Инфоурок Технология КонспектыСабақ жоспары: Үстелді жабдықтау

Сабақ жоспары: Үстелді жабдықтау

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Үстелді жабдықтау

Сыныбы: 6                                              

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға үстелді жабдықтау түрлерін көрсету, бизнесті ұйымдастыру туралы түсінік беру;

Дамытушылық: оқушылардың теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білуге дағдыландыру

Тәрбиелік: оқушыларды тәртіптілікке, қарым – қатынас бәдениетіне, өзіне деген сенімділігіне тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап.

Сабақтың көрнекілігі: буклет, слайд

Пәнаралық байланыс: биология, әдебиет

Сабақ барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

          Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

1.     Тамақтану дегеніміз не?

2.     Денсаулықтың маңызды факторы деп нені есептейміз?

3.     Тамақтануды дұрыс ұйымдастыру үшін нені білу қажет?

4.     Макроэлементтер мен микроэлементтер дегеніміз не?

5.     Минералды заттар тамақтануда қандай рөл атқарады?

6.     Бәсеке дегеніміз не?

7.     Бәсекеден қандай пайда?

ІІІ Жаңа сабақ

          Жабдықтау (сервировка, servir – қызмет көрсету француз сөзінен) – үстелді таңғы ас, түскі ас, кешкі асқа, мерекелік дастарқанға даярлау. Үстелді жабдықтауда тамақтануды ұйымтастыру үшін қажет барлық заттардың: дастарқан, ыдыстар, құралдар, шыны, сулықтардың және т.с.с. белгілі тәртіппен орналасуы қамтылады.

         Жабдықтаудың мақсаты – тамақтану кезіндегі ыңғайлылық, көтеріңкі көңіл-күй қалыптастыру, өз мәдениетін және дастарқан басында отырғандарға ілтипат білдіру.

         Кешкі асқа үстелді даярлау – таңертеңгі асқа даярлауға ұқсас. Ыдыстар мен аспаптар кешкі астың ас мәзіріне кіретін тағамдарға байланысты алынады (24, 25-суреттер).

         Түскі асқа дастарқан даярлау үшін асхана сервизін (немесе асхана ыдысы жиынтығын), сонымен қатар асхана құралдарын қолданады. Үстелге жақсы үтіктелген дастарқан жаяды. Оның үстіне нан, тұз, бұрыш, қыша, әртүрлі тұздықтар, кетчуп және т.с.с. қойылады. Егер түскі ас құрамында басытқы, бірінші, екінші және тәтті тағамдар болса, онда түстікте тамақтанатын әр адамға шағын тәрелкесі, оның үстіне басытқылық тәрелке қойылады. Жеңіл тағам және десерт үшін бөлек асхана құралдары берілуі қажет.

         Дастарқанды кешкі асқа дайындау реттілігі келесідей: дастарқан, нан, салқын тағамдар, дәмдеуіштерге арналған жиынтықтар, отбасының әр мүшесіне арналған тәрелке мен құралдар, сулықтар. Жеңіл кешкі асқа үстелді даярлау таңертеңгі асқа даярлауға ұқсас, ал кенеулі кешкі асқа түскі асқа ұқсас жабдықтайды, бұл мәзірге қосылған тағамдардың түріне байланысты.

         Дастарқан даярлау және сәндеудің көрнекті элементтерінің бірі – сулықтар. Олар дастарқанды безендіреді, оған мерекелік түр мен стильдік береді. Дастарқанға мата немесе қағаздан жасалған, бір рет пайдаланылатын сулықтар қолданылады (26-сурет).

Дастарқан басындағы тәртіп мәдениеті (этикет ережелері)

         Үстел басындағы тәртіп мәдениеті дегеніміз – бұл тамақтану кезінде өзін мәдениетті ұстауы және ұқыпты, дұрыс тамақтануды білуі. Үстел басында бойды түзу ұстап отыру қажет, үстелге шынтақпен таянуға болмайды. Мата сулықты тәрелкеден тамақ ұсынғанда алу керек. Сулықты ашып, бір шеті 2-3 см көрініп тұратындай екіге бүктейді және бүгілген жерімен өзіне қарай тізеге жаяды. Бокалда сусынды ішер алдында май іздері қалмас үшін сулықтың жоғарғы шетін ерінге басады және саусақтарын сүртеді. Тамақтанып болған соң сулықты тәрелкенің жанына қояды. Нан, тоқаш нандар, жемістер, бәліштерді қолмен алады.

         Тамақтану кезінде қасықты оң қолмен ұстайды, қасықты өз жағынан батырып, ауызға ақырын апарады, тамақтанып болған соң тәрелкенің ішінде немесе сорпа құйған тосатғанда қалдырады. Пышақты оң, шанышқыны сол қолға ұстайды. Тек шанышқымен тамақтанғанда, оны оң қолмен ұстайды. Пышақты қатты консистенциялы тағамды кесу, бөлу үшін пайдаланады. Ыстық етті аздап бөледі, егер ет салқын болса, барлығын кішкене бөліктерге бөледі. Алдында айтылғандай, тамақтанып болған соң, тәрелкеге құралдарды қатарлап қояды. Егер пышақ немесе шанышқы еденге түсіп кетсе, оларды көтермей, жаңадан әкелуін өтінеді.

         Тамақты белгілі реттілікпен қабылдау қажет: басытқылар, сорпалар, екінші тағамдар, десерт. Әр тағамның өзіндік тұтыну ерекшелігі бар.  

Бизнесті ұйымдастыру нысандары

Жеке меншік – бұл нақты адам немесе адамдар тобының иелік ету құқығы бар меншігі.

Жеке меншіктің әрқашан бір адам ғана емес, бірақ әрқашан нақты қожайындар – отбасы, топтар иелігінде болады. Жеке меншік кезінде нақты адам немесе нақты адамдар тобы оның иесі, қожайыны және толық қанды жарлықшысы болып табылады. Белсенді, іскер және еркін меншік иелері біздің елімізде рыноктың қатынастарды дамытуға көмектеседі.

          Мемлекеттік меншік – бұл иелік ету құқығы мемлекетте болатын меншік.

          Жеке меншікке тек оның қожайыны ғана иелік ете алады. Мысалы, пәтер иесі оны жалға тапсыра, сата немесе бәреуге сыйлай алады.

          Мемлекеттік меншікке мемлекет атынан басқару органдары иелік етеді. Мысалы, ел үкіметі ресурастардың қай бөлігін сату, ал қайсысын өз кәсіпорындары үшін қайта өңдеуге қалдыруға болатынын шешеді.

           Меншік нысанына сай кәсіпорындар мемлекеттік немесе жеке болады. Рыноктық экономиканы елдерде көптеген кәсіпорындар жеке болып табылады. Бірақ меншік нысанының бірдейлігіне қарамастан бұл кәсіпорындар немесе фирмалар бір – бірінен бизнесті ұйымдастыру нысанына қарай айырмашылықтанады. Бизнесті ұйымдастырудың үш негізгі нысаны бар: дербес игеру, серіктестік және акционерлік қоғам.

         Бір меншік иесі ететін немесе басқаратын кәсіпорын дербес иелік деп аталады.

          Дербес иелік – бизнестің ең қарапайым, қымбат емес және барлық адамның қолы жететін түрі. Адамдарға фирма иелері болған ұнайды. Бизнесіне қатысты барлық шешімдерді олардың өздері қабылдайды. Егер жұмыс жемісті болса, меншік иесі барлық пайданы алып, оны өзі жұмсайды. Бірақ мұндай фирманы басқару қиын: иесіне бір мезгілде басқарушы және бухгалтер, жабдықтаушы, экономист және сатушы міндетін атқаруға тура келеді. Меншік иесінің ақша қаражаттары шектеулі, себебі бір адамға банктен үлкен несие алу өте қиын. Мұндай кішкентай фирмалардың күйзелу тәуекелділігі өте жоғары, егер іс дұрыс жүрмесе, кәсіпорын қожайыны тек фирмадан ғана емес, бүкіл жеке мүлігінен де (үй, пәтер, машина) айырылуы мүмкін, себебі оларды несие берушілер алып алуы мүмкін.

          Екі немесе бірнеше меншік иесі иелік ететін кәсіпорын серіктестік деп аталады.

          Серіктестікті ұйымдастыру жеңіл және арзан. Серкітестіктердің әрқайсысы өз идеяларын, қабілеттері мен ақшаларын әкеледі. Бірнеше адам өз капиталдарын бірге қосып, кәсіпорын құрғанда олар әрқайсысы жеке болғаннан гөрі көбірек алады. Бірақ ақша жеткіліксіз болуы мүмкін, себебі банктер серіктестіктердің күйзелу тәуекелдігі жоғары болғандықтан несиені асқан салғырттықпен береді.

          Акционерлік қоғам – бұл бастапқыда өз капиталдарын акция шығару және сату арқылы қалыптастыратын бірнеше адамдардың немесе фирмалардың бір тұтас кәсіпорынға бірігуі.

Акция – бұл иесіне акционерлік қоғам капиталындағы белгілі бір үлеске құқық беретін құнды қағаз.

          Акционер – акция иесі.

          Акцияларды сату арқылы мол капитал жинауға болады. Акцияны сатып алған адам акционер болады. керек.

           Дивидендтеракционерлік қоғам пайдасынан акциоренлерге төленетін төлем.

ІҮ Жаңа сабақты бекіту.

1.     Дастарқан жабдықтау деп нені айтады?

2.     Кешкі және түскі асқа дастарқан жабдықтау үшін қандай дыстар қолданылады?

3.     Құралдарды үстелдің үстінде қалай орналастырады?

4.     Үстел басындағы тәртіп мәдениеті туралы білетіңдеріңді айтыңдар.

5.     Жеке меншік дегеніміз не?

6.     Мемлекеттік меншік дегеніміз не?

7.     Акция дегеніміз не?

8.     Акционерлік қоғам дегеніміз не?

Ү Сабақты қорыту. Міне балалар, бүгін біз үстелді жабдықтауды, үстелдің үстінде отыру ережелерін, бизнесті ұйымдастыру нысандарын білдік.

ҮІ Үйге тапсырма. §7 оқу.

ҮІІ Оқушылардың  білімін бағалау.

ҮІІІ Рефлексия.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары: Үстелді жабдықтау"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по охране окружающей среды

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 143 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.01.2016 4210
    • DOCX 45.5 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бакелекова Динара Болатхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 74297
    • Всего материалов: 28

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 968 человек из 77 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 565 человек

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 300 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 081 человек

Мини-курс

Психические защиты и психоаналитический взгляд на личное развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Успешая команда: опросы, сторис

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление рисками и финансовое моделирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе