Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары: Тақырып: «Отбасы жарастығы.»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Сабақ жоспары: Тақырып: «Отбасы жарастығы.»

библиотека
материалов

«Өзін -өзі тану» пәнінің құрылымдық-мазмұндық сабақ жоспары. 2

Мектеп : Жаңаталап орта мектебі

Күні :2.12.2015 жыл

13-сабақ.

Тақырып: «Отбасы жарастығы.»

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер:жауапкершілік ,шынайылық, бауырмалдық, адамдарға риясыз қызмет ету.

Мұғалім:Құлжанбекова.А.Н.

Сынып : 5.

Оқушылар саны :19

Сабақтың мақсаты:оқушыларды отбасы жарастығы, бауырмалдық, жағымды қарым-қатынас арқылы сүйіспеншілікке баулу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: отбасын қадірлей білу, адам өмірінде отбасының алатын орны туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық:риясыз қызмет ету арқылы қарым- қатынас жасау іскерліктерін дамыту.

Тәрбиелік: өз отбасына деген жауапкершілікке, шынайылылық сезімдеріне тәрбиелеу.


Ресурстар:үнтаспа, суреттер, оқулық, дәптер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.

«Нұрға бөлену»

Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын «Нұрға бөлену» тыныштық сәтімізді бастайық.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ- қолдарыңызды айқастырмаңыздар. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз:Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы , ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін, жақсы жерлерге апарады.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға , тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте- бірте қарқын алып және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан- жағыңызға сәуле шашады,

туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға, өзіңізге бүкіл әлемге жақсы тілек тілеңіз, олардың да жүрегі де нұрға толсын.

Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын», ... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын».

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Көздеріңізді жайлап ашыңыз.

Сұрақ:

1.Осы тыныштық сәтінде қандай күйде болдыңыздар? 2.Айналаңа, жақындарыңа, туыстарыңа, достарыңызға, өзіңізге жақсы тілек тілеудің әсері қандай болды?

Түйін.Ендеше әрқашан бір- бірімізге жақсы тілектерімізді жалғастыра отырып, бір- бірімізге сүйіспеншілікпен қарап, әрқашан қарым- қатынасымызды дұрыс әрекеттер арқылы көрсете отырып, ішкі тыныштығымызды сақтайық. Ол бізді бақытқа жеткізеді.


2.Үй тапсырмасын тексеру.

Балалар өткен аптада берілген үй тапсырмасын пысықтап өтейік. Үйге «Отбасы татулығы» аңыз әңгімесін оқып келу болатын.

«Отбасы татулығы»

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен.

Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерек ше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.

Ол ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.

Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.

-Осы-ақ па?

-Иә,-деді ақсақал.-Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құрылады,-деді де, сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.



Әңгіме желісі бойынша мынадай сұрақтарға жауап берейік.

Сұрақ:

1.Өсиет әңгімеде не жайында айтылған?

2.Неліктен патшаны ұйымшыл отбасы қызықтырды?

3.Отбасының татулығын ұстап тұрған отбасының қандай құндылығы деп ойлайсыңдар?

Түйін: Иә ,балалар, әр адамның жүрегінде отбасына деген сүйіспеншілігі болуы керек, барлық іс әрекеттерімізді сүйіспеншілікке бағыттайық, бір-бірімізден осы сүйіспеншілігімізді аямайық.


3.Жағымды ой пікір.

Бүгінгі сабағымыздағы құндылықтарға байланысты мынадай халық мақалы берілген

«Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің»

Түсіндіру.Осы сөздің мағынасын ашып көрейік.

Отбасы - адам тербеткен ұя , баланың бас ұстазы – ата – ана. Бала әкеден ақыл, анадан мейір алады.Отбасы баланы жақсылыққа жетелейді, сүйіспенішілікті сезінуге үйретеді.Ата – анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан қай ата – ана болсын баласының білімді,әдепті болуын армандайды. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата – бабамыздан қалған асыл сөздің сыры осы.
Ендеше осы бір ұлағатты сөзді есімізде сақтап қалу үшін бәріміз бірге үш рет қайталайық та ,дәйексөзді дәптерімізге жазып алайық.2-3 оқушыдан жатқа сұралады.

Сұрақ:

1.Бұл дәйексөзде отбасындағы қандай құндылықтар жайында әңгімеленген ?

2. Ата-ананың арманы дегенді қалай түсінесіңдер?

Түйін:Міне, балалар, адам баласының өзінің отбасында жанашырлық, бауырмалдық, риясыз сүйіспеншілігі болғанда ғана біз бақытқа қол жеткіземіз.


4.Оқиға айту.(мұғалімнің сыйы)

Бүгінгі сабағымызға байланысты мен бүгін сіздерге мынадай бір қысқаша «Ата-анаңа қарайлас» бейнероглигін көрсетсем

Қысқаша мазмұны мынадай:»Қартайғанда ата-анаңа қарайлас, ата-анаңның жағдайың сұра. Бір мезгіл сен өзің артқа көз тасташы,ата-анаң сенің адам болуын үшін жай сағаттар мен күндер емес, бүкіл өмірін арнады. Сен сәби кезінде бар мейірімімен, сүйіспеншілігімен асырап , сақтаған ата-анаң қартайғанда сенің көмегіне мұқтаж. Сондықтан сен кейімей бар мейірімінмен, сүйіспеншілігінмен ата-анаңа қарайлас.Ол сенің ата-анаң алдындағы парызын. Сол парызымызды орындауда дұрыс әрекеттер арқылы ата-анамызға бар сүйіспеншілігімізді бере білейік. Ол бізді бақытқа жеткізеді.»

Сұрақ:

1.Бейнероликте не туралы әңгімеленген?

2. Ата-анаға құрмет, сүйіспеншіліктің түп тамыры неде деп ойлайсыңдар?

3.Өздерің ата-аналарыңа деген сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіресіңдер?

Түйін.

Ендеше ,балалар бізде ата-анамызды шын жүрекпен, адал ниетпен дұрыс әрекеттеріміз арқылы қуантып, сүйіспеншілікке бөлейік.



5.Шығармашылық жұмыс.

Берілген мақалдарға сүйеніп, шағын әңгіме жазыңдар. Жұмыс дәптерлеріне орындалады.
1. Ата- асқар тау,
Ана- бауырындағы бұлақ,
Бала –жағасындағы құрақ.
2. Ата-бәйтерек,
Бала-жапырақ.
3. Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да,

Қарызыңнан құтыла алмайсың.
Сұрақ:

1.Отбасына деген сүйіспеншілік, құрметтеріңді қалай білдіресіңдер?

2.Отбасының жарастығы дегенді қалай түсінесіңдер ?

Түйін:Адамға өмірде ең қымбаты-отбасы. Отбасында сүйіспеншілік , бауырмалдық,татулық болғанда бірлік болады. Бірін-бірі аялап, түсіне білгенде отбасы берік болады.


6.Топпен ән айту. Кәне, балалар барлығымыз қосылып Ә.Сүлейменовтің әніне жазылған«Әкем-әнім»айтайық.

Ұшырдың баптап ұядан,

Кетпейсің ойдан, қиялдан.

Арманға биік қол созсам,

Тұрасың демеп жиі алдан.

Қайырмасы:

Көңілім бүгін алаң-ды,

Күттің бе, әке, балаңды?

Шаттықпен жарқын тойыңа,

Сыйлаймын сазды бұл әнді.

Адалдық әркез көксеген,

Үйрендім, әке, тек сенен.

Ардақтар өтем мәңгілік,

Ғұмырда жалғыз жетсе дем.

Қайырмасы:

Көңілім бүгін алаң-ды,

Күттің бе, әке, балаңды?

Шаттықпен жарқын тойыңа,

Сыйлаймын сазды бұл әнді.

Жүректі тербеп күй сынды,

Биікке ұшсам сүйсіңдің.

Мойңына көптен асылмай,

Сағындым, әке, иісіңді.

Қайырмасы:

Түйін:Иә, балалар адам баласы алған білімі мен өнерін, адал еңбегін сүйіспеншілікпен өзінің отбасына ,туған жеріне, Отанына арнаса,сүйіспеншілік бар жерде дұрыс әрекетте, тыныштықта болады.Сүйіспеншілік жалпыадамзаттық құндылықтардың бәрінің басын біріктіруші.


7.Үй тапсырмасы: Е. Өтетілеуовтің «Мен қазақ баласымын» өлең жолдарын оқу.Сұрақтарға жауап беру.


8.Қорытынды сәті.Соңғы тыныштық сәті.

(Баяу музыка қосылады.)


Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ- қолдарыңызды айқастырмаңыздар. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Мен музыканы қосқанда бәріміз жүрегіміздегі таза, пәк сезіммен, қиял әлеміне аттанамыз.

Балалар бүгінгі сабағымызда қандай құндылықтарды үйрендік?(сүйіспеншілік, дұрыс әрекет жасау,қиянат жасамау)

Ол бізді сүйіспеншілікке, дұрыс әрекеттер жасауға, біреуге қиянат жасамауға көмектеседі.

Ендеше осы қасиеттер мен құндылықтарды жүрегімізге жеткізіп, сақтайық.

Бүгінгі сабақтан үйренгенім, нені үйренгім келеді, алған әсерлеріңді, ойларыңды мына қима қағазға түсірейікші балалар. Қолдарыңа түрлі-түсті қағаздар беріледі, оларға сабақтан алған әсерлерін, ойларын жазып қалдырады.

Ал, балалар келесі сабаққа дейін демалайық.








































































Автор
Дата добавления 17.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров320
Номер материала ДВ-461576
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх