Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Доп. образование / Рабочие программы / Сабақ жоспары "Тілім - менің тірегім (4 "Б" сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Доп. образование

Сабақ жоспары "Тілім - менің тірегім (4 "Б" сынып)

библиотека
материалов

Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры: Директордың оқу ісі жөніндегі

Абеева С.Х орынбасар: Реметова А.Қ












Тілім – менің тірегім





Мұғалiм: Аубакирова Алма Сеильбековна

Сынып: 4 «Б»











2016-2017 оқу жылы





«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Талапкер ауылы,

3 Талапкер орта мектебі

Мерзiмі: № 7

Тақырып: Тілім – менің тірегім

Мұғалiм: Аубакирова Алма Сеильбековна

Сынып: 4 «Б»

Оқушылар саны: 28

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттері: Шыншылдық, кішіпейілдік, адалдық


Сабақ мақсаты: Оқушыларға өміріндегі маңыздылығын ұғындыру арқылы, ақиқат құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушылар өзінің сезімдері мен әрекеттерін талқылай білуге үйрете отырып, сүйіспеншілік, кішіпейіді туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: Оқушылардың білімін дамыта отырып, кішіпейілдікке, адалдыққа, шыншылдыққа баулу.

Тәрбиелік. Оқушыларды шыншылдыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(Музыка,құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Саламатсыздарма балалар бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.

5 Т –ны сақтау.

Тәртіп, Талап, Тыныштық, Тазалық, Татулық.



Баяу музыка қойылады.



Сабақтағы жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді тік ұстап, аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Көздеріңізді жұмуды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры төбемізден өтіп, денемізге барады. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға тарай бастады. Оймен осы нұрды көзімізге түсіреміз. Көзіңіз нұрланып, нұрға бөленіп, көзіміз тек жақсылықты көреді. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, тек жақсы сөзді естиді. Енді нұрды тілімізге бағыттайық. Тіліміз тек қана шындықты, жақсы сөздерді айтады. Енді нұрды қолымызға түсіреміз. Қолымыз бүгін тек жақсы істер істейді, баршаға көмектеседі. Енді нұрды аяғымызға түсіреміз. Аяқтарыңыз бүгін тек қана жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Нұр бірте-бірте шұғылана бастады, жан-жағымызға сәуле шашты, сіздің денеңізден шығып осы нұрды отбасыңызға, достарыңызға, туысқандарыңызға бағыттаңыз. Осы нұрды бүкіл әлемге, барлық адамдарға, тірі жанға таралсын...... Олардың да жүрегі нұрлансын. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын» .... Нұр менің жүрегімде. Мен нұрмын. Енді осы нұрды жүрегімізге ораналастырамыз. Оны осындай әсем қалыпта сақтаймыз. Жаймен көзімізді ашуға болады. Рахмет!

- Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.



2.Үй тапсырмасын тексеру: оқулықтағы № 7, 34-36 беттегі

«Қазақ тілі»

Қойылатын сұрақтар:

- Мәтінде не туралы айтылған?

- Патшаның бойынан қандай қасиеттерін білдіңдер?

- Неліктен тілді анамен байланыстырып айтамыз?

- әр адам бойында тілге деген қандай құндылықтар мен қасиеттер болуы қажет деп ойлайсыңдар? Әңгімелеп беріңдер?

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі қарап, тексеру, жасаған жұмысына баға беру.


Сабақ барысын талдау:


3.Дәйексөз:

Сүйемін туған тілді, анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

С.Торайғыров

Дәйексөзді жадында жақсы сақтау үшін қыз балаларға 3 рет, ұл балалар 3 рет қайталайды.

- Балалар, дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Дәйексөзді оқушылар дәптерлеріне жазады.


Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Ана тілін сүю, құрметтеу,мақтаныш ету-әрбір азаматтың міндеті.



  1. Оқиға айту. Мұғалімнің сыйы.

Туған жердің тасы да танымал

(әңгіме)

Медеу Сарсеке

Қаныш Британия елінің шақыруымен келгеніне бірталай күн болып еді.Аз күнде көргендері де, білгендері де көп-ақ.

Бүгін де сондай күндердің бірі еді. Таңертеңгі ас үстінде өздерін бірнеше күннен бастап жүрген үкімет шенеунігі Қанышқа:

  • Мистер Сәтбаев, сіздің бұрынғы күнгі тілегіңізді

Британия мұражайы қуанышпен қабыл етіпті.Қай уақытта барасыз?-деді.

Қаныш өзінің қазір дайын екенін білдірді. Патшалықтың тас қазынасы әр қайсысы жеке мұражалы дерлік, зәулім, кең бірнеше заолдарда орналасқан.Қай жерге көз салсаңда көздін жауын алатын жапсырма тастар.

Содан бір сәтте ол қалың шынымен тұтас

көмкерілген ұзын ағаның қазынасына қарап болып, бүйір қабырғаға бұрыла бере ұзағырақ бөгелді.

Содан соң:

  • Мүмкін емес!-деп қабырғаға жақындай берді. Бұл керемет ат нағыз саф мыс еді.

Кесектің іргесінде жатқан этикеткаға үңілді. Жазу ағылшынша жызылса да, өзі аудармай оқыды. Бірақ оқығанына таң қалды, артына қайра бұрылып:

  • Мынау жатқан саф мыс «Трансваальден келген» деп жазылыпты. Ол бекер жазылған.Бұл-қазақ даласының қазынасы. Осы сөзді анықтап жеткізіңізші, өтінемін,-діді қалым тілмашқа бұрылып.

Гид тыжырынып қалды. Қаныштың сөзін ұнатпай қалуы керек.

  • Мистер Сәтбаев академик деп естідік. Ғапу өтінемін, қателесіп тұрсыз.Бұл-Трансвааль мысы.

  • Онда мен де артық айтсам, ғапу өтінемін.Бұл тас қазақ даласында жаратылған. Тіпті түпкі мекенін айтайын, Жезқазған.Бұл сөзі геолог, геология ғылымының докторы, академик қана емес, сол Жезқазғанның мыс кенін ағылшын компаниясы кеткеннен кейін он бес жыл ұдайы зерттеген инженер-геолог Қаныш Сәтбаев айтып тұрғанын және ескеріңіз...

Сапарының соңына қарай қонақтар жатқан отельге тілдей бір жапырақ хат келді. Ол хат мұражайдан еді. Онда қолайсыз жағдайы үшін кешірім сұрап, қызыметкерлер экспонаттардың орынын ауыстырып жүргенде, этикеткасын ауыстыр алғанын айтып, кешірім сұрапты. Бары сол-ақ ...

Қаныш түнгі Лондонның ортақ оранған келбетіне қарап, ойда тұр. Кеудесі бір қуаныш кернегендей. Ұйқысы ашылып, туған даласын ойлап, қиялдап кетті.

  • Қызық болдау-ау өзі. Иен даланың бір тасын осынау басқа құрлық, бөгде елде. Мынау тұман бүркіген Лондоннан тұнжыр аспаны астында кезіктірем деп кім ойлаған. Шіркін, туған жердің жұмыр тасы-ай!Ақ, қара демей, асыл, жасық деп талғамай, бір ғана белгілі-қасиетің үшін, туған жердің топырағында жаралыпғ қыр төсінде жатқаның үшін де қымбатсың – ау, туған жердің сұр тасы!..

Сұрақтар:

  1. Әңгіме неге бұлай аталған?

  2. Қаныш Сәтбаев деген кім?

  3. Лондон қай елдің қаласы?

  4. Мұражай гиді неге тыжырайып қалды? Неліктен?

  5. Адам өміріндегі ақиқаттың маңыздылығы қандай?

  6. Өздерің де шындықты айтуға, кішіпейілдік және тек жақсы және қажетті заттарды айтуды танытқан кездерің болды ма?


  1. Шығармашылық жұмыс

Оқушыларды төрт топқа бөлу.

1-топ. Өлеңді аяқта. М.Мақатаев

Ал, екінші бақытым- ... ...,

... жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде ...түңілсем ...

Қасиетті ... түңілмедім.

Тиісті сөздер: Тілім, менің, тас, дүниеден, де, тілімнен.

2-топ. Сөз жұмбақ

 Өнер алды - қызыл тіл

3-топ. Конвертке салынған суретті құрастыру.

Мына суреттен бес айырмашылығын тауып бояу.

4-топ.Ат жүйрігі айырады,

Тіл жүйрігі қайырады.

(пазл құрастыру)

топтық жұмыс

  1. Топпен ән айту.

Ана тілім

Әні: С.Жолбарыс

Сөзі: Н.Баймұхамедов

1.Тілім менің ана тілім,

Жырым менің ана тілім.

Көк жүзінде күлімдеген,

Нұрым менің ана тілім.

Білесің бе дала тілін?

Білесің бе дана тілін?

Қазақ үшін құдіретті

Әр қашанда ана тілім.

Қ-сы: Балдай тәтті бала тілім

Сөзбен тәтті дана тілім

Қазақ үшін қасиетті,

Жаса мәңгі ана тілім.

2.Сен арқылы тілдесемін,

Сол тіліміз гүлдесе мың

Айналайын ана тілі,

Арта түспек тілге сенім.

Білесің бе дала тілін?

Білесің бе дана тілін?

Қазақ үшін құдіретті

Әр қашанда ана тілім.

Қ-сы: Балдай тәтті бала тілім

Сөзбен тәтті дана тілім

Қазақ үшін қасиетті,

Жаса мәңгі ана тілім.

Қ-сы: Балдай тәтті бала тілім

Сөзбен тәтті дана тілім

Қазақ үшін қасиетті, 2 рет

Жаса мәңгі ана тілім.



6.Үй тапсырмасы. 8-сабақ 38-39 беттегі,

«Мен елімді сүйемін» мәтінін оқып келу.




7.Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қойылады.

Бүгінгі өткен сабақтан алған жақсы әсерлерімізді ойымызға түйіп, жүрегімізге сақтап алайық. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 18.10.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Рабочие программы
Просмотров172
Номер материала ДБ-272312
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх