Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары "Тілім менің тңрлңгңмнің тірегі"

Сабақ жоспары "Тілім менің тңрлңгңмнің тірегі"


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні:24.09.2016

Тақырыбы: Тілім менің-тірлігімнің тірегі.
Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру.

Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қабырға газеті, ақын-жазушылардың суреттері..
Әдісі: баяндау
Барысы:
Мемлекеттік Гимн орындалады.
Ой қозғау

-Біздің Отанымыз қай ел?

-Балалар, біздің мемлекеттік тіліміз қай тіл?

Мағынаны тану
-Балалар, қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде.
1989 жылы,22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды. заңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген.
Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасіретемес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік.
Оқушылар!
Бүгінгі «Тілім менің-тірлігімнің тірегі» атты әдеп сабағымызды ашық деп жариялаймын!
Тілім менің-тірлігім,
Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?
Тілім менің, тілім менің-тірлігім!
Әрине, тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қаперсіз болған емес.Бүгін де ана тілінің тағдырына алаңдайтын азаматтар баршылық.. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ асайық.
- «Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді».Ғ. Мұстафин.

- «Ана тілін ұмытқан адам өз халқөының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.» Ғ. Мүсірепов.
-«Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік». М. Әуезов.
- «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту».Б. Момышұлы.
Тіл! Тіл-құрал! әсіресе, егер ол өз ана тілін немесе туған тілің болса. әрбір ұлттың өзінің ұлттық тілі болады. Сол ұлттық тілді әрбір адам қорғай білуі қажет. Сол сияқты ұлттық тілді қорғау-біздің міндетіміз.
Ана тілім-тірлігімнің тірегі,
Тілмен ғана кірер адам реңі.
Тілсіз қоғам-өлі мынау дүние,
Түсініксіз тылсымменен бір еді.
Ана тілім-әрекетім азығы,
Бар ғаламды танушылық қазығы,
Ой-сананың өсуінің күәсі,
Ғасырлардың кейінгіге өз үні.
Жүргізуші: Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,
Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.


- «Тіл –ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан,бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру-мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер!
Ана тілің-анаң. Сыйлап өтіңдер!
Туған тілін танымаған көрсоқыр,
Болып өтер ертең мәңгі өкінер.
Қорытындылау.

Ән: «Ана тілін сүйеміз»
































ДТІЖО____________

Әдеп сабағы Күні:23.09.2016

Тақырыбы:Тілім менің тірлігімнің тірегі


Қаламбаев атындағы жалпы орта мектеп

Кенешбаева Г

Мақсаты:

Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру.

Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу

Әдіс -тәсіл

Баяндау


Көрнекілігі

Қабырға газеті.ақын –жазушылар сөздері


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар назарын сабаққа аудару;

«Қар түйіршіктері» ойыны арқылы оқушылар бір-біріне сәттілік тілеу


Қызығушылықты ояту

-Біздің Отанымыз қай ел?

-Балалар, біздің мемлекеттік тіліміз қай тіл?


Мағынаны тану

Баяндау

-Балалар, қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде.
1989 жылы,22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды. заңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген.
Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасіретемес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік.
Оқушылар! Бүгінгі «Тілім менің-тірлігімнің тірегі» атты әдеп сабағымызды ашық деп жариялаймын!
Әрине, тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қаперсіз болған емес.Бүгін де ана тілінің тағдырына алаңдайтын азаматтар баршылық.. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ асайық.
- «Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді».Ғ. Мұстафин.

- «Ана тілін ұмытқан адам өз халқөының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.» Ғ. Мүсірепов.
-«Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік». М. Әуезов.
- «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту».Б. Момышұлы.
Тіл! Тіл-құрал! әсіресе, егер ол өз ана тілін немесе туған тілің болса. әрбір ұлттың өзінің ұлттық тілі болады. Сол ұлттық тілді әрбір адам қорғай білуі қажет. Сол сияқты ұлттық тілді қорғау-біздің міндетіміз.
- «Тіл –ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан,бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру-мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер!
Ана тілің-анаң. Сыйлап өтіңдер!
Туған тілін танымаған көрсоқыр,
Болып өтер ертең мәңгі өкінер.

Қорытындылау

Ән: «Ана тілін сүйеміз»


Постер «Ана тілі»




Автор
Дата добавления 30.09.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров34
Номер материала ДБ-226911
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх