Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары "Тапқырлар ойыны" 9 сынып.

Сабақ жоспары "Тапқырлар ойыны" 9 сынып.



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

САБАҚ ЖОСПАРЫ

«Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

Күні: 14 қазан 2015 жыл

Пән аты: Информатика

Класы: 9 «A», 9 «Ә», 9 «Б», 9 «В»


Интеллектуалдық ойынның тақырыбы:   «Информатика әлемінде»

Мақсаттары:

1.Білімділік. Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ынтасын арттыру, алған білімдерін шыңдап, тексеру.

2. Дамытушылық. Ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік. Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ойынның тақырыбы, нақыл сөздер, марапаттаулар.

Ойынның барысы:  

Информатика болашаққа бастайды,

Келешекке білім қуған жастарды.

Қадам басып ХХІ-ші ғасырға,

Барлық әлем жаңалығын тастайды.

Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!

«Таланттылар терін төгіп, толғансын,

Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын», деп бүгінгі  «Информатика әлемінде» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер.

Көңілді тапқыштар мен білгіштер

Бар өнерін ортаға қазір салады,

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады,-  деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Бұл ойын мына бөлімдер бойынша болады:

1-    бөлім «Таныстыру».

2-    бөлім «Топ басшылар сайысы».

3-    бөлім  «Мақал – сөз мәйегі»

4-    бөлім  «Бәйге».

5-    бөлім  «Сергіту сәті».

6-    бөлім «Зерделілер сайысы».

7-    бөлім Қорытынды

Әр бөлімнен кейін әділ-қазылар алқасы топтардың жинаған ұпайларының  қорытындысын айтып отырады.


Асып әсте саспайық,

Сайыс қызығын достар-ау.

Осылайша шабытпен,

Қане енді бастайық

Жиналған ылғи дарындар,

Жүрегі от боп жалындар.

Топтардың бәрін халайық,

Қол соғып қарсы алайық.

1- бөлім. Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын таныстырады. Ұпайды әділқазылар алқасы қояды.


1-топ «Компьютер»

Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар.

Девизі: «Тапқырлық таныту мақсатымыз,

               Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»

2-топ «Антивирус»

Сәлемдесу-игі дәстүр киелі,

Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда

Жолданады сайыскерлер сәлемі.

Девизі: «Асау тұлпар желдей ескен арынды,

                Оқу менен еңбекке сал барыңды»

3-топ «Интернет»

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау

Девизі: «Болашақтың ұрпағымыз білімді,

                Көрсетпекпіз мектепте алған білімді»

4-топ «Принтер»

Армысыңдар ақ көңілді көрермен,
Келіп қалдық сайыстарға өлеңмен.
Әділ - қазы алқасына мың сәлем,
Хабары бар есеппенен өнерден!
Топтың аты «Принтер» ғой достарым,
Өлеңменен осы әнімді арнадым.
Информатика – ғылымдардың патшасы
Ой - сананың түсінетін астарын.
Девизі: Қанатты барыстаймыз, қайраттымыз,  
Жігерлі де, білімді, айбаттымыз.


Мінекей 4 топтың таныстыруын тыңдадық. Ұпайды әділқазылар алқасы қояды.

( әділ-қазылар алқасы топтардың атауларын жазып алады)

*************************************************************************************

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап, жым отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,

Соқ қолыңды білімді жас талантқа. – деп

2- бөлімді бастайық

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер, – дей отырып, ойынымыздың "Топ басшылар сайысы деп аталатын бөлімін бастаймыз. 10 ұпайдан есептеледі.

1-тапсырма: Алгоритм дегеніміз не? Алгоритмнің неше түрі бар? Оларды атап шық

Жауабы: Алгоритм - орындаушының белгілі бір мақсатқа жетуі үшін орындалатын әрекеттер тізбегін айтады. Алгоритмнің 3 түрі бар:
- Сызықтық алгоритм
- Тармақталған алгоритм
- Циклдік алгоритм

2-тапсырма: Сызықтық алгоритмнің блок схемасын сыз

http://sabaq.kz/wp-content/uploads/2014/04/syz-alg.jpgблок-схема алгоритма

3-тапсырма: Тармақталу алгоритмінің блок схемасын сыз

4-тапсырма: Ақпараттың өлшем бірлігін өсу ретімен орналастыр.

Жауабы: Бит, Байт, Килобайт, Мегабайт, Гигабайт, Терабайт

**************************************************************************

Ойын толқын жатқанда асып -тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, – дей отырып, ойынымыздың «Мақал – сөз мәйегі» бөлімін бастаймыз.

3-бөлім «Мақал – сөз мәйегі»

Топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет. 10 ұпайдан есептеледі.



  1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.

(Жігітті досына қарап, бағала)

  1. Байт биттен құралады.

(Теңге тиыннан құралады)

  1. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.

(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

  1. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім.

(Аттың сыры, иесіне мәлім)

  1. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса.

(Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)

  1. Білмесең, «анықтама»-дан сұра.

(Білмесең білгеннен сұра)

  1. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы.

(Бір ақылдан, екі ақыл артық)

  1. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды.

(Досы күштіні-жау алмайды)

  1. Күлсең ескірген компьютерлерге күл.

(Күлсең кәріге күл)

  1. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.

(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

Осымен 3-бөлім аяқталды, әділ-қазылар алқасынан топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.


Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдірек шәкірт озар

Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» бөліміне де келіп жеттік . Оқылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек. 10 ұпайдан есептеледі.

4-бөлім «Бәйге» 9 «А» сыныбына тапсырма:

  1. Компьютердің «миы»? (процессор)

  2. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (1 бит)

  3. Сыртқы жады (диск)

  4. Принтерлердің ішіндегі ең жылдамы және сапалысы (лазерлік)

  5. Көп пернелі құрылғы (пернетақта)

  6. Ақпаратты уақытша сақтауға арналған құрылғы? (жылдам немесе ішкі жады)

  7. Санау жүйелері қандай топтарға бөлінеді? (позициялық, позициялық емес)

«Бәйге» 9 «Ә» сыныбына тапсырма:

  1. Мәтінді жою пернелері? (Delete, Backspace)

  2. Принтердің неше түрі бар? (3)

  3. Ақпаратты әзірлеу, сақтау, өңдеу және жеткізу үшін арналған электрондық аспап? (Дербес компьютер)

  4. «Microsoft» фирмасының президенті (Билл Гейтс)

  5. Логика не туралы ғылым? (адам ойлауының түрлері мен заңдары)

  6. Компьютердің негізгі бөліктеріне нелер жатады? (Монитор, жүйелік блок, пернетақта)

  7. Компьютердің жады деп нені айтамыз? (оперативтік жад)

«Бәйге» 9 «Б» сыныбына тапсырма:

  1. Адам мен компьютер арасындағы қарым - қатынас тілі қалай аталады? (Интерфейс)

  2. Бір байтта қанша бит бар? (8 бит бар)

  3. Компьютерде жұмыс жасаған кезде адам экраннан қанша қашықтықта отыруы қажет? (60-70 см)

  4. Дүниежүзілік компьютер желісі (интернет)

  5. Компьютер ауруы (Вирус)

  6. Компьютердің негізгі құрылғылары (Монитор, жүйелік блок, пернетақта)

  7. Windows сөзінің қазақша аудармасы? (Терезе)



«Бәйге» 9 «В» сыныбына тапсырма:

  1. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы (Модем)

  2. Дыбыс жазу құрылғысы (микрафон)

  3. Компьютердің атасы деп кімді айтамыз? (Чарльз Беббидж)

  4. Бос орын қалдыру пернесі (пробел)

  5. Стандартты программалар (Блокнот, Word Pad, Paint, Калькулятор)

  6. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан (латын)

  7. Paint бағдарламасын қалай іске қосамыз? пуск - все программы - стандартные - paint)

Осымен 4 - бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.


5-бөлім Сергіту сәті. 

Информатика бұл кейде басты талап,
Ол дегенің ізденгенге қару - жарақ.
Енгізу - шығару құрылғысын,
Көрейік қайсы топ жазар тез - ақ,
- деп «Сергіту сәтін» бастайық.
1 минуттың ішінде компьютердің енгізу және шығару құрылғыларын жазу керек. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі. (Тапсырманы орындау парағы таратылады.)
*******************************************************************************


Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына, - деп келесі Зерделілер сайысына көшейік. 10 ұпайдан

есептеледі.

6-бөлім Зерделілер сайысы

  1. Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми (процессор)

  2. Өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін құртатын жалмауыз (монитор)

  3. Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмай-тын, иә-ні қолдап қайталайтын береген (пернетақта)

  4. Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қорқақ, компьютердің кенже баласы (тышқан)

  5. Тышқанның ең жақын туысы (трекбол, джойстик)

  6. Қағазға тоймайтын мешкей (принтер)

  7. Принтерден асып түсетін мешкей (сканер)

  8. Адамдарды өзіне басындырған әлжуас (Сыныптағы компьютер)



Жетпесіңе жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген

Бар ғылымды сыйдырып

Білетіні көп бізден

Жаңалықтың жаршысы

Жұртты елең еткізген

Информатикаға мың алғыс! – деп, әділқазылар алқасына сөз береміз.



7-бөлім. Қорытынды

Білімдіден шығады білгір маман,
Оқы - тоқы білгенің болмас жаман.
Ақпараттық ғасырыңболашағың,
Ақыл - ойды жинақта міне, соған,-

дегендей сайысымыз осымен мәресіне жетті.
Арнайы осы кеш үшін жасалған мақтау қағаздарымен марапаттау рәсімі.

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін

Ғажайып келешектің төккен үнін

Ардақты ұстаздарға шын көңілден

Жолдаймыз біз алғыс бүгін.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Келген қонақтарымызға қанаттарыңыз биікке қағыла берсін?- деп алғыс білдіреміз. Қош, сау болыңыздар!
































1-тапсырма: Алгоритм дегеніміз не?

Алгоритмнің неше түрі бар?

Оларды атап шық













2-тапсырма: Сызықтық алгоритмнің блок схемасын сыз










3-тапсырма: Тармақталу алгоритмінің блок схемасын сыз













4-тапсырма: Ақпараттың өлшем бірлігін өсу ретімен жаз







Бұл ойын мына бөлімдер бойынша болады:

1-    бөлім «Таныстыру».

2-    бөлім «Топ басшылар сайысы».

3-    бөлім  «Мақал – сөз мәйегі»

4-    бөлім  «Бәйге».

5-    бөлім  «Сергіту сәті».

6-    бөлім «Зерделілер сайысы».

7-    бөлім Қорытынды

1- бөлім. Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын таныстырады.


1-топ «Компьютер»

Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар.

Девизі: «Тапқырлық таныту мақсатымыз,

               Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»

2-топ «Антивирус»

Сәлемдесу-игі дәстүр киелі,

Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда

Жолданады сайыскерлер сәлемі.

Девизі: «Асау тұлпар желдей ескен арынды,

                Оқу менен еңбекке сал барыңды»

3-топ «Интернет»

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау

Девизі: «Болашақтың ұрпағымыз білімді,

                Көрсетпекпіз мектепте алған білімді»

4-топ «Принтер»

Армысыңдар ақ көңілді көрермен,
Келіп қалдық сайыстарға өлеңмен.
Әділ - қазы алқасына мың сәлем,
Хабары бар есеппенен өнерден!
Топтың аты «Принтер» ғой достарым,
Өлеңменен осы әнімді арнадым.
Информатика – ғылымдардың патшасы
Ой - сананың түсінетін астарын.
Девизі: Қанатты барыстаймыз, қайраттымыз,  
Жігерлі де, білімді, айбаттымыз.


"Топ басшылар сайысы деп аталатын бөлімін бастаймыз.

1-тапсырма: Алгоритм дегеніміз не? Алгоритмнің неше түрі бар? Оларды атап шық

2-тапсырма: Сызықтық алгоритмнің блок схемасын сыз

3-тапсырма: Тармақталу алгоритмінің блок схемасын сыз

4-тапсырма: Ақпараттың өлшем бірлігін өсу ретімен орналастыр.


«Мақал – сөз мәйегі» бөлімін бастаймыз.

Жігітті компьютеріне қарап, бағала.

Байт биттен құралады.

Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.

(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім.

(Аттың сыры, иесіне мәлім)

Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса.

Білмесең, «анықтама»-дан сұра. (Білмесең білгеннен сұра)

Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы.

(Бір ақылдан, екі ақыл артық)

Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды.

Күлсең ескірген компьютерлерге күл.

Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.

4-бөлім «Бәйге» сұрақ жауап әр топқа жеті сұрақтан

5-бөлім Сергіту сәті. 

Информатика бұл кейде басты талап,
Ол дегенің ізденгенге қару - жарақ.
Енгізу - шығару құрылғысын,
Көрейік қайсы топ жазар тез - ақ,
- деп «Сергіту сәтін» бастайық.
1 минуттың ішінде компьютердің енгізу және шығару құрылғыларын жазу керек.

6-бөлім Зерделілер сайысы

Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми

Өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін құртатын жалмауыз

Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмай-тын, иә-ні қолдап қайталайтын береген

Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қорқақ, компьютердің кенже баласы

Тышқанның ең жақын туысы (трекбол, джойстик)

Қағазға тоймайтын мешкей (принтер)

Принтерден асып түсетін мешкей (сканер)

Адамдарды өзіне басындырған әлжуас





Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-563275

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>