Инфоурок Информатика Другие методич. материалыСабақ жоспары. Тақырыбы:Негізгі желілік топологиялар.

Сабақ жоспары. Тақырыбы:Негізгі желілік топологиялар.

Скачать материал

Ауқымды компьютерлік желілер

Ауқымды желінің жергілікті желіден айырмашылығы бір-бірінен өте алыс орналасқан компьютердің (әр түрлі мемлекеттердегі, құрлықтардағы компьютерлер) өзара байланысын қамтамасыз етуі.

Логикалық ауқымды компьютерлік желі үш компоненттен тұрады:

·  Қолданушының жұмыс орны (қарапайым компьютерлер);

·  әр түрлі сервистармен қамтамасыз ететін серверлер (қуатты компьютерлер);

·  мәліметтерді тасымалдау желілері.

Ауқымды компьютерлік желілер әртүрлі протоколдар бойынша жұмыс істейді. Қазіргі кезде кең тараған ауқымды желі – Интернет желісі, ТСР/IP протоколы негізінде құрылған

Интернет – ауқымды ақпараттық инфрақұрылым. Қазіргі уақытта 20-да аса ауқымды (глобальды желілер (compuserve, America Online, MS Network)) бар, бірақ олардың ең танымалдысы – Интернет желісі.

Интернет – бір-бірімен байланыс каналдары ж/е бірегей қабылдау, мәліметтерді беру стандарттары арқылы өзара байланысқан компьютерлер мен компьютерлер желілерінің жиынтығы. Ол деген жер шарын қамтып жатқан ауқымды бүкіләлемдік ақпарт жүйесі болып отыр. Алғашқыда Интернетті құру мақсаты — әртүрлі типтегі компьютерлерді біріктіру болып табылған. Қазіргі уақытта компьютер мен телекоммуникация аймақтарында ғана емес, сонымен бірге әрбір адам өзіне қажетті ақпаратты тауып, оған қажетті дегенді жібере алады. Соның нәтижесінде Интернет ақпарат ресурстарымен үздіксіз толығып отырады.

1965 ж. Массачусет технологиялық институтындағы компьютер калифорнияның телефон байланысына қосылды.

Интернет 1969 ж. АҚШ-та осы елдің қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған ARPANET желісінен пайда болды. ARPANET желісі оқу орындарын, әскерлер мен әскери мәдігерлерді біріктіретін желі еді. Ол о баста зерттеушілердің ақпарат алмасуына көмек ретінде, сондай-ақ ядролық шабуыл кезінде қалай байланыс жасау керектігін зерттеу үшін жасалған.

ARPANET алғашқыда ғалымдарға тек жүйеге енуге ж/е қашықтағы компьютерге программа енгізуге мүмкіндік берді. Ұзамай бұзған файлдарды, электронды поштаны ж/е жөнелту тізімін беру мүмкіндіктері қосылды. Мұндағы мақсат бір мәселемен айналысыпы жүрген зерттеушілердің ақпарат алмасуларына мүмкіндік ашу болатын. Бірақ ARPANET –тің өсуіне орай ж/е басқа желілер дамып, оларды бір-бірімен жалғастыру қажеттілігі туындады. Осылай бір-бірімен жалғасқан желілерден тұратын Интернет дүниеге келді.

1971-72 жылдары ARPANET желілеріне арналған біріңғай хаттамалармен (протокол) жұмыс аяқталды. Бұл хаттама Network Control Program (NCP) деген атауға ие болды.

Қазіргі кезде Интернетте байланыстың барлық белгілі желілері қолданылады: төмен жылдамдықтағы телефондардан жоғары жылдамдықтағы спутниктік арналарға дейін. Ақпараттық ж/е бағдарламалық құралдар да әр түрлі. Компьютерлер арасында ақпарат беру қолданылатын байланыс желілерінен, ЭЕМ ж/е бағдарламалық қамтамасыз ету түрінен тәуелсіз болу үшін, ақпарат берудің арнайы хаттамалары жасалған. Олар деректерді белгілі бір өлшемді блоктарға (пакеттерге) бөлшектеу принципі бойынша жұмыс істейді – пакеттер ретімен адресатқа жөнелтіледі.

Интернетте 2 негізгі хаттама қолданылады. Компьютер тілінде хаттама дегеніміз – келісмідер жиынтығы, ал ол болса, түрлі программалар арасында мәліметтерді алмасуды реттейді. Хаттамалар желіге мәліметтерді беру мен қателерді өңдеуді тапсырады. Оларды пайдалану мәліметтер алмасудың нақтылы ақпараттық тарату жүйесіне тәуелсіз стандарттар жасауға мүмкіндік береді. Желіаралық хаттама (Internet Protocol — IP) берілетін дректерді жеке пакеттерге бөліп, алушының адресі көрсетілген тақырыппен жабдықтайды.

Беруді басқару хаттамасы (Transmission Control Protocol TCP) мұндай пакеттің дұрыс жеткізілуіне жауапты. Қос пакет белгілі бір дәрежеде біртұтас нәрсе болғандықтан, оларды TCP/ IP хаттамасы деп атайды. Олар 1974 ж. Жасалған. Егер Интернетке қысқаша анықтама іздесек, онда оны жай ғана бұл TCP/ IP хаттамасын пайдаланатын желілердің желісі деп атауға болады. Байланыстың талшықтық-оптикалық және спутниктік тізбектерімен біріктірілген ең өнімді компьютерлердің бірнешеуі Интернеттің тірек желісін құрайды. Тірек желісінде суперкомпьютерлер жұмыс істейді, оларды әдетте аса ірі университеттік н/е ғылыми зерттеу орталықтарында орналасқан, көбі АҚШ территорияларында. Тірек желісі тізбектерінің өнімділігі секундына бірнеше Гбит-қа жетеді тірек желісіне, мысалы, қарамағанда ұлттық көлемдегі компьютерлік желілер бар. Тек ірі ұйымдар ғана қосылады. Олардың байланыс тізбектірінің өткізу қабілеттілігі ондаған, тіпті жүздеген Мбит/с шегінде. Ұлттық желілерге кәсіпорындар мен провайдерлердің жергілікті желілері қосылады. Тізбектің типіне байланысты олардың өнімділігі ондаған Мбит/с-қа дейін барады. Кейін бұл жергілікті желілердің компьютерлеріне жеке пайдаланушылар қосыла алады.

Егер ұйымдар мен жеке адамдар ақы төлеу негізінде Интернетке шығарылатын болса, оларды провайдерлер деп атайды.

Интернет желісі толығымен орталықсыздандырылған. Ол дегеніміз – желіні пайдалану ережелері мен шарттарын белгілейтін, олардың орналасуын қадағалап, бұзушыларды жазалайтын басқарушы инстанцияның болмауы. Уақыт өте бере желіні пайдаланудың жалпы қабылданған белгілі принциптері қалыптасты.

Жеке компьютерді (желіде олар жұмыс станциялары д/а) ж/е оларды пайдаланушыларды идентификациялау 2 адрес бойынша іске асырылады: (идентификация – одна из функции под системы защиты, реализуемых для определения законности объекта (т.е проверка наличие права доступа) олардың бірі (домендік адрес д/а)). Бүкіләлемдік желіде әр сервердің өзіндік ерекше аты бар, ол домендік есім д/а. Адамға, басқасы (IP –адрес) – компьютерге түсініктірек. Интернет абоненттерінің бір-бірімен байланысы қарапайым болу үшін, адрестердің бір кеңістігі облыстарға – домендерге бөлінеді. Негізінен домендері 2 әріп қосыныдысынан тұратын географиялық аймақтарды қамтиды.

IP адрес дегеніміз – нүктелермен 4 бөлікке бөлінген (олардың ешқайсысы 225-ден аспауы керек) 32 биттік сан (мысалы, 49.19.81.2). пайдаланушыға түсініксіз болғанымен дәл осы адрес компьютермен оқылады.

Мысалы, Франция – fr, АҚШ-us, Ресей-ru, Қазақстан-kz,бұрынғы КСРО-su. Мысалы: www.relcom.ru адресі бойынша www дегеніміз – ресурс аты – (World Wide Web), relcom – фирма аты, ru – Ресей.

Домендік адресте алдымен компьютердің аты, содан соң ол қосылған желінің аты келеді. Тақырыптық белгілеріне қарай бөлінетін домендер де болады. Мысалы, коммерциялық ұйымдар — com, ал оқу орындары – edu, халықаралық ұйымдар – int.

Компьютердің аты өзіне бірнеше домендік деңгейлерге қосады. әр деңгей басқасынан нүктемен бөлінеді. Жоғары деңгейдегі доменнің сол жағында тұрған барлық атаулар қосымша домен болып есептелінеді.  Мысалы, home.microsoft.com  атауы. Мұнда com – коммерциялық ұйымдар үшін жалпы домен. Home – Microsoft-қа қосымша домен, ал ол өз кезегінде com-ның қосымша домені болып табылады.

.gov – үкіметтік ұйымдар

.org – коммерциялық емесе мекемелер, ұйымдар

.net – желілерді қолдайтын ұйымдар

Хаттамалар

 Желі өміршең болуы үшін оның компьютерлері арасындағы мәлімет алмасу ісі қабылданған жалпы стандарттар негізінде жүргізілуі тиіс.

 Әр түрлі құрылғылар мен программалар арасында мәлімет алмасу қалай және қандай түрде атқарылатыны жайлы ережелер жиыны хаттама деп аталады. Түрлі-түрлі компьютерлер мен операциялық жүйелер үшін әр түрлі авторлар жазған программалардың өзара сәйкесті түрде дұрыс жұмыс істеуін осы хаттамалар жүзеге асырады.

 Хаттамалар мынандай топтарға жіктеледі:

 · базалық хаттамалар (TCP мен IP) Интернет компьютерлері арасында кез келген типтегі электрондық хабарламаларды физикалық түрде тасымалдауға жауап береді. Бұлар бір-бірімен өте тығыз байланыста жұмыс істейтін болғандықтан, оларды көбінесе бірге жазылатын TCP/IP (Transmission Control Protocol/Internet Protocol – тасымалдауды басқару хаттамасы/желіаралық хаттама) терминімен белгілейді.

 Интернет TCP/IP хаттамасын пайдаланады. Бұл хаттама тасымалданатын мәліметтерді қалай пакеттерге бөлу керектігін, олардың қалай құрылатынын, қажетті компьютерге сол пакеттердің жеткенін қалай бақылауға болатынын, мәліметті тасымалдау кезінде қате кетсе, оны қалай дұрыстайтынын және де басқа шараларды қалай жүргізу қажет екендігін анықтайды. Негізінде, TCP/IP хаттамасы біртұтас IP-адрестер кеңістігін пайдаланатын мыңдаған жеке желілерді бір-бірімен байланысытырып тұрады. Мұндағы желілердің барлығы да тең құқықты, басқару мен қаржы жағынан тәуелсіз болып саналады;

 · қолданбалы хаттамалар жоғары деңгейде боп есептеледі, бұлар Интернеттің арнайы қызмет баптарының – HTTP (Hyper Text Transfer Protocol – гипермәтінді тасымалдау хаттамасы) хаттамасының, FTP (File Transfer Protocol – файлдарды тасымалдау хаттамасы) хаттамасының, TELNET (алыстан қатынасу) хаттамасының, электрондық поштаның SMTP және POP 3 тәрізді хаттамаларының, т.б. жұмысын қамтамасыз етеді. FTP компьютерлер арасында екілік және мәтіндік файлдарды тасымалдау мүмкіндігін береді. Ол ең «ежелгі» қолданбалы хаттамаға жатады, өйткені ДК тұтынушыларының ең алғашқы талаптарының бірі – осындай қызықты программалар мен құжаттар алмасу болатын. Осы әрекетті FTP хаттамасы атқарады.

                        Компьютерлік желілер.

     Сіздер дербес компьютерлердің желілері (торабы) туралы естіген де шығарсыздар.Олардың ауқымыды жалпы және  жергілікті желілерге бөлінетінінен де хабардар боларсыздар.Бұқаралық ақпараттық жүйеде «  100-мегабитті технологияны... Желілік технологиялар... интернеттегі жанжал... интражелілер...» деген сөздер жиі естіліп жатады.Бірақ біз бұл материалдарды түсындыру кезінде оқушылар желілерімен таныс емес тек компьютер құрамын біледі деп есептейміз.

      Егер сіздің бір-ақ компьютеріңіз болса және модеміңіз болмаса,онда сіз компьютерлік желінің артықшылықтарын сезіне де алмаймыз. «Атыңыз егер болмаса,жорғасын қайдан білесіз»,-деп өлеңде айтылатын сияқты ... Бірақ сіздің бірнеше компьютеріңіз болса немесе мәліметті қашықтағы компьютерге жөнелту керек болса онда желілік технология мүмкіндіктері сіз үшін өте қажет болып табылады.желілік технологиялар орасан зор қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді.Ол үшін компьютер желілерінің қолданылатын аймақтарын қысқаша қарастырып өтейік.

      Компьютерлік  желі дегеніміз – бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі.

       Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютердің және де  принтер,модем факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан  жйынын айтады.Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға,қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен  қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

      Желі құрамына кіретәін компьютерлер мынадай жұмыс атқарады:

-       желімен қатынас құруды ұйымдастыру;

-       олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;

-       желі тұтынкшыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп,оларға әртүрлі қызмет көрсету.

   28.1.Компьютерлік желілердің түрлері.

    Жергілікті және аймақтық таратылған желілер.

    Жергілікті желі (LAN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлер мен  принтерлерді бір-бірімен байланыстырады.Аймақтық таратылған желілер (WAN) географиялық тұрғыдан алғанда бір-бірінен қашықта орналасқан,бірақ бір компанияға немесе фирмаға,мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады.

      Жергілікті желілер – дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын желіні ең қарапайым түрі.

    Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер,факс тәрізді шеткері құрылғыларды ортақ пайдалана алады.Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады.

   Жеогілікті жері әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды.Оның мынадай ерекшеліктері бар:

-       құқжаттарды бірге пайдалану;

-       құжат айналымын жеңілдету:тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай-ақ,жиналыс жасамай-ақ әртүрлі құжаттарды оқуға,түзетуге,түсініктеме беруге мүмкіндік алады;

-       компьютер дискісіндегі  орынды тиімді пайдаланып,өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу;

-       сервердегі қодлданбалы программалармен оңай байланысу;

-         қымбат тұратын қорларды – принтерлерді,CD-ROM мәлімет жинақтауыштарын,қатты дискілерді және ортақ пайдалануға болатын көлемді қолдданбалы программаларды бірігіп пайдалануды жеңілдету т.б.

     Аймақтық-таратылған желілер жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте қашықта орналасқан бір компания компьютерлері арасындла атқара алады.Әдетте ол үшін модем немесе  жоғары жылдамдықты цифрлы желі арналарын ортақ пайдалануға арналған кешендік қызмет көрсете алатын байланыстық телефон арналары қолданылады.Мұнда ISDN арналары графикалық бейнелер жазылған үлкен скөлемді файлдары тасымалдау үшін жиі қолданылады.

 Модем немесе алыста орналасқан сервер көмегімен жүзеге асатын аймақтықтармақталған желілер функциясын жергілікті желілер құрамына енгізе отырып,сыртқы коммуникация  технологияларының төмендегідей мүмкіндіктерін пайдалануға болады:

-       электрондық пошта рақылы мәліметтерді қабылдау және жөнелту;

-       Интернетпен байланысу

     Интернет дегеніміз- дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушыларды бір-бірімен мәліметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар жазбалары арқылы жеңіл байланыстыратын ең ауқымды желі түрі. Өз көлемін жылдам ұлғайта отыры( шамамен жылына 200%), ол біздің өмірімізде күннен күнге өте елеулі рөл атқарып келеді.

      Қазіргі кезде Интернеттің ең негізгі функцияларына электрондық почта қызметі мен мамандықтары бір немесе ортақ мәселемен айналысатын топтардың немесе зерттеушілердің бір-бірімен жылдам мәлімет алмасуы жатады.

       Интернет күннен-күнге қуатты екпін алып, оған көптеген компаниялар мен фирмалар және қарапайым тұтынушылар үздіксіз қосылуда. Компаниялар мен олардың жабдықтаушылары және тұтынушылары арасындағы байланыс дәнекері рөлін атқаратын осы Интернет желісі болып табылады. Қазіргі кезде мекмелер және әрбір жеке отбасы үшін атқарылатын алыстан оқыту жүйелері, алыстан кеңес беру, емдеу жұмыстары тәрізді мәліметті, сөзді, бейнені, қозғалысты қащықтан жылдам жеткізу жұмыстары осы Интернет арқылы жүзеге асырылады.

      Кез келген компьютерлік желі жұмысы топология, хаттама(протокол), интерфейс, желілік программалық және техникалық құралдар тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі.

   Желі топологиясы негізгі функционалдық элементтерінің бір-бірімен байланысу кұрылымын анықтайды.

   Желілік техникалық құралдар –компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны.

   Желілік программалық құралдар-компьютерлік желіә жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамасыз етеді.

    Интерфейстер- желінің функциональдық элементтерін бір-бірімен үйлестіру құралы.

   Протоколдар- желінің функционалдық элементтерінің бір-бірімен қатынас жасау ережелері. Функциональдық элементтер рөлін әртүрлі құрылғылар және де программалық модульдер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және программалық интерфейстер қарастырылады.

28.2. Негізгі желілік топологиялар

Желінің атқаратын қвзметіне байланысты топологиялардың үш түрі болуы мүмкін.

   Шиналық топология. Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе могистральға(кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларыныңбарлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайд(28.1).

    Жұлдыз тәрізді топология. Мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін- желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырад(28.2 сурет). Бұл топологияның артықшылығы – кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.

   Сақиналық топология. Мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп бпрлық жұмыс ст\анцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі – кез келген бір жұмыс станциясыныңістен шығуы жалпы байланысты бұзады.

28.3. Желілік техникалық құралдар

    Жергілікті немесе аймақты тармақталған желілер архитектурасына байланысты негізгі компоненттер мен технологиялар мынадай бөліктерден тұрады :

Ақпараттық құралдар:

-кабельдер;

-серверлер;

-желілік интерфейс тақшалар(NIC,Network  Neterface Card);

-концентраторлар;

-айиақтық тармақталңан желілер үшін бағдарлауыштар(маршуртизаторлар);

-аймақтық тармақталған желілер үшін қашықтықтан қатынас құру серверлері;

-аймақтық тармақталған желілер үшін модемдер;

   Серверлер. Клиент\ сервер желісіндегі сервер дегеніміз осы желіге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы программаларды сақтауға арналған жоғары көлемді қатты дискісі бар дербес компьютерлер болып табылады. Бұған қоса серверлерде желілік операциялық жүйе (NOS,Network Operating System) орнатылып, ол шеткері құрылғылард(принтерлер тәрізді) да басқара алады.

    Желілік интерфейс тақшалары (NIC, Nerwork Operatibg System)үстелге қойылатын және портативті алып жүруге ыңғайлы компьютерлерге орнатылады. Олар жергілікті желідегі басқа құрылғылармен қатынас жүру үшін қажет. Компьютер жұмыс өнімділігіне бірсыпыра талаптар қоятын әртүрлі дербес компьютерлерге арналған желі тақшаларының көптеген түрлері бар. Олар мәліметтерді тасымалдау жылдамдығының өзгеруі мен желіге қосылу тәсілдеріне байланысты әртүрлі болып келеді.

    Модемдер жай телефон арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. «Модем» деген сөз осы құрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол «модулятор\демулятор» сөздерінің шыққан түрі. Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрленеді. Ал екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.

28.4. Желілік программалық құралдар

    Жергілікті және аймақтық тармақталған желілер архитектурасына байланысты программалық құралдар:

-       желілік операциялық жүйеден,

-       желіні басқару программалық құралдарынан тұрады.

    Желілік операциялық жүйе(NOS, Nerwork Operating System)-желіге қосылғанәрбір дербес компьютерде пайдаланылатын программалық құрал. Олқелілік ресурстарды басқарып, олармен қатынас жасауды қадағвлап отырады. Желілік операциялық жүйе тасымалданатын мәліметтерді баратын бағыттары бойынша бағдарлауд(маршруттауды), желілік құрылғылар үшін бәсекелік қайшылықтарды шешуді және дербес компьютердің операциялық жүйесімен, мысалы Windows NT, UNIX, Macintosh немесе  OS/2 жүйелерімен жұмыс істеуді ұйымдастырады.

   Желілік операциялық жүйе файлдар мен қолданбалы программалардың үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.Осындай бір жұмыс станциясында  орналасқан ресурстар бірге пайдаланыла отырып ,керекті мәліметтер алушыларға жөнелтіліп және олар басқа компьютерлерден өзгертіле алады.Желілік  операциялық жүйенің негізгі бөлігі серверде орнласады да,қалған бөліктері барлық жұмыс станцияларында қызмет етеді.

   Желілік операциялық жүйе қосылған барлық құрылғыларды анықтап,ортақ пайдаланылатын шеткері құрылғыларға жұмыс станцияларының қатынасу приоритетін айқындап отырады.Бұған қоса операциялық жүйе трафикті реттеу рөлін атқарып,каталогтармен жұмыс істеуді басқарады және ақпаратты сақтау жүйесін бақылау өкілеттігін жүргізіп,желіні басқару функциясын жүзеге асырады.Кең тараған желілік операциялық жүйелерге   Windows NT Server,Novell Netware,Banyan Vines тәрізділер жатады.

   Желіні басқару программалық құралдары желіні қадағалау,басқару және ондағы мәліметтерді сақтау істерінде маңызды рөл атқарады.Ол желіні тоқтатып қоюға мүмкіндік бергізбейтін және қысылшаң кездерді болдырмайтын,желіні жеке иеленудің (TCO Total Cost og Ownership) жалпы құнын төмендететін басқару істерін алдын ала жүргізеді.

       Желі администраторлары басқару жұмыс станциясы немесе World Wide Web қызметі арқылы трафиктегі заңдылықтарды қадағалай алады,осы сегментті шектен тыс жұмыс атқаруға әкелетін мүмкіндіктерді анықтап береді.Бұған қоса кенеттен туындаған қиғаш мәселелерді тауып олардың әсерлерін азайтады және жұмыс өнімділігін жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін желі құрылымын таңдай алады.Желіні толықтыру және күрделендіру барысында RMON және RMON2 сиқты қадағалау (мониторинг) жабдықтары администраторларға желі ортасын бақылап отыруға көмектеседі.

   Осындай қадағалау жабдықтары желі шекараларынан тиянақты мәліметтерді дер кезінде алып отыруды қамтамасыз етеді және сол арқылы желі администраторы туындайтын қиындықтырдың алдын алып отырады.

    Программалық құралдар бұған қоса  тасымалданатын мәліметтерді кездейсоқ өзгерулерден сақтайды.Желі администраторлары басқаруға арналған  жұмыс станциясы арқылы пароль орната алады,тұтынушылардың қандай құрылғыларды пайдалана алатынын анықтайды және заңсыз мәлімет алмақшы болғандарды тауып тіркеп отырады.

28.5. Клиент сервер технологиясы.

   Жергілікті желілердегі компьютерлердің бір-бірімен қарым-қатынас жасау сипатын олардың функциональдық қызметімен байланыстыру қалыптасқан.Жергілікті желі аймағында да компьютерлерді тікелей байланыстыру кезіндегі сияқты клиент және сервер ұғымдары қолданылады.

     Клиент-сервер технологиясы – жергілікті желідегі компьютерлерді бір-бірімен байланыстырудың ерекше тәсілі,мұнда бір компьютер өз құрылғыларын басқаларға – клиенттерге пайдалануға бере алады.Осыған орай жергілікті желілер бір деңгейдегі желілер және серверлік желілер болып екіге бөлінеді.

    Бір деңгейдегі желілерде айырықша бөлінген сервер болмайды,мұнда әрбір жұмыс станциясы әрі сервер,әрі клиент болып қызмет атқара береді.Мұның ерекшелігі - әрбір жұмыс станциясы өз ресурстарының белгілі бір бөлігін барлық жұмыс станцияларының ортақ пайдалануы үшін бөліп береді.

   Көбінесе бір деңгейдегі желілер мүмкіндіктері бірдей компьютерлерді біріктірген кезде құралады.Бір деңгейдегі желілер жұмыс істеуге ыңғайлы,олардың қызметі де қарапайым түрде жүзеге асырылады.

   Егер компьютерлер саны аз болып,олардың негізгі функциясы бір-бірімен мәлімет алмасу болған жағдайда,ең тиімді шешім – оларды бір деңгейлі желілерге біріктіру болып табылады.Мұндай желі кең тараған Windows 98 операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істей береді.

   Мәліметтердің компьютерлерге тарылып орналасуы және әр жұмыс станциясының ресурстарын ортақтастыруды өзгерту мүмкіндігі бір деңгейдегі желілердегі мәліметтерді заңсыз пайдаланудан сақтауды қиындатады.Осыған орай мамандар мұндай желілердегі ақпаратты сақтау мәселелеріне өте көп көңіл бөлуге мәжбүр болып отыр.

     Бір деңгейдегі желілердің тағы бір кемшілігі – олардың жұмыс өнімділігінің төмендігі.Ол ресурстардың әр жұмыс станцияларына бөлініп,жұмыс кезінде олардың әрқайсысының әрі клиент,әрі сервер қызметін атқаруына байланысты болып отыр.

     Серверлік желілерде компьютерлердің функциялары алдын ала айқындалған – оның кейбіреуі сервер болып қызмет атқарса,қалғандары тұрақты түрде  клиент болып табылады.Компьютерлік желілердің атқаратын  қызметтерінің  көп түрлілігіне  байланысты  серверлердің бірнеше типтері бар,олар:желілік сервер,файлдық сервер,баспа сервер,пошталық сервер т.б.

    Желілік сервер желіні жалпы басқару функциясын және есептеу жұмыстарының негізгі бөлігін атқаратын арнайы компьютер болып табылады.Бұл серверде желіні толық басқаратын операциялық жүйенің негізгі ядросы сақталады.Желілік сервердің  жады көлемі үлкен және оның жұмыс жылдамдығы да жоғары деңгейде болуы тиіс.Мына желідегі жұмыс станцияларының функциясына мәліметтерді енгізу мен шығару және сервермен ақпарат алмасу жатады.

     Файлдық сервер термині негізгі функциясы мәліметтер файлын сақтау,басқару және тасымалдау істерінен тұратын арнайы компьютерге байланысты шыққан.Ол өзінде сақталатын және тасымалданатын файлдарды өңдемейді және өзгертпейді.Сервер ол файлдардың мәтінінен,немесе графикалық бейнелерден,немесе электрондық кестеден тұратын білуге тиісті емес.Жалпы файлдық серверде монитор мен пернелік тақта болмаса да болады.Файлдық мәліметтердегі барлық өзгертулер клиенттік жұмыс станцияларында жүргізіледі.Сондықтан клиенттер серверден файлдарды көшіріп алады да,керекті өзгерістерді жасап,нәтижесін қайтадан серверге қайтарады.Мұндай желі жұмысы – көптеген тұтынушылардың бір үлкен ортақ базаны  біріге отырып пайдалануы кезінде өте тиімді болып табылады.Үлкен желілерде бір мезетте бірнеше файлдық серверлер пайдаланылуы мүмкін.

   Баспа сервері желі адаптері көмегімен мәлімет тасымалдау ортасына қосылған баспа құрылғысы басқа желі құрылығыларынан тәуелсіз,күйде өзі жеке жұмыс жасайды.Баспа сервері желідегі барлық серверлерден және жұмыс станцияларынан тапсырма ала отырып,олардың мәліметтерін басып шығарады.Баспа сервері ретінде қуатты,жұмыс өнімділігі жоғары принтерлер пайдаланылады.

    Жергілікті желі ауқымды желімен өте көп мәлімет алмасатын болған жағдайда,пошталық серверлер пайдаланылады.Олар электрондық пошта мәліметтерін өңдеу үшін қолданылады.Интернет желісімен тиімді қатынас құру үшін   Web-серверлер пайдаланылуы мүмкін.

     28.6.  Желілік технологиялар.

     Ethernet– жергілікті желі құрастыру мақсатында өте кең тараған технология түрі.Ол ІЕЕЕ 802.3 стандартына негізделіп,мәліметтерді 10Мбит/с жылдамдықпен тасымалдап отырады. Ethernet  желісіндегі құрылғылар желі арнасында сигналдың бар екендігін бақылап отырады.Егер арнаны ешбір құрылғы пайдаланбайтын болса,онда Ethernet құрылғысы  мәліметтерді жөнелте бастайды.Бұл сегментегі әрбір жұмыс станциясы жергілікті желідегі мәліметтерді талдап,олардың өзіне бағытталғанын айқындап теріп алады.Бұл схема тұтынушылар саны аз болып сегменттегі тасымалданатын мәлімет мөлшері де төмен болғанда,тиімді болып саналады.Тұтынушылар саны ұлғайған кезде бұл желініңжұмысы тиімсіз бола бастайды.Мұндай жағдайды тұтынушыларды шағын топтарға бөліп,сегменттер санын арттыру ең тиімді (оптимальды) тәсіл болып табылады.Соңғы кездерде әрбір үстелдегі компьютерлік жүйеге 10 Мбит/с жылдамдықты арнайы бөлінген арна беру ісі қалыптасып келеді.Мұндай тенденция онша қымбат емес Ethernet комутаторларының бар болуына байланысты қалыптасқан.  Ethernet желісінде тасымалданатын пакеттер әртүрлі көлемде бола береді.               Fast Ethernet желісінде ағымдағы арнаны бақылай отырып,көпарналы қатынасты жүзеге асыратын және қайшылықтарды (CSMA/CD Carrier Sense Multiple Acces  with Collision Detection) айқындай алатын  Ethernet технологиясы қолданылады.Бұл екі технологияларда ІЕЕЕ 802.3 стандартына тнегізделген осыған орай осы екі типтегі желілерді жасау кезінде (көбінесе) бірдей кабель типтерін,ұқсас желі құрылғыларын және біріңғай қолданбалы программаларды пайдалануға болады. Fast Ethernet желісінде мәліметтер 100Мбит/с жылдамдықпен тасымалданады,яғни Ethernet желісіне қарағанда он есе жылдам жүргізіледі.Қолданбалы программалар күрделенгенде және желідегі тұтынушылар саны артқан кезде мұндай жоғарғы өткеру мүмкіндігі қысылшаң кездерді болдырмайтын тәсілдің бірі болып табылады.

   Соңғы кездерде 10Мбит/с Ethernet және 100Мбит/с  Fast Ethernet шешімдерін қатарластыра  үйлестіреді қамтамасыз ететін жаңа шешім табылады.«Қос  жылдамдықты» 10/100 Мбит/с Ethernet/Fast Ethernet технологиясы - желілік тақша,концентратор,коммутатор сияқты құрлғларға жоғарыдағы жылдамдықтардың (қай құрылғыларға байланысқанына байланысты) кез-келгенімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.10/100 Мбит/с

 Ethernet/Fast Ethernet желілік тақшасы бар дербес компьютерді 10 Мбит/с жылдамдықты концентратор портымен байланыстырғанда ол 10Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істейді.Егер де оны 10/100 Мбит/с жылдамдықты концентратор (3 Com SuperStack  II Dual Speed Hub 500 сияқты) портымен байланыстырсақ,ол автоматты  түрде 100 Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істей бастайды.Бұл тәсіл біртіндеп жоғары жұмыс өнімділігіне көшу ісін жүзеге асыра алады.Оған қоса,мұндай тәсіл серверлер мен клиенттердің  желілік жабдықтарын қарапайым күйде сақтап,желілік  құрылғыларын мен тасымалдау арналарының өткеру алабын өте кең пайдаланатын жаңа программаларды пайдалануға мүмкіндік береді.

     Gigabit Ethernet желілері  Ethernet және Fast Ethernet желілерінің ифрақұрылымымен үйлеседі,оның үстіне олар  Fast Ethernet желілеріне қарағанда 10 есе артық,яғни 1000Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істей алады. Gigabit Ethernet желілері негізгі желілердің «қысылшаң» орындарын болдырмайтын мықты шешім болып саналады. «Қысылшаң» орындар тасымалдау арналарының өткеру  алабына сезімтал қолданбалы программаларға байланысты және интражелілер мен мультимедиалық программалардың трафиктері ағынының шамадан тыс ұлғаюына қарай туындайды. Gigabit Ethernet желісі  Ethernet және Fast Ethernet жұмыс топтарын біртіндеп жаңа технологияға көшіру тәсілі болып табылады.Мұндай тәсіл – олардың жұмыстарына өте аз әсер етіп,жоғары жұмыс өнімділігіне тез қол жеткізу мүмкіндігі.

      АТМ (Asynchronous Transfer Mode) немесе асинхронды тасымалдау режимі – бұл мәлімет алмасу үшін тұрақты ұзындықты ұялар қолданылатын коммутация  технологиясы .Үлкен жылдамдықпен жұмыс істей алатын АТМ желілері біріктірілген мәлімет жиындарын – сөзді,қозғалыстағы бейнелер мен жай мәліметтерді бір арнамен тасымалдау ісін  жүзеге асыра отырып,жергілікті және аймақтық тармақталған желі рөлдерін атқара алады.Бұлардың жұмысы Интернет қызметі түрлерінен айрықша құрылып, арнайы инфрақұрылымның  болуын талап ететіндіктен,олар желі сегменттерін бір-бірімен біріктіріп байланыстыратын магистральдық желі ретінде қолданылады.

    Сақиналық архитектура технологиясы болып саналатын және технологиялары маркерлік қатынас құруға негізделген кумалы желі жасауды пайдаланылады.Олар сақина бойымен бір бағытта маркер деп аталатын арнайы биттер тізбегінен тұратын мәліметтердің айналып жүруі арқылы жасалған үздіксіз тұйық желі түрін құрайды.Маркер сақина бойымен желідегі әрбір  жұмыс станциясын  айналып өтіп үздіксіз қозғалыста болады.Желідегі  мәлімет жөнелтетін жұмыс станциясы маркерге бір кадр қосып қояды, ал қалған станциялар тек маркерді ары қарай жылжытып отырады. Token Ring желілері мәліметтерді 4 немесе 16 Мбит\с жылдамдықтармен тасымалдап, көбінесе IBM компьютерлер3 ортасында қызмет етеді.

FDDI техрологиясы да сақиналы негізде жасалып, оптоталшықты кабельдермен жұмыс істеу үшін магистральды желілерде пайдаланылады. Бұл да Token Ring желілері тәрізді маркерді бір станциядан екінші станцияға жіберіп отырады. Token Ring технологиясынан айырмасы мұнда маркерлері қарама-қарсы бағытта қозғалыста болатын екі сақина болады.Бұл тәсіл бір сақинада үзіліс болып қалған жағдайда желінің ақаусыз қызметін ұйымдастыру мақсатынд(көбінесе оптоталшықты кабельде) жасалады. FDDI желілері мәліметтерді 100Мбит\с жылдамдықпен өте үлкен қашықтарға тасымалдау үшін қызмет етеді. Мұндағы желі сақинасы ең көп дегенде ұзындығы 100 км-ге дейінгі тұйық қашықтықты қамтиды да , жұмыс станцияларының арасы 2 км шамасында болады.

Осы көрсетілген сақина түріндегі екі технология жаңа желілерді ұйымдастыруда АТМ және Ethernetтехнологияларының баламасы ретінде қолданылып келеді.

28.7. Желілік принтерлер

Кез келген қызмет бабында мәтіндік құжаттарды қағазға жиі басуға тура келеді. «Қағазсыз» технологияның күнбе-күн іске асып жатқанына қарамастан, қағазға басылып жатқан мәліметтер көбеймесе, әзірге азайған жоқ. Егер мекемеңіздің абыройын биік ұстағыңыз келсе, сыртқа шығатын құжаттар сапалы лазерлік принтерде басылуы шарт. Тек ішкі қарапайым құжаттар үшін ғана бірнеше жүз доллар тұратын арзан принтерді пайдалануға болады. Ал кей кезде түрлі түсті принтер де қажет болып қалады. Егер де баспагерлік қызметпен айналыспақ болсаңыз, онда қуатты, әрі қымбат лазерлік принтер алу керек,оның құны мың долларға жетіп артылады.

Әрине, ірбір компьютерге қосылған қымбат лазерлік принтерлер ала беру қажет те емес шығар. Мұндай мүмкіндік кез келген фирмада бола бермейді де, сондықтан бір мекемеде әдетте бір, әрі кеткенде екі принтер ғана болады.Ал, бір принтерді бірнеше компьютерге бірден қалай жасауға болады екен?

Мұның бірнеше тәсілі бар. Біріншіден, көп мүмкіндікті ауыстырып қосқыш тетік сатып алуға болады, ол бір жағынан принтерге , екінші жағынан бірнеше компьютерге бірдей жалғанады. (28.3-сурет). Ал, егер компьютерлер бірнеше бөлмелнрде немесе бір мекеменің бірнеше қабаттарында орналасса, қымбат тұратын бір принтердіортақтаса пайдалануда компьютерлік желінің артықшылығы артпаса да түсініктішығар.Бірнеше принтер сатып алудың орнына бір-ақ принтер алып, оны желі арқылы жалғап, жұмыс өнімділігін төмендетпей пайдалану ыңғайлырақ емес пе?! Лазерлік принтердің санын азайтудағы қаржының үнемделуін әркім өзі-ақ есептеп алады.

Мәліметтер базасы

   Көбінесе қарапайым мәліметтер базасы бір компьютердің дискісінің бір немесе бірнеше файлында орналасады.Мұндай мәліметтермен бір адам жұмыс істей береді. Ал егер мәліметтермен бір адам жұмыс істей алады. Ал егер мәліметтер базасы үлкен компания үшін құрылған болса ше? Ондайда бұл мәліметтерді бір мезетте екі –үш адам пайдалануына тура келеді. Ал, ол компанияның филиадцары әр жерде және бір-бірінен қашық орналасса ше? Мұндай да мәліметтер базасын қажет еткендер уақтышы қалай пайдалана алады?Әрине мәліметтерді курьерлер арқылы жеткізіп отыруға болатын шығар,оны көзіңізге елестетіп көріңізші, оңай жұмыс деп айта қоймаспыз.

    Сол компьютерлерді бір компьютерлік желіге біріктіріп мәліметтер базасын серверге(негізгі ЭЕМ) орналасу керек. Желінің жұмыс станциялары зерделі терминал рөлін атқарып , қажетті мәліметтерді керек кезінде мәліметтер базасының басқару жүйесі орналасқан серверден сұрап, оның дискісінен алып отырады. Мәліметтер базасының басқару жүйесі орналасқан серверге сұраныс түскен соң, керекті мәліметтер жұмыс станциясына жіберіліп отырады(28.4- сурет). Мұндай база орналасқан сервер құрамында дисплей мен пернелік тақта болғанымен, олар әдеттегідей жұмыс тәртібінде пайдаланылмайды. Серверлік компьютер әр жерде орналасқан ЭЕМ-дермен(яғни мәліметті пайдаланатын адаммен) тек желілік байланыс арқылы ғана мәліметтер алмаса алады.

   Терминал(енгізу-шығару құрылғысы ) рөлінде дербес компьютер тұрғандықтан сервер қорларын көптеген жұмыстардан босатып, мәліметтерді қосымша өңдеуді терминалдарда орындауға мүмкіндік бар. Бұлай мәлімет өңдеу тәсілі терминалдар саны көбейген сайын бүкіл жүйенің жұмыс өрімділігін арттыруға үлкен себебін тигізеді.

 28.4-сурет. Жұмыс станциялары

егер жұмыс станциясының операциялық жүйесі ретінде Windors пайдаланылса, кез келген адам мәліметтер базасынан сұрайтын мәліметін Windows мәтіндік процессор форматында немесе Excel электрондық кестесі форматында көрсете алады. Алынған мәліметтік құжаттарды форматтап алған соң, лазерлік принте(әрине желіге жалғанған болуы тиіс) әдейілеп қағазға басып алуға болады. Мұнын бәрін тек экран мен пернеліктен тұратын жеке пайдаланылатын компьютерде іске асыру мүмкін емес.

   Сонымен, дербес компьютер желісі әрбір қызмет кеңсесінде бүкіл ұжым пайдаланылатын мәліметтер базасын ұйымдастыра алады. Егер компьютерлер бір-бірімен байланыспаған болса, онда мұндай мүмкіндікке қол жеткізе алмаймыз.

   Магниттік дисклердің жылдан жылға арзандауына қарамастан, оның көлемі ешқашан да толық жеткілікті деп айтуға болмайды. Егер бірнеше қызметтерге көлемді бір файлдағы мәліметтер қажет болып қалса, ол файлды желіиен жұмыс істеу барысында барлық компьютерлерге көшіру қажет емес. Жергілікті желіге қосылған ЭЕМ-дер ішінен олардың бірін(немесе бір- екеуін ) файл –сервер үшін пайдалануға болады, әдетте ондайә компьютерлердің дискісінің көлемі үлкен болуы тиіс(жүздеген Мб, тіпті ондаған Гб-қа да жетуі мүмкін). Мұндай дискіні кез келген жұмыс станциясындағы компьютер өз дискісіндей пайдалана береді.

   Егер көпшілікке керекті мәліметтер файл-сервер дискісіне жазылса, онда желідегі барлық жұмыс станциялары(немесе администратор рұқсатына байланысты олардың белгілі бір побына ғана ) сол мәліметтермен жұмыс атқара алады. Осындай тәсілмен файл-сервер дискісін пайдалану әрбір адамға қосымша тағы бір-екі диск сатып алған сияқты болады, мұндайда мәліметтердің сыртқы ЭЕМ-нен алынғанын адам байқамайды да.

   Файл –сервердің сыртқы жады ретінде компакт-дискіні оқитын құрылғыны немесе мәліметтерді қайта жаза алатын магниттік-оптикалық дискілерді пайдалануға да болады. Компакт –дискіден мәліметтерді оқу құрылғысы арзан тұрады, сол себепті қазіргі кезде ол әрбір жұмыс станциясында бар. Бірақ мұны да теку файл –серверге ғана орналастырып, әрбір станция біраз қаржы үнемдей алады. Ал, магниттік оптикалық дискінемесе жоғары көлемді(бірнеше Гб) қатты дискілер біршама қымбат тұрады,сондықтан оларды да кезқ келген компьютерге қоймай , файл –серверге орналастырған ыңғайлы екені белгілі шығар. Сонымен көлемді мәліметтер көпшілікке керек болғанда, оны ортақтаса пакйдаланудың ең тиімді түрі – компьютерлерді жергілікті желімен байланыстыру болып табылады.

Негізгі желілік топологиялар.

       Негізгі желілік топологиялар.Желінің атқаратын қызметіне қарай топологиялардың мынандай түрлері болады:

       Шиналық топология.  Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осы тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді.  Желініс жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды. 

Жалпы шиналық топология. 

       Жұлдыз  тәрізді топология. Мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін-желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады. Бұл топологияның ерекшелігі- кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді. 

Жұлдыз топологиясы. 

       Сақиналық топология. Мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Таратылған мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі- кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады. 

Желілік құрылғылар

Желілік құрылғылар – компьютерлік желінің жұмысы үшін қажет құрылғылар. Мысалы: маршрутизатор, коммутатор, концентратор, платч-панель және т.б.  Әдетте желілік құрылғыларды:

o   Активті желілік құрылғылар(АЖҚ)

§  Пассивті желілік құрылғылар деп бөледі.

 

Компьютерлік желілер түсінігімен сіз 7-сыныпта таныстыңыз, желілер түрлерінің көрнекі үлгісі- мектептің информатика кабинетінің компьютерлік желісі. Мұндай көлем бойынша кішігірім, бір үй, ғимарат, кәсіпорын аумағында жұмыс істейтін желілер жергілікті деп аталады. Аймақтық немесе ауқымды деп аталатын басқада желілер бар. 
Қала, облыс, ел ішінде орналасқан желілер аймақтық деп аталады. Егер олар қайсы бір ұйымға немесе ұйымдар тобына қарасты болса, онда корпаративтік деп аталады. Мысалы, Қ.Р-ның Ұлттық банкінің желісі – Banknet, негізгі банктің компьютерлерін оның барлық филиалдарының компьютерлерімен (аудандық бөлімшелерін қосу) біріктіреді. 
Одан үлкен көлемдегі, бүкіл елдерге, құрлықтарға тараған желілер ауқымды деп аталады. Олар корпаративтік те, жалпы да бола алады. Мысалы, интернет сияқты олардың кез келген пайдаланушыларға қызмет ету мүмкіндіктері бар. 
Компьютерлерді желіге олардың ресурстарын бірлесіп пайдалану үшін және ақпаратпен алмасу үшін біріктіріледі. 
Компьютердің ресурстары ақпараттық және техникалыққа бөлінеді. Ақпараттық ресурстарға программалар және деректер, ал техникалықтарға – принтер, модем, сканерлер, график сызғыштар кіреді. Ақпарат сақтау құралдары СD-ROM, ZIP, DVD сияқтылар ақпараттық ресурстарға кіреді. Олар программалар және деректері бар қапшықтар ретінде қаралады. Оларға қосылу логикалық дискіге жасалғандай жүзеге асырылады. Орналасқан компьюткрінен ғана қол жеткізуге болатын ресурстар жергілікті деп аталады. Желінің басқа компбютерлеріне де ашық компьютер ресурстары ортақ немесе желілік деп аталады. Жергілікті және ортақ ресурстар түсініктері шартты. Бұл – жергілікті ресурсты ортақ етуге болады және, керісінше ортақ ресурсқа жергілікті мәртебесін беруге болады. 
Ортақ ресурстар орналасқан компьютер сервер деп аталады. Сервердегі ақпаратқа жол ашатын және осы ресурстар пайдаланатын негізгі жетістігі мынада: компьютерлер мен концентраторлар арасындағы жекелеген жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді. 
«Жұлдызша» топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен туындайды: егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады. 
«Сақина» топологиясына тән бір нәрсе – жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайтыны; деректер берілетін біртұтас сақина құраған желі тұйықталған. Мұндай сақинада бір нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғында желінің басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер сақинада барлық уақытта бір бағытта қозғалады. 
«Сақинаның» «Жұлдызшадан» бір ерекшелігі – оған барлық желілік компьютер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір жері істен шықса, бүкіл желі тоқтап қалады. «Сақинаның» тағы бір осал жері компьютердің екі кабелі бар, біреуі бойынша ол деректерді жібереді, басқасы бойынша қабылдайды. Tokin Ring- тің ІВМ желісіндегі деректер маршруты көрсетілген. 
Осылайша, Tokin Ring желісі сақина секілді дерлік, бірақ жұлдызша сияқты безендірілген. 
Жергілікті желіде ақпарт жеткізу жылдамдығы 5-тен 100 Мбит/с-қа дейін жетеді. 
Жергілікті есептеу желілері бірыңғай және ирархиялық болып бөлінеді. Бірыңғай желі – барлық компьютерлері тең құқылы және бірдей қызмет орындайтын жергілікті желі. Олар желіге аз ғана – 10-15-тен көп емес компьютерлер санын біріктіру үшін қолданылады. Бірыңғай желілерде сервер дегеніміз – ресурстары осы сәтте басқа компьютерден де алына беретін компьютер, сервер бір мезгілде клент де бола алады, яғни өзі ресустар беретін компьютердің ресустарын пайдаланады. Жергілікті ресустың ортаққа айналдыруы компьюрерді пайдаланушымен, ОЖ құралдармен жасалады. Қажет болған жағдайда ол өзін пайдалануға арналған парольдіде белгілейді. 
Бірыңғай желілердегі ОЖ –лер ортақ ақпараттық ресустардың оқылуын және редакциялануын, «бөтен компьютерден» программаларды қосуға мүмкіндік беретін тікелей басқарудың құралын қамтамасыз етеді. 
ОЖ Windows 95-те компьютерлік жүйенің желілік мүмкіндіктерін пайдаланатын екі программа бар: 
* МS Exchange программасы – пошталық алмасу программасы ол хабарлар мен файлдардың нақты пайдаланушыларға немесе топтың барлық пайдаланушыларына жіберілуін қамтамасыз етеді.

Негізгі желілік топологиялар. 
Желілік техникалық құралдар 
Клиент-сервер технологиясы

Желінің ақпараттық қызметіне байланысты топологиялардың үш түрі болуы мүмкін. Шиналық топология. Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистралға қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистралға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды. 
Жұлдыз тәрізді топология. Мұнда ортақтандырылған комутациялық түйін –желілік сервер болуы тиіс ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді. 
Сақиналық топология. Мұнда байланысу арналған тұйықталған сақина бойынша орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.

Желілік техникалық құралдар.

Жергілікті немесе аймақты тармақталған желілер архитектурасына байланыста негізгі компоненттер мен технологиялар мынадай бөліктерден тұрады: 
• кабельдер; 
• серверлер; 
• жергілікті интерфейс тақталары; 
• концераторлар; 
• коммутаторлар; 
• аймақтық тармақталған желілер үшін бағдарлауыштар; 
• аймақтық тармақталған желілер үшін қашықтықтан қатынас құру серверлері; 
• аймақтық тармақталған желілер үшін модемдер. 
Серверлер. Клиент сервер желісіндегі сервер дегеніміз – осы желіге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы программаларды сақтауға арналған жоғарғы көлемді қатты дискісі бар дербес компьютер болып табылады. Бұған қоса серверге жергілік операциялық жүйе басқара алады. 
Жергілікті интерфейс тақшалары. Үстелге қойылатын және портативті алып жүруге ыңғайлы компьютерлерге орнатылады. Олар жергілікті желіге басқа құрылғылармен орнатылыды. Олар мәліметтерді тасымалдау жылдамдығының өзгеруімен желіге қосылу тәсілдеріне байланысты әртүрлі болып келеді. 
Модемдер. Жай телефон арналары арқылы интернетке қосылып онымен мәлімет алмысу мүмкіндігін береді. «Модем» - деген сөз осы құрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол «модулятор / демудулятор» сөздерінің қысқаша түрі. Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сингалдарға түрлендіреді. Ал екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.

Клиент – сервер технологиясы

Жергілікті желілердегі компьютердің бір – бірімен қатынас жасау сипатын олардың функционалдық қызметімен байланыстыру қалыптасқан. Жергілікті желі аймағында компьютерді тікелей байланыстыру кезінде сияқты клиент және сервер ұғымдары қолданылыды. 
Клиент – сервер технологиясы – жергілікті желідегі компьютерлерді бір – бірімен байланыстырудың ерекше тәсілі, мұнда бір компьютер өз құрылғыларын басқаларға клиентерге пайдалануға бере алады. Осыған орай жергілікті желілер бір деңгейдегі желілер және серверлік болып екіге бөлінеді. 
Бір деңгейлі желілер айрықша бөлінген сервер болмайды, мұнда әрбір жұмыс станциясы әрі сервер, әрі клиент болып қызмет атқара береді. Мұның ерекшелігі әрбір жұмыс станциясы өз ресурстарының белгілі бір бөлігінің барлық жұмыс станцияларының ортақ пайдалануы үшін бөліп береді. 
Егер компьютерлер саны аз болып олардың негізгі функциясы бір – бірімен мәлімет алмасу болған жағдайда ең тиімді шешім оларды бір деңгейлі желілерге біріктіру болып табылады. 
Серверлік желілерге компьютердің функциялары алдын – ала айқындалған оның кейбіреулері сервер болып қызмет атқарса, қалғандары тұрақты түрде клиент болып табылады. Компьютерлер атқаратын қызметтерінің көп түрлілігіне байланысты серверлердің бірнеше типтері бар. Олар желілік сервер, файлдық сервер, баспа сервер, пошталық сервер және т.б. 
Желілік сервер – желі жалпы басқару функциясын және есептеу жұмыстарының нагізгі бөлігін атқаратын арнайы компьютерлер болып табылады. Мұнда желіге жұмыс станциясының функциясына мәліметтерді енгізу және шығару сервер мен ақпарат алмасу жатады. 
Файлдық серверлер – термині негізгі функциясы мәліметтер файлын сақтау, басқару және тасымалдау істерінен тұратын арнайы компьютерге байланысты шыққан. Жалпы файлдық серверде монитор мен пернелік тақта болмаса да болады. Файлдық мәліметтер барлық өзгертулер жұмыс станцияларында жүргізіледі. 
Баспа серверлер, желі адаптерлері көмегімен мәлімет тасымалдау ортасына қосылған баспа құрылғысы болып табылады. Мұндай желілік баспа құрылғысы басқа желі құрылғыларына тәуелсіз күйге өзі жеке жұмыс жасайды. 
Баспа сервері желідегі барлық серсерлерден және жұмыс станцияларынан тапсырма ала отырып, жергілікті желі ауқымды желіден өте көп мәлімет алмасатын болған жағдайда, пошталық сервер пайдаланылады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары. Тақырыбы:Негізгі желілік топологиялар."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Садовод

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 998 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.12.2015 4694
    • DOCX 144.5 кбайт
    • 37 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кабдушева Мейрамгуль Сериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 52364
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Курс профессиональной переподготовки

Управление сервисами информационных технологий

Менеджер по управлению сервисами ИТ

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продуктовый успех: стратегии и инструменты для создания, улучшения и продвижения продуктов на рынке

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методика поддержки физкультурно-спортивной деятельности для людей с ограниченными возможностями здоровья

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе