Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / "Сабақ жоспары 5 сынып"

"Сабақ жоспары 5 сынып"

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов


Пән аты: Информатика

Сыныбы 5


Сабақтың тақырыбы: Сурет бөліктерімен жұмыс істеу

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға суретті, сурет бөліктерін ерекшелеуді, суретті көшіруді, жылжытуды, өлшемін өзгертуді, жазу құралын пайдалануды, салынған суретті ашуды үйрету.

  2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және компьютермен жұмыс жасау мүмкіндіктерін дамыту.

  3. Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, компьютермен сауаты жұмыс жасай білуге үйрету.

Сабақтың түрі: практикалық жұмыс

Әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі тест жұмысы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Тест жұмысы

ІІІ. Жаңа сабақ

ІV. Компьтердегі тәжірибелік жұмыс

V. Үйге тапсырма

VІ. Қортындылау

І. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапысырмасын пысықтау.

ІІ.Тест жұмысы

1. Қисық сызық салғанда неше бүгіліс санын көрсету керек?

А) 2
В) 1
С) 0
D) 4.

2. «Дұрыс» фигура салу үшін қандай пернені жібермей ұстап тұру керек?

А) Alt
В) Ctrl
С) Shift
D) Delete.

3. Өшіргіштің қандай режимдері болады?

А) Қарапайым және түрлі түсті
В) Қарапайым және күрделі
С) Стандарттық және стандарттық емес
D) Жұмсақ және қатты.

4. Жай күй жолында не беріледі?

А) Инструменттер
В) Ағымдағы жұмыс туралы ақпарат
С) Файлдың аты
D) Файлдың көлемі.

5. Жұмыс үстелінің мөлшерін қалай білуге болады?

А) Бастау Басқару тақтасы
В) Paint Жұмыс үстелінің фоны ету
С) Бастау Барлық программалар Стандарттық Paint
D) Бастау Басқару тақтасы Экранның шешімділігін баптау.


6. Көпбұрышты қолдана отырып шеңбер сыза аламыз ба?

А) Сызуға болады
В) Болмайды
С) Тек Shift пернесінің көмегімен ғана салуға болады
D) Адамның мүмкіндігіне байланысты.

ІІІ. Жаңа сабақ

Сhello_html_m2cafb37f.pngуретті өзгерту үшін, алдымен оны тұтастай немесе оның қажетті бөлігін – фрагментті ерекшелеп алады.

Ерекшелеу үшін Ерекшелеу сайманы қолданылады.

Ерекшеленген фрагменттің жан-жағында пунктирді сегіз ерекшелеу маркері бар қоршау пайда болады .

Суретті тұтастай ерекшелеу үшін Ctrl+A пернелер тіркесімен пайдалануға немесе  Ерекшелеу →  Бәрін ерекшелеу бұйрығын орындауға болады. Ерекшелеуден бас тарту үшін басқа сайманды таңдасаңдар жеткілікті.

  1. Мөлшерді өзгерту – тышқанның сілтемесін сегіз ерекшелеу маркерінің біріне апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басып өзгерту.

  2. Орнын алмастыру – ерекшеленген фрагментті тышқанның сол жақ батырмасын басып жылжыту, сілтеменің түрі -        .

  3. Тазалау- ерекшеленген саймақ фонның түсімен боялады.

  4. Түстерді айналдыру.

  5. Көшіру.

Қажетті бұйрықты ерекшеленген фрагменттің контекстік мәзірінен таңдауға болады.

1-тәсіл – фрагментті Ctrl пернесін басып жылжытамыз- жеке

 көшірмесін аламыз.;

2-тәсіл – фрагментті Shift пернесін басып жылжытамыз- оның ізі бар көшірмесін аламыз;

3- тәсіл – фрагментті алмасу буферіне көшіріп, қанша рет керек болса, сонша рет кірістіру. Көшірме алмасу буферінен әрқашан экранның сол жақ жоғарғы бұрышына кірістіріледі.

Ерекшелеу сайманы үшін қосымша баптау болып табылатын Мөлдір ерекшелеу сайманы да бар.

Мәтінмен жұмыс істеу

PAINT – графикалық редактор болғандықтан және мәтінмен жұмыс істеуге арналмағандықтан, суретпен бірге көбіне қысқа және ірі тақырып атаулары, жазба- белгілеулер құрылады

Мhello_html_24c040bf.pngәтін енгізу үшін, Мәтін  сайманын таңдау керек. Жұмыстың бірінші кезеңі – енгізу өрісін құру. Өрістің түрі тікбұрышты ерекшелеуге ұқсас. Оның мөлшерін мәтінмен жұмыс істеу барысында өзгертуге болады. Жолақта бірден жаңа тіркеме бет- Мәтін енгізу саймандары – пайда болады.



Сендер басқа сайман таңдағанға дейін мәтіннің түрін баптауға болады :

  • Әріпті hello_html_m403c6012.png  және hello_html_m403c6012.png оның мөлшерін  таңдау;

  • Мәтінді жуан hello_html_5468636a.png әріппен  курсивпен hello_html_5468636a.png ерекшелеу немесе мәтіннің астын сызуhello_html_5468636a.png ;

  • Мәтіннің түсін таңдау

  • Мәтіннің әрбір фрагментін әртүрлі баптауға болады.


Компьтердегі тәжірибелік жұмыс

  1. PAINT-те жаңа құжат құрыңдар

  2. Сурет салудың оңтайлы тәсілін таңдаңдар

  3. Жұмысты «Электровоз» файылында сақтаңдар



ІV. Үйге тапсырма:

«Сурет бөліктерімен жұмыс істеу» тақырыптарын оқып келу.


V . Қорытындылау:

  1. Фрагменттің және тұтас суреттің ерекшеленулерін қандай тәсілдермен алып тастауға болады ?

  2. Ctrl немесе пернелерін басып көшірулердің бір –бірінен айырмашылығы неде ?

  3. Суреттің фрагментін кішірейту әрекеттерінің ретін сипаттаңдар.


VІ. Оқушыларды бағалау.

hello_html_m4d466bb7.png


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-307077

Похожие материалы