Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары Тақырыбы: Психологияда зерттеу әдістерінің түрлері, мүмкіндіктері

Сабақ жоспары Тақырыбы: Психологияда зерттеу әдістерінің түрлері, мүмкіндіктері

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:


Сабақтың технологиялық картасы №______

Пәні: Психология

Тақырыбы: Психологияда зерттеу әдістерінің түрлері, мүмкіндіктері.

Сабақтың мақсаттары:

Білім алушыларға психологияның зерттеу әдістері жайлы мағлұмат беру, білім алушылардың психологияның зерттеу әдістері жайлы түсініктерін кеңейтіп, дамыту;

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Психологияның зерттеу әдістеріоның ерекшеліктерін түсіндіріп, жаңа түсінік бере отырып, жаңа білімді қалыптастыру.

Дамытушылық: Білім алушылардың оқуға, білімге деген ынтасын, қабілетін арттыру, дамыту.

Тәрбиелілік: Қоғамдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды білімді азамат тәрбиелеу. Кез келген уақытта өзін- өзін ұстай алуға, ақыл - ой, адамгершілік қасиетін дамыта тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді дамыту, қолдану

Сабақтың түрі: дәріс

Оқыту әдіс-тәсілдері: лекция, сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырмалар

Оқыту технологиясы: Дамыта оқыту технология

Пәнаралық байланыс:педагогика, психология

Жабдықталуы: слайд-презентация

Көрнекі құралдар: оқытудың идеалды құралдары (вербалдау)

Қосымша тапсырмалар:

Сабақтың жоспары:


Сабақ кезең-

дері

Уа-қы-ты

Мақсаты

Оқу мате-

риалының мазмұны

Қолданы-

латын әдіс-тәсілдер

Білім алушы-

ның оқу жұмыс-ын ұйым-

дасты-

ру түрлері (фрон-

тальды, жеке, жұптық, топтық)

Оқытушы-ның іс-әрекеті

Білім алушы-

ның іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

Сабаққа назарла-

рын аудару

Сәлемдесу. Түгендеу. Оқу журналымен жұмыс. Аудитория тазалығын бақылау

Сұрақ-жауап, талап қою

Жаппай фронтальды

Сабақты бастау, оқу құжаттарымен жұмыс Ойын барысы:Білім алушылар орындарынан тұрады. Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларыңыз керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыздар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңыздар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.


Сабаққа дайын-

далу

2.Мақсат қою және оқу іс-әрекетіне қызығушылықты ояту

2 мин

Білім алушылардың назарын сабаққа аудару, жағымды атмосфера туғызу.

Сәлемдесу ойыны

Қимыл-қозғалыс жаттығулары

Жаппай

Нұсқау беру

Тапсырманы орындау

3.Білім

ді өзектілендіру


5 мин

Ойлан

дыру

Ауызша

Демонстрациялау

Пікір алмасу

Пікірлесу сұрағын қою- Үйге қандай тапсырма берілді? Сонымен...

1. Психология деген дегеніміз не?

2. Психологияның неше даму кезеңі бар?

3. Психологияның салалары қандай?

4. Психологияның дамуына қандай ғалымдар үлес қосты?


Білім алушының жауабы

4.Үй тапсырмасын сұрау

15 мин

Білімді жинақтау

Қазақстанда психология ғылымына үлес қосқан ғалымдар-конспект.

Ауызша, сұрақ-жауап

1.Қан-

дай ой түйдіңіздер?

2.Нені ұсынар едіңіз?

Білім алушылармен сұрақ-жауап алмасу

Білім алушы-

лардың берілген сұрақтарға жауап беруі

5.Жаңа тақы-

рыпты түсін-

діру

30 мин

Жаңа ұғым мәнін ашу, түсіндіру

1.Психологиялық зерттеу әдістері

2.Бақылау әдісі

3.Эксперимент әдісі


Түсіндіру, пікір алмасу

Жаппай фрон-

тальды

Түсіндіру, бағдар беру

Тыңдау, жинақ-

тау, пікір алмасу

6.Жаңа білімді бірінші бекіту кезеңі

5 мин

Білім алушылардың бойына жаңа ұғымдар-

ды жеткізу

Ауызша

Сұрақ-жауап

Жаппай фрон-

тальды

Сұрақ-жауап алмасу, тыңдау Психологияның зерттеу әдістері?

Зерттеу әдістері нешеге бөлінеді?

Бақылау дегеніміз не?

Эксперимент дегеніміз не?

Эксперимент әдісі нешеге бөлінеді?

Табиғи әдісі қай жылы ашылды?

Лабороториялық әдісі қай жылы ашылды?


Білім алушы-

ның жауабы

7.Өз бетімен жұмыс


23 мин

Жаңа білімді дамыту, сабаққа қызығушылық тудыру

Тест парақшаларын тарату, Үлестірмелі материал тарату Социометрия әдістемесін алу.



Өздік жұмыс, Топпен жұмыс

Өздік,

Топтық

Түсіндіру, тыңдау, бағдар беру

Топпен және өздік жұмыстар жасау

8. Білім, білік, дағды

ның қалыптасуын бақы

лау, бағалау

3 мин

Есепке алу

Бағалау

Баға қою

Жаппай жеке

Бағалау


9.Үй тапсырмасын беру

2 мин

Алған білімдерін жүйелеу, дамыту

1.Дәрісті оқу және мазмұндау.

2Бір баланы объекті ретінде алып, оны зерттеп алып келіңіздер.

Түсіндіру

Үйге тапсыр-

ма алу

Түсіндіру, бағдар беру

Жазып алу

10.Реф

лексия

3 мин

Өз-өзіне талдау жасау дағды

ларын дамыту

Бүгінгі білгеніңіз...

Сізгі ұнағаны...

Сабақтан алған әсеріңіз...

Фразаны аяқтау

Жеке

Білім алушылардың ойын жинақтау

Тезис

терді аяқтап жазу

Барлы-

ғы

90

мин






























Жаңа тақырыптың жоспары:

  1. Психологиялық зерттеу әдістері

  2. Эмпирикалық

3.Теоретикалық

    1. Психологиялық зерттеу әдістері















Психологиялық зерттеулердің мақсаты бойынша, әрбір психикалық құбылыс өзара байланысты және ол үнемі дамуда болады. Ал психологияның зерттеу әдістері тарихи даму тұрғысынан қарастырылады.

hello_html_41663169.gif

Психологияның басқа ғылымдар сияқты өз әдістері бар. Ғылыми  зерттеулердің   әдістері  – практикалық ұсыныстарды шығару және  ғылыми теория құру үшін керекті мәліметтер алынатын тәсілдер мен құралдар. Әрбір ғылымның дамуы көбнесе пайдаланылатын  әдістердің  жетілгендігіне және олардың қаншалықты сенімді екендігіне байланысты. Мұның барлығы психологияға  да  қатысты.

Психология зерттейтін құбылыстардың күрделілігі мен көптүрлілігі ғылыми танымға қиындығы соншалықты,  психологиялық  ғылымның жетістіктері тек осы  әдістерге  байланысты болған. Психология жеке ғылым ретінде тек ХІХ ғ ортасында бөлінді, сондықтан ол философия, математика, физика, физиология, медицина, биология және тарих сияқты ңескің ғылымдардың әдістеріне сүйенеді. Сонымен қатар психология информатика және кибернетика секілді жас ғылымдардың әдістерін пайдаланады.

Кез келген дербес ғылымның өзіне ғана тән  әдістері  бар екенін атау керек. Ондай  әдістер  психологияда да бар. Олардың  барлығы екі негізгі топқа бөлінеді: субъективті және объективті

  1. Бақылау әдісі

Бақылау  әдісі   психологиядағы ескі және бір қарағанда өте қарапайым  әдіс  секілді. Ол әдеттегі өмір сүру жағдайындағы адамның қызметіне бақылаушы кіріспей,  жүргізілетін жоспарлы бақылауға негізделеді.  Бұған психологияда бақыланатын құбылыстарды  толық және дәл сипаттау, сонымен бірге оларды  психологиялық  тұрғыдан түсіндіру жатады. Міне  психологиялық  бақылаудың басты мақсаты осы: ол деректерге сүйене отырып, олардың  психологиялық  мазмұнын ашу.

Бақылау – ол барлық адамдардың пайдаланатын  әдісі . Ал қарапайым адамдардың бақылауы мен ғылыми бақылаудың айырмашылығы өте көп.  Ғылыми бақылау жүйелілігімен сипатталып, объективті шындықты алу үшін белгілі бір жоспарға негізделе отырып, жүргізіледі. Яғни,  ғылыми бақылау жүргізілгенде арнайы білім және  сапаны  психологиялық  көріну объективтілі ашылатын арнайы дайындықты талап етеді.

Бақылау әр түрлі  нұсқаларда жүре алады. Мысалы, кеңінен қолданылатын  әдіс  қосылған бақылау. бұл әдіс психологтың өзінің қатысуымен жүргізіледі.  Егер  зерттеушінің қатысуынан, оның жағдайды қабылдауы мен түсінуінен нәтиже бұзылатын болса, онда болып жатқан жағдайларды объективті  түсіну үшін шеттен бақылаған жөн.  Қосылған бақылау мазмұнына қарай  басқа әдіске — өз-өзін бақылауға өте ұқсас.

Бақылау. Бақылау кезінде зерттеуші баланын мінез-кұлқын табиғи жағдайда белгілі бір мақсат көздей отырып кадағалайды және көріп байқағандарын көзден таса қылмай есепке алады. Бақылаудың табысты болуы оның мақсатының қаншалықты дұрыс тұжырымдалғандығына байланысты. Егер зерттеуші бақылау басталмас бұрын бала мінез-құлқынын қай жағына көбірек көңіл аударуы керек екенін анықтап алмаса, онда әсері бытыраңқы, тұрақсыз болады. Бала жақтағы бөлмеден бұл әйнек айна сияқты болып  көрінеді де, бақылаушы жақтан терезеге үқсайды. Жасырын бақылау үшін телевизиялық қондырғылар да  пайдаланылады.

Бақылау процесінде зерттеуші бала мінез-құлқындагы сыртқы белгілерді ғана оның әр түрлі заттармен іс-әрекетін, сөйлеген   сөздерін, мәнерлі   қимылдарын   т. б. қадағалай алады. Бірақ психологты сыртқы көріністер ғана емес, сонын астарында жасырынған психикалық процестер, сапалар, көңіл күйлер де қызықтырады.   Өйткені белгілі   бір   көріністердін, өзі түрлі ішкі жай-күйде   білдіруі   мүмкін   ғой.   Мысалы, қандай да бір-жағдайда бір бала қалжыңға күлуі, ал екінші бала жолдасына еліктеп қана күлуі мүмкін. Бақылаулар жүргізгендегі ең қиын нәрсе б;ала мінез-құлқындағы ерекшеліктерді   елеп   қана қоймай, он ыдұрыс түсіндіру болып табылады.

Жақсы бақылаушылар бақылаулар материалы мен оны түсіндіруін арасын қатақ шектейді. Өйткені түсіндіру қате болып қалуы да мүмкін. Ол үшін бақылау парақ қағаз екі бөлімге бөлініп жазылады. Сол жақ бөліміне баланын. сыртқы белгілерін жазады да, он. жағына оны өзінше түсіндіреді.

Жаппай және ішінара бақылаулар болады. Жаппай бақылаулар  ұзақ уақыт бойы жүргізіледі де, бала мінез-құлқының көп жағын  қамтиды. Ол бір немесе бірнеше балаға қатарынан жүргізледі. Әрине баланың әр қимылын, әр сөзін қалт жібермей есепке алып отыру мүмкін емес. Жаппай бақылаулар әрқашан азды-көпті іріктеліп жасалады: бақылаушыға манызды көңіл аударарлық болып есептелгендер, баланың жаңа сапасы мен мүмкіндігін көрсететіндер ғана жазылып отырылады.

Фактыларды алғаш рет жинақтау үшін бақылау әдісі өте тиімді. Бірақ ол уақыт пен күшті көп жұмсауды қажет етеді. Баланың психикалық өмірінін оны қызықтыратын фактылары қатаң өзінен-өзі пайда болғанынша зерттеушінің күтуіне тура желеді. Оның үстінде (ең маңыздысы да осы) бала өмірі мен тәрбиесіндегі күрделі жағдайлар кейбір мінез-құлықтың себебін ашуға мүмкіндік бермейді. Көптеген зерттеушілер біз бакылау жүргізе отырып, өзіміз білетіндерімізді ғана көретінімізді, ал белгісіз нәрселердің әлі де назардан   тыс   қалатынын байқаған.

Бақылау әдісі мынадай этаптардан тұрады:

  1. Бақылау пәні, заты анықталады және объект таңдалынады. (топ немесе жеке адам)

  2. Бақылау тәсілі таңдалынады.

  3. Бақылау жоспары жасалынады.

  4. Бақылаудың нәтижесін өңдеу жолы таңдалады.

  5. Зерттеу нәтижесі жарияланады.

Бақылау әдісінің негізгі ерекшеліктері

  • Бақылаушы объектпен бақылаушының тікелей байланысы, яғни зерттеуші сыналушыға әсер ете алмайды;

  • бақылаудың бір жақтылығы (эмоционалды түр беруі керек), яғни, субъективтілігі;

  • байта бақылаудың қиындығы, яғни ол жағдайды байта тудыра алмау;

Бақылау әдісі белгіленген ережелерді сақтауға, сондай-ақ қойылған талаптар мен міндеттерді орындауға үйрету мақсатымен, оқушылардың іс-әрекетіне, мінез – құлқына байқау жүргізу.

Байқау әдісінің 3 түрі бар:

  • Мәнді және қызық деп тапқан психологиялық фактілерді анда-санда баяндап отыру әдісінің мұндай жолын кездейсоқ байқау деп аталады.

  • Нысанаға алынған оъектінің қимыл-қозғалыстарын жүйелі түрде үздіксіз байқау деп аталады.

  • Байқауға алынған объектіге белгілі бір мерзімде назар аударып отыру таңдамалы байқау әдісі деп аталады.

  1. Эксперименттік  әдіс

Эксперименталды психологияның негізін неміс ғалымы В. Вундт (1832-1920) қалаған. В. Вундт 1879 жылы Лейпциг қаласында психикалық құбылыстарды эксперимент әдістері арқылы зерттейтін физиологиялық лаборатория ашты.

Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реакция)оқуеңбек, дағдылардың қалыптасу жылдамдығы.

Психологиялық зерттеулерде негізінен екі түрлі эксперимент қолданылады. Олар зертханалық (лабораториялық) және табиғи деп аталады. Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі. Зертханалық эксперимент адамның психикалық ерекшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі қарапайым немесе электрондық тахистас көп сияқты құралдар көмегі пайдаланылады.

Ғылыми білімнің саралануы мен дамуында тәжірибелік әдіс жетекші рөл алатындығы дәлелденді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында психология өз алдына жеке ғылым ретінде философиядан бөлініп шығуы оның эксперименттік ғылым болуынан туындаған үрдіс еді. 

Лабораториялық эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі жағдайлардан пайда болады.

  • Байқалатын объект жөнінде экспериментатордың күн ілгері болжамы (гипотеза) болуы тиіс.

  • Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша арнаулы методикаға (әдістеме) сай, сондай-ақ тәжірибені өткізу үшін жағдайын (тиісті құжаттар) дайындау.

  • Зерттеуші зерттейтін құбылысты өзі табады және оған белсенді әрекет жасайды.

  • Эксперимент жүргізуші кейде зерттеліп жатқан құбылыстарды коррекциялау;

  • Эксперименттің нәтижесін қайтадан қарастыруға мүмкіндік туғызу.

  • Эксперимент нәтижелері сандық және сапалық өңдеуге, математикалық есептеулерге ерекше мән беру т.б. Табиғи эксперименттің зертханалық эксперименттен өзгешелігі адамның күнделікті іс-әрекетінің мазмұны сақталады, зерттелетін құбылысты міндетті түрде іске асыруға жағдайлар жасалады. Сонымен қатар табиғи экспериментте байқау әдісінің және эксперименттің жағымды сапалары араласып келеді: біріншінің табиғилығы, екіншісінің белсенділігі. Байқау мен эксперименттің аралық түрі болып есептелетін эксперимент табиғи эксперимент әдісі болып табылады. Табиғи эксперименттің негізін салған орыс ғалымы – А.Ф.Лазурский (1910). Оның негізгі мақсаты – зерттеудің эксперименттік сипатын болмыстық жағдайлармен ұштастыру.

Әртүрлі жас кезеңдерінде шәкірттердің танымдық мүмкіншіліктерін зерттеуде, жеке тұлғаны қалыптастырудың нақты жолдарын анықтауда рөлі.

Анализ және синтез (грек. analysis - ыдырау және synthesis бірігу) — жалпы мәнінде алғанда бүтіннің құрамдас бөліктерге ыдырауы және бөлшектердің бүтінге ұдайы бірігу процестері. Анализ және синтез таным процесінде маңызды рөл атқарады және оның барлық сатыларында жүзеге асырылады. Ойлау операцияларында анализ және синтез абстрактілік ұғымдардың көмегімен жүзеге асырылатын және бірқатар ойлау операцияларымен: абстракциямен қорытындылаумен және т.б. тығыз байланысты ойлаудың логикалық тәсілдері ретінде көрінеді. Логикалық анализ дегеніміз зерттелетін объектіні ойша құрамдас бөліктерге бөлшектеу жөне ол жаңа білімдерді алу әдісі болып табылады. Дамушы процеске анализ жасау ондағы әртүрлі кезеңдер мен қарама-қайшы тенденцияларды және т.б. бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Аналитикалық қызмет процесінде ой күрделіліктен қарапайымға, кездейсоқтықтан кажетгілікке, алуан түрліліктен ұқсастыққа және бірлікке карай қозғалады. Анализдің мақсаты — күрделі бүтіннің элементтері түріндегі бөлшектерді тану

Дедукция (лат. deductio — бөліп шығару) - сенімді сипатқа ие логика заңдары негізінде бір немесе бірнеше басқа тұжырымдамалардан (шарттар) бір тұжырымды (салдар) дәлелдеп, шығару.

Дедукция — білімнің көбіне жалпыдан жекеге қарай көшуі, салдардың алғышарттардан шығарылуы; ғылыми танымда дедукция индукциямен ажырағысыз байланысты.

Аналогия (гр. analogіaсәйкестік, ұқсастық) – әр түрлі объектілердегі кейбір қасиеттердің ұқсастығы.












  1. Өз бетімен жұмыс

  1. Тапсырма

1. Психологияның негізгі әдістері:

A) бақылау және эксперимент

B) тесттер және сұхбат

C) бақылау және әңгіме

D) әңгіме және сауалнама

E) тест

2.Психологиялық-педагогикалық зерттеулердегі анықталған деректерді тіркеу мен шектеулердің таным әдісі қалай аталады?

A) эксперимент

B) бақылау

C) тұрақтаушы эксперимент

D) квазиэксперимент

E) қалыптасушы эксперимент

3. Бақылаудың бір түрі ретінде жасырын бақылаудың ерекшелігі

A) бақылаушы позициясы

B) тұрақтылығы

C) бірізділігі

D) бақылаушы белсенділігі

E) реттілігі

4. Зерттеу нәтижелерінің неғұрлым жоғары дәлдігін қай зерттеу қамтамасыз етеді?

A) эксперименттік әдіс

B) лонгитюдті әдіс

C) контент-талдау

D) бақылау

E) іс-әрекет нәтижесін талдау әдісі

5. Психикалық дамуды зерттейтін биогенетикалық бағытқа сәйкес келетін эксперимент

A) табиғи эксперимент

B) лабораториялық эксперимент

C) квазиэксперимент

D) қалыптастырушы

E) тұрақтаушы

6. Қалыптастырушы эксперимент синонимі

A) квазиэкспримент

B) бақылаушы эксперимент

C) табиғи эксперимент

D) проективті эксперимент

E) генетикалық моделдік эксперимент

7. Психодиагностикада жаңа тесттердін бірі саналады:

A) компьютерлік тесттер

B) психожастық тесттер

C) қабілеттілік тесттер

D) жетістік тесттер

E) тұлғалық тесттер

8. Адамдар тобын  ұзақ уақыт  қайталай  зерттеу  әдісі:

A) лонгитюд

B) бақылау

C) сұхбат

D) салыстыру

E) анкеталау

9. Психология ғылымы ... зерттейді. Ойды  аяқтаңыз:

A) психикалық  процестердің  мәні  мен  заңдылықтарын

B) адамның  мінез-қылқын

C) сезім ерекшеліктерін

D) сана  ерекшеліктері

E) адамның  қоршаған  шындыққа  қатынасын

10. Мақсатқа бағытталған бағдарлама және жоспармен жүйелі жүргізілетін зерттеу түрі:

A) эксперимент

B) әңгіме

C) бақылау

D) тест

E) социометрия

11. Табиғи экспериментті алғаш психология ғылымына енгізген:

A) А.Ф.Лазурский

B) П.Ф.Лесгафт

C) Б.М.Теплов

D) И.Кант

E) В.Д.Небылицын

12. Психологияны дербес ғылыми пән ретінде қабылдау ... байланысты болды:

A)арнайы ғылыми эксперименталды зерттеу орталықтарының ашылуымен

B) интроспекция әдісінің дамуымен

C) бақылау әдісінің дамуымен

D) Аристотельдің «жан туралы» трактатының шығуымен

E) тесттердің шығуымен

13. Психологияда тұңғыш эксперименталды лаборатория қай жылы ашылды:

A) 1879 ж.

B) 1890 ж.

C) 1910 ж.

D) 1880 ж.

E) 1950 ж.

14. Әлемде алғашқы эксперименталды психологиялық лабораторияның негізін салған:

A) В.Вундт

B) Ф.Гальтон

C) В.Штерн

D) С.Фишер

E) А.Бине

15. Ұжымда немесе топта өзара қарым-қатынасты зерттеуге мүмкіндік беретін психологияның әдісі:

A) социометрия

B) тест

C) әңгімелесу

D) сұхбат

E) анкеталау

































2. тапсырма Социометрия әдісі

Жауап беру бланкісі

Аты-жөні: ______________________________________________________

Тобыңыз:_______________________________________________

Төмендегі сұрақтардың әрқайсысына топта бірге оқитын групаластарыңыздың үшеуінің атын ғана жазыңыз.

1. Педагогикалық колледжді бітіргеннен соң кіммен достық қарым-қатынаста болғыңыз келеді?

А)
Б)
В)
2.Туған күніңізге кімді шақырғыңыз келеді?

А)
Б)
В)
3. Түрлі кештерге кіммен барғыңыз келеді?

А)
Б)
В)

Қолы:















Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 28.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров195
Номер материала ДБ-395816
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх