Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары "Тыныс белгілері" 9-сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Сабақ жоспары "Тыныс белгілері" 9-сынып

библиотека
материалов

Сынып:9 Күні: 18.02.2016 жыл

Сабақтың тақырыбы : Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілер

Сабақтың мақсаты : А) Оқушыларға сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерді өздігінен меңгеруге жетелеу;

Ә)Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын дамыта отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, сөйлеу тілін жетілдіру;

Б)Тілді аялай білуге , әдептілікке , достыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі : Жаңа білім беру

Сабақтың түрі : Ізденіс

Сабақтың әдісі: Іздендіру, түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, салыстыру, жаттығу жұптық жұмыс, куббизм,  Венн диаграммасы.

Сабақтың көрнекілігі : Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерге арналған кестелер, қима қағаздар

Күтілетін нәтиже: Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілердің ережелерімен таныса отырып, сауатты жазуға дағдыланады











Сабақтың барысы : Оқушылармен сәлемдесу,сабаққа қатысымын тексеру, журналға белгі қою, назарларын сабаққа аудару.

Мен бастаймын, сен жалғастыр” ойыны
1. Сөйлем аяқталған ….… (ойды білдіреді).
2. Сөйлем сөзден ………… (құралады).
3. Сөйлемдегі сөздер .… (бөлек жазылады).
4. Сөйлемнің бірінші …… (сөзі бас әріптен басталып жазылады).
5. Сөйлемнің соңына ……(нүкте қойылады).
6. Хабарлы сөйлемнен кейін ……… (нүкте қойылады).
7. Сұраулы сөйлемнен кейін ……… (сұрақ белгісі қойылады).

1.Пунктуация дегеніміз не?

А. Латын сөзі, нүкте дегенді білдіреді;+

В.Тілдегі алфавитке енбейтін графикалық таңбалар жиынтығы;+

С.Мәтіндегі ойды бір-бірінен айырып түсінуге көмектесетін негізгі құралы;+

Д. Тыныс белгілерін зерттейтін ережелер жиынтығы;+

2. Тыныс белгісінің қызметі неше принципке негізделеді?

3 принцике: граматикалық, мағыналық, интонациялық.+

Граматикалық принцип тыныс белгілерін сөйлемнің құрылымдық ерекшеліктеріне сүйеніп қою.

Мағыналық принцип сөйлем және сөйлемдегі сөздердің мағынасын анықтау.

Интонациялық принцип мәтінді, сөйлемді және сөзді оқығанда, дауыс ырғағының өзгеріп отыруы.



3. Тыныс белгілерінің орны және қызметі

Мына кестені толтырыңдар.

Нүкте (.)

Сұрақ белгісі (?)

Леп белгісі (!)

Көп нүкте (...)

Үтір (,)

Қос нүкте (:)

Жақша ( )

Тырнақша ("")

Сызықша (-)

Үтір (,)

Қос нүкте (:)

Нүктелі үтір (;)

Үтір сызықша (,-)



Даралаушы қызмет атқарады.

Ерекшелеуші қызмет атқарады.

Ойдың ара жігін ажырату қызметін атқарады.



2.Мына кестені толтырыңдар.



Даралаушы қызмет атқарады.

Ерекшелеуші қызмет атқарады.

Ойдың ара жігін ажырату қызметін атқарады.





Бүгінгі сабақта сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілердің ережелерімен таныса отырып, сауатты жазуға дағдыланамыз.

Нүкте

1.Хабарлы сөйлемнен кейін қойылады.

2.Жай екпінсіз айтылған бұйрық және тілек мәнді сөйлемнен кейін қойылады.

3.Драмалық шығармада кейіпкер атынан кейін қойылады.

4.Драмалық шығармада автордың түсінігі ретінде айтылған ремарка сөйлемнен кейін жақша ішінде қойылады.

5.Адамның аты-жөні қысқарғанда қойылады.

6.Газет -журнал атауын шартты түрде қысқартқанда қойылады.

7.Кейбір сөздер шартты түрде қысқартылғанда қойылады.

8.Ғасыр, жыл, сағат, минут, секунд сөздері қысқартылғанда қойылады.

1.Жаңбыр жауды.

2.Әже, сізден Аллаһ разы болсын.

3.Нұрхан. Міне, міне, әлгі мен айта беретін ауыл!

Мүсірепов. (құлазып) Қыбыр еткен жан жоқ.

4.Нұрхан, кім бар?( Айқара есікті итеріп ашады.) бері шық!

5.Ғ. Мүсірепов / Ғ.М.

6."Қазақ әдебиеті" / Қ.Ә.

7. тағы басқалар-т.б.

тағы сол сияқты - т.с.с.

тағысын тағылар-т.т.

8. ғ./ж./сағ./мин./сек.

(А. Яссауи кесенесі (XIIғ.) -тарихи ескерткіш)

Леп белгісі

1. Көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлем мен бұйрықты сөйлемнен кейін қойылады.

2. Көтеріңкі дауыспен бұйыра, өтініш білдіре айтылған сөйлемне кейін қойылады.

3. Ұранды сөйлемнен кейін қойылады.

4. Көтеріңкі дауыспен айтылған қаратпа, одағай сөздерден кейін қойылады.

5. Көтеріңкі дауыспен "жоқ" , "иә" деген сөздерден кейін қойылады.

6.Сәлемдескенде айтылған, ішінде сұраулық шылауы бар тіркестерден кейін қойылады.

1. Қандай керемет! Бері кел!

2. Қалағаныңызды алыңыз!-деді Ботагөз жадырап, бір жақсылық хабар күтіп.

3.Жасай бер, көркейе бер, менің Қазақстаным!

4.-Қарағым! Қанатым! Енді қайтейін!

Қолымнан келгені -осы.

5. -Жоқ! Қайтсең де тауып әкел!

6.-Амансың ба, қарағым! -деп қария балаға қарады.

Сұрау белгісі

1. Сұраулы сөйлемнен кейін қойылады.

2.Сөйлемдегі белгілі бір сөздің мәні оқушыға түсініксіз, неге олай деген күдік туғызғандығы аңғару үшін, сол сөзден кейін жақшаға алынып қойылады.

1. Ақшам қайда?

2." ...Пысық деген (?) ат шықты"- деген тармақ 1909 жылғы кітапта

"...Пысық деген ант шықты",-деп жарияланған.

Көп нүкте

1. Айтылуға тиісті ой аяқталмай қалғанда, сөйлем соңында көп нүкте қойылады.

2.Сөйлеуші қысылып сөйлей алмай қалғанда, асығыс айтқанда, ойдың бөлінуіне байланысты дауыс ырғағындағы кідірісті білдіру үшін қойылады.

3. Біреуден алынған цитатаның не алдынан, не соңынан немесе сөйлем, сөз қалдырылған жерге қойылады.

4. Айтуға қолайғыз тұрпайы сөздің орнына қолданылады.

5. Ескі қолжабаларда көрінбей өшіп қалған орынға қойылады.

1."Иә, көз-қорқақ, қол-батыр. Бісміллә, береке..." Сонымен бастап та жіберді. Осыдан қара кешке дейін... Жә, мен шамалы кідірейін-ші, әңгіме бас әріден болсын.

2.-Е, не қыл дейсің маған. Бала...ыһ... тартып жіберші мына шетін, көтерсейші басыңды... мықтап ұста... ешқайда кетпес, оралар... Туып-өскен жері, елі... Ұста деймін, қаттырақ ұста.

3.... Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

4. Қарашы, мына... бүлдіргенін! Басыңнан салып қалайын ба осы?!

5. Қиын тиді... оларға

Аз кісі-ақ қайтып санарға. (Абай)

Қабаттаса қойылатын тыныс белгісі

1. Егер сұраулы сөйлем лептік интонациямен айтылса, сұрау мен леп белгілері қабат қойылады.

Айналайын Ақ Жайық,

Ат салмай өтер күн қайда?!

Карточкамен жұмыс

1. Тыныс белгісін қою. Құрылысына қарай қандай сөйлем.

Жүгіріп басып Күләнда келеді Артынан дауыс шықты Бұрылып қарады аспанда алақандай бұлт жоқ Қазір тал түс жер беті аппақ Жалма-жан тұра сала далаға шықсам, түс болып, күн ыси бастаған екен.

2. Тыныс белгісін қою.

Маңайда егіннен ине шаршар жер жоқ екен-ау

-Ақырмаңыз Тоқтатыңыз қазір мынау бассыздықты

-Сендер үйге бара беріңдер Ол да үйге тез келсін

Білімді бекітуге арналған тест сұрақтары
1. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
А) 2 ә) 3 б) 4
2. Сұрауға жауап болып келетін сөйлемнің түрі
А) сұраулы ә) хабарлы б) лепті
3. Лепті сөйлем дегеніміз не?
А) білі және жауап алу мақсатымен айтылатын сөйлем
Ә) адамның көңіл - күйін, сезімін білдіретін сөйлем
Б) Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлем
4. Нүкте қай сөйлемнің тыныс белгісі
А) лепті ә) хабарлы б) сұраулы
5. Өлең мазмұнына қарай жұмбақталып тұрған қандай тыныс белгісі екенін тап:
Қуану, ренжу, өкіну Ұранды да айтамын
Мақсатым соны сездіру Қарқындап барып қайтамын
А) нүкте ә) сұрау б) леп
6. Сұраулық мағына беретін сөзді белгіле
А) көтерді ә) неге б) айтпа
7. Сұраулық мағынада тұрған сөзді белгіле
А) барма ә) сүртпе б) бар ма
8. Сұраулы мағына беретін сөз сөйлем ішінде қалай оқылады?
А) бірқалыпты ә) бәсең дауыспен б) көтеріңкі дауыспен
9. Лепті сөйлем қандай мағына білдіреді?
А) сұраулық ә) лептік мағынаны ( өтіну, бұйыру, қуану, тілек, арман, сескендіру, ұран)
Б) біреу, бірнәрсе туралы хабарлау
10. «Тұр орныңнан!» деген лепті сөйлем қандай мазмұнды береді?
А) қуану ә) бұйыру б) ұран
11. Лепті сөйлемде лептік мағынаны білдіретін сөздер қалай оқылады?
А) көтеріңкі дауыспен ә) бірқалыпты б) бәсең дауыспен

Кітаппен жұмыс

136 -жаттығу

Жай, атаулы, толымды, толымсыз сөйлемердің аражігін тауып, нүкте қойыңдар, келесі сөйлемді бас әріппен жазу.

Жай сөйлем:

Ол өзін осы мезетте Жөкей көлдің жағасында ойнап жүргендей сезінді. жақты, толымды.

Топ-топ, шоғыр-шоғыр, лек-лек аққулар тобының өзі әлденеше. жақты, толымды.

Атаулы сөйлем:

Таң сәрі. Айдын көлдің беті толған құс. Таң бозарды. Көл беті толған құс.

Құрмалас: Осы шақта барып, оның есіне өзінің ұлы бабасы Біржан салдың жалғыз ауыз өлеңі түсті.
Көл айдыны жарқырап, бір шеті көкпен тірескендей боп тұр.

144-жаттығу. Сұраулы сөйлемді хабарлы сөйлемге аудару.

Жасылкөлге аққу келіпті. Ауыл-аймақ, әке-шешелеріміз аман. Атасы Жасылкөлдегі аққулар ешқайда кетпейтінін айтты. Күләш осы сабақты алдағы сенбі күні тағы бір қайталайды. Ол қанша гектар қызылша алқабы бар екенін және суды қайдан алатынын сұрады.

147-жаттығу.Көп нүктенің орнына қажетті сөзбен толықтырып, тыныс белгісін қою.

1. Сені Құттыбаевтың ең жақын досы деседі...

2. Әлдекімге ұнамайтын түс болса...

3.Сенің көзіңше болған әңгіме көрінеді...

4.Мүмкін, ол айтқан да...

5. Ол мұнда балалар үшін мектеп ашқан дей...

6.Сенің ақылың көп қой... Ермек... Сен ақылды баласың...

7. Ау, сен ... оқымысты бола қалдың...

8. Ондай құсты көргенің бар...

9. Сенің дамдарыңның бұл... жүрісі

10.Едіге Жангелдин сіз боласыз....

11.Мен де сөйлесем...

12.Дәл қазір... сұрап білесің

13.Әкем... көрінбейді...

14.Сұрақтың мәнін түсіндің...

ә

ше

ғой

ме

ғой

ә

шығар

қайда

ғой

ма

қайдан

а

қай

кімнен

ғой

қайтеді

бе



154-жаттығу. Ауызша орындау.

Сөйлемдердің мағынасын толықтыру үшін төмендегі сөздердің тиістісін қойып көшіру. Қандай тыныс белгісі қажет?

159-жаттығу.

Мына сөйлемдерге бұйрық, талап ету мағынасын қосып, дәптерлеріңе кесте түрінде жазыңдар. Сөйлемнің бұйрық райда болуы неге байланысты? Оған қандай тыныс белгісі қойылады? Оған қайдай тыныс белгі қойылады?

Бұйрық райдағы етістіктерге морфологиялық талдаужасау.

Етістіктің бұйрықты түрде жіктелуі арқылы жасалады. Мен келейін. сен бар. Сіз алыңыз. Ол айтсын.

1. Сынасайық, айтайын, айтам, ойланайық, таразылайық, естисіз, біледі, қонады, жылжымайды.

Бекіту: Тест тапсырмалары

1.Сөйлемге қажетті тыныс белгісі:

Шіркін,бұрынғының әндері-ай

А. Нүкте

Ә. Сұрау белгісі

Б. Леп белгісі+

В Көп нүкте

2.Ойдың аяқталмағандығының белгісі:

А. Үтір

Ә. Леп белгісі

Б. Көп нүкте+

В. Сұрау белгісі

3.Қуанышты сөйлемдерден соң қандай тыныс белгісі қойылады?

А. Сұрау белгісі

Ә. Көп нүкте

Б. Леп белгісі+

В. Нүкте

4. Соңына сұрау белгісі қойылатын сөйлемдер:

А.Лепті

Ә. Сұраулы+

Б. Хабарлы

В. Бұйрықты

5. Мына... сөздерден соң леп белгісі қойылады:

А.жаңалық

Ә. Бірталай

Б. Бәрекелді, апырай+

В. Қолайлы

6, Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгісі:

Сен өзің тіпті ірі сөйлейді екенсің, ә

А. Леп белгісі

Ә. Сұрау белгісі+

Б. Нүкте

В.Сұрау және леп белгісі

7. Сөйлем соңына ... қойылады:

Бәрі де күліп қалыпты

А. Сұрау белгісі

Ә. Көп нүкте

Б. Леп белгісі

В. Нүкте+

8. Тыныс белгісі қате қойылған сөйлем:

а. Он жетінші пойыз тоқтайды ғой?

Ә. Мен естігенімді ұмытпаймын.

Б. Мен оны қалай ұстап отырмақпын.+

В.Балалар шын қуанды.

9. Тыныс белгісі қате қойылған сөйлем:

А. Әбутәліп мұнымен тынбады.

Ә Қай пойызбен келеді?

Б. Содан соң тып-тыныш боп қалды.

В. Олар қайда бара жатыр.+

10. Қанша, кім есімдіктері қатысқан сөйлемге қажет тыныс белгі:

А. Көп нүкте

Ә. леп белгісі

Б. Нүкте

В. Сұрау белгісі+

Үй тапсырмасы: 146,150,153,160 беттердегі ереже150,156- жаттығулар.

Бағалау:


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 02.11.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1970
Номер материала ДБ-314181
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх