Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары "Тақырып және идея"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Сабақ жоспары "Тақырып және идея"

библиотека
материалов

Күні:23.10.2015 жыл

Сыныбы: 5«г»

Пәні: Сөз өнері

Сабақтың тақырыбы: Шығарманың тақырыбы мен идеясы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға шығарманың тақырыбы мен идеясы туралы түсінік беру

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға көркем шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу жолдарын меңгерту.

Дамытушылық: оқушылардың көркем әдебиеттi оқуға деген ынтасы мен ықыласын арттыру, сөздiк қорын, логикалық ойлау, дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік: Көркем шығармада суреттелген өмір құбылыстарын тануға, өмірде өздеріне қажетті ұстаным қалыптастыра білуге тәрбиелеу

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, шығармашылық тапсырмалар

Көрнекіліктер: таратпа қағаздар

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың жоспары:

I.Ұйымдастыру кезеңі (1-2мин)

II.Үй тапсырмасын сұрау

III Жаңа сабақ

1 Ой қозғау

2Кіріспе сөз

3 Топпен жұмыс

4 Шығармашылық жұмыс

IV.Сабақты бекіту

V. Сабақты қорытындылау

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Кезекшінің мәліметін тыңдау

3.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



II. Үй тапсырмасын сұрау.

«Ақын қонақтар» әңгімесінің мазмұнын сұрау.



III. Жаңа сабақ

1.Ой қозғау

Әдебиеттен өткен тақырыптар бойынша сұрақ қою.

Балалар, сендер осы уақытқа дейін «Аяз би», «Ер Төстік» сияқты ертегілерді оқыдыңдар. Осы ертегі лер не туралы еді? Оларды оқу арқылы қандай қорытынды жасадыңдар?

2.Кіріспе сөз

Мейлі шағын, мейлі көлемді, ұзақ шығарма болсын, жазушы-ақындар өмір туралы, адам және олардың араларындағы қарым-қатынастар туралы жұртшылыққа өздерініңой-пікірлерін, көзқарастарын ұсынады.

Шығарманы жазбас бұрын, қандай мәселені оқушыларының алдына тартпақшы, сол туралы аз ба, көп пе ойлайды. Сан ой, сан алуан пікірлердің ішінен біреуін негізгі ойының қазығы етеді. Сол шығарманың тақырыбы саналады.

Тақырыпты жазушылар қалай болса, солай ала салмайды. Шығармаға тақырып боларлық өмір құбылысы, әр алуан өмір мәселелері көп. Солардың ішінен әр жазушы өзінің өмірге көзқарасы, дүниетанушылығы, өз табының тілек-мүддесіне керекті деген тақырыпты таңдайды.

3.Топпен жұмыс

Әр топқа А.Байтұрсыновтың қысқа мысалдарын таратып, тақырыбы мен идеясын сұрау. Кесте толтыру.

Шығарманың

аты

Тақырыбы

Идеясы

Аққу, шортан һәм шаян



«Екі шыбын»



«Екі теке»





4.Шығармашылық жұмыс

Оқушыларға белгілі бір тақырып пен идеяны айтып, соған қысқаша әңгіме немесе эссе құрастырту.



IV.Сабақты бекіту.

Сұрақ қою арқылы бекіту:

Сонымен, бүгін біз қандай тақырыпты өттік?

Тақырып, идея дегеніміз не?

V.Сабақты қорытындылау.

1.Оқушыларды бағалау

2.Үй тапсырмасын беру. Үйге Ы. Алтынсаринның 2-3 әңгімесін талдап келу.



Баға:

Әдіскер:

Мұғалім:

Машықкер:

Шығарманың

аты

Тақырыбы

Идеясы

«Аққу, шортан һәм шаян»



«Екі шыбын»



«Екі теке»







Шығарманың

аты

Тақырыбы

Идеясы

«Аққу, шортан һәм шаян»



«Екі шыбын»



«Екі теке»







Шығарманың

аты

Тақырыбы

Идеясы

«Аққу, шортан һәм шаян»



«Екі шыбын»



«Екі теке»





Тақырып: Күз

Идея: Адамгершілік

Тақырып: Жазғы демалыс

Идея: Досқа адал болу

Тақырып: Отбасы

Идея: Достарға адал болу

Тақырып: Достар

Идея: Ұқыпты болу

Тақырып: Мектеп

Идея: Қарт адамдарға көмектесу

Тақырып: Сүйікті пән

Идея: Кішкентайларға көмектесу

Тақырып: Табиғаттың төрт мезгілі

Идея: Мұғалімге құрмет

Тақырып: Табиғат

Идея: Табиғатты аялау

Тақырып: Наурыз мейрамы

Идея: Еңбек ету

Тақырып: Сыныптастар

Идея: Табиғатты аялау

Тақырып: Көктем

Идея: Ата-ананы құрметтеу

Тақырып: Еңбек

Идея: Жамандыққа жақсылық жасау

Аққу, шортан һәм шаян

Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн,

Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін.

Тартады Аққу көкке, Шаян кейін,

Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін.

Бұлардың машақаты аз болмады,

Жұмысы орнына кеп мәз болмады.

Тартса да бар күштерін аямай-ақ,

Аслан жүк орнынан қозғалмады.

Оншама ол жүк артық ауыр емес,

Құр сырттан «пәлен» деу де тәуір емес.

Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр,

Бырыңғай тартпаған соң бәрі тегіс.



Екі шыбын

Бір Өгіз күні бойы тартып сабан,

Қайтты елге сабанымен кешке таман.

Мүйізінде Қара шыбын отыр еді,

Кез болды бір танысы жолда оған.

Танысы мұны көріп келе жатқан,

Астында Өгізі бар сабан тартқан.

«Көзіме күні бойы көрінбеп ең,

Келесің, сөйле, - дейді, - сен қай жақтан?»

Сонда бұл мұрнын көкке көтереді,

Адамсып, маңызданып, жөтеледі:

«Жер жыртып күні бойын, шаршап келем,

Мазалап, сұрап саған не керегі?»



Екі теке

Екі теке келіп түсті көпірге,

Біреуі әрі, бірі бері өтуге.

Көпірдің дәл ортасында килігіп,

Біріне-бірі бақырды кейін кетуге.

Шайқасып бас, бірінің тілін бірі алмай,

Сүзіспекке кірісті қарап тұра алмай,

Тап көпірдің секірісті үстінен,

Бірінен-бірі қояр ма, сірә, кек алмай!

Екеуі де суға қулап тыныш тапты,

Жігіттік қып көпірді тез босатты,

Ерегестің нәтижесі осы дағы,

Таласқандар мұнан артық не тапты?



Автор
Дата добавления 06.06.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров417
Номер материала ДБ-112029
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх