Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сабақ жоспары, тақырыбы "Ортақ іс табысты" (4 сынып)

Сабақ жоспары, тақырыбы "Ортақ іс табысты" (4 сынып)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары


Мектеп: Қазақ бастауыш мектебі Мерзiм: 27.11.2015 Сабақ № 14
Тақырып: Ортақ іс табысты
Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Бірлік, сүйіспеншілік, қамқорлық, ұйымшылдық.
Мұғалiм: М.Т.Шаменова Cынып: 4 «а» Оқушылар саны: 13


Сабақ мақсаты: Бірлік сөзінің мағынасын тереңінен ұғындыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
1. Білімділік: оқушылардың сүйіспеншілік, қамқорлық туралы ұғымдарын кеңейту және нақтылау.
2.Дамытушылық: ұйымшылдық қасиетін дамыту.
3. Тәрбиелік: берекелі өмір сүруге тәрбиелеу.

Ресурстар:
(құралдар,
мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

5 «Т» ережесін сақтауын өтіну

(Тәртіп. Талап. Тыныштық.Тазалық.Татулық)


Тыныштық сәті. № 1 Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді дұрыс ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоциаңыз бен тілек- қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің көзін ашады. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Енді, нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек сәулелі ой келеді. Нұр бірте- бірте күшейе бастайды, сіздің денеңізден тарап, жан- жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға , жан- жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: « Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзі ашуға болады.


Үй тапсырмасын тексеру.
73-74 беттегі «Көп біріксе - береке» М.Төрежанов

  1. Мектеп жанындағы ағаштардың ну орманға айналуының себебі неде деп ойлайсыздар?

  2. «Бірлік болмай - тірлік болмас» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

Сабақ барысын талқылау:

«Күш бірлікте» шағын бейнебаян тамашалау

Оқушылардың пікірлерін тыңдау.

Жануарлардың аман қалуына не көмектесті?

hello_html_c0ab59d.gif

Дәйексөз.
Екі кісі ығысса,
Бір кісілік орын бар.

(оқушылар талдап болғасын 2 рет қыздарға айтқызу 2 рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге 4 рет айтып шығады)

  1. Екі адамның ығысуы қандай жағдайларда қажет?

  2. «Жақсы әрекетті» «жаман әрекеттен» ажыратуға не көмектеседі?

оқулық 63 бет

Әңгімелеу:

Жас жігіт туралы өсиетнама

Ертеде бір жас жігіт болған екен. Оған айналада болып жатқан нәрселердің барлығы ұнаған жоқ. Ол мектепті алтын медальмен кейін халықаралық университетті де үздік аяқтап, елші қызметін атқаратын болады. Елші болып қызмет атқара бастағанда әлемді өзгерткісі келеді. 15 жыл өтеді және оның байқағаны әлем еш өзгермейді, айналасындағы адамдар еш өзгермегенін байқайды.

Сосын ол әлемді қоя тұрайын өзімнің туған қалама барып, туған қаламды өзгертуден бастайыншы деп бел буады. Жаңа үйлер салайын, адамдардың тұрмыстарын жақсартуға жағдай жасайын деп, армандарының орындалуы үшін қалаға келеді. 10 жыл өтеді, бірақ байқағаны айналасында еш нәрсе өзгермегендей, қаланың өмірі қалай болды солай қалды, адамдары да өзгерген жоқ сияқты болып тұрады.

Сосын ол өз отбасы мүшелеріне әсер етіп, оларды өзгерткісі келеді. Оларға нұсқаулар береді, мұқтаждарын сұрайды. 5 жыл өтеді. Еш нәтиже көрмейді. Бәрі де өзгерген жоқ сияқты болып тұрады.

Сосын ол өзімді өзгертсем қайтеді деп ойланады. Өзімнің адамдарға деген көз қарасымды, ойымды, жасайтын әрекеттерімді. Бір ғажабы ол байқай бастайды адамдар өзгерген сияқты, достары мен туыстарыда, қалада, әлемде. Бәрі ол ойлағандай емес мүлде басқа болған екен ғой деп ойын түйіндейді.

Топпен жұмыс: Түстер арқылы топтарға бөлу

  1. топ: Жігіттің адамдар туралы алғашқы ойы қандай болды деп ойлайсыңдар?

  2. топ: Жігіт өзін - өзі өзгерту үшін қандай әрекеттер жасады деп ойлайсыздар?

  3. топ: Адамдар өзге адамдар жайлі үнемі шындықты айтуы керек пе?

Топтар ортаға шығып, жауаптарын түсіндіреді.

Сеттен























кластерлер құру

Шығармашылық жұмыс:

«Жақсылық тамшылары» тамшы үлгісінде көк қағаздарды қиып балалар үлестіреді. Көл болуы үшін әр тамшының маңызды екенін түсіну. Яғни әр адам жақсылық жасауға ұмтылса, жақсы нәрсені көре білсе жүрегі сүйіспеншілікке толы болады, адамдар бақытты өмір сүреді. Әр оқушы жасаған тамшысына тілектерін, ойларын, жақсы әрекердің түрлерін жазып, тақтаға іледі.


маркер, сөздері жазылған қағаз, үнтаспа әуенмен

Үй тапсырмасы.

  1. Дәптерде № 14 сабаққа берілген тапсырманы орындау.

  2. 75-76 беттегі суреттер бойынша әңгіме құрастыру

оқулық

Топпен ән айту.

«Достық» әні

Туған өлкем Қазақстанда,

Көңілді балапанамыз.

Қол ұстасып біз мейрамда,

Шын ниетпен қуанамыз.

Қол ұстасып біз мейрамда,

Шын ниетпен қуанамыз.

Ля-ля-ля, ля-ля-ля.

Салтанатты ұлы күні,

Үні болсын достық әні.

Қуанышта жарқын күйі.

Ортақ болсын шаттық жыры

Қуанышта жарқын күйі.

Ортақ болсын шаттық жыры

Үні болсын достық әні

Үні болсын достық әні

үнтаспа

Соңғы тыныштық сәтi.

(Баяу музыка ойналыптұрады)
Мұғалім:- Балалар, бәріміз көзімізді жұмып
тыныштық әлеміне енейік. Бүгінгі сабақтан алған жақсы
әсерлерімізді есімізге алып, жүрегімізге
орналастырайық.Сіздерге көп рахмет!


Автор
Дата добавления 18.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров171
Номер материала ДВ-351473
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх