Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары "Құстардың көбеюі мен дамуы" тақырыбына (7 сынып)

Сабақ жоспары "Құстардың көбеюі мен дамуы" тақырыбына (7 сынып)


  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың өтілетін мерзімі:

Сыныбы: 7 «А,Ә»

Сабақ реті: 54

Сабақтың тақырыбы:  Құстардың көбеюі мен дамуы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Құстардың тіршілік әрекетімен, көбею ерекшеліктерімен, көптүрлілігімен, өздеріне тән белгілерімен танысу.
2.Тәрбиелік: Құстарды қорғауға, табиғатты аялауға үйрету.
3.Дамытушылық: Ойын тәсілдерін пайдалана отырып құстар туралы білетіндерін толықтыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: ауызша, жазбаша

Сабақтың түрі : Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:  Баяндау, сұрақ –жауап, өзіндік және топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, сызба қағаздар, электронды оқулықтар.

Сабақтың барысы:

       Ι. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, кабинет тазалығын тексеру, оқушыларды журнал бойынша түгендеп, оқушы зейінін сабаққа аудару.

       IΙ. Білімдерін жан – жақты тексеру кезеңі

Мазмұнын сұрастыру, карточка, тест сұрақтарын тарату арқылы білімдерін жан – жақты тексеру.

IΙI.Үй тапсырмасын сұрау.

Мазмұнын сұрастыру арқылы, астындағы сұрақтарды топтық жұмыс жасау арқылы уй тапсырмасын сұрау.

1. Құстардың сыртқы құрылысы.
2. Құстардың түрлері(пингвин, түйеқұс, үйрек, бүркіт т. б)
3. Құстардың қаңқасы
4. Ас қорытуы.
5. Қосарлы тыныс алуы.
6. Қан айналым жүйесі.
7. Жүйке жүйесі.
8. Зәр шығаруы.
9. Жұмыртқаның құрылысы.
10. Балапан түрлері.
IV. Жаңа сабақ

Құстардың көбею биологиясында бірнеше тамаша прогрессивті ерекшеліктер бар.
Олардың негізгілері мыналар:

1) құстар ұрықтанған жұмыртқаларын арнаулы ұяларға салады;

2) жұмыртқалары ата-аналарының денесінен шыққан қызудың әсерінен дамиды. Сондықтан құстар жұмыртқасының дамуы сыртқы ортаның температурасына байланысты емес;

3) Ата - аналары жауларынан ұяларын әр түрлі тәсілмен қорғайды;

4)ата - аналары шыққан балапандарын бағады.
Құстардың жыныс бездерінің жетілуі түрліше: ұсақ торғай тәрізді құстардың жыныс безі 8—12 айда, қарғалар, ұсақ шағалалар, үйректер, ұсақ күндізгі жыртқыштар — өмірінің екін-ші жылында, ал ірі шағалалар, гагарлар мен бүркіттер үшінші жылында жетіледі.
Көптеген құстардың жыныс безі жетілген кезде жыныстық диморфизмі байқалады. Ұрғашыларына қарағанда еркектерійің дене мөлшерінде, дауысында, пластикалық белгілерінде, түсінде ерекшелік білінеді. Еркектері әрқашанда ұрғашыларынан ірі болады. Бірақ бұл заңдылыққа сәйкес келмейтін қазуарлар, кивилер, тинамулар, күндізгі жыртқыштар сияқты құстар да бар. Әтештерінің түсі ашық, әсем болады. Мысалы, тауық тәрізділерде, Керісінше солтүстікте тіршілік ететін жүзгіш балшықшының (Рһаіагориs) мекиенінің түсі ашық, айқын болады. Бұларда жұмыртқасын еркектері басады.
Тауықтардың, құрлардың және қыргауылдардың әтештері-нің құйрығында қауырсындары және аяқтарының арт жағында мүйізді өсінді — тегеуіріні болады.
Жыныс диморфизмі құстардың бір азғанасында болмайды. Бұл сияқты құстарға пингвиндер, түтік тұмсықтылар, ескек аяктылар, гагарлар, сұр қарлығаштар т. б. жатады. Ал кейбір құстардың жыныс диморфизмі (шағалалар, чистиктер, пастушкалар, балшықшылар және торғай тәрізділердің көпшілігі) нашар білінеді.
Көпшілік құстар “күй салтанаты” кезінде монагамды. жұп құрайды, яғни бір еркегі мен ұрғашысы қосылып бір жұп болып жүреді. Қосарланып жүру уақытының ұзақтығы түрлі құстарда түрліше уақытқа созылады. Мысалы, аққулар, ірі жыртқыштар, дегелектер бірнеше жылдарға дейін, кейбір жағдайда өмір бойына жұбымен жүреді. Қаздар, бірқатар үйректер (пеганка, отайка), бірнеше торғай тәрізділер, тек көбею маусымында ғана жұп құрайды. Балапандарын шығарып,ұшырғасын мұндай құстар жұбын ажыратады. Көпшілік үйректер жұмыртқа салар алдында шағылысу кезінде ғана жұп құрап, ұяларын салып болғасын ажырасып кетеді. Кейбір құстар шағылысу кезінде, бірнеше минут немесе сағат қана жұп құрайды. Мүндай құстардың әтештері, бір көбею маусымында, бірнеше мекиендерді ұрықтандырады. Олар күн сайын жаңа жұп құрайтын болады

V. Сабақты түсінгенін сұрау

1. Құстардың сыртқы құрылысы.
2. Құстардың түрлері(пингвин, түйеқұс, үйрек, бүркіт т. б)
3. Құстардың қаңқасы
4. Ас қорытуы.
5. Қосарлы тыныс алуы.
6. Қан айналым жүйесі.
7. Жүйке жүйесі.
8. Зәр шығаруы.
9. Жұмыртқаның құрылысы.
10. Балапан түрлері.
VΙ. Сабақты пысықтау бекіту сұрақтары:

275 беттегі кестені толтыру арқылы сабақты бекіту, қорытындылау

VΙΙ. Сабақты қорытындылау

269-275 беттегі тақырыпты қорытындылауға арналған сұрақтармен тақырыпты қорытындылау.

VΙΙΙ. Үйге тапсырма: 55 тақырыпты оқып, жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындап   құстардың көптүрлілігі туралы қызықты деректер жинап келу.  











Автор
Дата добавления 04.04.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров733
Номер материала ДБ-007996
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх