Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Биология / Рабочие программы / Сабақ жоспары №7 "7 сынып "
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Биология

Сабақ жоспары №7 "7 сынып "

библиотека
материалов

Күні:

Сынып: 8

сабақ тақырыбы: Ауру қоздырғыш қарапйымдар дизентирия амеба, безгек паразит. Дизентириялық амеба, безгек паразиті. Дезентириялық амебаны жұқтырудың алдын алу. Безгек ауру таралған аймақтар. Безгекпен күресу. Қарапаймдылардың табиғаттағы және өміріндегі маңызы.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Біржасушалы жәндіктердің табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын, паразит жәндіктер қо
здыратын аурулар және олармен күресу жолдарын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, ой - өрісін кеңейту, есте сақтау дағдысын қалыптастыру. Пәнге деген қызығушылығын ояту. Еркін сөйлеп, ойын жеткізуге, салыстыра білуге үйрету.
Тәрбиелік: Жаңа білімді игерте отырып, санитарлық - гигиеналық тәрбие беру.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Тірек - сызба, Венн диаграммасы.
Көрнекілігі: біржасушалы жәндіктер суреті, кесте.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, валеология

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырамасын тексеру.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
4. Бекіту.
5. Қорытындылау.
6. Үйге тапсырма.
7. Бағалау.

Кіріспе бөлім.
Ұйымдастыру.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар.
Бүгін біз жаңа тақырып: «Біржасушалылардың адам өміріндегі, табиғаттағы маңызы» атты жаңа тақырыпты меңгереміз. Жаңа тақырыпты меңгермес бұрын өткен тақырыптар туралы білімдерін қайталап еске түсіру мақсатында оқушылардын білімдерін тексеру, яғни біржасушалылардың тіршілік әрекеті.
Үйге қандай тапсырма берілді?
Жауап: Біржасушалы жәндіктердің тіршілік әрекеті.

Негізгі бөлім.
Үй тапсырмасын тірек сызба жұмысымен тексеру.
Біржасушалы жәндіктер класы

2. «Кім жылдам?» ойыны.
1. Қарапайымдар ғылымда қашан және қандай жағдайда белгілі болды?
2. Қарапайымдар табиғатта қай жерлерде көп таралған?
3. Цистаның қандай маңызы бар?
4. Кірпікшелі біржасушалы жәндік?
5. Денесінде хлоропласторы бар біржасушалы жәндік?
6. Дене пішіні тұрақсыз жалған аяқты жәндік?

3. «Құпия сан» ойыны.
1. Өсімдіктер тәрізді қоректенетін жәндік?
2. Қыста жәндіктер неге өлмейді?
3. Денесінде бақалшақ болатын амебаның түрі?
4. Домаланғының бір түрінің шоғырында қанша жасушаға дейін болады?
5. Эвглена мен домаланғыны басқаша қалай атайды?
6. Амеба мен арцелланың басқаша атауы?
Жауаптары:
1. Тамыраяқтылар.
2. Арцелла.
3. Талшықтылар.
4. Эвглена
5. Циста түзейді
6. 500 - 1000

4. «Кім тапқыр?» жұмбақ ертегі.
Баяғы өткен заманда бір патша өмір сүріпті. Ол өте ақылды және қарапайым болған екен. Патшаның үш ұлы болған, олардың мінез - құлқы мен жаратылысында өзгешіліктер болыпты. Үлкені - бір орында тұра алмайтын, соған сай мінезі де құбылмалы екен. Ортаншысы - өте сәнқой болыпты, күндіз жасыл көйлек кисе, түнде ақ көйлек киіпті. Үнемі төбесінен бір тал үкісі түспепті. Ал кішісі - ерекше пысық болыпты, оның әдемі кірпіктеріне қызықпаған ел қалмайды. Тіпті екі «жүрегі» болғанға ұқсайды. Бірақ, осы үш ұлдан көптеген елдер зиян шегіпті де, патшаға арыз айтушылар көбейіпті. Сонда әбден шаршаған патша халыққа мынандай үндеу тастапты: « Менің ұлдарымның бойында ерекше қасиеттері бар, кімде – кім сол қасиеттерін тапса, бас уәзірім болады» - депті.
Ал, қане ойланайық! Кім тапқыр екен?

Жаңа сабақты түсіндіру барысы.
Оқушылардың алдын ала берілген хабарламасын тыңдап, толықтыру.
1 - оқушы. Біржасушалы жәндіктердің пайдасы.
2 - оқушы. Біржасушалы жәндіктердің зиянын.

Жалпы біржасушалы жәндіктер екі топқа бөлінеді:
1. Еркін жүріп тіршілік ететін біржасушалылар
2. Адам мен жануарлардың әртүрлі мүшесінде паразиттік тіршілік етіп, түрлі аурулар тудыратын біржасушалылар.
Еркін жүріп тіршілік етіп, түрлі ауру тудыратындардың табиғатта және адам өмірінде өзіндік маңызы зор. Бұлардың көпшілігі бактериялармен қоректеніп, суды тазартады. Мысалы жасыл эвленаны санитарлық жәндік деп аталу себебі, ол суды тазартады. Өздері тұщы су шаяндарына, ұсақ шаяндарға, біржасушалы жәндіктерге, балықтар мен шабақтарға, басқа да су жәндіктеріне қорек болады. Біржасушалы жәндіктердің қалдықтарынан су түбіндегі шөгінді құралады. Геолог ғылымдар осы шөгінділер жинақталған жерлерде мұнайдың мол қоры болатындығын анықтаған. Топырақ түзуге де өз үлестерін қосады.
Қарапайымдардың ішінде адам өмірі мен жануарлардың әртурлі мүшелерінде паразиттік тіршілік етіп, түрлі ауру тудыратындары да көп. Соларды мына кестеден қарап, толықтырайық.
Паразитті тіршілік ететін жәндіктер
Жәндік аты --------------- Тудыратын ауру аты.------ Жұқтырушы орта
Дизентерия амебасы ---- Қантышқақ ауруы --------- Жуылмаған көкөніс, лас су
Безгек паразиті ---------- Безгек ауруы ----------------- Безгек масасы
Трипанасома ----------- Адамда ұйқы ауруы. Жылқыда киеңкі.
--------------------------- Сиырда су ауруы ----------- Сона, қандала, цеце шыбыны
Лейшмания -------------- Лейшманиоз ------------------ Құм шіркейі
Құртамыш ---------------- Кокцидиоз -------------------- Лас қол, лас су
Лямблия ------------------- Лямблиоз --------------------- Лас, қайнамаған су

Трипанасома жұлын сұйықтығында, қанда паразиттік тіршілік етеді. Қанның қызыл түйіршігін бүлдіріп, адамда, малда жұқпалы ауру туғызады. Таратушылары сона, қандала, цеце шыбыны. Табиғаттағы иесі киік. Адамда ұйқы ауруын, жылқыда кілеңкі ауруын, сиырда су ауруын туғызады.
Безгек паразиті тасмалдаушысы безгек паразиті. Қанның қызыл түйіршігінде тіршілік етеді. Бір түйіршіктен екіншісіне ауысқанда ауру ұстайды. Қазір бұл ауруларға қарсы хинин, акрехин дәрілері жасалған. Безгек қарапайым безгек жәндік безгегі арқылы өріс алатындығын, сол қоздырғышты ауру қанынан тұңғыш рет 1879 жылы орыс дәрігері В. И. Афанасьев байқап, оны 1881 жылы француз ғалымы Лаверан қуаттады. 1900 жылы италиан зоологы Батиста Грасси безгек ауруын тек безгек масасы арқылы таралатындығын тәжірибе арқылы дәлелдеді.
Құртамыш спора арқалы көбейетін біржасушалы жәндік, ішек, бауыр, бүйрек, т. б. мүшелердің жасушаларын зақымдай отырып кокцидиоз деп аталатын ауру туғызады.
Паразиттік тіршілік ететін біржасушалылардың ішінде адамда, жануарда қауіпті аурулар туғызатындары көп. Оларды жұқтырмау үшін ең бастысы тазалықты сақтау керек. Ол үшін үйді, төсек орын, киімді, ыдыс аяқты, азық түлікті таза ұстап, қолды жуғаннан кейін ғана тамақ ішкен жөн. Паразиттік тіршілік ететін, ауру тудыратын қарапайымдардың көбейіп кетуіне мүмкіндік беретін табиғи ошақтарды үнемі құртып отыру керек.

Бекіту.
Оқушылардың жаңа сабақтан алған білімдерін тексеру барысында сұрақтар берілді. Сұрақтар:
1. Паразитті жәндіктер деген ұғымды қалай түсінеміз?
2. Қандай аурулар біржасушалы паразиттер арқылы таралады.
3. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген халық нақылын қалай түсінесің?
Қорытынды бөлім
Қорытындылау.

Тақырыпты қорытындылау кезінде оқушыларды екі топқа бөліп, бір тобы біржасушалы жәндіктердің зиянын ізде, екінші топ табиғатқа маңызын іздеп, айқындап, Венн диаграмассын толтырады.
1. Еркін жүріп тіршілік ететін жәндіктер суды ластанудан тазартады, топырақ түзейді
2. Бір жасушалы қарапайым жәндіктер жалпы қоректік тізбекке кіреді
3. Паразит жәндіктер адам, жануарлардың әр түрлі ауру туғызады
Үйге тапсырма.
«Тазалық денсаулық кепілі» деген тақырыпта хабарлама даярлау тапсырылады. № 34 тақырып «біржасушалылардың табиғатта және адам өміріндегі маңызы»
Бағалау.
Графикалық диктант
1. Жасыл эвгленаның дене тұрқы... 0, 05мм
2. Біржасушалылар микроскоппен көрінеді.
3. Вольвокстың сыртқы пішіні төртбұрышты.
4. Амебада цитоплазма болмайды.
5. Эвглена мен вольвокс талшықты қарапайымдар.
6. қарапайымдардың тітіркендіргіштік қасиеті бар.
7. Амеба мен арцелла жалған аяқтылар арқылы қозғалады.
8. Біржасушалылар жынысты жолмен көбейеді.
9. Біржасушалылар суда еріген оттекпен қоректенеді.
10. Біржасушалылар дайын органикалық заттармен қоректенеді.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 29.04.2016
Раздел Биология
Подраздел Рабочие программы
Просмотров333
Номер материала ДБ-059687
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх