Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары Тақырыбы: "Ғажайып заттар"

Сабақ жоспары Тақырыбы: "Ғажайып заттар"

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Білім беру саласы:

Қатынас

Бөлімі:

Тіл дамыту

Тақырыбы:

«Ғажайып заттар»

Мақсаты:

Көне тұрмыстық заттардың атауын меңгере отырып, сөздік қорларын дамыту

Міндеттері:

Жинақылыққа, тазалыққа тәрбиелеу, тұрмыстық құралдардың қауіпті болуы мүмкін екендігін үйрету

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

құралдардың суреті, текшелер, ойыншық тұрмыстық заттар



Кезеңі

Тәрбиешінің іс әрекеті

Баланың іс-әрекеті

+

-

Мотивациялық

кезең





























Ұйымдастырушы

кезең









Сөздік жұмыс

Тәрбиеші басына орамал тағып алады. Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен үйдің- Отанасымын. Мен тазалық пен тәртіпті жақсы көремін, сондықтан да күнделікті үй шаруасымен айналысамын: кір жуамын, үй жинаймын. Кейде жақсылап дем алғанды, және ойнағанды ұнатамын. Ал сендер менімен ойнағыларың келеді ме? Мына жерде шашылып жатқан не нәрсе? (Текшелерді көрсетеді) Мұны дереу жинамай мен ешқандай ойын ойнай алмаспын. (Балалардың жартысын құрастыру орталығына отырғызады. Тапсырма береді)

Менің үйімде таңғажайып құралдар бар, олар менің көмекшілерім. Олар шулайды, ызылдайды,тарсылдайды.

Тұрмыстық заттар туралы жұмбақтар жасырады.

-Үйімде ақылды роботым бар

Тұмсығы оның ұзын сонар

Ұшақ дерсің гуілдеген

Тазалыққа жаны құмар

Түшкірмей-ақ пысқырмай

Жалықпай ол шаң сорар

-Дұрыс айтасыңдар ол менің көмекшім- шаңсорғыш.Ал мынау менің (сыпыртқының суретін көрсетіп) бұрынғы өткен заманда қолданған сыпырғышым ғой. Ол туралы да көптеген жұмбақтар бар болатын.Мен онымен үйімнің еденін сыпыратынмын.Ал қазір шаңсорғышты пайдаланамын. Кімнің үйінде шаңсорғыш бар? Ол не үшін қажет?

Ал мынау болса (кір жуғыш машинасының суретін көрсетіп) не? Дұрыс, бұл да менің көмекшім. Ал ол жоқ болғанда кірді мен мынадай ыдыста жуғанмын. (Суреттен кір жуатын үлкен легенді көрсетеді)Мұның аты леген.

Ал мына зат(келсаптың суретін көрсетіп)-келсап болады. Бұл бұрын маған неге қажет болды деп ойлайсыңдар?

Ендеше, мен сендерге көмектесейін ол ас үй комбайны сияқты болды. Барлық дәнді, кесек тағамды осы келсаппен тұқ-тұқ –тұқ деп ұрып отырып ұсататынмын. Қане қайталап айтыңдаршы дауысын сағынып қалыппын-тұқ-тұқ-тұқ.(қолдарымен қимыл келтіреді)

Балалар жауап береді.

-Текше

Балалардың жартысы құрастыру орталығына барып тұрмыстық заттарды қоятын сөрелер, тоңазытқыш құрастыруға отырады.

Жұмбақтарды тыңдайды, айрықша белгілері мен түр сипатына тән сөздерге көңіл аудара отырып шешуін табады.,

Өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сүйеніп тұрмыстық заттар туралы айтады.

Сыртқы пішіні мен құрылымына қарап өз ойларын айтады.

Тәрбиеші жасаған қимылды көрсетіп қайталап айтады.



Сергіту сәті










Қане, барлығың менің қасыма келіңдер, менімен бірге бұрын кірді қалай жуғанымды еске түсірейік:

Кірді салып суға,

Дайындаламын жууға

(екі жеңін түреді)

Ысқылаймын-ысқылаймын(ысқылайды)

Өзім сондай пысықаймын,

Қысамын тым қатты(алақандарымен қысады)

Суы оның көп ақты

Қағып-қағып киімді

Ілеміз толтыра біз жіпті(киімді жайған қимылды келтіреді)











Сөздерді қайталап, қимылдарды белсенді жасайды.














«Затты сипаттап тауып ал» дидактикалық ойын.Балаларға заттарға мұқият қарауларын өтінеді. (ойыншық тұрмыстық заттар қойылады) Заттарды асықпай, мәнерлі дауыспен сипаттайды:

-бүйірі томпиған, ұзын тұмсықты.

- көп қалташалы, ішінде суық ауа бар, өзі биік, т.б

-умаждалған киімді тегістейді, табаны темірден жасалған.

Жұмыс дәптерінен тапсырма береді.Шартын түсіндіреді.

«Құралдарын ауыстыр» дидактикалық ойыны. (фланель тақта қолданады) Тақтада адамдардың үйдегі еңбегі.(үй сыпырған әйел, кір жуып тұрған қыз, келсаппен дән түйіп отырған ер адам)

-Осы адамдардың жұмысын қандай құралдармен жеңілдете аламыз? Онымен балалар қолдануына болады ма?















Заттардың өзіндік белгілеріне қарай табады.









Тапсырманы өздігінен орындайды, талқылайды.





Балалар суреттер арасынан тиісті тұрмыстық құралдарын таңдап алады, өз таңдауларын атап кімге сыйлағысы келетінін айтады, заттың тұрмыстағы қолданыс аясын түсіндіреді (шаңсорғыш, шаңды сорады, қоқысты сорады)



Рефлексивті-түзетуші






-Біздің үімізде қандай заттар бар?

-Олармен не істейміз?

-Бұрын немен кір жуған?

-Дәнді немен ұнтақтадық?

-Шаңсорғыш болмаса немен еденді сыпыруға болады?

Балалар өздері үйренген,білген білімдерін бекітеді, ойларын жинақтайды.



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

қарапайым себеп –салдар байланыстарын анықтай біледі

Нені игереді:

құралдарға қатысты етістіктерді ауыз-екі сөйлеуде қолдануды игереді

Нені біледі:

көне тұрмыстық заттар мен жаңа заттар арасындағы байланысты айта біледі.





Автор
Дата добавления 26.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров389
Номер материала ДВ-378902
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх