Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыСаба0 жоспары 1 сынып Музыка пәнінен

Саба0 жоспары 1 сынып Музыка пәнінен

Скачать материал

МУЗЫКА ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

1-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ән айтамыз, ойнаймыз және оқимыз.

«Менің Отаным». Ө. Байділдаев - үйрену.

Сабақтың мақсаты: Баланы қүдіретті музыка әлеміне жетелеп, му­зыка тыңдауға, ән айтуға баулу. Сабаққа деген қызығушылығын тудыру. Музыкалық іс-әрекет арқылы сезімін (эмоциясын) ояту.

Сабақтың міндеті:

1.                     Музыка тыңдау, ән айту ережелерін үйрету.

2.                     Өз ойын еркін жеткізе сөйлей білуге үйрету. Есту, есте сақтау кабілеттерін дамыту.

3.                     Отанды сүюге, мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақ Қүрманғазы Сағырбаев күйінің әуенімен басталады. Мұгалім алғашқы музыка сабағын күй атасы Құрманғазының асқақ, шабытты, шат көңілді күйімен бастап, жақсы тілектер айтып, балалармен жақсы байла- ныс орнатып, психологиялык дайындық жасағаны жөн.

Музыка тыңдау: Ән сабағы. Музыкасын жазған К. Қуатбаев.

Мектептің әдемі ғой әр сабағы,

Қызық-ау әсіресе ән сабағы.

Шәрипа Шара болып би билесе,

Күлипа Күләш болып ән салады.

Бәріміз бұл сабакта тамашамыз,

Үкілі бөрік киіп жарасамыз.

Апайға ән үйреткен ырза болып,

Үйді-үйге өлең айтып тарасамыз.

- Біз бүгінгі музыка сабағында таңғажайып музыка әлеміне саяхатымызды бастаймыз, - деп, оқулықтағы шартты белгілермен таныстыру, олардың міндетін түсіндіру.

Окулықтың алғашқы беттеріндегі ән айтып, би билеп, домбыра тартып түрған, музыка сабағында отырған балалар сурегтерінің өзі-ак оқушылар- ды музыка әлеміне жетелейді. Сондықтан әдемі әстетикалық талғаммен жасалған көрнекі күралдарды, мүмкіндік болса, аспаптың өзін көрсетсе үтымды болар еді және сол аспап орындауында музыкалық шығарма гыңдатылса, баланың музыка тындауға қызығушылығы оянады. Алғашқы сабақтан бастап-ақ музыканы зейін қойып тыңдай білуге үйреткен жөн.

Музыка тыңдағанды, ән айтқанды ұнатасың ба?

Музыка деген не? - деген ой қозғау, ізденіс тудыратын әдіспен, орыидалған күй мен оқулыктағы түрлі түсті суреттерге сүйене отырып, балалардың пікірлері тыңдалады.

Оқулықпен жұмыс:

Сурет бойынша шағын әңгіме ұйымдастырылады:

1.                     Біздің Отанымыз қалай аталады?

2.                     Қазақстанның табиғаты қандай?

3.                     Саған туған жеріңнің табиғаты несімен ұнайды?

4.                     Суреттен кімді көріп тұрсың, оның қолында қандай аспап бар?

«Оқы немесе оқып бер» бөліміндегі мәтін оқылады.

 

Сергіту сәті:

Биле-биле, балакан,

Домбыраның күйіне.

Қане, биле, балақан,

Қосылайық биіңе,

Шапалақтап алақан.

Биле талдай бүралып,

Қанатың қақ қаз болып.

Өнеріңе қуанып,

Қол соқсын ел мәз болып.

Өлең мазмүнына карай қимыл-қозғалыстар жасау.

«Ақыл калта» бөлімі оқылып, мазмүны ашылады.

Ән айту бала организміне жайлы тиіп, сөйлеу қабілетін жетілдіруіне, гыпысын тереңдетуіне, дауыс аппаратын шынықтыруына көмектеседі. v )іі айту кезінде баланың негізгі музыкалык қабілеттері - әмоциялық лсерленгіштігі, есту, есте сақтау қабілеті, ырғакты сезінуі дамиды.

Алғашкы сабақтан бастап, оқушыларға ән айту ережелері түсіндіріледі. Әнді мәнерлі, әуенді, жеңіл дауыспен айта білуге, ән айтудың алдында және музыкалық сөздердің аралығында иықты көтермей, демді ішке ала білу және оны сөздерді айтып болғанша үстауға, дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс, сөздерді анык айтуға дағдыландыру керек.

Дауыс жаттыгуын әннің «Отан - менің ата-анам, Отан - досым, бауырым» дейтін 1-фразасына жасату арқылы, әннің сөзін жаттату коса жүргізіледі. Секірмелі дыбыстарды таза орындауға, дикцияның анық ай- тылуы мен дауысты дыбыстарды дөңгелете айтуға жаттықтыру.

Ән үйрену: Ө. Байділдаевтың «Менің Отаным» әні - көңілді, шат сезіммен, асқақтата, орташа екпінде орындалады.

-                        Әннің мазмұны не туралы?

-                        Әуені саған ұнады ма?

Шығармашылық жұмыс:

-                        «Отан» сөзінің мағынасын әңгімеле.

-                        Өзіңнің ауылың, ата-анаң, достарың сен үшін не болып саналады? «Менің Отаным» такырыбына сурет салу.

Қорыту: «Әнші болғым келеді» ойыны үйымдастырылады. Сыныптағы ән айта алатын балалар өз өнерлерін ортаға салады.

 

 

 

 

 

 

 

2-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Мектеп - алтын бесік.

«Қоңырау». К. Қуатбаев - үйрену.

«Домбыра». Ә. Еспаев - тыңдау.

Музыка сауаты: ән, әуен, ырғақ. Музыка тыңдау, ән айту ережелері.

Сабақтың мақсаты: Музыка, ән, әуен, ырғақ туралы сауатын ашу.

Сабақтың міндеті:

1.                     Ән айтуға, музыка тыңдауға үйрету. Хормен ән айтуға дағдыландыру. Музыка тыңдау, ән айту дағдыларын дамыту.

2.                     Білімге, оқуға қызығушылығын арттыру, белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақ мектеп туралы әдемі ән тыңдаудан басталады (мұғалімнің қалауы бойынша).

-                        Ән қалай орындалды?

-                        Әннің әуені қандай?

-Ән әуенінен қандай әсер алдың?-деген сияқты ой қозғаушы сүрақтар қойылып, әннің сипаты ашылады.

 

Оқулықпен жұмыс:

Оқулықтағы түрлі түсті сурет бойынша шағын әңгіме ұйымдастыры- лып, берілген мәтін оқылады.

1.                     Мектепке оқушы неге келеді?

2.                     Қандай көңіл күймен келдіңдер?

3.                     Қандай оқу қүралдарың бар?

4.                     Мектепте сендерді кім карсы алды?Жаздай жақсы тынықтық,

Күнге күйдік, шынықтык.

Талай жерді аралап,

Табиғаттан сыр үқтық.

Сабақ енді басталды,

Мектебіміз қарсы алды,

Қоңыраудың дауысы Күмбірлетті аспанды.

Жүмбақ

Сағат сайын соғылады,

Тек мектептен табылады.

(Қоңырау)

Ән үйрену: К. Қуатбаевтың «Қоңырау» әні барша баланың өмірінде (юлатын ец маңызды шағы туралы жырлайды. Ән көңілді, сергек, жылдам окпіпдс орындалады.

Дауыс жаттыгуын әннің алғашқы фразасына жасатып, дыбыс Оиіктігін қол қимылымен көрсетіп, таза орындалуына назар аударылады. Сыңғыр-сыңғыр коңырау,

Сыңғырлаған көңіл-ау.

Музыка деген не?

Тыңдаған ән, күй, орындаған әндерден біз әуен, музыка естиміз. Әр музыкалық шығарманың тақырыбы мен мазмүнына байланысты әуені, ырғағы болады. Домбыра, рояль, кобыз, асатаяқты, т.б. ойнағанда әуен естиміз. Әр аспаптың өзіне тән, бір-біріне ұқсамайтын дыбыс бояуы, үні, луепібар.

Сергіту сәті.

 Тыныс тайық терең

Жүгірдің де қарғыдың,

Жарадыңдар барлығың.

Шаршадыңдар дегенмен,

Тыныстаңдар тереңнен.


                    Қане, «Ү-п!»-деп айтайық,

Демді ішке тартайық,

Енді «Ү-п!» - деп айтайық,

Демді шығар қайтарып.

Босаңсытып денеңді,

Бейжай күйге ен енді,

Басты көтер, тік ұста,

Емін-еркін тыныста.

Музыка тыңдау.

Ә. Еспаевтың «Домбыра» әні жайдары, көңілді, сергек орындалады. Домбыра - әр казак отбасында табылатын музыкалық аспап. Домбы- раны білмейтін казак баласы жок. Өткен сабақта тыңдалған Құрманғазы күйлерін еске түсіріп, үзінді тыңдату аркылы баланың есте сақтау қабілеті арттырылады.

Қорыту:

1.                     Қандай ән үйрендік?

2.                     Қандай аспаптармен таныстық?

3.                     Әуен деген не?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Дыбыстар елінде. Шулы дыбыстар.

Сабақтың мақсаты: Шулы дыбыстар жөніндегі түсініктерін кеңейту. Ән айтуға кызығушылығын арттыру.

Сабақтың міндеті:

1.                     Музыкалық және шулы дыбыстарды ажырата білуге үйрету.

2.                     Есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Әншілік тынысты жетілдіру.

3.                     Әсемдікке, сүлулыққа, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің калауы бойынша әдемі күй тыңдалады. Өткен сабакта үйренген әндер қайталанады.

- Енді бір сәт тынышталып, қүлақ түрелікші, коршаған ортада тағы да қандай дыбыстар естіледі екен? (Балалар пікірлері тыңдалады.)

Машинаның даусы, кітап парағын ашқанда, балға ұрғанда, жаңбыр жауғанда, күн күркірегенде, құстар сайрағанда шығатын дыбыс, желдің уілі, жапырақтың сыбдыры, судың сылдыры, малдың мөңірегені, ма- ңырағаны, т.б.

Шулы дыбыстарға табиғатта, коршаған ортада болып жатқан дыбыстар тобын жатқызамыз. Шулы дыбыстарда әуен болмайды.

Оқулықпен жұмыс: Шулы дыбыстар туралы мәтін оқылады.Түрлі сурегтер бойынша әңгіме ұйымдастырылып, шулы дыбыстар туралы түсінктері кеңейтіледі.

Жұмбақ шешу арқылы баланың ойлау қабілеті дамытылып, шулы дыбыстар туралы түсініктері қалыптастырылады.

Шарлап келіп даланы,

Үйіме үйін салады. (Қарлыгаиі)

Орманда жоғары Ағашка қонады.

Тұмсығын балға етіп,

Тоқ-ток соғады. (Тоқылдақ)

Қайталап атымды,

Ән салып аламын.

Кез келген ұяға Жүмыртқа саламын. (Көкек)

Қанаты жок, үшады,

Аяғы жоқ, қашады. (Жел)

Еш тесікте түрмайды,

Ол жокта жер құрғайды. (Су)

Аспаннан домалап,

Көп моншақ төгілді.

Бусанып жон-алап,

Терледі, керілді. (Жаңбыр)

Сергіту сәті: «Нөсер».

1.                     Қолды барынша жоғары көтеріп, «У-у-у-», - деп желдің дыбысын шығару.

2.                     Жел бірте-бірте күшейіп, дауыс қаттырақ шығады, денені козғалысқа келтіру.

3.                     Қолды төмен түсіріп, тырнақпен партаны тықылдатып, жаңбырдың дыбысын шығару.

4.                     Аяқпен еденді тарсылдатып соғу аркылы нөсерді келтіру.

Ойын түрінде шулы дыбыстар туралы білімдері пысықталады. «Қайсысы қалай дауыстайды?» ойыны.

Әтеш шақырады - ку-ка-ре-ку.

Бақа бақылдайды - бақ-бақ-бақ.

Шыбын ызылдайды - ыззз, ызз.

Қой маңырайды - мә-ә - мә-ә.

Сиыр мөңірейді - мө-ө - мө-ө.

Мысық мияулайды - мияу-мияу.

Арыстан ырылдайды - ыррр.

-                        Мұның бәрі кандай дыбыстар?

Шығармашылық жұмыс:

-                        Шулы дыбысты неден естідің? Музыкалық дыбысты неден естідің? Түрлі түсті бояумен бейнелеп беріңдер.

Қорыту:

Балалардың салған суреттерін тақтаның алдында түрған екі қорапшаға салуын сүраймыз. Оның біреуінде домбыра суреті салынған - музыкалық дыбыс, екіншісінде кошақан суреті салынған - шулы дыбыс. Қателескен окушының катесі түзетіліп, тақырып корытылады.

Мысалы:

Домбыра - музыкалық дыбыс.

Машина - шулы дыбыс.

Иттің суреті - шулы дыбыс.

Қүстың суреті - шулы дыбыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                4-сабақ

Сабақтың такырыбы: Музыкалық дыбыстар.

Л. Дымова. «Жаңгырық» - үйрену.

Музыка сауаты: Ән. Композитор. Ақын.

Сабақтың мақсаты: Музыка сауатын ашу. Орындаушы, композитор, ақын туралы түсінігін кеңейту.

Сабақтың міндеті:

1.                     Музыка жөнінде ұғымын дамыту.

2.                     Музыкалық талғамын жетілдіру.

1 On айтуға қызығушылығын арттыру, музыканы сүюге, өнерге і лрһислеу.

      Сабақтың барысы:

Балалар, қазір кандай сабақта отырсыңдар?

Музыка сабағында қандай іс-әрекет жасайсыңдар?

 оқулықта берілген сурет бойынша әңгіме ұйымдастыру.

Музыка кабинетіндегі музыкалык аспаптар, стендтер, композиторлар портреттерімен таныстыру.

Музыка сабагында біз ән айтамыз, музыка тыңдаймыз, музыкалық аспатармен танысамыз. Музыкалық дыбыстарды естиміз.

Әдемі ән тыңдау (мұғалімнің қалауы бойынша.)

Ән саған ұнады ма?

Ән сенің  көңіл күйінді көтерді ме?

Осындай көңілді әндер қай кезде орындалады?

Егер ән, күй, музыка болмаса, біздің өміріміз қандай болар еді?

ОСЫ сияқты ой қозғау сұрақтар қою аркылы, балалардың пікірлері тыңдалып, «Музыкалық дыбыстар» тақырыбы ашылады.

Қалай ойлайсың, музыканы кім жазады?

Оқулықпен жұмыс: Музыка әлеміндегі басты мамандық иесі – композитор, Композитор түрлі такырыпқа арнап музыка жазады.

Әннің сөзін ақын жазады. Акын мен композитор бірігіп әдемі ән шығарады.

Оқулықтағы сурет бойынша тапсырма орындалады:

Композитор - күйсандық

Ақын калам, қағаз.

Орындаушы - микрофон.

Дауыс жаттыгуы: 7 жастағы балага дыбысты кұрылымға келтіре орындау қиынға соғады. Сондықтан балаларды таза дыбысқа үйрету бір ғана биіктіктегі дыбыстан тұратын әуендерді айтқызудан басталады.7 жастағыбаланың ән айтудағы тағы бір кемшілігі - тақпақтап орын- іау. Оидегі дауысты дыбыстарды созып, дауыссыз дыбыстарды қысқа • 'Iіі.ііі іауга үйрету барысында бұл кемшілікті жоюға болады.

Ба-ры-жо-ғын-ай-та-мыз,

Біз-мек-теп-ке-ба-ра-мыз.

Ән-үй-ре-ніп-би-би-лей-міз,

Біз-та-лап-ты-ба-ла-мыз.

Екінші рет кайталағанда осы жаттығуды әртүрлі қимыл жасатып орын, бала сергіп, ән айтуға қүштарлыгы артады.

Жұмбақ:

Дауысыңды кайталап жыракта,

Айнытпай жетюзер кулакка.

                                                        (Жаңғырық)

Айтқаныңды айнытпай

 Кайталайды өзңе.

Тіл қатканмен қаймықпай,

Көрінбейді көзіңе.

                            (Жаңғырық)

Ән үйрену: Л. Дымованьң «Жаңғырық» әні асыкпай, орташа екпінде орындалады. Ән айта бастаудың алдында «ку-ку» кіші терция, «ле-ле» прима сияқты жеке дыбыстарға кұрылған жаттығуларды орындатқан тиімді. Оларды үздіксіз кайталап отыру таза интонация дағдысын кақалыптастырады.

Ән баланы сергітетіен, көңілін көтеретін, дыбыс биіктігін сезіне орындауа уйрететін шығарма.

Оқулықта берілген тапсырмалар баланың ойлау, есте сақтау, дыбыс биіктігін сезіну, қимыл жасау қасиеттерін шыңдайды.

Корыту: Турлі Tycтi суреттер көрсетіп, сұрақтар койылады.

4.        Композитор кім?

5.        Акын кім?

6.        Орындаушы кім?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-сабак

Сабақтын тақырыбы: Ән - көңілдің ажары.

«әнші балапан». М. Омаров - уйрену.

Музыка сауаты: Орындаушы. Тыңдаушы.

Сабақтың мақсаты: Орындаушы, тыңдаушы туралы тусінігін  кеңейту. Музыкаға суйiспеншілігін арттыру, кызығушылыгын ояту.

Сабактың міндеттері

      1. Әнді мәнерлі, әсем орындауға баулу. Ән айту дағдыларын шыңдау, дамыту.

2. Адамгершілікке, әсемджке, өнерге баулу.

3. Өз ойын еркін жекіазе білуге тәрбиелеу.

Сабактың барысы:

Сабақтың барысы:

Композитор мен ақын бірігіп әдемі ән шығарады. Сол әнді тыңдаушы қауымға әнші жеткізеді. Ән музыка мен сөздің бірлігі ғана емес, осылар арқылы әншінің сезімін, ән мазмұнын, әуеніп, сазын асқан шеберлікпен тыңдаушыға жеткізуі. Сонда ғана ән тыңдаушыиың сезіміне әсер етіп, мазмүнын түсінуге жол ашылады. Әнші – орындашымы. Ал біз де әнді орындаймыз және тыңдаймыз. Сондықтан біз - орындаушымыз және тыңдаушымыз.

7 жасар балаға өзінің орындауында ән айтқызу арқылы оның музыкалық шығарманы,  әнді толық түсіну, ынталану, талаптану, қызығу, көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білу сияқты касиеттері қалыптастырылады.

Орындаушылар - әнші, күйшілер өз өнерін халык алдында, сахна төрінде көрсетеді. Халық олардың өнерін тыңдап, тамашалайды, қол соғып, қошамет көрсетеді. Халық — тыңдаушы.

7. Қандай әншілерді білесің?

8. Олардың қандай әндері саған ұнайды?

Балалар өздері білетін әншілерін, әндерін айтып, өз ойларын ортаға сллады.

Оқулықпен жұмыс: Берілген суреттер және атақты қазақ әншілерінің суреттері көрсетіліп, орындаушы, тыңдаушы ұғымы пысықталады.

Дауыс жаттығуы:

Мен оқушы баламын,

  Шырқап әнге саламын.

Гамма тектес жаттығудың баланың дауыс ырғағын ретке келтіруге әсері зор.

Ән үйрену: М. Омаровтың «Әнші балапан» әні орташа екпінде, жұмсақ тембрлі, мейірімділік сезіммен орындалады.

Әннің қайырмасындағы «Әнші, биші, әнші балапан» сөз тіркесінің бірнеше рет қайталануындағы дыбыс биіктігін, квинта интервалын қол қимылымен көрсету арқылы әуен жүрісін, дыбыс биіктігін дәлірек сезінуге бағыттаған жөн. «Балапан» сөзіндегі бірнеше қайталанатын «а» дауысты дыбысын ән айту әдісі бойынша «дөңгелете» орындауға жаттыкгыру.

«Ақыл қалта» айдарымен берілген мақал-мәтелдер оқылып, балалардың өнерге, әнге, музыкаға деген қызығушылығы, кұштарлығын оятуға.


6-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым.

«Етікші». Д. Ботбаев - үйрену.

Сабақтың мақсаты: Шулы дыбыс пен музыкалық дыбысты ажырата білуге үйрету.

Сабақтың міндеті:

1.                     Әнді мәнерлі орындауға дағдыландыру.

2.                     Әннің тәрбиелік мағынасын ашу. Оқушының таным деңгейін дамыту.

3.                     Еңбекқорлықка, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Сабақтың барысы:

Мұғалімнің қалауы бойынша ата, апа, әке, ана, аға туралы бір ән тыңдалады.

Жұмбақ:

Маған да, саған да Жақын туыс - бес адам. Үш әріптен тұратын, Оңға оқы, солға оқы, Өзгермейді еш одан, Бәрі де өз жұратың, Айтады кәне кім атын?

(Ата, ana, апа, ага, іні.)

«Отбасы» деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?» деген ойқозғау сұрақ қойылып, балалардың пікірі тыңдалады. Оқулықта берілген түрлі түсті сурет бойынша әңгіме ұйымдастырылады.

1.                     Суретте кімдер бейнеленген?

2.                     Үлкен отбасындағы адамдардың көңіл күйлері қандай?

3.                     Отбасында неше адам бар екен?

4.                     Сенің отбасыңда кімдер бар?

Анаң - күнің, жүрегің, Әкең - өмір тірегің.

Әжең - асыл ардағың, Атаң - дана қорғаның. Ағаң - қамқор аскарың, Інің - мөлдір аспаның. Қарындасың - қанатың, Ел-Отаның - жәннатың.< Ікулықпен жріыс: «Менің отбасым» мәтіні оқылады.

Атадан бала туар,

Атасының жолын қуар.

Ойлан, man:

Айтары мол ғүлама,

Көп жасаған бұл адам.

Әкесі ол әкеңнің,

Білер оны сұраған. Ол кім? (Ата)

Ән үйрену: Д. Ботбаевтың «Етікші» әні орташа екпінде, сергек сезімде, көңілді айтылады. Қайырмасындағы «тук-тук» дыбыстары етікші ата балғасының тықылдаған дыбысын, еңбекқор атаның музыкалық бейнесін әннің мазмұнын аша түседі.

ән қайырмасындағы  балға соққан етікші ата қимылын әннің ырғағымен сәйкестендіріп, би қимылымен көрсетуге болады. Бұл әдіс әнді ойын ретінде тез үйреніп, қабылдауға ықпал етеді. Бұл жерде «тук-тук» шулы дыбысы қысқа, үзіп үзіп орындалатынын балалар ажыратады.

Шығармашылыұ жұмыс: Окулықта берілген жұмбақтарды шешу.Тағы қандай  қүрал-саймандарды білесіңдер?

Үшкір қазық,

Дөңгелек қалпақты,

Біріктірер бөлекті. (Шеге)

Мойны жар бермей,

Желкеден қыса бастайды.

Жөнге жүрместі

Сереңдетіп жұлып тастайды. (Кемпірауыз)

Есіктегі қүлыпқа ұя жасау өнерім.

Шаңырақтан уыққа

Үңгір қазып беремін. (Қашау)

Қос таяқ,

Бастары дөңгелек.

Тұтасты

Кеседі бөлек-бөлек. (Қайшы)

Қорыту: «Бір үйде біз нешеуміз?» әнімен сабақ қорытылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Менің достарым.

«Ақбота». Ж. Тұрсынбаев - үйрену.

«Ағайынбыз бәріміз». М. Әубәкіров - тыңдау.

Сабақтың мақсаты: «Дос» деген сөздің мағынасын түсіндіру. Басқа ұлт өкілдері, олардың тілі, дәстүрі туралы әңгімелеу.

Сабақтың міндеті:

1.                     Достықты жырлайтын әндерді тыңдап, мағынасын, мәнін түсінуге баулу.

2.                     Ән айту шеберліктерін, әуендік есту қабілеттерін дамыту.

3.                     Сыйластыққа, достыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

А. Островскийдің «Әрқашан күн сөнбесін» әні тыңдалады. (Ән қазақ, орыс, ағылшын тілінде орындалса, өте орынды болар еді.)

-                        Ән қалай орындалды?

-                        Ән әуенінен қандай әсер алдың?

-                        Ән кай тілдерде орындалды? - деген сұрақтар қою аркылы балалардың ой-пікірлері тыңдалады.

Әннің әуені, дыбыс ырғағы баланың көңіл күйін шаттық сезімге бөлейді. Достыққа, адалдыққа, мейірімділікке шақырады.

-                        «Дос», «достық» деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?

-                        Сенің қандай досың бар?

Балалардың пікірлерін еркін жеткізуге, ойларын қысылмай, ашық айтуға мүмкіншілік жасаймыз.

Оқулықпен жүмые: Оқулыкта берілген түрлі түсті сурет бойынша әңгіме ұйымдастырылады.

Ортада қазақ ұлтының баласы. Оның жанында орыс, өзбек, украин, грузин достары бар. Олардың көңілдері көтеріңкі. Аспандағы күн де шуағын мол төгіп тұр. Қалықтап ұшқан ақ көгершін. Олар қол ұстасып, болашақка нық қадам басып келеді.

Жер жүзінде әртүрлі ұлт өкілдері өмір сүреді. Қазақстан Республикасында 120-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Адамдар дос болса, бейбітшілік болады. Бейбітшіліктің, достықтың символы - ак көершін, күлімдеген күн, күлкі, куаныш.

Достық

Достығымыз жарасқан,

Ақпыз, қоңыр, сарымыз.

 Қара жер мен көк аспан,

 Ортақ дала, тауымыз.

Ортақ жұтар ауамыз,

 Ортақ жарық күніміз.

Достық - туған анамыз,

Жердің ұлы-қызымыз.

Дидактикалық ойын:

  Д                       О                     С

Дәулет               Олжас             Саша

Дима                  Омар               Света

Дилира              Олег                Сергей 

Дильназ            Осман              Самат

Ән үйрену: И. Нүсіпбаевтың «Достық» әні - көңілді, жайдары, ашық,шаттық сезіммен орындалады. Әннің алғашқы тактісіндегі до 1 соль 1 квинта интервалын таза  орындауға балалардың назарын аударып, дыбыс биіктігін  қимылымен көрсеткен жөн.

Музыка тыңдау: М. Әубәкіровтың «Ағайынбыз бәріміз» әні бүгінгі тақырып мазмұнын толықтыра түседі. Әннің мазмүны да, әуені де балаларды достыққа, адамгершілікке, бауырмашылдыққа, жақсылыққа шақырады.

Қортыу: Дидактикалық ойын «Нұрлы күн».

Барлық сұрақгарға жауап берген оқушы күн сәулесін тақтаға іліп, күнді нұрландырады.

1.достық туралы қандай ән үйрендік?

2. Достықтың,бейбігшіліктің символы қандай құс?

3. Достық, бейбітшілік туралы әндер қалай орындалады?

4. Біздің елімізде кандай үлт өкілдері бар?

5. Сен басқа ұлт өкілінен досың бар ма? Аты кім?

Сабақты төмендегі нақыл сөздермен аяқтау:

Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.

Жолдасы көптің олжасы көп.

 Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сүйікті ойыншықтар және ойындар.

«Ойыншыктар». И. Нүсіпбаев - үйрену.

Сабақтың мақсаты: Ойын-сауық, ойыншықтар арқылы баланың танымын ашу, көңіл күйін көтеру.

Сабақтың міндеті:

1.                     Әнді әсерлі, мәнерлі орындауға баулу.

2.                     Жағымды қасиеттердің пайда болуына көмектесу. Ырғақ сезу қабілетін дамыту.

3.                     Сұлулыққа, әсемдікке, ұқыптылыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақ әдемі, көңілді ән тыңдаудан басталады.

Үстел үстіне бірнеше ойыншық қойылады.

-                        Қандай ойыншықтар көріп отырсыңдар?

-                        Ойыншықтар саған үнады ма? Саған қандай көңіл күй сыйлады?

-                        Сенің сүйікті ойыншығың бар ма? Ойыншығьщцы қалай ұстайсың?

-                        Сен ойыншығыңа арнап ән айтасың ба? - деген ой қозғау сұрақтар

арқылы балалардың пікірлері тыңдалады.

Оқулықпен жұмыс: Берілген түрлі түсті суреттер арқылы тақырып пысықталады.

Ән үйрену: И. Нүсіпбаевтың «Ойыншықтар» әні - жылдам, жеңіл, көңілді орындалады. Әннің сөзі, әуені баланың кабылдауына жеңіл.

И. Нүсіпбаев - «Біздің Отан», «Домбыра сазы», «Мұғалім ол біздің», т.б. әндер жазған композитор.

                                                    Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ, -

деген әннің фразасын дауыс жаттығуы ретінде алып, алғашқы тактідегі pe l ля 1  дыбыстарын таза орындауға баса назар аударған жөн. Бұл әдіс әннің сөзін есте тез сақтауға әсерін тигізеді.

-                        Ән мазмүнындағы бұзау, қозы, құлыншақты сен қай жерде кездестірдің?

-                        Сен оларды жаксы көресің бе?

-                        Сен оларға қандай қамқорлық жасар едің?

Балалар оларды ауылда көргенін, оларға жем, шоп, су бергенін, жайылымға апарғанын қызықты етіп айтып береді.


 Мұртын сипап кун бойы,

Бетін сусыз жуады.

Тысырды аңдып түн бойы,

Тышқанды көп қуады. (Мысық)

                      Мақта қызбен мысық» ертегісі куыршактармен көрсетіледі. Бұл  қойылымбаланың қызығушылығын оятып, тыңдайтын шығарманы тартымды етіп көрсетеді.

Шығармашлық жұмыс: Өзіңнің сүйікті куыршағыңды бейнеле.

Сурет слау кезінде әдемі музыка қойылады.

Қортыу: Баллалардың салған суреттері көрсетіліп, талдау жасалады, бағаланады, Сурсі салуда қанық бояуларды әдемі, ұқыпты қолдануды  ескеріп, шығармашылыққа баулимыз.

 

 

 

 

9-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Би музыкасы және caп музыкасы.

«Биші болам өскенде». Т. Тайбеков - үйрену.

«барабан» Б. Долденбаев-тыңдау.

Сабақтың мақсаты: Би өнерінің түрлі қасиеттері мен әдемілігін дәріптеу.

Сабақтың міндеті:

1.                   Оқушыларды көркемөнерге баулу. Хореографиялық әдіс-тәсілдердің сипаттарымен таныстыру.

2.Музыкалық ырғақтық қимылдар жасауға, би өнеріне қызығушылығын арттыру,

3.Ұлттық би өнерін үйренуге, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Қазақтың ұлттық  биі «Қара жорғадан» үзінді тыңдалады.

Бұл қандай әуен? Саған таныс па?

Бұл әуенге қандай қимыл жасауға болады?

Қазақтың би өнерінің түп-тамыры ғасырлар қойнауында жатыр. Би жақсылықты әдемілікті,сұлулықты, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты дәріптейді.

«Қара жоға», «Айжан қыз»,«Келіншек», «Былқылдақ» сияқты ұлттық билерхалық өмірін,  оның тұрмыс-тіршілігін би тілімен баяндайды.

Әр бидің өзіне тән ерекшелігі, мінез-құлқы бар. Көкпар, бәйге, қыз қуу, жорға шабыс, қолөнерде - киіз басу, кілем тоқу, ши орау, қазақ үй әбзелдері, ою-өрнек, т.б. Ал бишілер өнерін мың бұралған әсем қимылдарымен көрерменге жеткізеді.

Бишілер суреттері көрсетіледі.

1.                     Қандай би билеп жүр?

2.                     Биші үстіне қандай киім киген?

Сергіту сәті: «Қара жорға» биін билеу.

Оқулықпен жұмыс: Мәтінді окып беру.

Би билейтін музыканың әуені көңілді, жылдам, ширақ орындалса, сапка түзейтін музыка нық, бірқалыпты орындалады.

Музыка тыңдау: Б. Дәлденбаевтың «Барабан» әні - аяқты нық басуға, саппен жүруге ықпал етеді. Әннің ырғағын қол шапалақтап немесе бара­бан, дабылды соғып көрсетсе, баланың сезімі, қабылдауы артады.

Дауысжаттыгуын Б. Байқадамовтың «Айгөлек» әнінің қайырмасына жай екпінде жасатуға болады. Әннің мазмұны, әуені би ырғағына сай келеді.

Ән үйрену: Т. Тайбековтың «Биші болам өскенде» әні - көңілді, ойнақы орындалады. Әннің әуені де, сөзі де баланың қабылдауына жеңіл, тез үйретіледі. Фраза соңындағы жартылык ұзақтықтағы ноталарды созып орындауға назар аудару керек.

Шығармашылық жұмыс: Оқулыкта берілген тапсырманы орындау, сұрақтарға жауап беру.

«Айгелек» дауыс жаттығуына әр түрлі есімдер қойып, би музыкасы- мен орындау.

Айгөлек, айгөлек,

Айдың жүзі доңгелек.

Сен шақырсаң мен керек,

Мен шақырсам сен керек,

Досан деген ер керек!

Осылайша сыныптас достарын биге шақыру.

Ақыл қалта бөліміндегі жаңылтпашты оқып, балалардыц сөйлеу мәнері, сөз саптауы, дыбысты таза айтуы шыңдалады.

Қорыту: Бірнеше суреттерді көрсетіп, билеуге лайық немесе сапқа түзейтін әндерді ажырату

БІЗ ҮЛГІЛІ БАЛАМЫЗ

10-сабақ

Сабақтың  тақырыбы: Музыкалық екпін.

«Балақан  мен алақан». Е. Хасанғалиев-тыңдау.

«Жай және жылдам». Е. Хасанғалиев - үйрену.

Сабақтың мақсаты: Музыкалық екпін туралы түсінік беру. Жай және жылдаммузыканы ажырата білуге үйрету.

Сабақтың міндеті:

1.                   Шығарманы  кабылдау ынтасын қалыптастыру, Сезімін ояту. Есту есте сақтау қасиеттерін  дамыту.

2.                   Талаптануға ізденімпаздыққа, еңбекке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Құрманғазының «Балбырауын» күйі мен Қорқыттын «Қорқыт» күйі орындалады. (Музыкалык шығарманы мұғалім өз қалауынша өзгертуге болады.

-  екі шығарманың  орындалуынан кандай айырмашылық байқадың?

«Балбырауын» күйі - жылдам, шабытты орындалса, «Қорқыт» күйі –жай, асықпай, ақырын орындалды.

Оқулықпен жұмыс: «Музыкалык екпін» мәтіні окылады. Берілген суреттерге қарап, шапшаң, жай жылдамдықты табу.

Тасбақаның жүрісі жай.

Қоянның жүрісі жылдам.

Сурет салу жай.

Футбол ойнау жылдам, т.б. өмірмен байланыстырылған мысалдарды келтіре отырып, музыкада жай жылдам екпіндер болатыны айтылады.

Қандайж ылдам әндерді үйрендік? («Биші болам өскенде»)

Қандай ән жай орындалады орындалады? («Бесік жыры»)

Музыка тыңдау: Е. Хасанғалиевтың «Балақан мен алақан» әні нық,жігерлі орындалады. Әпнің          әуені, мазмүны баланың кабылдауына жеңіл.

Ән үйрену: «Жай жоне жылдам» әнінің 1-бөлімі асықпай, 2-бөлімі жылдам орындалады, Әндегі жай және жылдам айтуды кол қимылдарымен көрсетіп, дирижерлық           ету әлементтерін пайдалану.

Қол шапалақтаумен орындалатын бөлігінде төрттік, сегіздік ұзактықть дәл орындауды қадағалау.

Шығармашылық жұмыс: «Ақыл қалта» бөліміндегі жұмбақтарды шешу.

Қорыту:

-                        Музыканың екпіні қандай болады?

-                        Екпін деген не?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет. Музыка және сөз.

«Мен әдепті баламын». И. Нүсіпбаев - үйрену.

«Біздің ауыл». И. Нүсіпбаев -тыңдау.

Сабақтың мақсаты: Сөз бен дыбыстың бір-бірімен тығыз байланысын түсіндіру. Шығармадағы бейнелерді тануға үйрету. Сөздік корын молайту.

Сабақтың міндеті:

1.                     Ән сөзі мен мазмүнын үйлестіре орындауға баулу. Ой-сезімін ашу.

2.                     Ән айту дағдысын, сөйлеу мәнерін дамыту.

3.                     Үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болуға, еңбек етуге тәрбиелеу. Жануарларға деген сүйіспеншілік, камқорлық сезімін ояту.

Сабақтың барысы:

Б. Бейсенованың «Түлпарым» әнінің әуенін тыңдау.

-                        Әннің сөзі бар ма?

-                        Әннің мазмұны не туралы екенін байқадың ба?

-                        Енді осы әнді сөзімен бірге тыңдайық.

-                        Ән саған ұнады ма?

-                        Біз орындап жүрген әндердің сөз мәтіні болмаса, мазмұны не туралы екенін білер ме едік?

-                        Музыка әлемінде тек музыкалық дыбыстар бар. Үйқасы бар көркем сөз музыкалық дыбыспен үйлесіп, әдемі ән пайда болады.

Оқулықпен жұмыс: Ән - әуені, сазы бар музыкалық шығарма.

Өлен - ұйқасы бар көркем сөз.

Ән үйрену:

И. Нүсіпбаевтың «Мен әдепті баламын» әні асықпай, әндете, жұмсақ дауыспен орындалады. Квинта интервалынан аспайтын дауыс диапазоны бар, мазмұны қарапайым балалардың қабылдауына жеңіл,тез үйретіледі.

Әннің мазмұнын аша түсіп, баланың әдептілікке, үлкендерге деген құрметке ынтасын арттыру мақсатында түрлі түсті суреттер көрсетіледі.

Дауыс жаттығуын «Мені үлкендер әдепті деп мақтайды» сөзінің 1 фазасында  ажасауты арқылы баланың әнге қызығушылығын ашып мәтінін есте сақтауға ықпал жасау.

Оқулықтағы түрлі түсті сурет бойынша әңгіме ұйымдастыру, мәтінді оқып беру.

Музыканы тыңдау: И. Нүсіпбаевтың «Біздің ауыл» әні - көңілді, сергек ашық шаттық  сезіммен орындалады. Ән мазмұны, әуені өмір құбылстарын көріністерін, ауылдың бейнесін, тұрмыс-тіршілігін,әсем табиғатын жырлайды.

Төрт түлік бал бағу, азықтандыру, оларды жыртқыштан қорғау,шаруашылық жұмыстардың түрлерімен таныстыру.

Шығармашылық жұмыс: Ән әуенін тыңдай отырып, ауыл бейнесін суретке салу

Қортыу:«Адасқап гөлдер» дидактикалық ойыны. Ойынның шарты -    сызық жүрізу арқылы адасқан төлдерді енесіне тауып беру.

Қой                                                              Бұзау

Сиыр                                                           Бота

Бие                                                              Қошақан

 

 

 

 

 

 

 

12-сабақ

Сабақтың  тақырыбы: Биік, төмен дыбыстар.

Музыка сауаты: Биік, төмен дыбыстар.

Қазақтың халық әні «Алатау» - тыңдау, үйрену.

Сабақтың мақсаты: Биік,төмен дыбыстардың айтылу жоғарылығына қарай ажырата білуге және әнімен айта білуге үйрету.

Сабақтың міндеті:

Үй тазалығын сақтауға, дұрыс тыныс алуға үйрету.

Ән  дағдыларын дамыту. Ой-өрісін жан-жақты жетілдіру.

Табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Окушылардың ойын өрістетіп, қиялын ұштап, кызығушылығын арт тыру мақсатында саяхат сабақ ұйымдастыру.

-                        Ал енді бәріміз саяхатқа аттанайық.

Саяхат қызықты болу үшін көңілді ән орындау. (Өткен сабақта үйренген әндер айтылады.)

Көркем сурет немесе бейнефильм көрсету арқылы туған жердің та биғаты суреттеледі. Кең-байтақ жомарт дала, бидай, күріш, сұлы, тары егістіктері, биік тау, сылдыраған бұлақ, орманды алқап, жан-жануарлар осының бәрі туған жер табиғаты. Бірнеше балалар туған жерінің табиғатыц суреттейді. Табиғатка серуенге шыққандарын, одан алған әсерлерін әңгімелейді.

-                        Өзіңді биік таудың шыңына шыкқандай сезін. Енді төмен қара Таудың етегінде жайлау, жайылып жүрген төрт түлік мал, аппақ киі үйлер. Тауға мұқият қарасаң, ол бірде төмен, бірде аласа, бірде биік болып келеді. Музыканың әуені де тауға ұқсайды, биік, тқмен естілегін дыбыстар кездеседі.

Оқулықпен жұмыс: «Биік, төмен дыбыстар» мәтіні оқылып, сурет бойынша мәтін пысықталады.

Музыка тыңдау, үйрену: Қазақтың халық әні «Алатау» - жұмсақ тембрлі, кең тыныспен, асыкпай, сазды әуенмен айтылатын ән. Ән әуенінің желісінен, дыбыс козғалысынан тау бейнесін, сұлу табиғатты көруге болады.

Окулықта берілген суретке қарап, әннен үзінді орындау.

«Ақыл қалта» бөліміндегі жұмбақтар шешіліп, баланың ойлау кабілеті шыңдалады.

Шығармашылық жұмыс:

Қалқыған бұлт шыға алмай Алатаудың басына.

Ирелендеп жыландай Жата кетті тасына.

Қыран самғап тайсалмай,

Мұзға такау барады.

Одан әрі аса алмай,                                 

Жартасқа ұя салады.

Үйренген ән, тыңдаган өлең мазмұнын суретпен бейнелеу.

Қорыту: Балалардың салған суреттеріне талдау жасап, бағалау.

Адасқан әріптерді орнына қой:

                        

 

 

 

 

 

13-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қатты, ақырын дыбыстар.

Музыка сауаты: Қатты, акырын дыбыстар

«Бәсең және көтеріңкі». Е. Хасанғалиев- үйрену.

«Бесік жыры» Б. Долденбаев - тыңдау.

Сабақтың мақсаты: Музыкалық дыбыстардың күші болатынын ұғындыру.

Сабақтың міндеті:

1.                   Дыбыстардың  динамикасы мен тембрін ажыратуға үйрету.

2.                   Есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.                   Мейірімділікке, сүйіспеншілікке, бауырмашылдыкка тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақты «Бесік жырын» тыңдаудан бастап, ой козғайтын сұрақтар қойылады.

Іні қарындасың бар ма? Ол бесікке жата ма?

Нәретені бесікке бөлегенде қандай ән айтады, ол қалай орындалады? Қатты ма? Ақырын ба?

Бұл сұрақтарға балалар өз отбасы туралы, кішкене бөпесі, оның қылықтары анасы  жайлы аса қызығушылықпен, кұлшына әңгімелейді.

Оқулықпен жұмыс: Қатты, акырын дыбыстар туралы мәтін оқылып, оқылып, сурет бойынша әңгіме ұйымдастыру.

Жұмбақ:

Сәбиге сәнді үй,

Әжеге ән-күй. (Бесік)

Бесікке іледі,

Әнін де,

Дәмін де,

Сәнін де

Сәбилер біледі. (Сылдырмақ)

 Бесік жабдықтары, тағылған үкі, ойыншыктар туралы әңгімелеу.

Үкі ақшылл қоңыр түсті үлкен құс. Оның канатының көлденең түскен   өрнегі араб әріптеріне ұқсайтын болғандықтан, ата-бабамыз оны құранның жазуы деп есептеген. Сондықтан оны бесікке, баскиімге, домбыраға, т.б тағатын болған.

Қысқа қайырым:

Әлди-әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат, бөпем.

Дауыс жаттығуын «Анам, менің анашым, ма-ма» сөз тіркесіне жасату.

Ән үйрену: Е. Хасанғалиевтің «Бәсең және көтеріңкі» әнінің мазмұнына байланысты дыбыс күшін қалпына келтіре орындауға назар аудару.

Ескепдір Хасангалиев - әнші-композитор, 200-ден астам әні бар «Келші, келші, балашым», «Немерем», т.б. әндері тыңдарман көңілінеі шығып жүр.

Сұрақ-тапсырма: Окулықтағы суретте барабан соғып бара жатқан балалардың көңіл күйлері қандай? Олар қайда жүр? Барабанның даусы қалай шығады?

Тапсырманы барабан немесе дабылмен, не шапалақпен соғып, бәсең және көтеріңкі орындап, тақырыпты пысықтау.

Музыка тыңдау: Б. Дәлденбаевтың «Бесік жыры» бәсең дыбыстар' мен, ақырын, жұмсақ, сазды орындалады.

Қорыту:

1.                     Қандай дыбыстармен таныстық?

2.                     «Бесік жыры» калай орындалады?

3.                     Барабан, дабылды соққанда қандай дыбыс естіледі?

 

14-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Бояу және дыбыстар. Тембр.

«Сурет сабағы». К. Қуатбаев - үйрену.

«Сұр қоян». К. Қуатбаев - тыңдау.

Музыка сауаты: тембр.

Сабақтың мақсаты: Музыкалық дыбыстың бояуы, тембрі жайлы түсінік беру.

Сабақтың міндеті:

1.                     Музыкалық аспаптардың тембрін ажыратуға үйрету. Қоршаған орта, өмір құбылыстары жөніндегі түсінігін кеңейту.

2.                     Таным деңгейін, әнді мәнерлі орындау шеберлігін дамыту.

3.                     Табиғатты сүюге, жан-жануарларды қорғауға, әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Балалар, айналадаға көз салайықшы, егер бояу болмаса, біздің өміріміз қандай болар еді?

Аспанның үсі қандай?

Жердің түсі қандай?

Күннің түсі қандай?

Ағашы жапырағмның түсі ше?

Орманда қандай жа бар?

Оқулықпен жұмыс: Сен қоянды қандай бояумен бояр едің? Қолыңдағы сәбізді қандай бояумен бояу керек?

Баланың коңілін көтеріп, қызығушылығын арттыру мақсатында жұмсақ қоян ойыншығы көрсетіледі.

Музыка тыңдау: К. Қуатбаевтың «Сұр қоян» әні жылдам, ойнақы орындалады.  Әуеннен жүйрік, қорқақ, сүйкімді қоянның бейнесін коруге болады.

Балалар, біздің сыныпқа хат келіпті. Ол жай хат емес, музыкалық сәлем жолдаған  екен, - деп, окушыға конвертті ашқызып, ішіндегі

Дискіге жазылған  музыкалык шығарманы тыңдау.

Домбыра аспабында - күй

Қобыз аспабында  күй,

Баян аспабында ән орындалады.

Осы аспаптардың үні, әуені, сазы, дауысы бір-біріне ұқсай ма?

 сурегтегі бояу сияқты дыбыстың, түрлі музыкалық аспаптардың да өзіне тән  бояуы болады. Оны музыка тілінде тембр деп атайды. Оқулықтағы тембр тақырыбы окылады.

Сергіту сәті:«Көңілді музыкант» - қимылды ән.

Домбырада мен ойнаймын: дың, дың, дың.

Қозы -лақтар би билейді: дың, дың, дың.

I пді ойнаймын қобызда: зың, зың, зың.

Ііотақандар би билейді: зың, зың, зың.

Қатты ойнаймын дауылпазда: дүң, дүң, дүң.

Төлдер састы, түра қашты: дүң, дүң, дүң.

Ән үйрену: Оқулыктағы сурет бойынша шағын әңгіме ұйымдастыру.Туған жердің әсем табиғатын, жасыл жайлауының көркем бейнесін қандай әнмен жеткізген болар едің?

      «Сурет сабағы» әні көңілді, жайдары, ақжарқын, жігерлі орындалады. Әннің алғашқы  нотасы до 2 дыбысын нык, дәл, қатар жаткан дыбыстарды  сатылап, ұқыпты, таза орындауға жаттықтыру Шығармашылық жұмыс: Көңілді музыка тыңдай отырып, табиғат бейнесін суретке түсіру.

Қорыту:

Кел, балалар, ойнайық,

Ойнайық та ойлайық.

Қандай аспап тембрі,

Ажыратып алайық.

«Қандай аспап» - музыкалық дидактикалық ойын. Музыкалык аспаптардың тембрін анық


15-сабак

Сабақтың тақырыбы: Қош бол, Әліппем!

Қысқа және үзақ дыбыстар.

«Әліппе». Ә. Нұрымұлы - үйрену.

«Әліппе» туралы ән». И. Нүсіпбаев -тыңдау.

Музыка сауаты: Қысқа және ұзак дыбыстар.

Сабақтың мақсаты: Қыска және ұзақ дыбыстар туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеті:

1.                     Музыкалық дыбыстардың орындалу ерекшелігін дәріптеу.

2.                     Есту, есте сақтау қасиеттерін дамыту. Ән айту шеберліктерін шыңдау.

3.                     Табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Өткен сабақтарда үйренген «Мен әдепті баламын», «Етікші» әндері хормен орындалады.

Хормен ән айту кезінде бірқалыпты екпінмен айтуды, кідірістерді дәл үстап, уақытылы түсуді, секірмелі биіктікті таза орындауды дирижердың қол қимылымен орындауға дағдыландыру керек.

«Етікші» әніндегі «тук-тук» сөздері қыска, үзік орындалу ерекшелігін байқадык. Музыкада осындай ұзақ, қысқа дыбыстардың атауы бар. Олар «легато» және «стаккато» деп аталады.

Оқулықпен жұмыс: «Қысқа және ұзақ дыбыстар» мәтіні окылады.

Табиғат пен музыка - тығыз байланысты. Табиғатты композитор әсем музыкасымен жырласа, акындар сырлы өлеңдер арнаған, суретшілер әдемі суреттерімен бейнелеген.

Саяхатта

                                               Кеттік ұзап ауылдан,

                                               Өттік асу, белдерден.

Сескенбедік жауыннан,

Сескенбедік желден де.

Жасыл орман айнала,

Жапырағы түспеген.

Таң алдында сайраған,

Бірге ояндық құспенен.

Таң нұрына боялып,

Тұрса терек алдыңда,

Жас гүлдерге оранып,

Жата берсең шалғында.

Жүре берсең құмартып,

Көре берсең әлі де.

Көгілдір көл мұнартып,

Таулар жатар әріде.

Аққу-қаздай тізіліп,

Қыдырсаң да қыратта.

Туған дала кызығы Таусылар ма бірақ та...

                                  Сағи Жиенбаев

Музыка тыңдау: И. Нүсіпбаевтың «Әліппе туралы әні» - әсем сазды,жұмсақ тембрлі ән.

Ән үйрену:ӘНұрымұлының «Әліппе» әні - орташа екпінде, жұмсақ, сазды әуенмен орындалады.

Шығармашылық жұмыс: «Саржайлау» күйін тыңдай отырып, көз алдыңа не келді, түрлі түсті бояумен бейнелеу.

Қортыу:Оқушылардың салған суреттері тақтаға ілініп, талдау жасалады.

1. Қандай дыбыстармен таныстық?

2. Стаккато дыбыс қалай естіледі?

3. Легато дыбыстың естілуі қалай?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Құтты болсын Жаңа жыл!

«Шырша әні». И. Нүсіпбаев - үйрену.

Сабақтың мақсаты: Мереке туралы түсініктерін ашу.

Сабақгың міндеті:

1.                     Музыкалық талғамдарын шыңдау.

2.                     Ән айту шеберліктерін дамыту.

3.                     Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Музыка тыңдау: Жаңа жыл немесе кыс мезгілі туралы әдемі ән тыңдалады. (Мұғалімнің қалауы бойынша.)

1.                     Ән қалай орындалды?

2.                     Әннің мазмұны не туралы?

3.                     Әннің әуеніне кандай қимылдар жасауға болады?

4.                     Ән сенің көңіл күйіңе қалай әсер erri?

Жаңа жыл - кыс мерекесі, ол балаларды Аязатамен, Қаршақызбен, орман заңдарымен, әртүрлі кейіпкерлермен қауыштырады. Шырша айналасындағы ойындар мен көңілді билер, асқақгата ойналған музыка баланың көңілін көтеріп, шаттандырады, біразға дейін ұмытылмайтын әсерлермен байытады.

Оқулықпен жұмыс: Оқулықта берілген түрлі түсті сурет бойынша әңгіме ұйымдастыру.

Сырғанақ

Қар жамылды күллі алап,

Жүрмедік біз қүр карап.

Бір топ бала бірлесіп,

Жасап алдық сырғанақ.

Ақ көрпемен он қабат,

Тастағандай доңді орап.

Ауырмайды еш жерім,

Аунап түссем домалап.

                 Ә. Ысқақов

Жұмбақ:

Тек өзі көрінбейді,

Адамды тоңдырады.

Ызғары дірілдеп,

Есіңнен тандырады. (Аяз)

 

Қолы мен қаламы жоқ,

              Бірақ сурет салады көп. (Қырау)

Суда қалқиды,

Жылыда балқиды. (Мұз)

Көлдің беті көк әйнек,

Сырғанауға тым әйбат. (Мұз)

  Ән үйрену:«Шырша әні» көңілді, орташа екпінде, сергек, шаттык сезіммен орындалады. До 1-ля 1 орта тиссетурада жазылған, баланың дауысына бірқалыпты орындауға ыңғайлы.

Тауда туын,

Тауд(а) өсекен - екі дауысты дыбыс қатар келгенде, «а» дыбысының қысқарып айтылуына көңіл бөлу.

         Сергіту сәті:

Қыс ойындарының қимыл-қозғалыспен көрсету.

1.Шаңғы тебу.

2.Коньки тебу.

3. Қар атысу.

4. Аққала жасау.

Шығармашылық жұмыс: Жаңажылдық шыршаны қандай ойыншықтармен безендірер едің? Суретін салып, түрлі түсті бояумен бояу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МУЗЫКАЛЫҚ КӨҢІЛ КҮЙ

17-сабақ

Сабақтын тақырыбы: Көңіл күйдің музыкада бейнеленуі.

«Қызыл-жасыл көбелек». Т. Тайбеков - үйрену.

«Сәби қуанышы». Е. Қүсайынов – тыңдау

Сабақтың мақсаты: Музыканың сипатын ажырату, мазмұнының өмірмен байланысын түсіндіру және ән легінің бағытын айыру. Жеті жастағы балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, сабақ жеңіл тілмен, қызықты іс-әрекетпен түсіндіріледі.

   Сабақтың міндегі:

1.Әндегі  дыбысты тыңдап, музыканың бейнелеушілік қасиетін ажыратуды үйрету, мәнерлеп орындауға баулу.

2. Өткен гоқсан такырыптарын кысқаша кайталап, негізгі ұғымдарды еске түсіру.

3.үйіренген әндерді жатқа орындау.

Сабақтың барысы: Кіріспе әңгіме.

Бала жаны жақсыға құмар. Айнала қоршаған орта, өмір кұбылыстары, сұлу көркімен назар аударатын табиғат суреттері: толқынды мұхит, орман- тау, кеңжазиралы дала, сылдыр қаккан бұлақтар - осының бәрі оның әсершіл жүрегін еліктіріп, ынта-ықыласын баурап алады. Бала көңілі қызыққан, әсер алған құбылысының болмысын анықтап білуге талап- танады. Енді бір сәт құйқылжи төгілген музыка үнін тыңдаса ше? Онда тыңдаушының жан дүниесі жадырап, өзгеше бір әсерге беріледі. Біз музыканы сөз естігендей түсіне аламыз ба? Кейде оның мазмұнын оның ерекше дыбыстары арқылы түсінеміз. Оны музыка тілі деп атайды. Музыканың сиқырлы үні, сырлы сазы баланың балғын жанын әлдилеп, көңіліне ләззат нұрын құяды. Сөйтіп, музыка оның рухани сырласына айналады. Жас ұрпақ музыка өнерінің қайнарынан сусындап, рухани нәр алады. Әсемдік, әдемілік әлемінің ғажайып сырын ұғады. Балаларға арналған музыкалық шығармалар олардың өнерге деген ыстық сезімін оятып, көңілінен тұрақты орын алады.

Музыка тыңдау: Сәби қуанышы. Музыкасын жазған Е. Құсайынов.

Әнді оқушыларға таныстыру.

Ән көңілді, шаттық сезіммен, жайдары, жылдам екпінде орындалады.

Түрлі сұрақтар қойып, бағыт беру арқылы әннің мазмұнын мүмкіндігінше оқушылардың оздеріне анықтатқан жөн. Сонда олардың ой-өрісі кеңейіп, дүниетанымы артады.

-                        Осы әнді тыңдағанда сенің коңіл күйің қандай болды?

-                        Мына тыңдаган шығарма қалай орындалды?

Оқулықтағы сурет бойынша шағын әңгіме кұрастыру.

Дауыс жаттығуы: Дауыс жаттығуы кезінде үн тазалығын, дикция мен дыбысталу күшінің біркелкілігін қадағалау. Осы жаттығудан кейін бала жаңа әнді жақсы қабылдайтыны сөзсіз.

Ән үйрену: «Қызыл-жасыл көбелек» әнін орындау. Музыкасын жазған Т. Тайбеков. Әннің мазмұнын ашып, көңілді, сергек орындауға үйретеміз.

Тапсырма:

-                        Сен табиғат аясында көбелектерді көрдің бе?

-                        Олардың түсі қандай?

-                        Суретке қара. Көңіл күйіңді оз сөзіңмен жеткіз.

-                        Тыңдаған музыка саған қандай әсер қалдырды?

-                        «Қызыл-жасыл көбелек» әні мен «Сәби қуанышы» әуенінің қандай айырмашылығын байқадың?

-                        Өзің үйренген әндеріңнің ішінен көңілді әндерді атап шық.

Сергіту сәті:Ырғақты қимыл ойыны.

Күшік иен көбелек

Қонды гүлге  көбелек’

Гүл жайқалды, құлпырды,

Ұстап алып көрем деп,

Күшік гүлге ұмтылды,

 Көк көбелек кетті ұщып,

Жарға қонды көбелек

Ґстатпады ақыры,

Қу көбелек күлкі етті,

Күшік суға күміп етті.

Ойқозғау ойыны:

Мағыналары қарама-қарсы сөздерді сызқтармен қосыңдар.

Көңілді                      Ақырын

Қатты                     Жай

Тез                             Жіңішке

Жуан                         Көңілсіз

         Қорыту

         1. Оқулықтағы суретте көріп отырған балалардың балалық шағы қалай өтуде?

2. Олардың көңіл күйлері қандай?

3. Өмір сүріп жатқан жерлерің табиғаты қандай?

4. Тыңдаған музыка туралы не айтасың?

5. Тыңдаған музыкаңды суретке сал.

        Сабаққа ынталы балаларды бағалап марапаттау арқылыбасқада балалардың қызығушылығын арттырамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Музыка және адамның көңіл күйі

   «Көбелек» Қ Қуатбаев үйрену

Сабақтың мақсаты: Музыканың көңіл күйін сезінуге үйрету.

Көңілді, мұңды дыбыстарды ажырата білуге баулу.

Музыкаға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың міндеті:

1.Хормен ән айтуға, дыбыс желісін сезінуге үйрету.

2. Балалардың қызығушылығымен белсенділігін арттыру.

3. Музыканы сүйюге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: Кіріспе әңгіме.

Оқулықтағы сурет бойынша шағын әңгіме ұйымдастырылады.

Жеті жастағы балалардың психологиялык ерекшелігі бар. Олар зейінін ұзақ уақыт бір арнаға бағыттай алмайды. Жаңа тақырып, жаңа ұгымдарды көрнекі құрал, ойындар арқылы бекітіп отырмаса, ұмытып қалады. Сондықтан музыканы әуенімен байланыстыра отырып, дидактикалық ойынмен музыкалық көңіл күй туралы ұгымын тереңдетеміз.

-                        Балалар, адам музыкасыз өмір сүре ала ма?

-                        Бір күн музыка естімей, ән айтпай, музыкалық аспаптың, домбыра- ның үнін естімей жүрсек, қалай болар еді?

-                        Музыканың адамның жан дүниесіне зор әсер ететінін немен түсіндіруге болады?

-                        Адамның коңіл күйін қалай байкауға болады? - деген сиякты ой қозгайтын сұрактар кою арқылы балалардың ой-пікірі тыңдалады.

Музыканың өзіндік тамаша тілі бар. Бейнелі, жарқын әуенді, жан- жақты үйлесімді озіндік бір ырғақты ұштастыра отырып, композитор музыка жазады. Әдемі музыканы тыңдай отырып, адам одан рухани азық алады.

Бәрінен де бұрын адам өміріндегі әртүрлі сәттерде, бастан кешкен күйлерін бейнелеп беретін ғажайып мүмкіндігін түсіндіруге болады.

Солдат жорықта келе жатып, ән салады. Ән оны аса көңілдендіріп, қадамын ширатады. Адам қайғырса, мұңды дыбыстар қайғысын сыртқа шығаруға көмектеседі. Музыка - адамның өмірлік серігі.

Музыканың өзіндік тамаша тілі бар. Оны түсіну үшін ең алдымен тыңдай білу керек.

Дауыс жаттығуы:

«Мен окушы баламын, әнге саламын».

Гамма тектес жаттығу жай орындалады. Әнді ырғақты қимылмен орындау ыңғайлы.

Ән үйрену: «Көбелек» әнін орындау. Музыкасын жазған К. Қуатбаев.

Ән көңілді, сергек орындалады. Әннің сөзі, әуені жеңіл,7 жастағы балалардың дауыс диапазонына лайық жазылған. Әннің әр шумағының бірінші фразасын дауыс жаттыгуы ретінде алуға болады.

  Өзіндік жұмыс:

«Танқырлық» ойыны

Ақ қанатты ...

Көк қанатты ...

Қызыл қанат ...

... келе кет.

Гүлдер, ... көктесін,

... көп келсін.

Ақ қанатты ...,

... кетпесін.

Қорыту: Сұрақтар жазылған көбелек бейнесі балаларға таратылып беріледі жауап берген окушы көбелекті тақтада ілулі тұрған гүлдің бейнесіне жапсырады.

«Кім жылдам» ойыны. Сұрақтар:

1.Музыкада қандай дыбыстар кездеседі?

2. Қандай ән тыңдадық?

3. Қандай түсті көбелектерді көрдің?

4. Олар саған қандай  көңіл күй сыйлады?

5. Қандай ән үйрендік? Әннің мазмұны не туралы?

6. «Көбелек» әні қалай орындалды?

Бағалау: «5» барлыгын дұрыс орындаса, «4» - бір 0ате жіберсе, «3» - 2-3

Қате жіберсе қойылады. Осы шкала бойынша оқушылардың өздері бірін- ооиады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19-сабақ

 Сабақтың тақырыбы: Көңілді дыбыстар.

«Күн болсам». Қ.Үбанұлы - үйрену.

«Тамаша».И.Нүсіпбаев -тыңдау.

Сабақтың мақсаты: музыканың дыбысын ажырата білумен қатар, ондағы көркем бейнені көріп, мазмұнын түсінуді үйрету. Дыбыс биіктігі туралы қарапайым түсінік беру. Музыкалық дыбыстың желісін сезінуге үйрету.

Сабақтың міндеті:

1.Әнді әсерлі бабына келтіре,дұрыс тыныс алып, үнтазалығын сақтап орыднауға баулу.

2. Ойлау  қабілетін жан жақты дамыту

3. Туған жерге деген сүйспеншілік сезімге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: Кіріспе әңгіме.

Оқулықпен жұмыс: Музыкалық әлемде адамның көңіл куйі өзгеріп тұрады. Сол сияқты музыка да түрлі көңіл күйді білдіре алады. Көңілді дыбыстар адамға күш-қуат береді, шаттыққа толы сезім сыйлайды деген ұғымды түсініп оқып шыгу.

Дауыс жаттығуы. Жоғары, жеңіл, үнді, әуезді, жылдам дыбысты жа- сап көрсету.

А, ө, ү, і дауысты дыбыстарының дұрыс айтылуын қалыптастырамыз.

Жаттығуды жай, айғайламай, дыбысты орныкты, толқытпай орындау аркасында бала даусының дыбыстық бояуын сақтаймыз және әнді орын­дау сапасын арттырамыз.

                                            Аспандағы алып доп,

                                            Жарқырайды жарық боп. (Күн)

-                        Балалар, айналаға көз салайықшы, егер Күн болмаса, біздің өміріміз қандай болар еді?

-                        Аспанның түсі қандай?

-                        Жердің түсі қандай?

-                        Күннің түсі қандай?

Осы жұмбак пен сұрақтардан кейін бала жаңа әнді жақсы қабылдайтыны сөзсіз. Әннің мазмұнын ашып, көңілді, сергек орындауға үйретеміз.

Музыка тыңдау: И. Нүсіпбаевтың «Тамаша» әні.

Ән үйрену: «Күн болсам» әнін үйрену. «Әто май» әуеніне лайықтаған Қ.Үбанұлы.

Әннің мазмұны балаларға түсінікті, қарапайым жазылған. Әнді қимылмен көрсетіп орындаған қызықты болады және балалардың ой-өрісін кеңейтеді. Шығарма мазмұнын түсінген бала Күн туралы әнді толғана, үлкен сезіммен орындайды. Ән әсерлі болу үшін, дикцияға көңіл бөлу керек. Әннің фразалық құрылысын талдап, дұрыс тыныс алуға үйретеміз. Жеке дыбысты әндете, созып айтып, баланың қайталауын талап етеміз. Бүл жерде бала дыбысты дәл айтуға, есту қабілетін арттыруға, ән әуенінің көтерілу бағытын аңғаруға талпынады.

Дидактикалық ойын - «Нұрлы күн».

Күнді сипаттайтын сөздер ойлап жаз.

Тақырып тұрғысында сұрақтар қойылады.

Қортыу:тәрбиесі мен оқушылардың қабілетіне карай дәптерге жұмыстар орындауға болады.

 

 

20-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Мұңды дыбыстар.

«Мұңды ән» Б. Жүсіпәлиев-тыңдау.

«Маңмаңгер». Дқан cepi - үйрену.

Сабақтың  мақсаты: Оқушылардың ән айту дағдысын қалыптастыра

Отырып, көңілді және мұңды дыбыстар туралы білімдерін кеңейту. Оқушыларды өз беттінше  жұмыс жасауға дағдыландыру.

Сабақтың міндеті:

1. Сөздік қорларын байту, әстетикалық білім беру.

2. Оқушылардың жылдам ойлау кабілетін, белсенділігін, есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу.

Сабақ  барысы:

Алдыммен кіріспе әңгіме өткізіп, музыка адамның әртүрлі көңіл күйін, сезімдерін білдіретінін түсіндірген жөн.

               Өмірде адамдардың мінез-құлқы әрқалай болып келеді. Тіпті бірадамның өзі  көңіл күйіне байланысты бірде көңілді, жайдары болса, енді бірде жабырқап, мұңға батып жүреді. Сол сияқты музыкалық шығармалар да көңілді немесе мұңды болатынын түсіндіре отырып, күйсандықта әр түрлі музыка ойнап, сұрақтар коюға болады.

Музыкалық ойын - «Менің көңіл күйім». Арнайы тапсырмалар беріліп тексеру жұмыстары жүргізіледі. Оқушыларды 3 топқа бөледі. Әр топтың оқушылары өзіне бөлінген суреттегі адамның көңіл күйін

 

                   Дыбыстар

Көңілді                                              Мүңды

Музыка тыңдау. «Мұңды ән». Музыкасын жазған Б. Жүсіпәлиев. «Мұңды ән» әнінің дыбыс желісі ақырын, асықпай, бір сарынды орын далады.

Әннің мазмұнына байланысты сүрактар:

-                        Тыңдаған шығарманың көңіл күйі кандай деп ойлайсың?

Музыка әлемінде мұңды дыбыстар кездеседі.

Мұңды музыка тыңдаған кезде адамның көңілі түсіп, жабырқайды мұңаяды.

«Аулың кайда?» дауыс жаттығуын екі топка бөліп орындату. Музыкалық ырғақ дағдыларына, әмоциялық әсерге бөленушілікті жетілдірул арналган жаттығулар музыкалық образдың сипатын, шығарманың құрылымын ашуына зор ыкпал етеді. Сондыктан осындай іс-әрекеттер арқылы баланың музыкалык шеберлігі шыңдалады.

Ән үйрену. «Маңмаңгер». Ақан сері. (Қысқа қайырым.)

Ақан сері—халықарасынатанымал, Көкшетау өңірінен шықкан атақть: әнші-композитор. Дарынды өнер иесін халык «сал», «сері» деп атаған, Ақан сері керемет әншілігімен қатар, суырыпсалма ақын болған.

Балалар назарын Ақанның атының көркіне, маң-маң басқан жүрісіне аударып, әннің «Маңмаңгер» аталу себебін түсіндіру қажет. «Маңмаңгер- дің» әр сөзі аттың касиетін айкындай түседі. «Маңмаңгер» әнінен қысқа қайырым орындау осы әннің есте үзақ сакталып қалуына көмектеседі. Ақан серімен қысқа танысудан кейін «Манмаңгер» әнін тыңдату.

Жаңа такырыпты, ұғымды меңгеру мақсатында түрлі сүрақтар мен тапсырмалар орындалады.

1.                     Әннің көңіл күйі қандай?

2.                     Әннің мазмұнын мәтініне карап ажыратуға бола ма?

3.                     «Маңмаңгер» әнін дыбыс биіктігімен орында.

Қорыту: «Алтын қоржын» ойыны.

-                        Балалар, бізге сый қоржынымен қуыршактар келіп қапты. «Алакай» коржынының ішіндегі музыкалык тапсырмаларды орындайык.

1.                     Тыңдаған екі музыканың көңіл күйі қандай болды?

2.                     Осы музыкаларды тындағанда қандай көңіл күйге бөлендің? Мүңды ма, әлде көңілді ме?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

21-сабақ

 Сабақтың тақырыбы: Музыка және табиғаттың көңіл күйі

«Сарыарқа». Құрманғазы -тыңдау.

«Кең дала». И. Нүсіпбаев - үйрену.

Сабақтың мақсаты: Жаңа такырыпты меңгеруге кажетті дағды деңгейін анықтау. Музыкалык шығармалар негізінде қоршаган орта, табиғаттуралы ой пікірін анықтау.. Балаларды әдемілікке, әсемдікке, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті:

1.музыканың мазмұнын түсінуге, қорытынды жасауға бағыттау.

2. Музыкалық сауаттылықтарын арттыру.

3. Туған жердің, еліміздің кеңдігін, сұлу табиғатын, байтақ даласын, биік тауларын, мөлдір суларын бала  жүрегімен   сезіп,   оны     танып білуге, қадірлеуге  аялауға тәрбиелеу,баулу.

         Сабақтың барысы: Оқулықпен жұмыс:

«Музыка және табиғаттың  көңіл күйі» тақырыбы оқылады.

Тақырып мазмұнына сәйкес бейнелі картиналар көрсетіп, Чайковскийдің «жыл мезгілдері» шығармасынан  үзінділер тыңдатуға болады.

Тақтада ілулі тұрған  табиғаттың көрінісі, алма бағы, биік тау, ағып жатқан өзен, төрт түліктің  суреттері, далада жұмыс істеп жүрген адамдар,

Құрманғазы сағырбайұлы - казактың күйші-композиторы, аспаптық музыканың күйдің классигі. Құрманғазының бүкіл өмірі мен өнері әлеуметтікәділетсіздікпен  қанаушылыкқа, озбырлыққа қарсы күрес болыстар мен байлардың қудалауы, түрмеге қаматуы, Құрманғазыны кажыта алмады. Домбырасын кару етіп, қиындықтарға қарсы күресті,

                 Дауыс жаттығуы:

Дауыс жаттығуы кезінде дикция таза болу үшін, дауысты дыбыстарды созып айтуды керісінше, дауыссыз дыбыстарды барынша қыска орындау-

Ән балалардың  үйренуіне жеңіл, дауыс диапазонына лайық жазылған, әсем күйлер тыңдағаннан кейін  әнді үйрену балаларға қиындык туғызбайды.

Ән үйрену: И. Нүсіпбаевтың «Кең дала» әні көңілді, сергек, шат сезіммен орындалады,  Әннің мазмүны қарапайым сөздермен жазылган, бала үйренуге жаттауға  жеңіл. Окулықтағы сурет бойынша әңгіме ұйымдастырып, . оқушыларға туған ауылын, оның әсем табиғатын, жасыл жайлауын еске түсіріп, оны әнмен жеткізуге ынталандырамыз. Әнніц ырғағын окулықта берілген сурет бойынша, аспаптарды ұрып ойнатып іс-қимылмен сабаққа баули алсақ, ол екі арада байланыс дами түседі Сондықтан сүйемелдеусіз, өзіне ыңғайлы дауыс мәнері мен қимылдь: өздері ойлап табады.

«Ойқозғау» сұрақ-жауап сайысы.

1.                     Ән саған ұнады ма?

2.                     Ән қалай орындалды?

3.                     Сен жазда ауылга ата-әжеңе қыдырып бардың ба?

4.                     Сенің көңіл күйің кандай болды?

5.                     Суретке қандай ат қояр едің?

Сергіту сәті:

Қозғалыссыз өмір жоқ,

Би сүймейтін бала жоқ.

«Сарыарқа» күйіне «Жорға» биі.

Шығармашмлық жұмыс:

Музыка тыңдай отырып, табиғат бейнесін суреттеу.

Сабақ соңында көңілді музыка ойнатып қойып, өздерінің калауы бо­йынша әртүрлі гүлдің суретін салғызамыз. Оқушылардың салған суреттері бағаланып, ойқозғау сұрақтары койылады.

Қорыту:

Музыкалық шығарманың мазмұны бойынша жұмыс.

-                        Суретке ненің бейнесін салдың?

-                        Табиғат бейнесін қандай бояулармен боядың?

-                        Сурет салуға музыка қалай әсер етті?

-                        Табиғат туралы музыка қандай болуы керек?

-                        Табиғат пен музыканы бөліп тастауға бола ма?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

22-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Музыка жан-жануарлардың көңіл күйін жеткізе ала ма

«Керуен». К. Дүйсекеев -тыңдау.

«Нар идірген». Халық күйі - тыңдау.

«Мысық». Б. Ғизатов - үйрену.

Сабақтың мақсаты: Окушыларға кұстардың және жан-жануарлардың табиғаттағы орнын түсіндіру барысында қоршаған орта жайындағы білімдерін дамыту. Балалардың коршаған орта мен өмір құбылыстары жөнінде түсінігін кеңейту.

Сабақтың міндеті:

9. Музыканы бейнелеу өнері сабақтарымен байланыстырып, оқу- шылардың тақырыпты толык меңгеруіне көмектесу.

10.                      Оқушының таным деңгейін дамыту. Ән айту, мәнерлеп орындау ше- берлігін арттыру.

11.                      Әртүрлі көңіл күйді сезіне білуге және мәдениетті қарым-қатынас жасауды үйрету, жақсы оқушы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың жабдыгы: күстарды бейнелейтін картиналар, таспаға жа- зылған қүстар үні.

Сабақтың барысы:

Психологиялық көңіл күй. Оқулықпен жұмыс. Қүстар мен жан-жа- нуарлар туралы қосымша кызыкты мәліметтер беру. Ондағы суреттерді, сұрактар мен тапсырмаларды пайдалану. Суреттен не бейнетаспадан көрген жан-жануарлар мен құстардын әрқайсысына жеке тоқталып, олар тура­лы не білетіндерін айтқызу.

Музыка өнері өзінің керемет дыбыстарының көмегімен табиғатты суреттейді, адамдардың көңіл күйін білдіреді. Енді музыка дыбыстарының жан-жануарлар мен құстарды да бейнелей алатынын білдік.

Музыка тыңдау: «Керуен». Музыкасын жазған К. Дүйсекеев.

Бала музыканың сырлы тілі арқылы оны терең сезіммен қабылдау үшін, музыка тыңдау ережесін үнемі еске салып отыру қажет.

Әр музыкалық шығарманы тыңдап болғаннан кейін, талдау әңгімеде сүрақтар жүйелі түрде қойылып, мүғалім баланың сөйлеуге тілегін әрдайым қолдап отыруы қажет.

Тапсырма: «Кім жылдам және алғыр».

Оқулықтағы сурет бойынша окушылар әңгіме қүрастырады.

5. Суретке қарап, тыңдаған музыкаңа кандай ат қояр едің?

6. Тыңдаған музыканың көңіл күйі туралы әңгімеле.

«Бозторғай» (дауыс жаттыгуы). Музыкасын жазған Е. Құсайынов.

Сергіту сәті. «Үшты-үшты» ойыны.

Ән үйрену: Б. Ғизатовтың «Мысық» әні жүмсақ сазды, орташа екпінде, ақырын әуенмен орындалады.

Шығармашылық жұмыс: оқулықтағы сурет бойынша әңгіме кұрастырып, баланың танымын ашамыз. Әр оқушының ойын түжырымдап, дүрыс бағдар беріп, қүстар мен жан-жануарларды дұрыс атауын қадағалаймыз.

Қорыту: «Музыкалық лото» ойыны.

Сабақтың қорытынды бөлімінде оқушылардың сабақта алған білімін түжырымдау. Окушылардың танымын, жүйелі ойын дамыту мақсатында «Музыкалық лото» ойынын үйымдастыру. Оқулықта берілгенжұмбақтардың шешімінтабу, олардың суретін салу. Картиналардды пайдаланып әңгімелеу.

Өздерінің өмірлерінен көргендерін айтқызу.

 

 

 

23-сабақ

        Сабақтың тақырыбы: Музыкадағы дыбыстар достығы.

«Достық». И. Нүсіпбаев - үйрену.

Сабақтың мақсаты: Халық әні, халық күйі, ойын, ертегі арқылы баланың ойлау, сөйлеу, тыңдау, қабылдау, тану, есте сақтау, тағы басқа қабілеттерін құдіретті музыканың сырлы тілі арқылы жеткізу.

Сабақтың міндеті:

1.                     Музыкалық образдарды сипаттауда ой, сезім, ырғақ, шығарма маз мүны, дыбыс үйлесімі, дыбыс бояуы барынша нақты, түсінікті мағлүмаі беретінін поәтикалық сөзбен, сюжетпен, ойын, би ырғағы аркылы ба- лаларга жеткізу. Ән мен күйді тыңдау барысында халық түрмысының өмірінің қыры мен сырын түсінуге үйретеміз.

2.                     Қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Ton алдында еркін тиянақты, жүйелі ой айта білуге дағдыландыру.

3.                     

4.                     Достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: Кіріспе әңгіме.

Бояулар достасса, әдемі бейнелі сурет шығады. Балалар достасса.

әдемі күлкі шығады. Ал егер музыкалык дыбыстар достасса, не болар еді? Музыкалық дыбыстар достасса, әсем музыка шығады. Музыка тілі - достық тілі. Ол үшін шекара жоқ. Достықтың, адалдықтың арқасында қандай қиындықтарды болса да жеңуге болады.

Осындай ой козғайтын сүрақтар қою арқылы тақырыпты ашамыз.

Сенің ең сүйікті әнің, музыкаң қандай?

Оқушыларға оқулықтағы суреттер арқылы берілген жағдайаттарды

талдау ұсынылады. Суретке қарап әндердің атын еске түсір.

Суреттен өздеріне таныс, үйреніп жүрген әндерінің шешімін жекелей немесе бірлесіп іздестіріп табуы тиіс.

Музыка тыңдау: Мұғалімнің қалауы бойынша, үнтаспаны қосып әдемі, көңілді музыка тыңдалады. Балалар өздерінің ой-пікірлерін айтады. Барлығын да тыңдап, түсініксіз айтылған ойды міндетті түрде дұрыс түсіндіру, жөнге салып отыру.

-                        Музыка қалай естілді?

-                        Әуені мен ырғағы үйлесіп түр ма?

              Бұл әуенге билеуге бола ма?

Композитор музыкалық дыбыстарды үйлестіріп, достастырып, осын- дай әдемі, коңілді, жайдары музыка жазады екен.

Оны тыңдаған адам куанышты, шат кеңілде болады.

Дауыс жаттығуын мұғалім өз қалауынша шағын ғана жасату.

Ән үйрену: И. Нүсіпбаевтың «Достык» әні жайдары музыка екпінінде жазылған.

Әннің жайдары сипатын нақышына келтіре орындауды, үн бір- келкілігін, дұрыс тыныс алуды қадағалау.

«Ақыл қалта» ішінен жазылған сұрақтарды алып оқимыз.

7. Қандай ән үйрендік?

8. Ән қалай орындалды?

9. Әннің мазмүны не туралы?

10.                      Әннің қайырмасын оқыңдар.

11.                      Ән неше шумақтан түрады?

12.                      Ән әуеніне билеуге бола ма?

Сергіту сәті:

Осы әнге қандай қимылдар жасауға болады?

Орнымыздан түрайық,

Қолды белге кояйық.

Оңға басты бұрайық,

Солға басты бүрайық,

Бір отырып, бір түрып,

Орнымызға қонайық.

Үйретілген би қимылдарын жасау.

 Би қимылдарын жасағанда қандай сезімде болдың?

Шығармашылық жұмыс: «Қара да, біліп ал». (Ойқозғау ойыны.)

Ал, балалар, балалар,

Қағаз бенен қалам ал.

Суретін салайық,

Қане, қандай бұл аспап?

(Домбыра аспабыиың суреті көрсетіледі.)

Ал, балалар, балалар,

Зейін қойып тыңдап ал.

Қандай әуен естідің,

Қане, кімдер таба алар?

(Үйренген әннен үзінді ойналады, не ұнтаспадан күй тыңдапады.)

 

Ал, балалар, балалар,

Қағаз бенен калам ал.

Алты әріптен тұратын,

Бізде кандай қала бар?

(Алматы қаласының суреті көрсетіледі, балалар дәптерге жазады.) Ал, балалар, балалар,

Қағаз бенен калам ал.

Екі кобыз, бір домбыра,

Қанша аспап болады?

(2+1=3, балалар дәптерге жазады.)

Қорыту:«Ойнайық та, ойлайық».

-                        «Дос», «Достық» деген сөздерді қалай түсінесің?

-                        Сенің досың бар ма?

-                        Досыңмен бірге жүргенде, сенің көңіл күйің калай болады?

-                        Досыңмен қосылып ән айтасың ба?

-                       Досыңмен қарым-катынасың қандай?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

24-сабақ

 Сабақтың тақырыбы: Сүйікті анама сыйлық.

«Айналайын ақ мамам». И. Нүсіпбаев - үйрену.

«Ана». К. Дүйсекеев - тыңдау.

Сабақтың мақсаты: Оқушының таным деңгейін байыту. Әнді мә нерлегі орындау шеберлігін арттыру. Ой-орісін, тіл байлығын дамыту.

Сабақтың міндеті:

1.                     Оқушының музыкалық талғамын ашу.

2.                     Әнге деген қүштарлыгын арттыру.

3.                     Үлкенді құрметтеуге, өнерді дәріптеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: Кіріспе әңгіме.

Ән - біздің досымыз бола ала ма? Әрине, ән - біздің мәңгі досымыз. Ән - әуені әсем, мәтіннен түратын музыкалык шыгарма. Кез келгец әннің мазмүны мен басты ойы, әдемі әуені болады. Ән адамның көңіл күйіп көтереді, күш-қуат береді, ерлікке, жаңа бастауларға жетелейді. Ән әртүрлі тақырыпта жазылады. Отан, туған жер, ауыл, қала, ана, сәби, табиғат, торт түлік, т.б.

Күйші-композиторлар жақын, жақсы көретін адамдарына арнап ән, күй шығарған. Бүлар арнау әндер мен күйлер деп аталған.

  Дүниеде адамға ең жақын адам, ең ардақты жан - АНА. Адам бойындағы барлык жақсы қасиет күннің нүрынан, ананың сүтінен дарыған.сонндыктан өнер адамдары, күйші, сазгер, әнші, биші, суретші,- ешкайсысы бұл тақырыпты тыс қалдырмаған.

      Дауыс жаттығуын әр түрлі өлеңнен алынған үзінді арқылы орындатқан тиімді.

       Ән үйрену: И. Нүсіпбаевтың «Айналайын ақ мамам» әні жұмсақ сазды орташа екпінде орындалады. Әннің тәрбиелік жағына көңіл бөлеміз.

Әннің мазмұны оқылған соң, оқулықтағы сурет бойынша әннің биіктігі жазылып, әуеніне келтіре орындалады.

«Ана өмірдің шуағы» атты шағын койылым ұйымдастыруға болады.

                   Ана

«Апа» дейміз бәріміз де аңқылдап,

«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап.

«Ана» деген - бәйтерегі өмірдің,

«Ана» деген - алтын қазық, алтын бак.

  -Түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегін әлдилеп жұбататын кім?

       -Аяғын апыл-тапыл басқанда, тұсауын кесіп қуанатын кім?

Ол шексіз мейірімді АНА!

Мақал мател  - халқымыздың ертеден келе жатқан дана сөздері. Сондықтан баланың есінде сақталып, ойында калу үшін оны оқыпберіп, мазмұнын ашу орынды.

Ананың көңілі балада,

Баланың кеңілі далада.

 

Ананың сүті - бал,

Баланың тілі - бал.

Музыканы тыңдау: К. Дүйсекеевтің «Ана» әні орындалады.

Сұрақтарға жауап беру:

 Сен ән айтқанды білесің бе?

 Әннің музыкасын кім жазады?

Әнді кім орындайды?

Қандай әндер білесіңдер?

Осы сияқты ой қозғайтын сұрақтар қою арқылы өткен тақырыптар еске түсіріледі.

 Өткен әндер жатқа орындалады.

Қорыту. «Кім ұкыпты, кім шапшаң».

Ән мазмұнына байяанысты сұрацтар мен тапсырмалар:

-                        Бізге жарық дүние сыйлаған жан кім?

-                        Сен сүйікті анаңа қандай сыйлық ұсынар едің?

-                        Әсем ән мен сурет салып анаңды қуантқың келе ме?

Сурет бойынша шағын әңгіме құрастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

25-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Көктем әуендері.

«Көктемде». Ж.Түрсынбаев - тыңдау.

«Жау-жау, жаңбыр». К. Дүйсекеев - үйрену.

Сабақтың мақсаты: Музыка мазмұнын түсініп, музыканың көркемд) құралдарын ажырата отырып, әнді әсерлі, сезіне орындауға үйрету.

Сабақтың міндеті:

1.                     Әнді нақышына келтіріп орындай алу.

2.                     Әстетикалық талғамын, шығармашылығын арттыру.

3.                     Туған жердің табиғатын аялай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың жабдығы: Көктем табиғатын бейнелейтін суреттер, бейн

таспа, күйсандык, үнтаспа, т.б.

Сабақтың барысы: Кіріспе әңгіме.

Жұмбақ:

Жыл мезгілі шуақты,

Жердің беті нұрланған.

Сайды қуып су акты,

Гүлдер өсті ырғалған. (Көктем)

Көктем көрінісін бейнелейтін суреттер бойынша жұмыс. Суре карап, ондағы көріністер бойынша әңгіме жүргізу.

Сұрақтар кою аркылы баланың танымын ашып, ой-өрісін кеңейтеміз

Музыка тыңдау: «Көктемде». Музыкасын жазған Ж.Тұрсынбаев.

-                       Музыка әуенінен табиғаттың қандай көрінісін байқауға болады? Жүмбактар шешу арқылы әннің мазмұиы ашылады.

Аспаннан домалап,

Көп моншақ төгілді.

                                                  Бусанып жон-алап,

        Терледі, көгерді. (Жаңбыр)

 

Будақ түтін түсі ашық

 Көк жүзінде тұзақтап

Қойғандай-ақ жылжымай,

Тауды өбедіі құшақтап. (Бұлт)

Ағаштарды  шайкайды,

Көзге көрінбейді.

Шарлағанда сай сайды

Бір ерінбейді   . (Жел)

     Оқулықта берілген жұмбақтарды шешіп қана қоймай, табиғат құбылстарының қай мезгілде  болатынын тауып айту керек.

Ән үйрену: «Жау –жау, жаңбыр» музыкасын жазған, К. Дүйсекеев.Әнннің шуамағымен қайырмасының орындалу ерекшелігіне көңіл бөлу. Қайырмасындағы менің әсем қалама, менің байтақ далама» сөздеріндегі он алтылық ноталарды таза аутуға көңіл бөлу.

Қортыу. Үйренген әндер мен тыңдалған муызкалық шығармалардың мазмұнына сай берілген бір дамытушылық, тәрбиелік мәні бар музыкалық ойын ұйымдастыру балаларға  ерекше әсер етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

26-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Наурыз тойын тойлайық

«Наурыз - біздің жаңа жыл». А. Меңжанова - үйрену.

«Саржайлау». Тәттімбет-тыңдау.

Сабақтың мақсаты: Ертеден келе жатқан халық дәстүрін, әдет ғұрпын, жақсылық пен ақ ниеттілікке толы бабалар дәстүрін жалғастыруі баулу. Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Ұлыстың ұлы күні айтылатын тілек, бата туралы мағлұмат беру.

Сабақтың міндеті:

1.                     Әнді мәнерлі, сезіммен орындауға баулу.

2.                     Әннің мазмұнын аша білу дағдыларын арттыру.

3.                     Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғүрпын үйренуге, қадірлеуі тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: Кіріспе әңгіме.

Қар, мұз еріп, су көбейіп,

Сай-салада ағады.

Бүршік шашып, жапырақ ашып,

Жер гүл шашақ тағады.

Қой маңырап, төл жамырап,

Жайлау малға толады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? (Көктем)

Коктем - жыл мезгілдерінің ішіндегі ең әдемісі. Күн жылынып, қа еріп, сай-саладан су ағып, ағаштар бүршік атып, табиғаттьщ жаңаратыі мезгілі. Көктемде түркі тілдес елдер күн мен түн теңелетін 22 наурыз күні жыл басы деп санап, наурыз мерекесін тойлайды.

Наурыз мерекесі күні адамдар ерекше амандасады.

-                        Ұлыстың үлы күні құтты болсын!

-                        Құт дарысын!

-                        Ұлыс оң болсын!

-                        Ак мол болсын!

-                        Қайда барсаң, жол болсын!

-                        Ұлыс береке берсін, бәле-жала жерге енсін! - деп адамдар бір-біріні жақсы тілектер айтады, кариялар дәстүрлі бата береді.

Наурыз тойында ұлттық ойындар - аркан тарту, күрес, асық ату, кок пар, теңге алу, бәйге, т.б. ұйымдастырылады. Айтыс, мақал-мәтел, жұмбақ жаңылтпаш айту жарысы болады

          Дастарқанға наурыз көже, бауырсақ, қазы-қарта, кұрт, жент, т.б. қойылады.

Оқулықтағы сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Ән үйрену: А. Меңжанованың «Наурыз - біздің жаңа жыл» әні көңілді, шат сезіммен, қуанышты, орташа екпінде орындалады.

Композитор Айымгүл Меңжанова балаларға арналған көптеген шығармаларында мектеп өмірін, оқушылардың білім ордасы мектебіне деген сүйіспеншілігін әнге қосады.

Ән биіктігін, әсіресе қайырмасындағы музыка биіктігін қол қимылымен көрсетіп, таза орындауға ықпал жасалынады.

Музыка тыңдау:

Тәттімбет Қазангапұлы шертпе күй орындау мектебінің негізін қалаушылардың бірі. Оның күйлерінде ойшылдық, терең толғаныс, сырлы сезім мол.

Тәттімбеттің «Саржайлауы» - шертпе күйге жатады. Туған жердің сұлу табиғатын бейнелейтін, ел ішіне кең тараған күй. Күйдің әсем де нәзік ырғағы тыңдаушыны бірде желпіндіріп, бірде тәтті мұңға бөлейді. Күйдің дыбыс бояуы жұмсақ, әуені нәзік естіледі. Күйді тыңдап, мазмұнын әңгімелеу.

Ақ бата

Көтерейік білекті,

Жырға бөлеп жүректі,

Бобекке бата берейін,

Ағынан айтып тілекті.

Сүйкімді бол, бал бөбек,

Табыла берсін бар керек.

Ісіңді тағдыр оңдасын,

Қайда жүрсе калыктап,

Қызыр баба қолдасын.

Жақсы жолды таңдасын,

Жаманнан тәлім алмасын,

Ата-баба дәстүрін Жаңартсын да жалғасын!

Сергіту сәті:

Наурыз мерекесі күні әртүрлі ұлттық ойындар ойналады.

Сондай ойынның бірі - «Ақ серек, көк серек».

1-топ: Ақ серек, көк серек,

Бізден сізге кім керек?

2-топ: Бәсе, бізге кім керек?

Оқу десе тым зерек,

Бізге ... деген ұл керек.

1-топ: Ақ серек, көк серек,

Бізден сізге кім керек?

1-топ: Бәсе, бізге кім керек?

Күй шерткенде шалқытқан,

Қорғасындай балқытқан,

Домбырашы ... деген қыз керек.

2-      топ: Ақ серек, көк серек,

Бізден сізге кім керек?

1-      топ: Әуендетіп ән салар

Жезтаңдай әнші... деген қыз керек.

2-      топ: Ақ серек, кок серек,

Бізден сізге кім керек?

1-      топ: Бәсе, бізге кім керек?

Желден жүйрік желаяқ,

Көптен озар оң аяқ,

Жас жүлдегер ... деген ул керек.

Осындай ойын арқылы баланың жан-жақты дамуы артып, жағымл қасиеттері пайда болуына ықпал жасалынады, көңіл күйі көтеріледі, муі калық талғамы қалыптасады.

Қорыту:

Сұрактар мен тапсырмалар.

3.                    Балалар, ән-күй сендерге үнады ма?

4.                    Наурыз тойы қандай той?

5.                    Бул тойды халық калай тойлайды?

 «Наурыз тойы салтымыз» дегенді қалай түсінесің

 

 

 

 

 

 

ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ ЖӘНЕ АСПАПТАРЫ

27-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ән және күй.

«Киіз үй». Ж. Тұрсынбаев - үйрену.

Сабақтың мақсаты: Жаңа материалдарды игеруге кажеггі білім, дағды деңгейін анықтау. Бұл сабақта музыканың сипатын ажырату, маі мүнының өмірмен байланысын түсіндіру және ән легіыің бағытын айыру туралы сөз болады.

Сабақтың міндеті: Баланьщ шығармашылық белсенділігін түрлі музыкалық тапсырмалар арқылы ояту және есте сақтау қабілеті мен ыр- ғақтық сезімдерін дамыту.

Сабақтың барысы:

Кіріспе әңгіме өткізіп, халықтық музыка мәдениеті, оның салалары, орындаушылары туралы қысқаша мағлұмат беруге болады. Халық шығармашылығы тек бұрынғы заманды ғана емес, қазіргі кезеңді де қамтиды. Яғни халық өміріндегі белгілі бір жағдайларға, оқиғаларға байланысты өзінің көңіл күйін, арман-мүддесін қосып, ән шығарған.

Қазақ халқының музыкалық мұрасы өте бай.

Халық музыкасы - халқымыздың сан ғасырлық өмірімен сабақтасып жаткан тарихын бейнелейтін замана парақтары. Халық музыкасын тудырушылар өз елінің жанашыр жаршылары. Музыканың жалпы халық мәдениетіндегі, өмір шындығын айқындап көрсетудегі алатын орнының маңызы зор.

Халық әні - авторы ұмытылған, бірден-бірге ауызба-ауыз жатталып, таралып, біздің күнге жеткен әндер.

Халық күйі - ұлттық музыкалық аспаптарға арналып шығарылган, ауызша бірден-бірге таратылып, бізге жеткен музыка.

Музыка мен өнер өзара байланысты. Музыка - өмірдің ажырамас бір бөлігі және өнердегі көрінісі.

Музыка өнері - халық тарихының шежіресі.

Халық әндері мен күйлері қазақ халқының өмір тіршілігін - адамдар мен достық, табиғат, жан-жануарлар мен құстар туралы және т.б. жырлайды.

Сабақтың таңғажайып сәті. «Қазақ ауылына саяхат».

- Балалар, сендер өздеріңді автобусқа мініп, ауылға келе жатырмыз деп сезініңдер. Жүргізуші - Айдос.

Мұғалім сұрақ-жауап арқылы «Біздің ауыл» тақырыбына әңгіме жүргізеді.

 Ауылда кімге келе жатырмыз?

 Ауылда не өседі?

 Ауылдың табиғаты қандай?

 Сен ауылды ұнатасың ба?

 Сен жайлауға бардың ба?

Таңертең ұйқыдан түрғанда табиғаттың қандай көрінісін көрдің? де­ген сияқты ойқозғау сұрақтарын қойып, шығарманың мазмүнын ашамыз және баланың сөз корын дамытамыз.

Қазақ халқының ең касиетті дүниесі - киіз үй. Киіз үй біздің ата- бабамыздан қалған. Оның ерекшелігі — бұрышы жок, дөңгелек. Алыстан аппақ болып көрінеді.?

Балалар киіз үй туралы (ак парақта жазылған) жұмбақты шешеді.

Жұмбақ

Қазша қанат жаяды, Үйрекше мойын созады, Қүсша қонады. (Киіз үй)

Ұқсайтын шеңберге,

Қабырғасы жиылып, керіледі.

Жиһазы мол кең бөлме,

Төбесінен жүлдыздар корінеді. (Киіз үй)

Бір нәрсе өзі биік, іші қуыс,

Ол заттың сүйегі коп айқыш-ұйкыш.

Көзі бар жабыркаған төбесінде,

                                     Жайса үлкен, жиналғанда бір-ақ уыс. (Киіз үй)

 

 

Ән үйрену: «Киіз үй». Музыкасын жазған Ж. Тұрсынбаев.

«Киіз үй» әнін тыңдаганда, ашық, көңілді дыбыстар естиміз.

«Киіз үй» әнінің кайырмасында кездесетін «ха-лә-лә, лә-лә, ха-ла-ла| ку-ли-ла-ла» әуенін балалардың үндестігіне жақын етіп, ыңғайлы дыбыі биіктігімен орындатылады. Бүл әдіс он үйрену кезінде баланың есту, есті сақтау қасиеттерін дамытады. Әннің әрбір сөз катары оқушының санаі сына көркем бейнені көрсетіп тұрғандай, баланың әнді тез қабылдауыні ықпал жасайды. Ән өте әсем, сазды, мазмұнды, жүмсак тембрлі. КөркеіІ бейнелі шығарма қатарына жатады. Ән әуенінде, музыкалық дыбыстарды! желісінде казақ ауылының көрінісі ерекше көркем бейнеленген.

Сабактың ең маңызды кезеңінің бірі - балалардың он айту қалпыш сактау жоне оны алғашқы сабақтан бастап дағдыландыру. Ән айту кезінді қатты айкайламай, әнді жұмсак, сазды дауыспен орындау керек.

Музыка тыңдау: «Алқоңыр». Қазақтың халык әні. (Үнтаспа)

Шығармашылық жұмыс:

Түрлі түсті сурет немесе киіз үй макетін көрсете отырып, киіз үйдіц қазак халқының өмір-тіршілігінде алатын орны туралы шағын әңгіме ұйымдастыру.

-                        Сүйегі, төбесіндегі көзі деген не?

-                        Киіз үй неден құралады? (Шаңырак] уық, кереге, түндік, басқұр, ағаш есік.)

Киіз үйдін негізі ағаштан, ал жабуы қойдың жүнінен басылған киізден жасалады. Сондыктан киіз үй деп аталған.

-                        Жазғы демалысыңда ата-әжеңнің ауылына, жайлауға бардың ба?

-                       «Наурыз» мерекесінде құрылған алты канат ак боз үйдің ішіне кірдің бе?

-                        Киіз үйдің өзің көрген жасаулары мен ішкі жиһаздарын атап бер.

Бұл заттар тек тұрмысга пайдаланатын зат емес, ата-бабамыздан кал­ган асыл мқра екенін дәріптейміз.

Қорыту. Жауап берген балаға кағаздан жасалған гүл береміз. Осылай сұрақ біткенде, қыздардың және ер балалардың гүлдерін санап, жеңген топты аньқтаймыз немесе «Айгөлек» ән байкауын өткізіп, үйренген әндерді кайталаймыз. Бұл жерде де ән айтқан балаға гүл беріп, шапалақ ұру арқылы, баланың ынтасын, шығармашылығын, ұяңдығын, белсенділігін ашамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Домбыра сыры.

«Кеңес». Қазақтың халық күйі - тыңдау.

«Домбыра». Ә. Еспаев - үйрену.

Сабақтың мақсаты: Күй ерекшеліктері туралы түсінік беру. Түрлі сипаттағы музыканы тани білуге ынтасын арттыру. Музыкалык шығар- малардағы бейнені түсініп, қабылдауға үйрету.

Сабақтың міндеті:

-                       Музыканың бейнелеушілік қасиетін ажыратуға, музыкаға сәйкес би қимылдарын жасауға үйрету.

-                       Динамикалық есту қабілетін арттыру. Әнді әдемі сезіммен орындауға баулу.

-                       Өткен сабақта алған білімін тереңдетіп, тыңдаған, орындаған халық эні мен халық күйлерін еске түсіру, дэріптеу, үгындыру.

Сабақтың көрнекілігі: Суретті тест, түрлі түсті суреттер, буклет көрсету арқылы балалар домбыраның түрлері, оның кұрылысы, шығу та- рихы туралы қысқаша маглүмат алады.

Сабақтың барысы: Кіріспе эңгіме.

Домбыра - қазақ халқының арасында кең тараған екі ішекті музыкалық аспап.

Күй - жеке музыкалық жанр болып қалыптасқаннан бастап, домбыра аспабы қоса дамып келеді.

Сабақты күй тыңдаудан бастаған дұрыс. Өйткені әдемі ән мен күй баланың көңіл күйін, сезімін оятады.

Музыка тыңдау: Қазақтың халық күйі «Кеңес».

Күйде ән сияқты белгілі бір тақырып - туып-өскен жеріне, табиғатқ күнделікті тіршілік-тұрмысына және өмір қүбылыстарына деген адамны өзіндік көзқарасы бейнеленеді. Айырмашылығы - күйде сөз мәтіні болмайды.Сондықтан күйді аспаптық музыкаға жатқызамыз. Ол тек бір аспапта немесе оркестрде орындалады. Осы мақсатта қазақтың халық күйі «Кеңес тыңдалады. Өткен күйлер мен күйшілерді еске түсіреді. Күй көлем; шығарма, оны қабылдау, әнге қарағанда күрделірек. Сондықтан оны дұрыс қабылдау үшін, алдымен мазмұнымен танысып, зейін қойып тыңдауға осы бастан дағдыландыру керек.

Күйдің сипатына назар аударылады. (Кең тынысты, динамикалы бояуға бай.)

Ойлан, man!

1.                     Бүл шығарма музыканың қай түріне жатады?

2.                     Күй қандай аспапта орындалды?

3.                     «Кеңес» күйінің ыргағын қолыңмен шапалақтап көрсет.

4.                     Тағы қандай халық аспабын білесің?

Күй орындалғанда оқушылар колдың қимылымен домбырада шертіі ойнауды бейнелейді.

5.                     Шығарма (күй) бір аспапта орындалды ма?

6.                     Қандай аспаптың даусын, қандай дыбыстарды естідіңдер? /Қатты, даңғырлаған, естілмейтін, жылдам, коңыр, көңілді, көңілсіз, сезімді, жү\ сақ, жай/.

Оқушылар жүмбақ шешіп, берілген тапсырманы орындаса, бүгіні өтетін әннің тақырыбын да өздері хабарлайтынын айтады.

Жұмбақ                                Тиіп кетсе ән салған,

                            Даусына ел тамсанған. /Домбыра./

Ән үйрену: «Домбыра». Музыкасын жазған Ә. Еспаев.

1.                     Әннің мазмүны не туралы?

2.                     Әуені саған үнады ма?

Балалардың жауабын мүқият тыңдап, олардың сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуіне мүмкіндік береміз.

Музыкалық үзіліс. (Сергіту сәті)

Домбырамен билеу.

Қатысушылар 4 ұл бала, 4 қыз бала немесе топпен.

1.                     Бір қатарда домбыра үстап түрады.

2.                     Екіге бөлініп немесе жүп-жүбымен түрады. Қарама-қарсы түрыи оңға, солға бүрылып, домбыра шерту қимылын жасайды.

3.                     Орындарын ауыстырып, сол қимылды қайталайды.

4.                    Содан соң барльны жарты шеңбер жасап ту рады.

5.                     ¥лдар отырып, қыздар айналады.

6.                     Жұп-жұбымен орындарына келіп, тізелерін бүгіп, қарама-қарсы жарты шеңбер жасап, домбыра ойнау қимылын жасап, бір-біріне сәлем жасайды.

Шығармашылық жұмыс:

1. Егер дұрыс тапсаң, қазақ ұлт аспабының аты шығады. аоыдмбр

Жұмбақ Екі желілі,

Күйдің көрігі. (Домбыра)

Жаңылтпаш           Домбыраның құлағын

            Оң бүрадым,

                                 Он бұрадым

Қорыту.

«Домбыра» сөзжұмбағын шешу.

Шулы және музыкалық...

Түйенің төлі.

Ән, әуен, ырғақ.

Ақ қанатты, кек қанатты ...

Ұлыстың ұлы күні.

Атақты күйші.

Құрманғазының күйі.

 

 

 

 

Д

Ы

Б

Ы

С

 

 

 

 

 

 

Б

О

т

А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

м

У

3

Ы

К

А

 

 

 

 

К

Ө

Б

Е

Л

Е

к

 

 

 

н

А

У

Р

Ы

3

 

 

 

 

 

 

 

Қ

¥

Р

м

А

Н

Ғ

А

3

Ы

с

А

р

Ы

А

р

Қ

А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

29-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қобыз сарыны.

«Жезкиік». Ыкылас Дүкенұлы - тыңдау.

«Моншақтар». К. Қуатбаев - үйрену.

Сабақтың мақсаты: Ән айтып, күйді тыңдау барысында музыкань қыр-сырын түсінуге үйрету. Музыкалык шығарманы талдауда, музыкаль бейнені сипаттауда өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

Сабақтың міндеті:

1.                     Ән айту дағдыларын сактауға үйрету.

2.                     Есту, есте сактау кабілетін жетілдіру.

3.                     Туған жерге, елге, табиғатка сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың барысы: Кіріспе әңгіме.

Қобыз - қазақтың ішекті музыкалық аспабы. Қобыз аспабын ертел бақсылар ойнайтын болған. Олар қобыз аспабының ауру адамды сыр қатынан айыктыратын сиқырлы қасиеті барына сенді. Қобыздың үні естіген жан оның тілін бірден түсінеді. Қобызда кез келген адам орында алмайды. Оны орындау үшін әбден машықтану кажет. Қобызды ысқышпен ысып орындайды. Қобызда орындайтын адамды - кобызшы деп атайды.

Ықылас Дүкенұлы - атадан балаға мұра болып келе жатқан қобызшьлар әулетінен шыкқан күйші сазгер. Өз әкесі Дүкен де, оның әкесі Алтынбек те аскан қобызшы болған. Ықылас Қорқыттан калған дәстүрлі қобы тартуды қайта жаңғыртып, жандандырды.

Ертеден келе жатқан кобыз үнін бүгінге жеткізушілердің бірі болған Ықылас - «Айрауық», «Ақку», «Асанкайғы», «Ерден», «Бозторғаш «Қаскыр», «Саржан төре», «Шақыру» сынды күйлер калдырған ірі композитор.

Музыка тыңдау: Ықыластың күйі «Жезкиік».

Өзінің бір сапарында Ықылас бостандыктың бейнесі, кең даланың мақтанышы мен сұлуы жезкиік туралы әңгіме естиді. Аңшылардың ұғымында жезкиік жас нәрестесін аман-сау өсіру қамын ойлаған анаға ұқсас.

Ол тау-қүздың төбесінде еркін секіріп, кең даланың төсінде ойнақтайды. Өзін жыртқыш аңдардан аман сақтайтын, айналадағы өсімдікке ұқсайды. терісінің әсем бояуымен мақтанады. Жезге ұксас түсі күнге шағылысып, аңшыға дұрыс көздетпейді, сондықтан ол кең далада ұзақ өмір сүреді.

«Жезкиік» күйінде композитор өз ойын, сезімін бейнелейді.ол өз халқының бостандығын көздейді, жарлы-жақыбайлардың қанаудан құтылатын, дала жырткыштарын түсайтын күнді арман етеді. «Жезкиік»

күйі оптимистік шабытқа толы, бостандық туралы патетикамен ұштасады. Балалар мүғалімнің көмегімен куйді тыңдап, анықтайды.

Сурақ - жауап.

-                        «Жезкиік» күйінің жылдамдығы қандай?

-                        Күйдің көңіл күйін ажырату.

-                       Күйдің әуені мен суреттегі киіктің бейнесін салыстыр.

-                        Киіктің суретін сал.

-                       Күйдің мазмұнын есіңе түсір.

«Ақыл қалта» айдарымен берілген жүмбақты шешу.

Күнсайын Қуатбаев - «Жұлдыздарға жол», «Моншақтар», т.б. эн жинақтарының авторы. К. Қуатбаев казақ балаларына музыкалық тәрбие беруге, балалардың эстетикалық талғамын жан-жақты дамытуға зор үлес қосқан композитор.

Ән үйрену: «Моншақтар». Музыкасын жазған К. Қуатбаев. Сөзін жазған Қ.Толыбаев.

«Моншақтар» әні балалардың үйренуіне жеңіл, ән әуенінің қозғалысы дауыс диапазонына ыңғайлы, шаттана, көңілді орындалатын ән.

Ән үйренбес бұрын ән айту дағдыларын еске түсіріп, одан әрі бекітеміз. Денені тік, еркін үстау, орындықтың шетіне түзу отырудың бала омыртқасының дүрыс дамуына әсері зор.

Әнді оқушыларға таныстыру.

Әсерлі орындап шығу.

Сөздерін, мазмұнын талдау.

Әндік жаттығулар.

Сергіту сәті: «Биле, биле».

Домбыраның күйіне Қане биле, балақан.

Қосылайық биіңе,

Шапалақтап алақан.

Биле талдай бұралып,

Қанатың қақ қаз болып.

Өнеріңе қуанып,

Қол соқсын ел мәз болып.

Ойын арқылы домбыра, қобыз, дауылпаз аспаптарының үні, орындау қимылы еске түсіріледі.

Қорыту: «Жеті ғажайып бақ» ойыны.

Ойын мақсаты: Сұрақтарға дұрыс жауап беру.

     Ойын шарты: Кестедегі санды тауып, сол санның сұрағына жауап беру.

1

2

3

 

7

 

4

5

6

 

Қойылатын сұрақтар:

1.                     Қандай шығарма үйрендік, оның авторы кім?

2.                     Әннің мазмұны не туралы?

3.                     Ән қандай сипатта орындалады?

4.                     Жылдам әлде ақырын орындала ма?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

30-сабақ

Сабақтың тақырыбы:Шертер, Шаңқобыз.

«Сылқылдақ». Тәттімбет –тыңдау.

Сабақтың мақсаты: халык аспаптық музыкасымен тереңірек таныстыру. Аспаптардың дыбыс тембрін ажыратуға үйрету. Музыкалық қабілетін арттыру.

Сабақтың міндеті:

1.                     Түйінді ой айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыра білуге жетелеу.

2.                     Шығармашылык ізденісін, білім мен дағдысының деңгейін аныктау

3.                     Шығарманы тыңдай білуге, әнді мәнерлі, әсем сазды орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақтың ұлттык аспаптарының суреті, күй сандық, ән-күй таспалары. Күйші-сазгерлердің портреті.

Сабақтың барысы: Шертер - қазақ халқының тағы бір көне музыкалық аспабы.

Оқулықпен жұмыс: Шертер аспабы туралы анықтама оқылады. Шер­тер - үш ішекті, шертіп ойнайтын көне аспап. Шертердің шанағы терімен қапталады. Шертерді көбіне мал бағатын бақташылар тартатын болған. Бұл аспаппен дала әншілері мен жыршылары ән айтканда өз әндерін сүйемелдейтін болған. Бұл күнде көне аспаптың көмейінен күй төгіліп, кайта жаңғырды, жетілдірілді. Шертердің ішектері күйге келген сайын қазақтың дархан даласы көзге елестеп, желпіген самал желі жусан иісін жеткізетін сияқты.

Шаңқобыз - қазақтың көне музыкалық аспабы. Ол темірден, ағаштан, кейде күмістен жасалады. Шаңқобызда ойнағанда оны тістеп тұрып, кішкене темір тілшігін козғау арқылы дыбыс шығарады. Дыбыс бояуы /тембрі/ өте әсем эрі нэзік, екі дауысты ән тыңдағандай эсер береді.

Музыкалық ойын - «Күйді тап».

Үнтаспада өздеріне таныс күйлерден үзінді тыңдалады.

Оқушылар қандай күй екенін, қандай аспапта орындалғанын ажыратады.

Тәттімбет Қазангапулы - шертпе күй өнеріндегі ең ірі, көрнекті күйші-композиторлардың бірі. Тәттімбет өз дэуірінің көкірек көзі ашық азаматы ретінде элеуметтік өмірге өз көзқарасын білдіріп, музыка тілімен үн қатып отырған композитор.

Тәттімбет күйлері бүгінгі күнге атақты күйші Әбікен Хасеновтің орындауында жетіп отыр.

Тәттімбеттің қазақ күйі өнеріндегі шоқтығы биік «Бестөре», «Былқылдақ», «Қосбасар», «Қоянды», «Көкейкесті», «Саржайлау», «Сылқылдақ», «Тепеңкок», «Терісқақпай», т.б. күйлері ғасырлар бойына сан ұрпақтың таңдаулы рухани азығына айналып келеді.

Сылқылдақ. Бірде Тәттімбет ел аралап келе жатып, ат басын жолда кездескен бір қыздың үйіне тірейді.

Тәттімбет төрге жайғасып отырғаннан кейін қыз төсегінің басында ілулі тұрған домбыраны көреді. Ол қыздың домбырашы екенін бірден сезеді.

Дастарқан жайылып, шай ішіліп бола бере Тәттімбет: «Қарындасым, анау домбыраға қол жалғап жіберші», - деп қыздың домбырасын сұрайды. Қыз домбырасын қолына алып, Тәттімбетке бірден бере салмай: «Сізді жұрт асқан домбырашы дейді. Әуелі ауылдың алты ауызын тыңдаңыз. Мүмкін күй тартыспай-ақ жеңілгендігіңізді мойындай саларсыз», - деп қалжыңдап, бір күй тартады.Содан кейін Тәттімбет қыздың домбырасын алып, өзі бір күй шертеді. Күй тартысы басталып кетеді. Қыз бен Тәттімбет бірін-бірі жеңе алмайды. Тәттімбет кәдімгідей саса бастайды. Қыз отыз тоғыз күй тартады.

Сол кезде Тәттімбет аяғындағы етігін шешіп тастап, башпайының қырымен бір күй тартады. Жұрттың алдында жалаң аяқ күй тартуға батылы бармаған қыз әрі қонақты сыйлап: «Ағеке, жолды сізге бердім. Жеңілдім», - дейді.Сонда Тәттімбет: «Қарындасым, өнерің үстем болсын. Сылқылдаған күлкің, сабырлы мінезің мен ақылыңа арнап, күйдің атын «Сылқылда койдым. Осы күй саған арнаған сыйым болсын», - дейді. Сонда Тәттімбеттің қызға арнап шығарған қырқыншы күйі осы «Сылқылда» екен.

Музыка тыңдау: «Сылқылдак». Тәттімбет. Күй көлемді шығарма әнге карағанда күрделірек. Сондықтан оны дұрыс қабылдау үшін алдымен мазмұнымен танысып, зейін қойып тыңдауға дағдыландыру керек.

Сұрақтарга жауап бер:

1.                     Тәттімбеттің қандай күйін бұрын естіп, таныстың?

2.                     «Сылқылдақ» күйінің көңіл күйі қандай?

3.                     Күйді тыңдағаныңда көз алдыңа кандай бейне келеді?

4.                     Тәттімбет қыздың домбырашы екенін қалай біледі?

5.                     Тәттімбет қызды қалай жеңеді?

6.                     Тәттімбеттің кызға арналган күйі қалай аталады?

Төмендегі атақтарға лайыктылар анықталады.

1. Зейінді бала. 2. Ойы үшқыр бала. 3. Тапкыр бала. 4. Ақылды бала.

5.                    Алғыр бала, т.б.

Ибрагим Нусіпбаев - әуесқой композитор, қазақ балаларына эстетикалық тәрбие беруде көп еңбек еткен адам. Одан білім алған шәкірттернің көбі музыканы оздерінің мамандығына айналдырып, белгілі әнші дирижер, композитор болды. И.Нүсіпбаев 150-ден астам балалар әндері жазды. Оларда мектеп өмірі, еңбек, достық туралы жырланады.

Композитордың «Сүйікті мектебім», «Жомарт өлке», «Саяхат жыры> «Айналайын ак мамам», «Май жыры», «Достық» т.б. әндерін балалар ереше сүйіп орындайды.

Қорыту.

1.                     Шертер мен шаңқобыз аспаптарын өзара салыстыр, ерекшеліктерін әңгімеле.

2.                     «Сылкылдақ» күйін тыңдағанда қандай музыка аспаптарының дауысын естідің?

3.                     Шертер мен шаңқобыздың суретін сал.

Үй тапсырмасы.«туған жерім» такырыбына шағын әңгіме жаз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

31-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жетіген.

«Қосалқа». Дәулеткерей - тыңдау.

«Қурай». Е. Құсайынов - үйрену.

Сабақтың мақсаты: Аспаптық музыканың даму ерекшелігі туралы түсінік беру. ¥лттық музыканы сүюге, үйренуге, тыңдай білуге баулу. Оқушылардың ән-әуенге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың міндеті:

12.                  Өткен замандағы және бүгінгі таңдағы халық өмірінің байланысын түсіндіру.

13.                  Көркемдік талғам мен шығармашылық ізденіс дағдыларын дамыту.

14.                  Қазақ халқының ұлттық аспаптары туралы түсініктерін тереңдету, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабактың барысы:

Оқушыларды түгендеп, үй тапсырмасы тексеріліп, оқушылардың білімі бағаланады. Бұл әдіс арқылы баланың талабын ашамыз, кемшіліктерін жоюға көмектесеміз.

Оқулықпен жұмыс: Суреттегі жетіген аспабымен таныстыру.

Жетіген - қазақтың көне музыкалық аспабының бірі. Саусакпен теріп ойналады. Жеті ішегі бар. Жетіген аспабына арналған күйлер көп емес, бірақ халық арасында кең таралған. Жетіген аспабында орындау белгілі бір даярлықты талап етеді. Себебі оның ішегі баска аспаптарға қарағанда көбірек. Әр ішектен дыбысты шығару үшін, олардың орналасуына мән беру керек.

           Жұмбақ

Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,

Әуезінен жеті тарау мүң шығар.

Ойнап кетсең, түрлі-түрлі жыр шығар,

Бұл қай аспап?  (Жетіген)

Алдыңғы сабақта өтілген материалдарды бекіте отырып, Дәулеткерей Шығайұлымен танысамыз. Күйшінің өмірі мен шығармашылығы туралы әңгіме окушылардың күйді түсінуіне ықпалын тигізеді.

Дәулеткерей - XIX ғасырдың басында батыс өңірінде дүниеге келген қазақтың ұлы күйші-композиторы. Дәулеткерей атақты хан тұқымынан шыккан, төре. Бірақ ол төрелік билікке қызықпай, күйшілік өнерге жақын болды.

«Төре күйлерінің атасы» атанған Дәулеткерей өзінің әрбір күйін айрықша талғаммен, ерекше сұлулықпен сомдаған. Оның кез келген күйі табиғаттың өзіндей табиғи, әсем сазымен, ойлы да сыршыл сезіміммен қайран қалдырады.

Музыка тыңдау: Дәулеткерейдің күйі «Қосалқа».

«Қосалқа» халыққа кеңінен таныс күйлердің бірі. Оның 3 түрі ба Дәулеткерей өз күйінде сұлу қыздың бейнесін, оның әдемі жүрісі алқаның сылдырын бейнелеген.

«Қосалка» күйін тыңдап, шығарма туралы әңгімелесу окушыларди күй жөнінде, оның мазмұны түрліше болатыны жөнінде түсінігін кеңейі түседі.

Сұрақтар:

-                        Дәулеткерей кім?

-                        Дәулеткерейдің ата-тегі кім болған?

-                        Дәулеткерей «Қосалқа» күйін кімге арнаған?

Ән орындау: «Қурай». Музыкасын жазған Е. Құсайынов. Сөзін жазған А. Асылбеков.

Тапсырма: «Қурай» әнін өзің білетін аспаптарды (домбыра, жетіген шаңкобыз және т.б.) еске түсіре отырып орындау.

Қорыту. «Әнші болғым келеді» ойыны үйымдастырылады.

 

32-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Үрлемелі және ұрмалы аспаптар.

«Тайтұяқ пен асатаяк». А. Райымқүлова - үйрену.

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының көне аспаптарының шығу тарихын есте сақтауға баулу. Аспаптың үнімен, сыр-сипатымен таныстыру. Халық музыкасына деген сүйіспеншілігін арттыру. Есту, есте сақтау ырғақты сезіну қабілеттерін дамыту.

Сабақтың міндеті:

1.                     Оқушыны сөйлеуге, ойын тұжырымдап айтуға үйрету.

2.                     Музыканың адам өміріндегі маңызын терең түсіну.

3.                     Адамгершілікке, әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу.

Сабақтыц көрнекілігі: Музыкалық аспаптар, күйсандық, үнтаспа, буклет, түрлі түсті сюжетгі суреттер.

Сабақтың барысы: Кіріспе зңгіме.

Қазақтың музыкалық аспаптарының тобына - үрлемелі және ұрмалы аспаптар жатады. Үрлемелі аспалтарға - үрлеп ойнайтын сыбызғы, саз- сырнай аспаптарып, ал үрмалы аспаптарға ұрып ойнайтын - дабыл, дауылпаз аспаптарын жатқызамыз.

Сыбызғы - үрлемелі аспаптардың бірі. Ол қамыс-қурайдан, ағаштан, жезден жасалады. Оның құрылысы шанақ, өзек, ойықтан тұрады. Бармақпен басатын бірнеше тесігі болады (үш, төрт, бес). Өзектің ішіне бағытталған ауа тербеліп, жаңғырып, дыбыс шығарады.

Сазсырнай өте ерте заманда пайда болған үрлеп тартылатын аспап. Оларды қамыстан, аңдар мен құстардың сүйегінен, мүйізінен, саздан және кейбір жұмсақ тастардан жасайтын болған. Шанағына жел үрлеп, ойықтарды басса, түрлі дыбыс шығады.

Дауылпаз         ұрып ойналатын көне музыкалық аспап. Жаугершілік

заманда шабуылға шығу немесе ұрысты тоқтату, халықты бір орталыққа жинау мақсатында қолданылған. Ел ішіндегі той-томалақта бәйге, қыз қуу, көкпар ойындарыпа «баста», «тоқта» дегенді білдіру үшін пайдаланылған.

Тайтұяқ казақ тұрмысында ежелден бар музыкалық аспап. Жаңа сойылған жылқының тұяғын кесіп алып, суға қайнатады. Тұяқтың ішкі сүйегі босап, сыртқы қабығы бөлектенеді. Оның ішін әбден тазартып, күнге кептіреді. Қолға ұстауға ыңғайлы болу үшін, белдеуше бау тағады.

Асатаяқ - ұрып ойнайтын кене музыкалық аспап. Шанағының ішіне темірден жасалған сылдырмақ теңгелер ілінген. Музыканың ырғағына қарай сілкіп ойнағанда, одан біріне-бірі ұласқан сыңғырлаған нәзік үн шығады.

Дабыл - ерте заманнан келе жатқан ұрып ойнайтын аспаптың бір түрі.

Ол барабан тектес ұрып ойналатын ұлттық аспаптың ішіндегі ең көнесі. Ағаш шеңбердің екі жақ бетіне тері керіліп қапталады. Ағаштан немесе кайыстан жасалған тұтқасы бар. Дабыл шабуылға, бейбіт күндері мейрамға шақырғанда, аң аулауға шыққанда ойналған. Мұны «дабыл қағу» деп атаған.

Сергіту сәті:

Көңілді музыкант

Домбырада мен ойнаймын: дың, дың, дың,

Қозы, лақтар би билейді: дың, дың, дың.

          Енді ойнаймын қобызда: зың, зың, зың.

Ботақандар би билейді: зың, зың, зың.

Енді ойнаймын дауылпазда: дұң, дұң, дұң.

Төлдер састы, тұра қашты: дұң, дүң, дүң.

Ән үйрену. Тайтұяқ пен асатаяқ.

Музыкасын жазған А. Райымқұлова. Сөзін жазған А. Асылбек. Шыгармашылық жұмыс: «Қандай аспап?» ойыны.

Сыбызғы, сазсырнай дабыл, тайтұяқ пен асатаяқ, дауылпаз аспаптарының үнін тыңдап, ажыратамыз.

Қорыту: Ойлан, тап!

Қай аспап қай  топқа жатады?

Аспап

түрлері

Шертпелі

Үрлемелі

ұрмалы

Ысқышты

Домбыра

+

 

 

 

Сыбызғы

 

+

 

 

Жетіген

+

 

 

 

Даңғыра

 

 

+

 

      Сазсырнай

 

+

 

 

Шертер

+

 

 

 

Дабыл

 

 

+

 

Қобыз

 

 

 

+

 

Жүмбақ

                             Көкшіл айна үйдегі,                           ]

Көрсетеді киноны.

                                                                              (Теледидар)

Теледидардан қазак ұлттық аспаптары жөнінде бейнефильм көріп тамашалаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

33-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Оркестр.

«Біздің оркестр». Т. Қоңыратбаев - үйрену.

«Ата толғауы». Н. Тілендиев - тыңдау.

«Шалғындағы бақбақ». Т. Қоңыратбаев - орындау.

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының күйі мен аспаптық музыкасы жайлы нақты да тиянақты білім беру. Музыкалық ырғақты сезініп, есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың міндеті:

1.       Өмірдің сан алуан құбылыстарын музыка арқылы жеткізудің түрлі тәсілдерін талдай білуге баулу.

2.       Музыкаға деген сүйіспеншілігі мен құштарлығын арттыру.

3.       Халық музыкасына деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Сабақтың жабдығы: Қазақтың үлттық саз аспаптары, күйсандық, үнтаспаға жазылған музыкалық әуен, т.б.

Сабақтың барысы:

Ән үйрену: Біздің оркестр. Музыкасын жазған Т. Қоңыратбаев. Сөзін жазған А. Асылбек.

Ән үйретуді бастамас бұрын шығарманы дұрыс түсініп, қабылдау бағытында дайындық жұмысы жүргізіледі. Ән сөзінде қандай аспаптар айтылады? (Дауылпаз, даңғыра, сыбызғы, ысқырық, домбыра, сырнай).

Әнді орындау кезінде, әннің мазмұнына орай балалар аспаптарда ойнау кейпін, немесе би қимылдарын жасауға болады.

Жаттығу ретінде әннің өзін пайдаланып, ең алдымен оны дыбыс сарынын үзбей, үнемі жалғастыра, ерінді шеңберлей жинақылап, әдемі үнмен «ля» буынымен айтқызамыз. Әннің жүрдек, көңілді сипатын нақышына келтіре орындауды, үн біркелкілігін, дұрыс тыныс алуды қадағалауды ұмытпаған жөн.

Ойлан, man!

13.                      Ән не жайында? Аспаптар жайында./

14.                      Әннің сипаты қандай? /Көңілді, жарқын./

15.                      Екпіні ше? /Орташа, асықпай./

16.                      Ән неше шумақтан тұрады?

Музыка тыңдау: «Ата толғауы». Н.Тілендиев.

Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» күйін тыңдау барысында балаларды таңғажайып дүниеге саяхатқа шақырамыз. Күңіреніп шыққан домбыраның, қобыздың, сазсырнай, сыбызғы, жетіген, шаңқобыз, дабыл аспаптарының сикырлы үнінен терең толғау, сырлы сарын, әсем саз естіліп тұратынын балаларға түсіндіреміз.

Домбырам, тағы жырлашы,

Сұңқардай көкке самғашы.

Күмбірлетіп күй төксем,

Туған елдің арқасы.

Қазақ жерінің сүлу табиғатын, түрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін бейнелейтін әдемі күй. Күйді тыңдай отырып, музыкалық және шулы аспаптардың дыбысын естуге болады. Мысалы: домбыра, қобыз, шаңқобыз, тайтүяқ, дабыл, жетіген, сазсырнай, үскірік.

Тапсырма: «Ата толғауы» күйін тыңдаған кезіңде әр аспапты дыбы- сына қарай ажырат. Күйдің кіріспесінде ең алдымен түсетін музыкалық аспапты ата.

Нұргиса Тілендиев - белгілі композитор, дирижер, он саусағынан өнері тамған күйші-домбырашы. Ол - бар дүниеге қазақтың көзімен қарап, қазақша ойлайтын және сол үнде музыка жазатын композитор. Оның қолдары буынсыз бишідей домбыра пернелерін қуалап, қос ішегін ілген сайын жүректің нәзік қылдары мың сан сезімге оралады.

Сергіту сәті:

«Қандай аспап?» - Музыкалық қимыл ойын.

Кел, балалар, ойнайық,

Ойнайық та ойлайық.

Қандай аспап тембрі Ажыратып алайық.

Қимылмен аспап ойнауды келтіру. (Домбыра, қобыз, сырнай, форте­пиано, сыбызғы, т.б.)

Ән орындау: «Шалғындағы бақбақ». Музыкасын жазған Т. Қоңырат- баев. Сөзін жазған Қ. Жұмалиев.

Ән қуанышты, сергек, ашық дыбысты, көңілді орындалады. Ән кейіп- кері табиғат қүбылыстарына балалык көзбен қарайды, яғни өсімдікке жан бітіріп, сонымен тілдеседі. Әннің шумағы үнемі бірінші үлесте аяқталып отырады. Осы жерде балаларға музыкада ғана емес, адам сөйлегенде де белгілі бір уақыт аралығында үзіліс жасап, тыныс алып отыратынын түсіндіреміз.

Шығармашылық жұмыс: «Ата толғауы» күйін тыңдай отырып, шулы аспаптармен қосылып орындау.

Қорыту:         Сабақта мұғалім тоқсан бойы оқушылардың алған білімдерін сұрақ-жауап түрінде немесе дидактикалык ойын түрінде, жарыс түрінде тексеруіне болады. Оқулықтағы түрлі түсті суреттер, жұмбақ, жаңылтпаштарды, сұрақтарды негізге ала отырып, тақырыпты меңгергендерін тексеруге мүмкіндік бар.


 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Саба0 жоспары 1 сынып Музыка пәнінен"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер гостиничного комплекса

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 953 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.10.2015 17122
    • DOCX 555.5 кбайт
    • 62 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Съез Жанбота Жумабаева. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Съез Жанбота Жумабаева
    Съез Жанбота Жумабаева
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 35193
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 829 человек

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 092 человека

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 335 человек

Мини-курс

Продуктовый успех: стратегии и инструменты для создания, улучшения и продвижения продуктов на рынке

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Копирайтинг: от пресс-портрета до коммуникаций

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии успешного B2C маркетинга: от MoSCoW до JTBD

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Арт-педагогика как метод профилактики детских неврозов

Перейти к трансляции