Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сабақ жоспары Табиғатты аялайық!

Сабақ жоспары Табиғатты аялайық!

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


Тәрбие сағатының тақырыбы: Табиғатты аялайық!

Тәрбие сағатының мақсаты:Табиғат, үйлесімділік, адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-адам мен табиғат үйлесімділігі туралы түсініктерін кеңейту

-табиғатқа аялы қарым –қатынастарын дамыту

-табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдісі: СТО, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс, ойын

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, хаттар, қағаздан қиылған үйлер.


Өту барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Шаттық шеңбері. Табиғатпен біргеміз

Армысың алтын күн! Бас ием тауларға,

Көгілдір көк аспан! Жамылған қарларға.

Бармысың құстарым! Жайқалған даланы,

Қанатты достарым! Табиғат ананы

Суларым таза ма? Көруге сағынып.

Талдарым аман ба? Келеген біз балаңыз!


«Жуалының әсем табиғат көріністері» видеоролик тамашалау.

  • Балалар, осы видеороликтен не көрдіңіздер? (оқушылар өз ойларын айтады)

Қызығушылықты ояту


Оhello_html_2e29f1db.gifhello_html_593ebb4c.gifй қозғау

hello_html_6a74b06b.gif

hello_html_678e59b9.gif Табиғат нешеге бөлінеді?

Табиғатқа нелерді жатқызамыз ?


hello_html_252d7581.gifhello_html_m5125da.gif Табиғат

hello_html_m65cb5fff.gif


Тірі Өлі


Мағынаны тану

Табиғат ол бізді қоршаған орта аспан, ай, жұлдыз, ауа, күн, өзен, көл, тау, тас, жарық .

Табиғат -байлықтың көзі.

Адам мен табиғат әрқашан егіз. Табиғат асыраушың, қамқоршың. Ата-бабамыз «Жер-қазына, су – алтын, мал-байлық» деп тегін айтпаған. Күнделікті оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, ауырғанда ішетін дәріміз, ішіп жүрген тағамымыз, ішер суымыз, тыныс алар ауамыз- осылардың бәрі табиғаттың сыйы.

Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Адам табиғаттан өз керегін ғана алып, қалғанына ешуақытта зиян тигізбеген.

Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қатысты заттарды киелі деп қастерлейді.

Табиғатта үнемі өзгерістер болып тұрады: ағаш жапырақтары сарғайып түседі, өзендеде мұз қатады, қар жауады. Бұл табиғат құбылыстары жыл мезгілдеріне байланысты болады.

Су, құс, өсімдіктер туралы слайдтан оқып беру.

Топтық тапсырмалар

І топқа: Адамдар табиғатты қалай қорғайды, қандай зиян келтіреді. Сурет бойынша топтастыру.

ІІ топқа: Көрініс көрсету.

Ендеше балалар орманға саяхаттап көрейік. Бейне таспаға назар аударайық.

«Ия, жоқ» ойыны: қойылған сұраққа жауап беру қызыл текше ия, көк текше жоқ деген белгі.

Мен табиғатты сүйемін, оны қорғап таза ұстаймын. (ия)

Ағаш отырғызу...

Орманды өртеу...

Құстарға жем шашу...

Құстың ұясын бұзу...

Суды ластау..

Құстарға ұя салу..

Орманда айқайлау...

Орманда қалдық заттарды қалдыру...

Өсімдіктерді жұлу...

Ойын «Почта»

Оқушыларға сұрақ жазылған парақшалар таратылады. Тақтада жауабы жазылған үйлер тұрады. Оқушылар сәйкес хаттарды үйлерге таратуы керек.


  1. хат. Адам өміріне не қажет? ( жарық, ауа, су, жылу)

  2. хат. Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады? ( табиғаттан)

  3. хат. Тірі табиғатты ата. ( адам, жануар, өсімдік)

  4. хат. Өсімдік өсу үшін не керек? ( топырақ, су, ауа, жылу)

Слайдтан тыйым сөздер оқыту

Құстың ұясын бұзба.

Жануарларды ұрып-соғып жәбірлеме.

«көктей соласың» деп жамандыққа жорып көкті жұлғызбайды.

«Киелі құс» деп аққуды атқызбайды.

І топ. Өлең жолдарындағы сөздерді толықтыр.

... ол анамыз Табиғат- ол анамыз,

... баламыз Табиғатқа баламыз.

Құшағында ... Құшағында ойнаймыз,

Шаттық ... саламыз. Шаттық әнге саламыз.

ІІ топ. Семантикалық карта


Табиғат бөліктері

Тірі табиғат

Өлі табиғат

Адам



Ауа



Тау



Өсімдік



Су



Ағаш



Аспан



Жануар



бұлт




Ел ішінде кең тараған халық болжамдары.

«Жаз жауынды, күз жылы болса, қыс ұзақ болады»

«Мысық жылы жерді паналаса- аяз болады»

«Қыс аязды болса, жаз ыстық болады»

«Аспанда жұлдыз көп болса, күн жылы болады»

«Құстар жоғары ұшса күн суытады, төмен ұшса күн жылы болады»

«Ұзақ дейтін құстың бір түрі бар, ол келсе қыс аяғы ұзаққа бармайды»

Ой толғаныс

Ой шақыру

  1. Табиғат нешеге бөлінеді?

  2. Туған жеріңнің табиғатын қалай қорғайсың?

Табиғат көрінісін сурет арқылы бейнелеу.

Қорытынды.

Табиғат байлықтарын қорғай білу –азаматтық борыш. Табиғатты аялап, сүйе білейік.

Әрбір адам табиғатты қорғауға және сақтауға міндетті. Ағаш егеміз, көкті жұлмаймыз, туған ауылымыздың табиғатын қорғайық.

Жадыраған күндейміз,

Жайнап өскен гүлдейміз!

Тұнық таза ауамыз, ауамыз!

Сылдыраған суымыз біз,

Тазамыз, тазамыз!

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 27.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров617
Номер материала ДВ-487901
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх