Инфоурок Математика Другие методич. материалыСабақ жоспары 6 сынып "Рационал сандарды көбейту"

Сабақ жоспары 6 сынып "Рационал сандарды көбейту"

Скачать материал

Бекітемін

Оқу ісінің меңгерушісі : ______________Ақтажиева Л.

Сыныбы: 6 «Ә»

Тақырыбы: Кіріспе

 

• Кітап – алтын қазына.

Мақсат:

Білімдік

Жаңа білім

• 5-сыныпта өтілген тақырыптарға сипаттама бере отырып, 6-сынып математика курсының тарауларында нелер анықталатынын анықтайды.

Жаңа түсінік

• 6 сынып математикасы әрбір тараудың құрамына кіретін тақырыптардың жалпы мазмұнын 5 сынып өтілген материалдардың негізі екендігін түсінеді.

Құзыр-лылық

Қолданым әрекеті

• 5 cынып өтілген тарауларына есептер шығарады.

Талдау әрекеті

• 5-сыныптағы тақырыптарға есептер шығарудың               6 сыныппен байланысын анықтайды.

 

Шығармашылық әрекет

• 6 сынып математика пәні есептердің шығарылу жолы мен мазмұны біртіндеп күрделенетініне қозғау салады.

Құнды-лық

Бағамдау әрекеті

• 5 сыныптағы математика пәнінен өтілген тараулар 6-сынып курсы бойынша өтілетін тарауларды игерудің математика курсы бойынша жүйелі білім алудағы маңыздылығын бағалайды.

Сабақ құрылымы:

 

І. Ақпарат алмасу ( 8 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (20 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (7 мин.).

V. Бағамдау - бағалау (5 мин.).

Оқыту әдісі:

 

• Репродуктивті, ішінара ізденушілік

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:

 

• Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды.

Негізгі ұғымдар мен терминдер:

 

• Пропорция, қатынас, рационал сан, оң және теріс сан, санның модулі, координаталық түзу, периодты ондық бөлшек, сызықтық теңсіздік, параллель, перпендикуляр, графиктер, функция.

Оқушыда дағды қалыптастыру:

 

• Өзін-өзі дамыту дағдылары - өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану, осындай «сәттілік сәтіне» ұмтылу; ұжымда жұмыс істеу дағдылары – ұжым мүшесі ретінде өзінің жауапкершілігін сезіну, өзгелерге кедергі келтірмей ортақ жұмысқа белсенді атсалыса білу, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, объективті бағалай алуы, оны сынып алдында қорғай алуы.

Оқушы іс әрекетін ұйымдастыру:

 Күтілетін нәтижеге (мaқсатқа) қол жеткізу үшін жоспар бойынша оқулық материалын Ақпарат алмасу блогындағы слайдтарды пайдаланып меңгеру; Алғашқы бекіту блогындағы тапсырманы орындай отырып тақырып бойынша қорытынды шығарып теориялық білімін бекіту; Шығармашылық әрекет блогында топтық жұмыс істеп, тапсырма бойынша ұжымдық қорытынды шығаруға атсалысу.

 

Ақпарат көздері:

 

1. Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық,   2-басылым / А.Е. Әбілқасымова, Т.П. Кучер, З. А. Жұмағұлова Алматы

2. А.Е. Әбілқасымова Математика. Дидактикалық құрал. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған. Алматы, Мектеп, 2011ж.

3.А.Е. Әбілқасымова Математика 6-сыныбына арналған оқу-әдістемелік құрал / Алматы, Мектеп, 2011.

4. Т.А. Алдамұратова, В.И. Тупаева. Математика. Дидактикалық құрал. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған.Алматы: Атамұра, 2011.

5. Алдамұратова Т.А Математика. 6-сыныбына арналған оқу-әдістемелік құрал.  Алматы,Атамұра, 2011.

Оқушы жетістігін бағалау:

 

• Оқушының оқу іс әрекеті ол Алғашқы бекіту блогындағы тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты бағаланады. Сонымен бірге оқушыға Шығармашылық әрекет блогындағы тапсырманы орындағаны үшін қосымша бонус балл қойылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін

Оқу ісінің меңгерушісі : ______________Ақтажиева Л.

Сыныбы: 6 «Ә»

Күні :  03.10.2016 жыл.

 

Тақырыбы:

 

 

 

• Пропорцияның қасиеттерін пайдаланып мәтінді есептерді шығару.

 

 

Мақсат:

 

 

Білімдік

Білім

• Мәтінді есептер шығару негізінде пропорция ұғымын тұжырымдайды.

 

 

Түсінік

•Мәтінді есептердің мазмұны бойынша пропорция құру және оны шешуді түсіндіреді.

 

 

Құзырлылық

Қолданым әрекеті

• Мәтінді есептерді шығаруда пропорцияның қасиеттерін қолдану.

 

 

Талдау әрекеті

• Мәтінді есептердің мазмұнының өмірмен байланысты саралайды.

 

 

Шығармашылық әрекет

• Теңдеулер шешу мен пропорция құруда мәтінді есептердің ерекшелігін қайта қарайды.

 

 

Құнды-лық

Бағамдау әрекеті

• Пропорция туралы жүйелі білім-білік дағдының қалыптасуының өмірдегі маңыздылығын бағалау.

 

 

Сабақ құрылымы:

 

 

 

І. Құзырлылық қалыптастыру (35 мин.).

ІI. Шығармашылық қалыптастыру (7 мин.).

III. Бағамдау - бағалау (3 мин.).

 

 

Оқыту әдісі:

 

 

 

• Репродуктивті, ішінара ізденушілік

 

 

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:

 

 

 

Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды.

 

 

Негізгі ұғымдар мен терминдер:

 

 

 

Пропорция, пропорцияның қасиеті, белгісіз ортаңғы мүше, белгісіз шеткі мүше.

 

 

Оқушыда дағды қалыптастыру:

 

 

 

Өзін-өзі дамыту дағдылары - өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану, осындай «сәттілік сәтіне» ұмтылу; ұжымда жұмыс істеу дағдылары – ұжым мүшесі ретінде өзінің жауапкершілігін сезіну, өзгелерге кедергі келтірмей ортақ жұмысқа белсенді атсалыса білу, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, объективті бағалай алуы, оны сынып алдында қорғай алуы.

 

 

Оқушы іс әрекетін ұйымдастыру:

 Күтілетін нәтижеге (мaқсатқа) қол жеткізу үшін жоспар бойынша оқулық материалын А блогындағы слайдтарды пайдаланып меңгеру;

АБ блогындағы тапсырманы орындай отырып тақырып бойынша қорытынды шығарып теориялық білімін бекіту; ҚӘ блогы аясында өз мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау; ШӘ блогында топтық жұмыс істеп, тапсырма бойынша ұжымдық қорытынды шығаруға атсалысу.

 

 

Оқушы жетістігін бағалау:

 

 

 

• Оқушының оқу іс әрекеті ҚӘ блогындағы тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты бағаланады. Сонымен бірге оқушыға ШӘ блогындағы тапсырманы орындағаны үшін қосымша бонус балл қойылады.

 

 

 

 

 

 Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

Мәтінді есеп шығару пропорцияның қасиеттерін пайдаланып шығар.

1. Жерге себілген 180 қант қызылшасы тұқымының 126-сы көктеп шықты. Қант қызылшасы тұқымының өнімділігі неше процент?

 Үлгі: Сүттен алынған ірімшіктің массасы сүттің массасының 8%-індей.

200 кг сүттен неше килограмм ірімшік алынады?

Шешуі: х - 200 кг сүттен алынатын ірімшіктің массасы.

200 кг _______100%;

х кг _______8%;

Жауабы: 16 кг.

2. Қарбыз массасының 98%-і су. 5 кг қарбызда қанша су бар?

Шешуі:_______________________________________________________________

______________________________________________________________________

 Жауабы: 4,9 кг.

 Үлгі: Саяхатшылар түске дейін 64 км қашықтыққа барды. Бұл жүруге тиісті межелеген қашықтықтың 20%-дей. Саяхатшылар неше километр қашықтықты жүруді межелеген еді?

Шешуі: х - саяхатшылардың межелеген жүруге тиісті қашықтығы.

64 км ______20%

х км _______100%

Осыдан

Жауабы: 320 км.

3. Бір аптада балықшылар 160,5 т балық аулады, бұл олардың бір айда аулауға тиісті балық массасының 30%-дей. Балықшылар бір айда неше тонна балық аулауға тиіс?

Шешуі: _______________________________________________________________

________________________________________________________Жауабы: 535т.

4. Қиярды тұздау үшін 250 г тұз салынды. Бұл барлық тұздалған қияр

массасының 8%-індей. Барлық тұздалған қиярдың массасы неше килограмм және неше грамм?

Шешуі: ________________________________________________________

_________________________________________________________________

_______________________________________________________________

Жауабы: 3125 кг.

ІІ деңгей тапсырмалары

Мәтінді есептерді шығаруда пропорцияның қасиеттерін қолдаңыздар.

Пропорция құру арқылы шешіңдер:

5. Қантты су ерітіндісіндегі судың массасының қанттың массасына қатынасы 22:3 қатынасындай. Қантты су ерітіндісіндегі қанттың концентрациясы неше процент?

 Үлгі: Үйірмедегі оқушылардың ұлдар мен қыздар санының қатынасы 3:1. Үйірме оқушыларының неше проценті қыздар?

Шешуі: 3+1=4.

 

Жауабы: 30%

6. Домбыра жасайтын шеберхана бір айда 8 домбыра жасауы керек еді. Олар бір айда 2 домбыраны артық жасады. Домбыра жасайтын шеберхана бұл айда жоспарын неше процент орындады?

Шешуі: _______________________________________________________________

________________________________________________________Жауабы: 125%.

7. Тік төртбұрыштың ауданы 90 дм2, ұзындығы 15 дм. Тік төртбұрыштың ені ұзындығының неше проценті?

Шешуі: _______________________________________________________________

_________________________________________________________Жауабы: 40%.

 

ІІІ деңгей тапсырмалары

Мәтінді есеп шешуде пропорция пайдалану қажет екеніне көз жеткізу.

8. Пропорция құру арқылы шығарыңдар.

Тракторшы жыртуға тиісті жердің 76%-ін жыртқанда, 6 га жер жыртылмай қалды. Тракторшы барлығы неше гектар жыруға тиіс еді?

Шешуі: _______________________________________________________________

________________________________________________________Жауабы: 25 га.

9. Пропорциялық теңдеу құрып шығарыңдар.

8 адамнан құрылған балықшылар бірлестігі 518,4 ц балық аулап, белгіленген жоспарды 160% орындады. Бірлестіктің әрбір мүшесі жоспардан артық неше центнер балық аулады?

Шешуі: __________________________________________________________

_________________________________________________________________

Бекітемін

Оқу ісінің меңгерушісі : ______________Ақтажиева Л.

Сыныбы: 6 «Ә»

Күні :  05.10.2016 жыл.

 

Тақырыбы:

 

 

 

• Тура пропорционал шамалар туралы ұғым.

 

 

Мақсат:

 

 

 

Жаңа білім

• Пропорцияның анықтамасын еске түсіре отырып, пропорцияның түрлерін біледі, тура пропорцияны шаманың не екенін анықтайды.

 

 

 

Жаңа түсінік

• Тура пропорционал шамаларды мысалдар арқылы анықтамасын тұжырымдап, қасиеттерін түсіну.

 

 

 

Қолданым әрекеті

• Тура пропорционалдықтың қасиетін қолданып, әр түрлі деңгейдегі есептерді шығару.

 

 

 

Талдау әрекеті

• Тура пропорционалдықтың негізін талдай отырып, пропорция құрады.

 

 

 

Шығармашылық әрекет

• Негізгі ұғымдарды қолдана отырып, өмірмен байланысты есептерді шығарып, ой қорытындылайды.

 

 

 

Бағамдау әрекеті

• Пропорция туралы жүйелі білім-білік дағдының қалыптасуының өмірдегі маңыздылығын бағалайды.

 

 

Сабақ құрылымы:

 

 

 

І. Ақпарат алмасу. (12 мин)

ІІ. Алғашқы бекіту. (3 мин)

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру. (22 мин)

ІV. Шығармашылық қалыптастыру. (5 мин)

V. Бағамдау - бағалау. (3 мин)

 

 

Оқыту әдісі: Репродуктивті, ішінара ізденушілік.

 

 

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:

 

 

 

• Бағыт-бағдар және нұсқау береді, қажет болғанда оқушыларға көмек береді, олардың танымдық есептерді өз бетімен орындауын қадағалайды.

 

 

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы: • Белсенді танымдық.

 

 

Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру:

 

 

 

• Күтілетін нәтижеге (мақсатқа) қол жеткізу үшін жоспар бойынша оқулық материалын АА блогындағы слайдтарды пайдаланып меңгеру; ҚӘ блогы аясында өз мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау; ШӘ блогында топтық жұмыс істеп, тапсырма бойынша ұжымдық қорытынды шығаруға қатысу.

 

 

Оқушыда дағды қалыптастыру:

 

 

 

• Тақырып бойынша логикасы әр түрлі есептерді шығара білу, өзін-өзі дамыту, өзінің деңгейін бағалау. Берілген мақсатқа жету, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, өз ойын сынып алдында қорғай алу.

 

 

Негізгі ұғымдар мен терминдер:

 

 

 

Пропорция, пропорцияның қасиеті, белгісіз ортаңғы мүше, белгісіз шеткі мүше.

 

 

Сабақты бағалау:

 

 

 

• Негізгі баға ҚӘ блогының тапсырмаларын орындағаны үшін, ал қосымша баға (бонус) ШӘ блогы үшін беріледі.

 

Еске түсіру.

Пропорция, пропорцияның қасиетін еске түсіру.

Тақырып жоспары:

1. Пропорционалдық шамалардың түрлері.

2. Тура пропорционал шамалар, қасиеті.

 

Слайдтар:

1- слайд             Пропорция, пропорцияның қасиетін еске түсіріңдер.

 

2- слайд                   Екі қатынастың теңдігі пропорция деп аталады.

Пропорцияның негізгі қасиеттері:                   

Пропорцияның орындарын мына жағдайда ауыстырғанда

  • тек шеткі мүшелерін ауыстырғанда;
  • тек ортаңғы мүшелерін ауыстырғанда;
  • бір мезетте шеткі және ортаңғы мүшелерін ауыстырғанда

теңдіктің мәні өзгермейді.

 

3- слайд        2-тақырыпша. Пропорционалдық шамалардың түрлері

 

4 -слайд

 

 

 

 

 

5- слайд          Тура пропорционал шамалар

 

6- слайд

Бума саны

2

3

4

5

6

7

7

8

Қағаз саны

60

90

120

150

180

210

490

560

 Мысалы: Бумада 30 қағаз бар. Осындай 2,3,4,5,6 және 7 бумада қанша қағаздан бар екенін табайық.Қағаз саны бума санына байланысты. Бума саны артқан сайын қағаз саны да артады. Қағаз санын у әрпімен, ал бума санын х әрпімен белгілесек, бумалардағы қағаз санын у=30х формуласымен табуға болады. Қағаз саны бума санына тура пропорционал деп атайды.

 30 санын тура пропорционалдықтың коэффициенті деп атайды.

Электронный справочник по математике для школьников пропорции основное свойство прямая пропорцинальная зависимость величин обратная пропорциональная зависимость величинДемек, арасындығы байланысты у=kх формуласымен (мұндағы k-нөлге тең емес сан немесе өзгермейтін шама, оны тұрақты шама деп те айтады) өрнектеуге болатын х және у айнымалы шамалары тура пропорционал шамалар, k тура пропорционалдық коэффициенті деп аталады.

Егер k = 2 болған жағдайда, төменде тура пропорционалдық графигін аламыз.

 

 

 

 

 

7- слайд  Мысалы: Егер бума санын, мысалы, 3-ті 2 есе арттырса, онда бума саны 6 болады. Ал 6 бумадағы қағаздар саны 180 болады. Олар 3 бумаға салынған 90 қағаздан 2 есе артық, өйткені 180:90=2.

 Бума саны

3

6

9

12

Қағаздар саны

90

180

270

360

 Егер бума санын, мысалы 3-ті 3 есе арттырса, онда бума саны 9 болады. Ал 9 бумадағы қағаздар саны 270 болады. Олар 3 бума салынған 90 қағаздан 3 есе артық , өйткені 270:90=3

 Демек, бумалар саны бірнеше есе арттырылса (кемітілсе), онда ондағы қағаздар саны да сонша есе артады (кемиді).

 Шамалардың тура пропорционалдығының қасиеті: бір шаманы бірнеше есе арттырса (кемітсе), онда екінші шама сонша есе артады (кемиді).

 

8 –слайд      Мұнда тура пропорционалдық әріппен қалай өрнектеуге болады?

Тура пропорционалдық әріппен жазсақ:

            Мұнда х1, х2 - бірінші шаманың сәйкес мәндері

                         у1, у2 – екінші шаманың сәйкес мәндері

  немесе    

Тура пропорционал шамалардың сәйкес мәндерінің қатынасы тұрақты болады. Оны пропорция коэффициенті дейді.

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. у-тің мәні х-тің мәніне тура пропорционал кестені толтырыңдар:

 х

3

4

6

8

9

12

15

у

12

 

 

 

36

 

 

 2. а) 500 г ерітіндіде 40 г тұз бар. Осы ерітіндінің 200 грамында неше грамм тұз бар?

Нұсқау: х – 200 г ерітіндідегі тұздың массасы.

 500 г – 40 г _____________                       200 г – х г _____________
 ә) 320 г алтын мен күміс қорытпасында 80 г алтын бар. 120 г алтын мен күміс қорытпасында неше грамм алтын бар?

3. Көлемі 70 см3 күмістің массасы 735 г.

а) Көлемі 25 см3 күмістің массасы неше грамм?

ә) Массасы 420 г күмістің көлемін табыңдар:

ІІ деңгей тапсырмалары

4. Алтын мен күмістің қоспасынан қорытпа дайындалды. Ондағы алтынның массасының күмістің массасына қатынасы 3:5 қатынасындай. Қорытпадағы күміс алтыннан 12 г артық. Қорытпаның массасы неше грамм? Қорытпадағы алтын неше грамм? Жауабы: 48г ; 18 г

5. Автоматты станок сағатына 58 бөлшек дайындап, берілген уақытта 348 бөлшек дайындалды. Егер осы автоматты станок сағатына 75 бөлшек дайындайтын болса, берілген уақытта неше бөлшек дайындар еді? Жауабы: 450.

ІІІ деңгей тапсырмалары

6. Тік бұрышты параллелепипедтің биіктігі 5 см, көлемі 105 см3-ге тең. Осы тік бұрышты параллелепипедтің биіктігі 80%- ке ұзартылса, оның көлемі неше куб сантиметрге тең болады?Шешуі:

Пропорция құрамыз.            Жауабы: 189 см3.

 

іv. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ .

 

Топтық жұмыс. Сынып оқушылары келесі үш топқа бөлініп, тапсырмаларды орындайды.Жұлдызшалардың орындарына тиісті сандарды қойып, пропорция құрастырыңдар:

І топ.  және   және  

IІ топ.  және   және  

ІII топ.  және   және  

 

Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

 

vІ. Үй жұмысы .

 

• 1. Тура пропорционалдық қатынасқа мысалдар келтіріңдер.

• 2. Оқулықтағы №148; 150;152;153.

• 3. Топтық жұмыс есептерін толықтырып шеш.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары 6 сынып "Рационал сандарды көбейту""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-организатор

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 776 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.04.2017 9561
    • DOCX 90 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ескалиева Зинагул Таспановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ескалиева Зинагул Таспановна
    Ескалиева Зинагул Таспановна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 138752
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Мастерство мышления: развитие SoftSkills и математической логики

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 11 регионов

Курс повышения квалификации

Развивающие математические задания для детей и взрослых

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 81 человек

Курс повышения квалификации

Реализация межпредметных связей при обучении математике в системе основного и среднего общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 94 человека

Мини-курс

Практические аспекты работы логопеда: методы и приемы в логоритмике

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Брендинг и архитектура бренда: создание уникальности и цельности в маркетинге

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе