Инфоурок Физика Рабочие программыСабақ жоспары "Тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістер" 11 сынып

Сабақ жоспары "Тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістер" 11 сынып

Скачать материал

Сабақтың мерзімі:

Сабақтың  түрі:    Жаңа сабақ.

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістер 

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілік, сыйластық, кішіпейілділік қасиеттеріне тәрбиелеу.

Дамыту: өткен материалдармен байланыстыра отырып, жаңа сабақты түсіндіру.

кезең

Кезеңнің аты

Берілетін уақыт (мин)

І

Ұйымдастыру

5

ІІ

Жаңа сабақ

20

ІІІ

Жаңа сабақты бекіту

15

ІV

Үйге тапсырма

3

V

Баға қою

2

        

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасып, оқушылармен танысу, оқушылардың тізімін алу және сыныпта жоқ оқушыларды түгендеу.  .

       ІІ. Жаңа сабақ

Тақырыбы : «тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістер»

Практикалық маңызы жағынан алғанда, электр құбылыстарының ішінде электромагниттік тербелістердің орны ерекше. Барлық электро- техника мен радиотехника құралдары электромагниттік тербелістер негізінде жұмыс істейді.

Механикалық және электромагниттік тербелістердің табиғаты әр түрлі болғанымен бір заңмен сипатталады.

Зарядтың, ток күшінің және кернеудің периодты өзгерісін электро- магниттпік тербелістер деп атайды. Электромагниттік тербеліс кезінде электр және магнит өрістері энергиясының бір-біріне периодты айналу процесі жүреді. Электромагниттік тербелістерді бақылау үшін электрондық осциллограф қолданылады.

 

 Тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістер

Электромагниттік тербелістерді алу үшін индуктивтігі L катушкамен тұйықталған сыйымдылығы С зарядталған конденсатордан тұратын тізбек пайдаланылады. Осындай электр тізбегі тербелмелі контур деп аталады. Тербелмелі контурда пайда болатын электромагниттік тербелістердің негізгі заңдылықтарын тағайындау үшін кедергісі нөлге тең идеал тербелмелі контурды қарастырайық (1.1-сурет).

1.2  сурет

 

1.1  сурет

 

Алдымен, конденсаторды тұрақты ток көзіне қосып, зарядтап алайық (1.2-суретте кілт 1-жағдайда). Сонда конденсатордың астарларында заряд жинақталып, онда энергиясы        электр өрісі пайда болады. Енді кілтті 2-жағдайға әкеліп, зарядталған конденсаторды катушкамен тұйықтайық (1.2-сурет, 2-жағдай).

Катушка арқылы ток жүріп, конденсатор разрядтала бастайды (1.3, а-сурет).

Токтың өсуімен катушкадағы магнит өрісінің индукциясы да артады, сондықтан контурда өздік индукция электр қозғаушы күші пайда болады. Ленц ережесі бойынша өздік индукция тогы контурда өсіп келе жатқан конденсатордың разрядталу тогына қарама-қарсы бағытталады (1.3, ә-сурет). Бұл разрядталу тогының өсу жылдамдығын азайтады. 1.4-суретте разрядталу тогының уақытқа тәуелділік графигі кескінделген. Ток күші артқан сайын катушкадағы магнит өрісінің энергиясы  артады да, ал конденсатордың электр өрісінің энергиясы  кемиді. Контурдағы электромагниттік өрістің толық энергиясы W тұрақты болып қалады, мұндағы і — ток күшінің лездік мәні.

Конденсатор разрядталғанда ток күшінің және оған сәйкес магнит өрісі индукциясының өсуі де баяулайды. Конденсатор толық разрядталған мезетте өздік индукция электр қозғаушы күші (ЭҚК) нөлге айналады, ал ток күші мен магнит өрісінің индукциясы ең үлкен мәніне ие болады. Бұл мезетке 1.3, б-сурет және 1.4-суреттегі 1-нүкте сәйкес келеді. Осы кезде магнит өрісінің энергиясы  максимал, ал электр өрісінің энергиясы  нөлге тең, мұндағы Іm — ток күшінің амплитудасы.

Бұдан соң ток күші және онымен бірге катушканың магнит өрісі кеми бастайды да, контурда өздік индукция электр қозғаушы күші пайда болады. Өздік индукция тогы контурдагы токпен бағыттас, себебі Ленц ережесі бойынша ол азайып келе жатқан токты күшейтеді (1.3, в-сурет және 1.4-суреттегі 1—2-бөлік).

1.4  сурет

 

 

 

Конденсатор қайта зарядтала бастайды. Ток күшінің азаюы артады, оған сәйкес өздік индукция ЭҚК-і өседі де, ток күші нөлге тең болған мезетте электр қозғаушы күші максимал мәнге ие болады (1.3, г-сурет және 1.4-суреттегі 2-нүкте). Конденсатор толық зарядталып, оның энергиясы  ең үлкен мәніне жетеді, ал магнит өрісінің энергиясы нөлге айналады.

Бұдан соң процесс кері бағытта қайталанып, тағы жарты период өткенде жүйе алғашқы күйге қайтып оралады (1.4-суреттегі 4-нүкте).

Электромагниттік тербелістер кезінде контурда электр өрісінің энергиясы магнит өрісінің энергиясына және керісінше периодты түрде айналып отырады.

Идеал тербелмелі контурда энергия шығыны болмайды, сондықтан тербелістер өшпейді. Толық энергия сақталады және кез келген мезетте ол мынаған тең:

W   =

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту

Есеп шығару үлгісі

Есеп. Тербелмелі контур сыйымдылығы С=10 5 Ф конденсатор мен индуктивтігі L = 0,2 Гн катушкадан тұрады. Конденсаторды Um =2 В кернеуге дейін зарядтаған соң, ол разрядтала бастайды. Катушканың магнит өрісінің энергиясы конденсатордың электр өрісінің энергиясына тең болған мезетте контурдағы ток күші қандай? Контурдың кедергісі нөлге тең.

  1.1.1 (жауабы  1 А),  1.1.2 (жауабы  316 В), 1.1.3  (жауабы  600 В),  есептерін шығару.

ІV. Үйге тапсырма: 1.1§, 1.1.6 есеп.

         V. Баға қою

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары "Тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістер" 11 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный дизайнер

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 178 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.11.2015 3341
    • DOCX 73.6 кбайт
    • 17 скачиваний
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бытыкова Айгерім Мұратқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бытыкова Айгерім Мұратқызы
    Бытыкова Айгерім Мұратқызы
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 30290
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания физики в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 208 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 999 человек

Курс повышения квалификации

ЕГЭ по физике: методика решения задач

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 116 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 117 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по физике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 457 человек

Мини-курс

Предпринимательские риски

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Оказание первой помощи

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 692 человека из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 317 человек

Мини-курс

Основы управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе