Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сабақ жоспары. Тасымал. Отан. Ж.Әбдірашев

Сабақ жоспары. Тасымал. Отан. Ж.Әбдірашев

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Абдрахманова Алмагуль Магметоллаевна.

Павлодар қаласы, Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебі

Ана тілі, 1-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тасымал. Отан. Ж.Әбдірашев

Сабақтың мақсаты: Тасымалдаудың кейбір ерекшеліктері жайлы түсінік беру. Ж.Әбдірашев өлеңінің мәнін ашу, тасымал жайындағы білімдерін дамыта түсу, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

  • Тасымал жайлы оқушыларға білім беріп, сөздердің тасымалдану жолдарын меңгерту. Астана жайлы білімін кеңейту.

  • Отан, туған жерді таныстыру арқылы оқушылардың дүниетанымын, тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Мәнерлі оқуға жетелеу. Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру. 

  • Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жерді құрметтеуге, әсемдікке, сұлулық сырын ұғынуға тәрбиелеу. Ән айтуға баулу.

Сабақ құрылымы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (1 мин.)

  2. Үй тапсырмасын тексеру, өткенді қайталау (9 мин.)

  3. Жаңа сабақ (13 мин.)

  4. Тапсырма орындау (14 мин.)

  5. Үй тапсырмасын беру, (1 мин.)

  6. Жаңа тақырыпты бекіту (4 мин.)

  7. Қорытынды, бағалау (3 мин.)

Сабақтың барысы:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сабаққа барлығымыз дайындалып, бастайық. Бүгінгі біздің сабақ ерекше, сондықтан сабаққа белсенді қатысып, өз білімдерімізді байқатуымыз керек.

Психологиялық сәт

Біз бақытты баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Сабақта тыныш отырып,

Жақсы білім аламыз.

Біз қандай баламыз?

Отан сүйгіш баламыз.

Мотивациялық кезең

  • Тамаша, ендеше қазір біз сендермен үй тапсырмасын тексеру үшін, менің алдымнан мына сөздерді алып, үй жұмысына шолу жасайық. Балалар, өз сыныптастарыңды әр тапсырмадан кейін бағалауды ұмытпаймыз.

  • БОвал 2ағалау жүйесімен танысайық.

«5» қойылады (қатесіз, барлығы дұрыс)

Овал 1

«4» қойылады (1 қате бар болған жағдайда)

Овал 3

«3» қойылады (2 қате болған жағдайда)

Үй жұмысын тексеру арналған сөздер:

  • Балалар, мына менің алдымда жатқан қай түсті қағаз ұнаса соны ала отырып, сондағы жазылған сөздерді оқып, сәйкесінше топтарға бөлінеміз.

Ата, әке, облыс, Астана, ел, жер, қазына, өлке, ауыл, қала, бәйтерек, орда, халық, елбасы, әже, ана, ту, құт, бақ, отбасы.


  • Сендердің топтарында қандай сөздер?

  • Тасымал дегеніміз не?

  • Мына сөздерді тасымалдай аламыз ба?

  • Ендеше қай сөздерді тасымалдауға келеді?

  • Қай сөздерде 2 буын болып тұрып, тасымалдауға келмейді?

  • 2 буыны бар тасымалдауға келетін қай сөздер?

  • 1 буынды сөздер? 3 буыны бар сөздерде неше тасымал?

  • Жақсы, енді осыған орай тасымалдауға келмейтін сөздер сендер, «Қырандар» тобы, 2 буынды бірақ тасымалдауға келмейтін сөздер сендер «Балдырғандар», 2 буынды, тасымалдауға келетін сөздер сендер «Сұңқарлар», 2 тасымалы бар сөздер сендер «Жұлдыздар» тобына жайғасып отырайық.

  • Осы сөздерді бір сөзбен қалай айтуға болады?

  • Дұрыс, ендеше біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Отан болмақ. Бүгінгі сабақтың мақсаты тағы бір мәрте тасымал туралы білімдерімізді одан әрі дамыта түсу, сөздерді дұрыс тасымалдай алуға үйренуіміз керек.

  • Тағы қандай мақсат қоюға болады?

  • Енді әр топтың көшбасшылары сендерге мынадай тапсырма: қазір топтың ішінен бір адам шығып, Отан деген сөзге мына суреттердің ішінде қайсысы сәйкес келеді деп ойлайсыңдар, соны сәйкестендіру керек. Жылдам, әрі сол суреттің таңдау себебі болуы шарт.

  • Жақсы, басқа топ мүшелері бағалайық.

hello_html_5ff8b34c.jpg

Операциялық кезең

  • Барлығымыз дәптерімізді ашамыз, бүгінгі күнді жазамыз. 69-жаттығуды орындайық.

  • Тапсырмасы қандай?

  • Берілген сөздерді тасымалдауымыз керек.

  • Тақтаға кім шығады?

Теледидар Кітапхана

  1. Те – ледидар Кі – тапхана

  2. Теле – дидар Кітап – хана

  3. Теледи – дар Кітапха – на

  • Осылай тасымалдаудың себебі неде?

  • Сөздің тасымалдануы неге байланысты болады?

  • Ал , буын саны неге байланысты болады?

  • Балалар сөзі жазып келе жатқан жолға сыймаса, не істеу керек?

  • Тасымал дегеніміз дұрыс буын жігі арқылы жасалады, егер жолдың бойына сыймаған сөздің бөлігі келесі жолға көшіру жолын көрсету.

  • Әр топ берілген сөздерді тасымалдап көріңдер. І топ: балықшы, балапандар. ІІ топ: телефондар, асхана. ІІІ топ: шеберхана, дәптерлер. ІV топ: жолбарыс, қарындаштар.

  • Осы тапсырманы балалар орындай алу мүмкіндіктерін топ басшылар бағалаңыздар.

  • Енді бүгінгі тақырыпқа сай өлең шумақтарымен танысайық.

Сергіту сәті.

  • Қара жорға әніне сергіту сәтін өткізейік.

Отан

«Отан – атам,

Отан – әкем!»

Осы сөзім қате ме екен?

Қате болса,

Неге біздер

Дейміз оны «Атамекен»!

«Отан – әжем,

Отан – анам!»

«Туған ел» деп,

«Туған жер» деп,

Ол бекерге аталмаған!

Атам,

Әжем,

Әкем,

Анам –

Төртеуі де «Отан» маған!

Төртеуі де «Ботам» дейді,

«Ер-азамат атан» дейді!

Мақтанамын Отаныммен,

Отаныма «Ботамын» мен!

  • Бұл өлеңді кім оқиды?

  • Осы өлең не жайында?

  • Осы өлеңді қалай түсінеміз?

  • «Ер-азамат атан» дейді дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Балалар, ер-азамат атанған қай адамдарды білеміз?

  • Олар кімдер?

  • Жақсы, ал, балалар, олар жайында не білеміз?

  • Қандай өлең шумақтарымыз бар?

  • Жақсы, ендеше, балалар, осы есімдерді дәптерімізге жазайық. Ал, балалар, адамның есімдері еш уақытта тасымалдауға болмайды, оларды қысқартып жазылған бөлігін бөліп жаза алмаймыз.

  • Осы мәліметті біз білдік пе?

  • Ендеше біз осы мәліметті есте сақтауымыз керек. Еш уақытта адам есімдері тасымалданбайды.

Рефлексия

  • Бүгінгі сабақта не білдік?

  • Не үйрендік?

  • Жаңа қандай мағлұмат алдық?

  • Қазір сендерге мынадай тапсырма – бүгінгі өткен тақырыпқа сай білімді тексеру үшін, мына тапсырманы орындайық.

  • Мына сөздерді кестенің қай бөлігіне орналастырасың?

  • Ендеше әр топқа бүгінгі тақырыпты бекіту үшін, мынадай тапсырма: берілген әрбір сөздерді топтың тапсырмасына сай теріп жазу. «Жұлдыз» тобы сендер сөздер ішінен бір буынды тасымалданбайтын сөздерді теріп жазыңдар, «Қыран» тобы екі буынды тасымалданатын сөздерді теріп жазыңдар, «Балдырған» тобы екі буынды тасымалданбайтын сөздерді теріп жазу, «Сұңқар» тобы сендер үш буынды сөздерді теріп жазасыңдар.

Балық, қарлығаш, ет, бас, аға, бор, дала, терезе, ат, орда, кеме, кереге.

  • Балалар, сендерге осы тапсырмаға 2 минут уақыт беріледі. Бастайық.

  • Уақыт аяқталды, енді көршілер бір-бірлеріңнің дәптерлерімен алмасайық. Дұрыс жауап сәйкес тексеріс жүргізейік.

  • Жақсы, балалар, алдымызда қандай мереке жақындап келеді?

  • Дұрыс, осыған орай бүгінгі сабаққа сәйкес сендердің көңіл күйлерің қандай, соған байланысты сәйкес стикерлерді таңдап, мына құмырамыздың әдемілейік.

  • Қhello_html_m3de3c461.gifhello_html_mfa2152f.gifуаныш, жеңіс сенімсіздік, тұрақсыздық

hello_html_m3e7d9430.gifТұрақтылық, сенімділік

hello_html_60de2552.gifқобалжу, қиындық

hello_html_ma4eceee.jpg

  • Осымен, сабақ аяқталды, сау болыңыздар.




Автор
Дата добавления 13.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров1094
Номер материала ДВ-153188
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх