
7 - 6 “ + ” Жақсы жұмыс жасадым
5 - 4 “ + ” қанағаттанарлықтай жұмыс жасадым.
3 - 1 “ + ” оқуға деген қарым – қатынасымды өзгерту керек
Оқушылар өз бағаларын беру арқылы өзінің болашақтағы орындарын, шешім шығара білуге, бір – біріне сын айтуға үйренеді.

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-059612

Похожие материалы

Сабақ жоспары №41 "9 сынып "

  • 29.04.2016
  • Просмотры: 284

Сабақ жоспары №42 "9 сынып "

  • 29.04.2016
  • Просмотры: 409

Сабақ жоспары №43 "9 сынып "

  • 29.04.2016
  • Просмотры: 206

Сабақ жоспары №44 "9 сынып "

  • 29.04.2016
  • Просмотры: 905

Сабақ жоспары №25 "9 сынып "

  • 29.04.2016
  • Просмотры: 360

Сабақ жоспары №23 "9 сынып "

  • 29.04.2016
  • Просмотры: 487

Сабақ жоспары №13 "9 сынып "

  • 29.04.2016
  • Просмотры: 350


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG