Инфоурок / Биология / Рабочие программы / Сабақ жоспары №25 "10 сынып "

Сабақ жоспары №25 "10 сынып "


библиотека
материалов

Күні:

Сынып:9

Пән:Биология

Сабақтың тақырыбы: Жыныстың генетикалық анықталуы. Жыныспен тіркес тұқым қуалау. Гендердің өзара әрекеттесуі
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Генетика ғылымының зандылықтарын ұғындыру, ата тектің қасиеттерінің берілуі жөнінде білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, өзін-өзі дамытуға тәрбиелеу,өзіне деген сенімін арттыру, іздендіру.
Тәрбиелік: Өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақ әдісі: сұрақ- жауап, есептер шығару , терминдермен жұмыс, іздендіру, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивті тақта , слайдтар Портреттер : Г.Мендель , Т. Морган

Пән аралық байланыстар: тарих —- ғылыми жаналықтардың ашылу жылдары, химия — жасушаның химиялық құрамы,әдебиет — ұлттық тұрпат, ұлттық сана, тектілік, туыстан берілетін өнегелі мінез – құлық.

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

1.Генотип және фенотип. Аллельді гендер.

2.Талдаушы шағылыстыру.

3,Толық және толық емес доминаттылық. Тәуелсіз тұқым қуалау.

4.Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы

ІІІ.Жаңа тақырып.

Тіркесіп тұқым қуалау. Америкалық биолог, эмбриолог Томас Хант Морган (1886-1945). Нобель сыйлығы (1933) 1910 жылы Колумбий универсисетінде генетикалық тәжірбиелерін бастады.Бір хромосома шегінде болатын гендер тіркес гендер деп аталады. Зертханаларда тәжірбиелер топтамасы қойылып,оның нәтижелері тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын жасауға алғышарт болып табылады.

Балалар , цитогенетика ғылымы дамуының нәтижесінде жануарлардың аталық және аналық жасушаларында айырмашылық бар екені анықталды. Адам дене жасушаларында 46 хромосома бар.
Сызба нұсқамен жұмыс

Олар 23 жұп түзеді.Олардың 44 хромосомасы (22 жұбы) еркектерде де, әйелдерде де мөлшері, қызметі жағынан бірдей ұқсас болып келеді. Оларды аутосомдар деп атайды . Ал 23 –жұпты жыныстық хромосомалар деп атайды .Х хромосомасы бар жұмыртқа жасушаны Х хромосомасы бар сперматозоид ұрықтандырғанда зиготада жұп ХХ хромосомалар болады . Мұндай зиготадан аналық даралар жетіледі.
Х хромосомасы бар жұмыртқа жасушаны Ү хромосомасы бар сперматозоид ұрықтандырғанда зиготада Х және Ү хромосомалар болады. Мұндай зиготадан аталық даралар жетіледі .
Сүтқоректілерде аналық жыныс-гомогаметалы , аталықтары гетерогаметалы болады. Томас Гент Морган америкалық генетик тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын жасаған. Зерттеу нысаны ретінде жеміс шыбыны дрозофила шыбынын алған.Жыныстық хромосомаларда орналасқан гендер анықтайтын белгілердің тұқым қуалауы,Мендель анықтаған белгілердің ажырауынан өзгеше болады.Белгілердің шешесінен ұлдарына,ал әкесінен қыздарына берілуі Крисс-кросс тұқым қуалау деп аталады. Адамда 60-қа жуық белгілер Х хромосомада тіркескендіктен жыныспен тіркесіп тұқым қуалайды .

IV. Бекіту — «Еркін таңдау жасаймын»
Генетикалық есептер шығару және тапсырмалар орындау.

 1. Адамдарда миоплегия ауруы (мезгіл-мезгіл паралич болуы) доминантты түрде тұқым қуалайды. Әкесі гетерозиготалы, анасы сау некеден қандай ұрпақ күтуге болады?

 2.Фенилкетонурия (фенилаланин аминқышқылының өзгеруі нәтижесінде болатын зат айналымның бұзылуы) рецессивті түрінде тұқым қуалайды. Егер ата-аналарының біреуі осы белгі бойынша гетерозиготалы, екіншісі ауру болса, ол отбасында ауру балалардың болу ықтималдығы қандай?

3. Адамдар көзінің қаралығы (К) көк көзділікке (к) доминантты. Әкесінің көзі көк, шешесінің көзі қара, қара көзді әйел, көк көзді жігітке тұрмысқа шығады. Ол жігіттің әке-шешесі қара көзді болған. Жас отаудың қара баласы болған. Аталған жандардың генотиптерін анықтандар.

4. Мылқаулықтың тұқым қуалайтың бір формасын анықтайтын ген дұрыс есту геніне қарағанда рецессивті. Ата-аналарының екеуі де сау отбасында мылқау бала дүниеге келген. Осы аталған отбасы мүшелерінің генотиптерін анықтаңдар.

5. Биологиялық диктант.

Адамда,сүтқоректі жануарларда және дрозофилада аналық жыныс — ………., ал аталық — …………Жыныс хромосомаларының ішінде Х хромосома ……….., ал У хромосома ………..анықтайды. Жыныс хромосомалары орналасқан ………. Арқылы тұқым қуалау жыныспен тіркес тұқым қуалау деп аталады.

6. Суреттерде берілген тапсырмаларды орындау.

V. Үйге тапсырма: §38 баяндама «Цитоплазмалық тұқым қуалаушылық»



Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-059633

Похожие материалы

Сабақ жоспары №32 "9 сынып "

  • 29.04.2016
  • Просмотры: 1092

Сабақ жоспары № 18 "10 сынып "

  • 29.04.2016
  • Просмотры: 197

Сабақ жоспары №6 "10 сынып "

  • 29.04.2016
  • Просмотры: 478

Сабақ жоспары №4 "10 сынып "

  • 29.04.2016
  • Просмотры: 359

Сабақ жоспары №3 "10 сынып "

  • 29.04.2016
  • Просмотры: 1566

Сабақ жоспары №2 "10 сынып "

  • 29.04.2016
  • Просмотры: 184

Сабақ жоспары №1 "10 сынып "

  • 29.04.2016
  • Просмотры: 1304


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG