Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сабақ жоспары 4 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сабақ жоспары 4 сынып

библиотека
материалов

hello_html_66f78c7d.gifhello_html_51502c60.gifhello_html_1cbc69d3.gifhello_html_m6ade16d9.gifhello_html_7c1e5f63.gifhello_html_bde78ea.gifhello_html_67b85aa9.gifhello_html_5f489b3f.gifhello_html_77f0faf6.gifhello_html_a4c60fc.gifhello_html_68b897fc.gifhello_html_10da6b43.gifhello_html_m4ec4b260.gifhello_html_mcc03c99.gifhello_html_522372c1.gifhello_html_255162f9.gifhello_html_4256cc17.gifhello_html_m5aacd4b.gifhello_html_m7fa97d78.gifhello_html_5b3b4228.gifhello_html_48b6ab16.gifhello_html_m41ff002f.gifhello_html_68b897fc.gifhello_html_m7f9ee465.gifhello_html_m585af21f.gifhello_html_2e2256eb.gifhello_html_16b653c1.gifhello_html_8856f43.gifhello_html_79b9289c.gifhello_html_190e626f.gifhello_html_76321f19.gifhello_html_76321f19.gifhello_html_76321f19.gifhello_html_58258ea9.gifhello_html_58258ea9.gifhello_html_58258ea9.gifhello_html_277df723.gifhello_html_m78d798de.gifhello_html_4803a7bc.gifhello_html_m51eb1d11.gifhello_html_62fe1bc2.gifhello_html_m51eb1d11.gifhello_html_3e816bf4.gifhello_html_m51eb1d11.gifhello_html_m51eb1d11.gifhello_html_262264f3.gifhello_html_m32a5365d.gifhello_html_m50201ffc.gifhello_html_m2473a362.gifhello_html_m439c3140.gifhello_html_m77c1a7b2.gifhello_html_m20f4c4ac.gifhello_html_m33edd35e.gifhello_html_m6d7e65cb.gifhello_html_7909eae.gifТайбай орта мектебі





Бастауыш сынып сабақтарының жинағы



j0343351







Құрастырып дайындаған

Бастауыш сынып мұғалімі:













Тайбай орта мектебі hello_html_m6ac18cac.jpg

Ақмола облысы

Ерейментау ауданы

Тайбай ауылы

Мукашева Самал Дюсембаевна

Бастауыш сынып мұғалімі

4 сынып Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Мектеп және өндіріс

Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға өндіріс орындарында жұмыс істеу

туралы бағыт беру

2. Жергілікті өндіріс орындарының ерекшелігін түсіндіру

3. Туған ел табиғатын сүйе білуге,оның байлықтарына

қамқоршы болуға тәрбиелеу

Сабақтың әдіс тәсілдері:Түсіндіру ,әңгімелеу,баяндау,сұрақ- жауап,кластер,кестелер

Көрнекіліктер:интерактивті тақта,суреттер.

Қолданылатын технология:дамыта оқыту технологиясы.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

II Үй жұмысын тексеру

Өткен сабақта біз ауыл жайлы өткенбіз.Ауыл еңбегімен,шаруа қожалықтарымен таныстыру.

Сұрақтарға жауап беру.

1.Ауыл адамдары қандай жұмыс түрлерімен айналысады?

2.Өз жеріңде қандай шаруашылықтар бар?

3.Шаруашылықтар елімізге ,тұрғындарға қандай пайда әкеледі?

Ауылымыздағы дамып келе жатқан шаруа қожалығының біреуі –Лончинский Николай Михайлович.

а)өмірбаяны

ә)қандай жұмыс түрлері жүргізіледі?

б)ауыл тұрғындарына қандай көмек береді?

2.Ищук Юрий Николаевич

а)өмірбаяны

ә)жұмыс түрлері

б)ауыл тұрғындарына қандай көмек береді?

Кластермен жұмыс. Венн диаграммасы



АУЫЛ



Ищук Ю.Н.

1.Көмір

2.Ет

3.жұмыс орны

Лончинский Н.М.

1.Егін

2.Шөп

3.Көкөністер

4 Жұмыс орны



ШАРУА

ҚОЖАЛЫҒЫ

ЖҰМЫС ОРНЫ

.



МЕКТЕП









III Жаңа сабақ

Мектеп және өндіріс орнының байланысы

1.Өндіріс орындары туралы түсінік беру.

Сендер мектеп бітіріп,жоғары оқу орындарына түсесіңдер.

Білімді маман болғанда елдің хал жағдайын көтеруге көмектесесіңдер.Қандай маман болғың келсе,осы кезден бастап соған икемделе бастаған жөн.Осыны ескеріп,кейбір өндіріс орындары мектептен тұрақты байланыс жасап отырады.Мектеп оқушыларын өз жұмыстарымен таныстырады.Ондағы еңбек қауіпсіздігін сақтау,қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен танысады.Бүгінгі нарық қатынасына сай,жүзеге асырылған жұмыс түрлерінің сапасы жақсарған сайын,оған қойылатын талаптар да өседі.Ауылдың мектептердегі оқушыларда кішігірім цехтар арқылы өндіріс орындарымен байланыс жасап,өнім шығару жолдарын көріп үйрене алады.Астық, мал өнімдерін қандай жолмен өндіріп, ұқсатуға болатынын меңгереді.Өндірістің осындай алуан түрімен танысқан оқушылар өзі ұнатқан салаға қарай мамандық таңдайды.Сөйтіп, олар мектепте оқып жүргенде-ақ ұнаған кәсіпті анықтауға бет бұрады.Адам өмір сүру үшін еңбек етеді.Еңбектің арқасында үй,киім,тамақ,тұрмыстық заттарды табу үшін еңбектенеді.Еңбектің арқасында зауыт, фабрика,ғимараттар салынады,көліктер жасалып,мұнай,газ және т.б.,пайдалы қазбалар өндіріледі.Кітап жазу,өнер де еңбекпен жасалады.Ал айтып кеткен кішкене цехтарға Ереймен ауданының өнеркәсібімен танысайық:

Ауыл,қаланың тұрғындарының үйлерін,ауланы,көшені жақсартуға есіктер,терезелер,темірден жасалған шарбақтар жасайды.

Пластиктен әйнек «Калиев», Оспанов ,Карасенц, Остапенко темір есік,шарбақтар шығарады.

Горынчко ағаштан есік ,әйнек өнімдері.

Калкаманов А. табиғи минералды су

Құдайбергенов асфальт,көмір өндіреді.

Щебзавод щебенка,кварц,аллюминий.

Сарыадыр көмір.

Бәймен ауылы балық,аққайың өндіріледі.

Ордабай ауылы алтын.

Алғабас ауылында ұлттық саябағында әртүрлі терісі бағалы аңдар мен құстар өсіріледі.Оларды көбейтіп терілерінен,мүйіздерінен бағалы заттар шығарады.

Қазақстандағы басты- басты өндіріс орындарымен танысу.

Қазақстанның өндірістік картасы.Мұғалімнің түсіндірмесі:

1.Оңтүстік Қазақстан

2. Қарағанды облысы

3.Жамбыл облысы

Оқушылардың дайындаған ақпараттары:

Шығыс Қазақстан (слайд №17-18)

а )табиғаты

ә )аңға, пайдалы қазбаларға бай

б)түсті металл-мыс,алтын,күміс

в) отқа төзімді саз кен орындыры бар

г) зауыттарда мырыш,қорғасын,цемент өндіреді.

д) бұғы шаруашылығы,қарасұр түлкі және қара күзенді өсіретін шаруашылық бар.

Каспий теңізі (слайд 19-20) оқушының ақпараты

а)шектесетін мемлекеттер

Қазақстан

Каспий теңізі

Иран Ресей





Түркістан Азербайжан

ә ) 1640 жылы Гурьев атымен аталған .1992жылдан бері Атырау деп өзгертілді.(слайд №21,22)

б )Мұнайдан шығатын өнімдер

пластилин спирт каучук



Мұнай

кір жуатын жағар

заттар жер май май



в)Балықтың 97 түрі кездеседі.

Тақтамен жұмыс(кластер) (слайд №23,24)

Балықтардың пайдасы туралы кластер құру.

Балықтардың

пайдасы

уылдырық



Сүйегі ет

әшекейлер консерві





майы емдік дәрілер

Маңғыстау-Ақтау облыстары (слайд №25) оқушылардың ақпараты

Маңғыстау аймағында әктас,гипс,тақтатас,сутас-кварц,мыс көп.Маңғыстау жер жүзінде мұнайды көп өндіретін мекендердің қатарына қосылады.жергілікті ұлу тастан салынған қырмызыдай құлпырған қала-Ақтау осы облыстың орталығы.Қаланың әр үйі ерекше сәнмен тұрғызылған.Ақтаудың өңірінде атом электростанциясы бар.

Қызылорда облысы (слайд№ 26) оқушының ақпараты

Арал теңізінің шығысынан басталып,Сырдария өзенін бойлай Қызылорда облысы созылып жатыр.Республикамыздың ең ыстық шөлді өлкелерінің бірі.Мол су,құнарлы топырақ,жеткілікті ыстық күріш егуге өте қолайлы.Сондықтан да бұл облыс атақты ақ күріштен мол өнім алумен даңқы шыққан.Оны сарқылмас күріш қоймасы десекте артық емес.

--Балалар, күріштен қандай тағамдар дайындалады?

-- Палау,күріш көже,күріш ұны,крахмал.

Мал шаруашылығы (слайд 27) оқушының ақпараты



Қазақстан –ауыл шаруашылығы дамыған Республика.Маңыздылардың бірі-мал өсіру.Қой,сиыр,жылқы,түйе,шошқа өсіріледі.Таулы аймақтарда арқар-меринос,қаракөл өсіріледі.Республика халықтарын етпен қамтамасыз етуде құс шаруашылығы да орын алады.

Егін шаруашылығы (слайд№28 )оқушының ақпараты

а)Астық Республикамыздың басты байлығы.Астық-диқандар еңбегінің нәтижесі.

ә)Комбайншы ,тракторшының атқаратын қызметі.

Сергіту сәті (слайд№30)

Нанға байланысты жаттығу(арқаға массаж)

Жерді жырттым( арқаны тырналау)

Тұқым септім( шымшылау)

Егін өсті ( сипалау)

Комбайниен егінді жинадық( тырналау)

Бидайдан ұн жасап,қамыр иледім( жұдырықпен арқаны басу)

Орындарына отыру.

(слайд 29,31)Өмірімізді нансыз елестету мүмкін емес.Сендер білесіңдер ме?

Жерде жатқан нанды,құранды басып тұрып алуға болады.Бірақ,нанды басып,құранды жерден алуға болмайды.Нанды құрметтеу-диқанның еңбегін ғана емес,Отанды,елді,жерді құрметтеу.Біздің Республикамыздың елтаңбасында масақтың суреті бейнеленген.Ол біздің Отанымыздың байлығын көрсетеді.Ол биіктен төгілген мөп-мөлдір,зәм-зәм суынан өседі.

Ал,балалар,енді « нан мен су-алтыннан да қымбат» деген нақылға арналған

Оқушылардың мақал-мәтелдерін тыңдайық.

Келесі тапсырма-4 жол өлең шығару.

I- қатар II- қатар

Нан Су

Бекіту (слайд 32-33)

1.Қандай өндірістің түрлері сендерге ұнады?

2.Ауылды көркейту үшін қандай өндіріс түрін дамыту керек?

3.Ауылды көркейту үшін қандай мамандықты таңдайсың?

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ауылды көркейту үшін көп үлес қосып,көптеген

шара қолданып жатыр.Ауыл мектептерін компьютермен,интербелсенділік тақтамен,дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп жатыр.Ақмола облысының ай-

мағына газ құбырын тарту арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған мақсаты бойынша соңғы жолдауында айтылған.

Карточкамен жұмыс

Не білемін?

Нені білдім?

Нені білгім келеді?






Бағалау (слайд 34)

Үйге тапсырма (слайд 35)

Мұнайдан,көмірден , темірден қандай заттар алынатынын,жасалатынын дәптерлеріне жазып келу.



1 сынып Әліппе

Сабақтың тақырыбы:Я я дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:1.Яя дыбысы естілгенімен Я әрпі жазылатын

ережені ұстана отырып,білімдерін қалыптас

ру.

2.Әртүрлі тапсырмалар арқылы логикалық ой

лауын дамыту.

3.Оқу машығын арттыру,ән айтуға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер,суреттер,кластер

Сабақта пайдаланылатын әдіс- тәсіл: сұрақ- жауап

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып,қажетті құрал жабдықтарын алғызу.

II Үй тапсырмасын сұрау

Батыр ата. ҚаҺарман қыз.( мазмұнын айту)

ІІІ Жаңа сабақ

-Жылдың қай кезі екен қазір( қыс)

-Қыстың қай айы? (желтоқсан )

- Аптаның қай күні?(сенбі)

-Ауа райы қандай болады?

Жұмбақ шешу

Қолы жоқ,сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)

Аяз-сөзін айту,буынға бөлу.

Бүгінгі өтетін сабағымыз Яя дыбысы мен әрпі .

Я ның жазылуы

а) баспа түрі

ә) жазбаша түрі

Я-дыбысы қандай дыбыс?

Я әрпі неше дыбыстан тұрады? 2 дыбыстан тұрады (й+а=я )

1-тапсырма Суреттерге қарап,заттарды ата. (Я дыбысы бар суретті я әрпімен сызып байланыстыр.

Қоян тасбақа

Пияз

Доп Я мысық

Аяқ

2-тапсырма

Я әрпінің баспа түрін жазу,толтыру.

3-тапсырма

Бос торкөзге я әрпін жазып буынды толтыру және оқу

як ян яр яз

яқ ят ял яс

4-тапсырма

Кітаппен жұмыс

Сөздерді оқу

яқ яз яр ян яу

таяқ пияз қияр қоян бояу

5-тапсырма

Әңгімені оқу. Саябақ іші

а )мұғалімнің оқуы

ә )мазмұнын ашу

б )тақпақты әндетіп айту

6- Сергіту сәті

« Сұр қоян»

7-тапсырма Сөз құрау

А О с р

я а

н н т л

8-Дәптермен жұмыс

Я әрпінің жазылуы

Я- ны толтыру

9-тапсырма Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасау

Қоян -

Қияр -

Қиялбек -

10 тапсырма Қызғаншақ Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып оқу.

Біздің тентек ..........

Отыр еді ................ жеп.

Көрді дағы ..................,

Тұра қашты «...............» деп.

______________________

Қиялбек қияр лағын сұрар

11. Сөздерді оқу.Тақтада жазу.

Си та

Я яқ

Са тұ

IV Бекіту

Біз қандай әріппен таныстық?

Нені білдік?

V Үйге: Дауысты дыбыстары бар шарды қызыл, ал дауыссыз дыбыстары бар шарды көк бояумен бояу.

1 сынып Математика

Сабақтың тақырыбы: 4 санын қосу және азайту.(1 слайд)

Сабақтың мақсаты(2 слайд)

Тәрбиелік: 4 санын қосу және азайту тәсілдерін меңгерту.

Дамытушылық

Оқушылардың ой -өрісін танымдық белсенділігін,қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік :

Ізетілікке,зейіншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс тәсілі: сұрақ -жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер,слайдттар, таратпа материалдар, тірек сызба.

Сабақтың тақырыбы: I Ұйымдастыру кезеңі

1. Психологиялық дайындық (3 слайд)

Күлімдеп күн бүгін

Қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін

Қарады саған да.

Қайырлы таң,достым,

Қайырлы күн болсын.

Сәрсенбінің сәті

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын.

2 Өткен материалдарды пысықтау.(4 слайд)

-Балалар,енді біз өткен сабақтардағы сандар қатарын қайталайық.

Көбелек-ау, көбелек,

Әдемісің ,керемет!

Гүлге келіп қона ғой,

Өзің де гүл бола ғой.

(5 слайд) Гүлдердегі сандарды өсу ретімен санап,көбелекті гүлдерге қондырыңдар.

(6 слайд) Балалар, енді мен сендерді екі топқа бөлемін. І топ қоян , ІІ топ тиін

Тапсырма салыстыруға арналған. >, <, =, әр топқа сандарды айту.Қай қатардағы сан артық болса , сол қатар шапалақтайды .Сандар тең болса екі қатар шапалақтайды.

5 * 3 7 * 8 2 * 2 7 * 9

ІІ Үй жұмысын тексеру (7 слайд)

Карточкамен жұмыс. 3- тің кестесін тақтада орындау.

Аулада 5 қаз,

Қорада 1қаз.

1 қаз тығылды,

1 қаз жығылды

Қалғаны неше қаз? ( 4 )

ІІІ Жаңа сабақ (10 слайд)

4 санын қосу және азайту

11 слайд 4 санының құрамы

4=2+2

Кітаппен жұмыс.

1 тапсырма Қалай есептеуге болатынын түсіндіру

2+2+2= 10-2-2=

2+4 = 10-4=

2 тапсырма. 12 слайд.Дәптермен жұмыс.

4 санын қосу және азайту кестесін жазу

13 слайд. Сергіту сәті

Оңға ,оңға түзу тұр.

Солға,солға түзу тұр

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Отырып,тұрып ,

Отырып,тұрып алайық.

Жайқалайық ағашша,

Секірейік лақша.

14 слайд.Мәсел есепті оқып,шығару

Маратта 3 торкөз және 5 жолды дәптер бар. Маратта барлығы неше дәптер бар?

15 слайд. 4 тапсырма. Суретке қарап есепте.

16 слайд. Фигураларды ата

, , , ,

17- 20 слайд.Сергіту сәті ( көзге арналған жаттығулар)

21-25 слайд .Ойлан ,тап.

Қосынды және азайтуға арналған есепті шығарыңдар

Сол жақтағы торғайларға назар аударыңдар,түстерін анықтау.

Өрнектің қайсысы берілген есепке тиісті?

Жауабын тексеру.

26 слайд. Үйге тапсырма.

4 санын қосу және азайту кестесін жаттау.

ІV Бекіту

Шығармашылық тапсырма

Балаларға фигураларды таратып, кімде дөңгелек фигурасы,сол оқушылар тақтаға шығып сөз құрайды.( жарайсыңдар )

V Бағалау




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 21.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров946
Номер материала ДВ-365968
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх