Инфоурок Музыка КонспектыСабақ жоспары Солтүстік Азия мен Шығыс халықтарының музыкасы

Сабақ жоспары Солтүстік Азия мен Шығыс халықтарының музыкасы

Скачать материал

Сабақ №9               

Мерзімі: 27.10.2012ж.

Мұғалім: Актанберлиева Шолпан Казнабиқызы

5А сынып

 

Сабақтың тақырыбы:  Солтүстік Азия мен Шығыс халықтарының музыкасы      

Сабақтың мақсаты

Білімділік:

-   М. Әуезовтың «Әнге әуес, күйге құмар бала – жаны сұлу өмірге ғашық болып өседі» деген ұлағатты сөзін алға ұстап, баланы музыканы сүюге, музыканы ішкі мазмұнын түсінуге, ән салу дағдыларын машықтандыруға, ырғақтық сезімін жетілдіруге үйретуді мақсат етіп қою.

-   Солтүстік Азия мен Шығыс халықтарының музыкасы мен музыкалық аспаптарымен таныстыру.

Тәрбиелік:

-   Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру, музыканы өнер ретінде танып, түсініп және оны сүйетін жеке жеке тұлға тәрбиелеу.

- Мектепті қадірлеуге, ұстаздарды сыйлауға, мектеп бұйымдарын қастерлеуге, ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу. 

Дамытушылық:

-       Шығармаларды дұрыс түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы оқушылардың ой-өрісін, сезімін, санасын, қиялын жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен мәдениеттілігін дамыту.

-       Ұлттық өнерге, салт дәстүрдісыйлауға, халық музыкасы арқылы ақыл-ойы мен дене жағынан дамуды, адамкершілік, тазалық пен өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру. 

 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың типі: дәстүрлі, саяхат  

Сабақтың әдісі: музыка тыңдау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, тестк сурақтарына жауап беру.  

Пәнаралық байланыс: география, тарих

Көрнекіліктер: оқулық, ямаха, нота жазбалары, интерактивті тақта, Актив студио бағдарламасы,  буклеттер,  

 

                             Сабақтың жоспары:

 

         I. Ұйымдастыру кезеңі

      II. Мақсат қою. Тақырыпты хабарлау

   III. Жаңа тақырыпты түсіндіру

    IV. Сергітү сәті

       V. Түсініктерін тексеру (тест)

    VI. Ән орындау «Дос болайық бәріміз»

VII. Үй тапсырмасы

VIII. Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау

 


 

Сабақтың барысы:

I.                   Ұйымдастыру кезеңі:

-       Музыкалық сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

-       Музыка – сурет, театр, поэзия сияқты өмір мен адам жанының құбылыстарын бейнелейтін көркем өнердің бір түрі.

     «... Өмір – ырғақ

                             нәзік әуен, асқақ үн,

                                        айдын, дала, аспан – үн!

Ғұмыры жоқ ырғақатардан басқаның!

     Ей, адамзат, бас әуенге, қос әнге,

                 Шырқат биік тіршіліктің дастанын!

                             Өмір – ырғақ, әуеніне ермесең,

                                        Тірлігің – тұл, тас – жаның!

                                                    Ғұмыры жоқ ырғақатардан басқаның!»  - дей отырып Фарида Оңғарсынованың сөзімен музыка сабағын бастайық.

II.             Мақсат қою. Тақырыпты хабарлау

Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Солтүстік Азия мен Шығыс халықтарының музыкасы» және музыкалық аспаптарымен танысу.

III.                                 Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1 флипчарт – КАРТА

 

Мұғалімі:

- Балалар айтыңдаршы, Солтүстік Азия мен шығыс халықтарына қандай елдер кіреді?

- Қытай, монголия, татар, башқұр, үнді, түркия елдері кіреді.

Мұғалім:

-          Балалар, сендерге алдынала тапсырма берілген. Осы халықтар туралы қосымша мәлімет жинақтау. Дайынсыңдар ма?  Өте жақсы.

-          Бүгінгі біздің сабағымыз жайсабақ емес, ерекше сабақ. Яғни, біз бүгін осы елдердің музыкасымен және музыкалық аспаптарымен танысу үшін саяхат жасаймыз. Ал саяхат жасау үшін біз көлікпен барамыз. Бірінші біздің аялдамамыз – Монғолия.

       Картадан кім көрсетеді Монғолияның орналасуын?

Мұғалім:

-          Жарайсыңдар. Моринхур – бұл моңғолдың екі ішекті музыкалық аспабы. Бұл атау моңғолдың морин – жылқы, хур – ішек, дауыс деген сөздерінен тұрады. Аңыз бойынша, Шыңғыс ханның өзінің алтыннан жасалған жеке Моринхур аспабы болған,  оны ешкім де қолына алмаған. Аспақа жақындаған адамды өлім жазасына кесуге дайын болған.

-          ЮНЕСКО шешімімен 2005 жылы мәдени мұра, ұлттық қазына ретінде осы музыкалық аспапқа сертификат бекітіліп берілді.

-          Балалар, мына әуен қай халықтың музыкасы?

-          Қытай.

Мұғалім: 

-          Өте жақсы, олай болса біз Қытай еліне аттанайық. Кім картадан көрсетеді қытай елінің орналасуын?

-          Қытай музыкасының тарихы бірнеше мың жылдықтарды құрайды. Оған  Орта Азия, Орталық және Оңтүстік,  Оңтүстік-Шығыс Азияның музыкалық дәстүрлері ықпал етіп, әр түрлі тарихи кезеңдерде  Қытай  мемлекетінің кұрамына енген халықтардың (ұйғыр, тибет, монғол) музыкалық элементтерін бойына сіңіре отырып, өзіндік ерекшеліктерін сақтай да білді.

-          Қытай музыкасы туралы қандай деректерді таптыңдар?

Оқушылардың жауабы.

  Мұғалім:

-          Балалар кім маған айтады, Қазақ халық аспап оркестрі неше адамнан құрылған. Қытай халық аспап оркестрі 300-ден  800-ге дейін орындаушылар бар екен.   

-          Енді үндістанға жол тартайық.

Мұғалім:

-         Үнді музыкасы — әлемдегі ең көне, өзіндік келбеті бар ырғақ. Ол бастауын сонау біздің заманымызға дейінгі III ғасырдағы Махенджо Даро мен Хараппа өркениетінен алады. Үнді музыкасының дамуына (біздің заманымызға дейінгі алғашқы мыңжылдықтың бірінші жартысы мен екінші жартысының аяғы) Үнді әдеби ескерткіші Веданың әсері болды.

-         Үндістан тұралы кім қосымша мәлімет жинап әкелді?

Мұғалім:

-          Бұл халықтың аспаптық, вокалдық шығармалары раг деп аталатын дәстүрлі дыбыс ырғақтардың негізінде құрылады.  Үнді халқында аспаптық, вокалдық музыкамен қатар, ең жоғарғы деңгейде дамыған өнер түрі – би өнері. Бұл халық өзінің ойын, әңгімесін би қымылдары арқылы өте шебер жеткізеді.

IV.                      Сергіту сәті:

-          Енді бір сергіп алайық. Гүлім бізге үнді би элементтерін көрсетсін, біз қайталаймыз.

(Үнді музыкасы орындалып турады)

-          Келесі біздің аялдамамыз Түркия.  Түркия туралы кім дайындалып келді. 

-              Түрік музыка өнері, музыка мәдениеті барынша дамыған. Сықақ әні мани, лирик. әндері тюркю, қошма әндерінен Орт. Азия халықтарының және қазақ халқының музыкасымен әуендік сабақтастық байқалады. Дәстүрлі түрік музыкасының араб-иран мәдениетімен байланыстылығы ладтар (мақамдар) мен фасильдердің етенелігінен көрінеді. Түріктің халық музыкасы қысқа қайырымды диапазонының ықшамдылығымен, ұзақ қайырымды диапазонының кеңдігімен ерекшеленеді. Түрік музыкасында хиджаз, зенгуле, курды, гулистан секілді мақам көп. Түріктер-дің халықтық саз аспаптары түрі жағынан аса бай. Шекті аспаптары мейдан, сарай сазы, бозық, бағлама, тамбур жура, булгари, чалғы, чеку, чоғыр дабылғы, дыңғыра, кеманча, кожесан, гумуз, тар, рұзба, чеште, бункар. Би музыкасының тынысы боп есептелетін үрлемелі, ұрмалы аспаптарына ребаб, тамбур, уд, ковар, дюдюк, зурна, дэф, давул, т.б. жатады.

 

V.  Түсініктерін тексеру. Тақырыпты бекіту.

Тест флипчарт арқылы

1.   Моринхур - қай елдің аспабы.

А) Қытай                В) Монғолия           С) Түркия

2.   Балабан қандай аспап

А)Ұрмалы              В)Үрмелі                  С)Шертпелі

3.   ЮНЕСКО шешімімен мәдени мұра ретінде сертификат алған аспап

А)Эху                     В)Ситар                    С)Моринхур

4.   Музыкада неше нота бар?

А) 5                         В)7                             С) 9

5.   Үнді халқында ең жоғарғы деңгейде дамыған өнер түрі.

А) Аспаптық Өнер          В) Би Өнері С) Вокалдық өнер

6.   Бесінші нота

А) Си                      В) до                          С) соль

7.   Қытай астанасы

А) Пекин                В) Шанхай               С) Делли

8.   Анкара - қай елдің астанасы

А)Үнді                    В) Қытай                  С) Түрік

9.   Түрік музыкасында көбінесе қандай музыка кеңінен қолданылады.

А) Вокалдық жанр          В) Аспаптық жанр             С) Би өнері

10.                 Ре нотасы қайда орналасқан

А) Екінші сызықтың өзіне В) Үшінші сызықтың өзіне С) Бірінші сызықтың астына

VI.                      Ән орындау:  «Дос болайық бәріміз»                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         

VII.                   Үй тапсырмасы:             Тақырыпты қайталау. Башқұр мен татар

                                                                музыкасы туралы мәлімет жинақтау.  

  Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау.                                       

                                                                                                                 27. 10. 2012жыл __________

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары Солтүстік Азия мен Шығыс халықтарының музыкасы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный аналитик

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 558 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.04.2016 3532
    • DOCX 4.9 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Актанберлиева Шолпан Казнабиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 13652
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Оркестровые и струнные инструменты: актуальные вопросы методики преподавания в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Курс профессиональной переподготовки

Музыка: теория и методика преподавания в сфере начального общего, основного общего, среднего общего образования

Учитель музыки

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 371 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 097 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания сольфеджио и элементарной теории музыки в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 177 человек

Мини-курс

Конкурентная разведка и маркетинговые исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного привлечения и удержания клиентов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 89 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 60 человек