Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары. Сөйлемнің түрлері. Сұраулы сөйлем. Лепті сөйлем. 8 сынып

Сабақ жоспары. Сөйлемнің түрлері. Сұраулы сөйлем. Лепті сөйлем. 8 сынып


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Г.Сатбекова

«Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі

мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақ №

Сабақтың тақырыбы

Сөйлемнің түрлері. Сұраулы сөйлем. Лепті сөйлем

Сілтеме

8- сынып оқулығы, bilimdiler.kz

Жалпы мақсаты

Білімділік: Сөйлем оның түрлері туралы түсінік бере отырып, оқушыларды сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушыларды сауатты, ұқыпты жазуға дағдыландыру

Тәрбиелік: Оқушыларды білімділікке, ойлылыққа жетектеу, туған тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Мұғалімнің оқытудағы нәтижесі

Оқушылар сөйлемнің түрлерін ажырата алады, өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады, сөйлеу шеберліктері, тіл байлықтары дамиды.

Ақпарат көздері

Оқулық, тапсырмалар жазылған парақшалар.

Іс-әрекет түрлері

Жұппен

жұмыс

Өз бетімен жұмыс

Диалогтық

топпен әңгімелесу

Бір-бірін бағалау және өзін - өзі бағалау

Мұғалімнің сабақ туралы жазбалары

тапсырма 45 минутқа арналып дайындалған

Мұғалім әрекеті

Оқушының әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

-оқушыларды ұйымдастырады

- жұптастырады

- үй тапсырмасын тексереді

Оқушылар жұппен бөлінеді, өз рөлдерін анықтайды.

Оқушылар өзара үй тапсырмасын тексеріп, формативті баға береді.

Тапсырма 1


Сөйлем және оның түрлері туралы баяндауды тапсырады.

Сөйлем дегеніміз - сөздердің әр алуан тұлғада өзара тіркесіп, біршама тиянақталған ойды білдіруі. Сөйлем адамдардың бір-бірімен түсінісіп, пікір алысуы үшін, қарым-қатынас жасауы үшін қажет







Тапсырма 2


Сұраулы сөйлем туралы түсінік беруін тапсырады

Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейді. Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты білдіреді.

Бір нәрсе, оқиға, іс туралы мәлімет алу үшін қойылған бастапқы сұрақты негізгі сұрақ дейміз.

Мысалы: Сен тамақ іштің бе? Үйде кім бар?

Негізгі сұрақ сұрау есімдіктерінен (Қашан? Кім? Қанша? Қайда? Неге? Кімде? т.б.) және ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының қатысуымен жасалады.

Негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша туған ойға байланысты сұрақты жетек сұрақ дейміз.

Мысалы:

-Кеште кімдер өлең айттъі?

лдар өлең айтты.

-Қыздар ше?

Жетек сұрақтар толымсыз болып қүралады, көбіне тек сүрақ мағыналы сөзден ғана тұрады. Жетек сұрақ ше шылауының қатысуымен жасалады.


Тапсырма 3


Лепті сөйлем және жасалу жолдары туралы

түсінік беруін тапсырады


Оқушылар дәптерге берілген тапсырманы жазады.

Айтушының түрлі көңіл-күйін білдіру мақсатымен айтылған сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Лепті сөйлемдер-бір нәрсеге таңданғанда,өкінгенде,сұқтанғанда, күйінгенде, сүйсінгенде,қорыққанда,қуанғанда айтылатын сөйлемдер

Аты ат-ақ екен!

Па,шіркіннің сөзі!

Жау жойылды!



Тапсырма 4


Кітаптан 34- жаттығуды көшіріп жазып, «Жұлдызды құпиясы» тақырыбында өз пікірлеріңді бөлісіңдер.

Оқушылар кітаптан мәтінді көшіріп жазып, «Жұлдызды құпиясы» тақырыбында өз пікірлерін білдіреді.

Тапсырма 5


38 жаттығуды айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлерін анықтап, қай шаққа тән екеніне тоқталыңдар. Лепті сөйлем қандай көңіл күйді білдіріп тұрғанын түсіндіріңдер.

Оқушылар кітаптан мәтінді оқып, лепті сөйлем қандай көңіл күйді білдіріп тұрғанын түсіндіреді.

Тапсырма 6 Кенеттен сұрау


Оқулықтағы сұрақтарды оқушыларға ауызша қояды.

Сұрақтар жеңіл болғандықтан сабаққа көп қатыспай отырған оқушылардан жиірек сұрайды.

Сұрақтарға тез арада жауап беруге тырысады.

Бағалау

Оқушылар бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға тоқталады. Оларға екі жұлдыз, бір тілек айтады.Оқушылардың сабаққа қатысуларын ескере отырып, мұғалім бағалайды.

Рефлексия

Сабақтың қаншалықты жақсы өткендігін оқушылар бағдаршам әдісімен көрсетеді.



Нақты үйге берілетін тапсырмалар

Сөйлемнің түрлері. Сұраулы, лепті сөйлем туралы оқып келеді.

36,40- жаттығу



















Автор
Дата добавления 28.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров429
Номер материала ДБ-058830
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх