Инфоурок / Физика / Конспекты / Сабақ жоспары "Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Сабақ жоспары "Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы"

библиотека
материалов

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m73784b4a.gifhello_html_21139450.gifhello_html_m2a7690f7.gif

БҚО Казталов ауданы, Талдықұдық ауылы

С.Есетов атындағы ожбб мектебінің физика пәнінің мұғалімі

Иманжанова Викзат Жайкбаевна


Сынып: 8

Сабақтың тақырыбы: «Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы.Электр кедергісі»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі ұғымын қалыптастыру. Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық қасиеттерін шығармашылық қабілетін күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, пайдалана білуге баулу. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа , ұйымшылдыққа ,тазалыққа тәрбиелеу.Жұмбақ шешуді сабақтың кейбір тұстарында пайдаланып, оқушыларды пайымдауға, ойлануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндірмелі

Көрнекілігі: Үлестірмелі материалдар, слайдтық-презентация, электр тізбегі

Күтілетін нәтиже:

  • Жаңа тақырып жөнінде түсінік алады;

  • Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алады;

  • 18 жаттығудың есептерін формуланы қолданып шығара алады;

  • Кейбір оқушылар топтың көмегімен берілген тапсырманы орындайды;

Сабақтың барысы.

I Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың сабаққа қатысын , дайындығын, оқу құралдарын тексеру. Сыныпты екі топқа бөлу. 1-топ «Ток күші» , 2- топ «Кернеу»

Қызығушылығын ояту:

Бүгінгі сабақта «Өсімдіктердің жұмбақ әлеміне» саяхат жасаймыз.

1.Үй тапсырмасын тексеру. Бүгінгі сабақта апельсин мен лимонның алыс тумасы қалай аталатынын білуіміз керек. Ол үшін сөзтізбек шешеміз.Ортадағы торкөзде ол жемістің аты шығады.

1 – тапсырма:

  1. Аттас зарядталған денелер қалай әсерлеседі?(тебіледі)

  2. Янтарь сөзі қандай мағына береді? (электрон)

  3. «Электр өрісі» ұғымын енгізген ғалым (Фарадей)

  4. Электр тогының бақа еттеріне әсерін зерттеген итальян ғалымы (Гальвани)

  5. «Электр тогы» түсінігін енгізген ғалым (Ампер)

  6. Электрон зарядының мәнін анықтаған американ ғалымы (Милликен)

  7. Атомның ортасында не бар?(ядро)

  8. Денелердің электрленуін анықтайтын құрал(электроскоп)

Сонда торкөзде «Бергамот» сөзі шығады.

hello_html_m7298bc14.gifБергамот




2-тапсырма: «Сұрақ-жауап» бөлімі. Екі топқа сұрақтар қойылады.

1-топқа. Сұрақтарға дұрыс жауап берсек конвертте бергамоттың Отаны шығады

1.Ток күші дегеніміз не?

2. Ток күшінің формуласы

3. Ток күшінің өлшем бірлігі қандай?

4. Ток күшін немен өлшейміз?

5.Амперметр тізбекке қалай қосылады?

6.Амперметрдің шартты белгісі қандай?

7. Электр тізбегі деген не?

Жауап: Бергамоттың Отаны болып Оңтүстік –Шығыс Азия саналады.



2-топқа.Сұрақтарға толық жауап берсеңдер конвертте бұл цитрус тұқымды өсімдіктің неліктен бергамот аталуы шығады.


  1. Ток жұмысы деген не?

  2. Кернеу дегеніміз не?

  3. Кернеудің формуласы

  4. Кернеудің өлшем бірлігі қандай?

  5. Кернеуді немен өлшейміз

  6. Вольтметр тізбекке қалай қосылады?

  7. Вольтметрдің сызбадағы шартты белгісі

hello_html_4627e3f7.png


Жауап: Бергамот аталуы оны ең алғаш май ретінде өндіріп сатқан Италияның Бергамо қаласының атауына байланысты.

3- тапсырма:

1-топ.Шартты белгілерін сызыңдар.(гальвани элементі, шам, амперметр, вольтметр,кілт, резистор, аккумулятор, сымдардың түйісуі)

2-топ. Тізбек құрастырыңдар ( шам, ток көзі, амперметр, кілт,вольтметр.)

Бергамоттың қолданылуы : Бергамот майы(Эфир майы) жемістің қабығы, жапырағы , гүлінен алынады. Бергамот майы сұйықтық. Өзіне тән иісі, ащы дәмі бар. Парфюмерияда ,кулинарияда, медицинада ароматерапияда депрессия ауруына,ас қорытуды жақсартуға қолданылады. Оның қабығынан жасалған варенье Грецияда кең қолданылады.

4.Сергіту сәті .Жұмбақ шешу

1.Ток бар жерде біреу бар, өлшемі вольт,киловольт,

Ұмытып кетпе тағы бар, гектоват және мегават (Кернеу)

2.Бойындағы зарядты ұзақ уақыт сақтайды,

Реленің күшімен бүлдірместен баптайды. (Аккумулятор)

3. Пайдаланады мен жұрт отын және жарыққа,

Қызмет етемін әрқашан ,түсіне білген халыққа. (Электр тогы)

4.Жіпке ілдім мен өзім,

Кіп –кішкентай ,күн көзін. (шам)

5.Мұз жарғыш жүзіп келеді,

Бауыры қызып келеді.

Абайла ойып түсер,

Ондайлар бұзық келеді (Үтік)

6. Жоғалмайды ешқашан, түрлендірсең егерде,

Басқа күйге ауысса, жұмыс істейді әрқашан (Энергия)


II. Мағынаны тану: Жаңа материалды түсіндіру


1827ж Неміс физигі Г.Ом Георг Симон Ом –неміс физигі.Ол 1787 жылы 16 наурызда Эрланген қаласында туған. Көп жылдар ұстаздық еңбек еткен. Оның еңбектерінің негізгі бағыты электр,оптика, акустика салаларына арналған. Ол бірнеше эксперименттер жүргізіп ,1827жылы Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын ашты.Тізбектің бөлігіндегі ток күші - осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал:

I= U/R

Бұл тізбек бөлігі үшін Ом заңының математикалық өрнегі.

Г.Омның құрметіне кедергі оммен (Ом ) өлшенеді. 1 Ом - ұштарының арасындағы кернеу 1 В болғанда, бойына 1 А ток өтетін өткізгіштің кедергісі.



Ом



Кедергінің бірлігі 1881 жылдан бері Ом есімімен аталып келеді.Георг Ом 1854 жылы

7 шілдеде қайтыс болды.

Өткізгіштегі ток күшінің кернеуге тәуелділігі вольтамперлік сипаттама деп аталады. Кедергіні өзгертуге болады. Ол үшін реостат деген құрал қолданылады.Тізбектегі кедергінің шартты белгісі:

Реостаттың шартты белгісі:


ІV.Ой толғау: Есеп шығару.№18-жаттығу

1.Өткізгіштен 0,4 А ток өткенде, өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы 8 В болды.Өткізгіштің кедергісі неге тең?

Шешуі: I=U/R

R= U/I

R= 8B /0.4A=20 Oм


Бер: I=0.4A

U=8B


R=?


4. Электрбұрғы орамының кедергісі 20 Ом. Егер электрбұрғы 19А ток күшіне есептелген болса, онда оған қандай кернеу берілуі тиіс?

Бер: R=20 Ом

I=19A

U=?


Бергамот шайы туралы мағлұмат беріледі. Атақты бергамот шайы хош иісті Эрл Грей шайы қатарына жатады. Ол бергамот майын қосу арқылы алынады. Бергамот шайы адамды тыныштандыратын және антисептикалық қасиеттерге ие .Ол организмді түрлі вирустар мен микробтардан қорғайды.Сондай-ақ мидың қызметін жақсартады, есте сақтау қабілетін жақсартады.



C:\Documents and Settings\User\Мои документы\Мои рисунки\шай.jpg



5. Қорытынды:

- Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тұжырымда.

- Ом заңы қалай тағайындалады.

- Кедергі деп нені айтамыз.


6. Бағалау. Үйге тапсырма: §38,18-жаттығу (5,6)






















































Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-468997

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"