Курсы
Другое
Выбранный для просмотра документ Натурал сандарды көбейту және бөлу@SEP@5 - сынып ашық сабақ.docx
Павлодар облысы
Лебяжі ауданы
Тақыр жалпы негізгі білім беру мектебі
Математика пәнінің мұғалімі Бастенова Алина Бейбутовна
Күні
Сынып 5
Сабақтың тақырыбы: Натурал сандарды көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға натурал сандарды көбейту және бөлу ережелері бойынша есептер шығару; бірдей қосылғыштардың қосындысын табу көбейту амалымен орындалатынын ары қарай дамыту, мысалдар арқылы көрсету; алған білімдерін тиянақтау, тексеру; өткен материалдарды толық пысықтату;
2. Дамытушылық: оқушылардың алған білімдерін тәжірибеде қолдануда өзіне сенімділігін арттыру; оқушылардың білім деңгейін көтеру, деңгейлік тапсырмаларды меңгерту;
3. Тәрбиелік: оқушыларды білімді саналылықпен меңгеруге үйрету, ойда сақтау қабілеттіліктерін дамыту.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Көрнекіліктер:қағаз, жұмыс дәптері, карточкалар, кубик
Сабақтың өту барысы:
I. Ұйымдастыру
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) Сабақтың мақсатымен таныстыру
II. Үй тапсырмасын сұрау (3минут)
№260
1) 884/17=52м
Бала 1 минутта 52м қашықтыққа барды
2) 52*13=676 м
Бала 13 минутта 676 м қашықтыққа барды
№270
8*(5*3+17) =8*(15+17) =8*32=256
(12*8+25)/11=(96+25)/11=121/11=11
Қосымша сұрақтар қою: (2 минут)
1. Натурал сандар дегеніміз не?
2. Натурал сандардың қатары
3. Кез келген санды нөлге көбейтсек қандай сан шығады?
III. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Балалар , біздің бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты: натурал сандарды көбейту және бөлу, бөліндінің негізгі қасиеті, оны есептеулерде қолдану, алған білімдерін ары қарай жетілдіріп тиянақтау.
Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Топ басшысы тандалады.
1 кезең Есептеу (5+5 минут)
Қағазға 1 – топ натурал сандарды көбейтуге арналған 4 өрнек жазады
Қағазға 2 – топ бөлуге арналған 4 өрнек жазады .(жауаптарын өздері білуі тиіс). Қағаздармен ауысып топпен шығарады.
2 кезең Жұппен жұмыс жасау (7 минут)
12 т нан дүкендерге жөнелтілді. Бір дүкенге 2070 кг, екіншісіне одан 3 есе артық, ал қалғаны үшінші дүкенге жіберілді. Үшініші дүкенге қанша килограмм нан түсті?
Шешуі:
2070⋅3=6212
2070+6212=8250
12000-8250=3720
Жауабы: 3720 кг нан түсті.
Мектепке бірде бағамен қазақ батырларының 6 портреті және қазақ билерінің 4 портреті сатып алынды. Оларға 1960 теңге төленді. 1 портрет неше теңге тұрады? 6 портрет ше? 4 портрет ше?
Шешуі: 6+4=10 1960∶10=196
196⋅4=784 196⋅6=1176
Жауабы: 1 портрет 196 тг, 4 портрет 784 тг, 6 портрет 1176 тг.
Хауызға 1 сағатта бірінші құбырдан 85 м3 су ақса, екінші құбырдан 70 м3 су ағады. Егер су екі құбырдан қатар ақса, 620 м3 су хауызға неше сағатта жиналады?
Шешуі:
1) 85+70=155
Су екі құбырдан 155 м3 ағады.
2) 620 : 155=4
Жауабы: 620 м3 су хауызға 4 сағатта жиналады
Бірінші токарь 5 сағатта 240 бөлшекті станокта жонып дайындайды. Екінші токарь 1 сағатта одан 16 бөлшекті кем дайындайды. Егер екі токарь станоктарда қатар жұмыс істесе, олар осы тапсырманы неше сағатта дайындайды?
Шешуі:
1) 240:5=48
Бірінші токарь 1 сағатта 48 бөлшек дайндайды.
2) 48-16=32
Екінші токарь 1 сағатта 32 бөлшек дайындайды.
3) 240/(48+32) =240/80= 3
Жауабы: екі токарь станоктарда қатар жұмыс істесе олар тапсырманы 3 сағатта орындайды.
Сергіту сәті:
Оң қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 5 саусақ,
5- ке 5- ті қосқанда
Болып қалды 10 саусақ
3 кезең Математикалық диктант (12 минут)
1) 12 мен 100 сандарының көбейтіндісін санды өрнек түрінде жазындар және есептендер
12*100=1200
2) 42 мен 14 сандарының бөліндісін өрнек түрінде жазындар және есептендер
42/14=3
3) 316 және 79 сандарының бөліндісінің 9 –ға қосындысын өрнек түрінде жазындар
(316:79)+9
4) 879 және 1562 сандарының қосындысының 63 –ке көбейтіндісінің өрнегін жазындар
(879+1562)*63
5) 250 –ден 15 және 12 сандарының көбейтіндісін азайтқандағы айырмасын өрнек түрінде жазындар.
250-(15*12)
6) х пен 8 санының айырмасының мәнін табындар, мұндағы х=20
х-8=20-8=12
IV. Қорытындылау (7 минут)
Кубизм стратегиясы (кубтың әр қырында сұрақ жазылып тұрады, әр оқушы шығып кубты лақтырады да шыққан сұраққа жауап береді)
V. Үйге тапсырма беру: (2 минут) жұмыс дәптерінен №
VI. Бағалау (2 минут) 4\Топ жетекшісі мұғаліммен бірге оқушыларды бағалайды
Настоящий материал опубликован пользователем Бастенова Алина Бейбутовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалучитель математики
Файл будет скачан в формате:
Бұл жұмыс парағы «Натурал сандарды бөлу» тақырыбына арналға.
7 тапсырмадан тұрады. Соңғы бетте жауаптары бар.
Тапсырмалардың мазмұны:
Бөлуді орындап, жауабын жаз.
Сөйлемді аяқта
Теңдеулерді шеш.
Есепті шеш.
Тізбекті аяқта.
Кестені толтыр.
Есепті теңдеу құру арқылы шеш.
Жұмыс парағы жарқын, креативті және қызықты тапсырмалармен толтырылған. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі және шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді.
Курс повышения квалификации
Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Еще материалы по этой теме
Смотреть
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Выбранный для просмотра документ Натурал сандарды көбейту және бөлу@SEP@Натурал сандарды бөлу және көбейту.pptx
7 353 288 материалов в базе
Вам будут доступны для скачивания все 330 315 материалов из нашего маркетплейса.
Мини-курс
4 ч.
Мини-курс
2 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.