Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары "тәрбие сағаттары"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Сабақ жоспары "тәрбие сағаттары"

библиотека
материалов

Тақырыбы:«Адамгершілік – рухани тәрбиенің маңызы »

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, баланың жеке тұлғалық қабілетін  қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру.

Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері.

Әдісі: Пікірталас, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Тәрбие сағатының барысы:

I-кезең: Тәрбие сағатымен таныстыру

II-кезең: Оқушылардың Адамгершілік жайлы түсінігі

III-кезең: Саяхатқа шығу ойыны

IV-кезең:  Адамгершіліктің негізгі қағидаларын білесің бе? (Өз ойын ортаға салу)

V-кезең: Пікірсайыс (қорытындылау)

Кіріспе сөз. Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.

«Тәрбиесіз адам адамгершілік жағынан надан, дүмше, - деп жазды В.А. Сухомлинский, - бұл да бір, ақаулы двигательмен ұшырылған самолет те бір, өзі өледі, өзгені де ала кетеді».

Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді.

Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.

Адамгершілік – адамның асыл қасиеті.

Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан, 72 тараудан тұратын «Құтты білік» дастанында көрсетіп берді.

Шығыстың ұлы ғалымы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.

Бүгінгі тәрбие сағатымызда адамгершілікті сендер қалай түсінесіңдер, әдеп нормаларын білесіңдер ме, өзара пікірлесіп ой бөлісеміз. Ал балалар, сөз кезегі өздеріңде.

Адамгершілік бастауы неде?

1-оқушы.Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.

2-оқушы.Отбасындағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді. Мектепте халқымыздың әдептілік, әдемілік, имандылық, қайырымдылық, яғни рухани адамгершілік тағылымдарын  – еліміздің дәстүрін ата-ана мен ұстаз тағылымдарын өз білімдерімізбен жалғастырамыз.

3-оқушы.Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті.

Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс.

Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.

 

Мұғалім.Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу үшін саяхатқа шығу ойынын ойнайық. Елімізде үлкен қалалар бар:

Астана, Алматы, Ақтау, Жезқазған, Көкшетау, Ақтөбе, Семей, т.б.

Ал, балалар, өздеріңе қай қалалар ұнайды? Ұнаған қала аты жазылған қима қағазда сұрақ бар. Соған жауап беру керек.

Сұрақтар:

–     Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? 

–     Үлкен кісімен амандасып жол беремін.

–     Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?

–     Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.

–     Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім.

–     Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?

–     Асықпай түсіндіріп беремін.

–     Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн?

–     Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.

–     Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?

–     Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.

–     Әдептілік деген не?

–     Адамдардың жүріс-тұрысы мен өзара қарым-қатынасының ережелері.

Мұғалім.«Қартайса қарт бабаңды сыйлай біл. Күндердің күні болғанда кімдерде кімнің белі дейсің бүгілмес» деп Бұқар жырау данамыз айтқан екен.

Адамгершіліктің негізгі қағидалары қандай?

4-оқушы.Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік.

Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық, т.б.

5-оқушы.Ізеттілік – айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез-құлықтың нормасы.

6-оқушы.Әділ болу – адамшылықтың асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып дәртүрлеріне қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.

7-оқушы.Рұқсат сұрау – адамдар қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір-бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн.

Имандылық – әр адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды, ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.

8-оқушы.Кешікпеу – бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.

Сабырлылық – адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.

Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы.

Мұғалім.Адамгершіліктің басты қағидаларын орындай адам құқықтарын қастерлеу шарттарының бірі. Оның баптары қандай?

9-оқушы.Барлық адамдар тең құқықты, ерікті, қадірлі. Азаматтар нәсіліне, жынысына, тіліне, тегіне, дініне, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарай заң алдында бірдей. Өмір сүру құқығы, адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиетті болып табылады.

Қорытындылау.Адамгершілік қағидалары туралы бірталай мағлұмат алдық. Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата-ананың, өз Отаныңның мақтанышы боласың. Алған мағлұматтарды қорытындылай келе, «Адамгершілік – асыл қасиет» пікірсайысына кезек береміз.

Ортаға алғашқы қонағымызды шақырамыз.

Оның пікірінше, «Адамгершілік қасиеттерді барлық адамның бойынан байқай аламыз» дейді. Қарсы алыңыздар ортада _______________.

1.     Жалпы адамгершілік қасиеттерге не жатады?

2.     Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады?

3.     Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі неде деп ойлайсың?

Ортаға екінші қонағымызды шақырсақ, оның пікірінше «Адамгершілік қасиеттер адам бойынан алшақтап бара жатқан сияқты». Қарсы алайық, өз пікірін ортаға салушы – _____________.

1.     Бұлай ойлауыңның себебі неде?

2.     Адам бойындағы ар, намыс, ұят дегенді қалай түсінесің?

 

Үшінші қонағымыздың пікірін ортаға салайық, ол «Адамгершілік қасиеттерді дұрыс бағалау керек» дейді. Қарсы алайық, ортада – __________.

1.     Адамгершілік қасиеттерді қаншалықты бағалап жүрміз?

2.     Сен өзің жіберген қателігіңді мойындай аласың ба?

3.     Адам адамнан несімен ерекшеленеде?

Қызу пікірімізді жалғастыратын келесі қонағымызды ортаға шақырайық, ол «Әр адам өзінің адамгершілік қасиетімен таныла біледі» деген пікірде. Ортада – _____________.

 

1.     Адам бойындағы қандай адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалайсың?

2.     «Адам адамға дос, жолдас және бауыр» деген сөздің мағынасында не жатыр?

3.     Адамгершілік асыл қасиеттер жайында қандай мақал-мәтел, нақыл сөздер білесің?

Келесі қонағымызды ортаға шақырайық, ол «Адамға үш алуан мінез жұғады. Ата-анадан, ұстаздан, құрбысынан, әсіресе солардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады » деген пікірде. Ортада – ______________.

1.     Өз пікіріңізді ортаға сала отырсаңыз.

2.     «Жақсы жігіт ақылына жеңдіріп іс қылар, жаман жігіт оңай істі күш қылар» дегеннен нені байқауға болады?

3.     «Сөйлесе сөз әдепті» дегенді қалай түсінесіз?

Сарапшы қонақтарға сөз кезегі берілді.

«Адамгершілік»  тақырыбында сөзжұмбақ шешілді. Сұрақтары:

1.     Ақыл және сана, бостандық иесі болып табылатын табиғаттың бір бөлігі (адам).

2.     Жеке адам ұғымын білдіретін сөз (индивид).

3.     Адамды аңдар қауымынан ажырататын сөз (сана).

4.     Адамның өмір сүру ортасы (қоғам).

5.     Адам бойындағы жарамсыз қасиеттердің бірі (қатыгездік).

6.     Ішкі рухани адамгершілік қасиеттердің бірі (сенім).

7.     Адамды билейтін де, илейтін де нәрсе (орта).

8.     Адамгершілік қағидаларының бірі (шыншылдық).

9.     Адам іс-әрекетін қозғайшы күші (қажеттілік).

10.  Адам дарынының қасиетін анықтайтын сипаты (психология).

11.  Адам бойындағы асыл қасиет (әділдік).

12. Ең асыл қасиеттердің бірі (ерлік).

                                                                                        

Сынып жетекшісі: Хайса Наркес

 

 

Тарыдай боп кіріп ем,

Таудай болып шығамын

                                                     «Жаса сен мәңгі!

Жаса сен мәңгі!

                                                                                                       Жарық күн!»

М.Мақатаев

 Мұқағали Мақатаев  ақының    поэзиясын дәріптеуге физика сабағында мүмкіндігінше өз үлесімізді қосып,  11 сыныпта өткізілген «Жарықтың толқындық және кванттық қасиеттері» тақырыбын қайталау сабағының жоспары.

1. Тақырыбы: Жарықтың  қасиеттері.

2. Мақсаты:

а) Жарықтың толқындық және кванттық қасиеттерін сипаттайтын фактілерді қайталау арқылы оқушылардың алған білімдерін жүйелеу және қорытындылау.

ә) Оқушылардың алған теориялық білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдері пайдалана отырып, оқушылардың ой-өрісін кеңейту, есеп шығару дағдысын дамыту.

б) М.Мақатаев поэзиясынан үзінділер келтіру арқылы кәсіби бағдар беру,ұкыптылыққа,ыңтымақшылдыққа,ізденуге тәрбиелеу.

3.Типі:Білімді жинақтау,жүйелеу сабағы.

4.Түрі: Жарыс сабақ.

5. Әдісі:жарыс, оқытудың инновациялық технология элементтерін қолдану.

6.Формасы: топпен жұмыс, жекелей жүмыс.

7. Көрнекілігі:кұралдар, ралиометр, сызбалар,карточкалар, кодоскоп, слайдқа жазылған сызбалар.

8.Эпиграфы:

«Жаса сен маңгі!

Жаса сен маңгі!

Жарық күн!»

                               М.Мақатаев

1-ші жүргізуші:

Өмір дегенге

Тіршілікте, сірә жетер ме ой

Жарық сәуледен басқаның бәрі бекер ғой

Бекер ғой бәрі

Бекер ғой бәрі, бөтен ғой

Өмір дегенің бір күндік сәуле екен гой

Тымшыдай ғана нұрына,міне зарықтым

Өмір осы екен сарыңа, міне қанықтым

Жаса сен мәңгі

Жаса сен мәңгі жарық күн!

Осы өлең туралы оқушылар пікірін айтады.

Күн-тіршіліктің көзі, жарықтың көзі, өмірдің өзі- жарық екенін қорытындылайды.сабақ жарыс түрінде өтетін болғандықтан, әр жарыстың өз шарты болады.

Шартым осы

Осыған шыдайсың ба?

Шыдамасаң, тынасың, құлайсың да

Болсаң сосын боларсың, қол бастарсың.

Шыдайсың ба?

Бағыңды сынайсың ба?

Оқушылар 2 топқка бөлінді.

 Бірінші топ «Толқын»

Танысуы:   Армысың жиналған топ бұл саыйсқа

                     Келдік біз сәлем беріп алдыңызға.

                     Шыққан тегім оптика патшалығы.

                     Құрметтейді ғалымдардың барлығы

                     Әкеміз Христиан Гюйгенс

                    Толқындардан алдық біз үлкен жеміс.

Екінші топ «Квант»

Танысуы:  Жаныма жақсылықты жиып келген

                     Көрінген әрқашанда биіктерден.

                     Достықтың туын тіккен «Квант» тобының

                     Түлегіміз осындай  сүйікті елдің.

Сабақты қай топтан бастауды анықтау үшін жұмбақты шешкен топ сұрақтарға жауапты бірінші болып бастайды.

Жұмбақ: «Нені сандыққа тыға алмайсың?»

(«Күн сәулесі»)

1 тапсырма: «Сырлы сандар» ойныны арқылы оқушылардың теориялық білімдері сыналады.Бұл тапсырма сұрақтары суретгідей баспалдақ түрінде орналастырылады.Әр баспалдаққа карточкаға сұрақтар жазылып ілінген.



 

              Көк баспалдақпен «Толқын», қызыл баспалдақпен «Квант» тобы жүріп отырады. Өз карточкасына жауап беріп болған оқушы, оның екінші жағын аустырып, орнына іліп кетіп отырады. Сонда суреттегідей сандар шығады.Жауап берген әрбір оқушы үстел үстінде тұрған құралдарды, сызбаларды пайдаланады. Оқушыларға сұрақ: Бұл сандар  нені білдіреді?

 Ол сандар ақынның туған,қайтқан және ғасыр атағын алған жылдар. Келесі баспалдақтағы сандар мектептің ашылған, оқушылардың тарыдай болып бірінші сыныпқа келген, енді таудай болып мектепті бітірейін деп отырған жылдары көрсетілген.

2 тапсырма:

I-деңгей. «Толқын» тобына: инфрақызыл сәуле үшін фотонның энергиясын, импульсін есептеу.

«Квант»тобына: рентген сәулесі үшін фотонның массасың, энергиясын, импульсін есептеу.

II- деңгейлік тапсырмаларәр оқушыға бөлек жеке карточкаларға жазылып үлестіріледі.Бұл оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.Оны орындаған оқушы үшінші деңгейлік тапсырманы орындайды.

III- деңгейлік тапсырмаерекше құрылған.Ондағы сұрақтар күрделілеу және әр карточка сыртына  сөздер жазылған.Тапсырманы орындап болған оқушы өз карточкасының сыртындағы сөзді тақтаға жазып кетіп отырады.

Сөздерді ретімен қойғанда ақынның:«Тарыдай боп кіріп ең, таудай болып шығасың»  -деген сөздері шығады.

Сол арқылы сабақ қорытындылады.

Мұғалім сөзі: «Толқын»  «Квант» бөлшек тобымыз

                          Жарысып та болдық -  біз

                          Аяқтайық осымен 

                          Жарық әрі «Толқын»  әрі«Квант» сонымен

                          Келісейік айтыспай

                          Бірігейік ренжіспей

                          Бөлінгенмен жан-жаққа

                          Мақсатымыз бір жақта

                          Оптиканың заңдары

                          Табиғатта, ғылымда

                          Осы алған біліміңді

                          Өз бойыңа жинақта

                         Дәріс берген ұстаздарды

                         Әрқашанда  ардақта.       

Сабақтың соңғы түйіні – «Жарық ағашын өсіру» арқылы тараудың тірек конспектісін жаздыру.

Сабақтың соңғы түйіні – «Жарық ағашын өсіру» арқылы тараудың тірек конспектісін жаздыру.



 Оқушылардың білімі төменгідей бағаланады: 3-ші деңгейлік тапсырманы орындап, саббақа белсене қатысқандарға «өте жақсы», 2-ші деңгейлік тапсырманы орындағандарға «жақсы», ал қалғандарына «орташа» деген баға қойылып, оқушылар түгелдей бағаланады.

Соңынан жұмыс корытындысы шығарылып, озған топ басшысына алдын-ала қойылған «Жарық тәжі» кигізіледі.

 

 

Пән мұғалімі:             Бакытова Қымбат Қазбекқызы

 

 

Сабақтың тақырыбы: Астық тұқымдастар – бағалы азықтық өсімдіктер

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:Астық тұқымдасына жататын өсімдік түрлерінің

морфологиялық,анатомиялық ерекшеліктері,көбеюі,

табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы туралы

білім қалыптастыру.

 2. Дамытушылық:  Даражарнақтылар класына жататын өсімдіктер түрлеріне байланысты білімдерін жалғастырып,дамыту .Оқушыларды шығармашылық  ізденіске баулу, өз бетінше жұмыс істей білу, танымдық логикалық қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік:  Астық тұқымдасына жататын өсімдіктердің бағалы екендігіне көз жеткізу арқылы ас атасы-нанды қадырлеуге,адамгершілікке,салауатты өмір салтын ұстануға, ізденімпаздыққа,жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

1.      «Астық тұқымдастар»плакат-суреттері

2.      Кеппешөп  үлгілері

3.      Бидай гүлінің моделі

4.      Оқулық суреттері,интербелсенді тақта материалдары

5.       Нан өнімдерінің түрлері

6.      Таразы

7.      Ыбырай Жақаев,Шығанақ Берсиевтің портреттері

Сабақтың типі:Жаңа білім қалыптастыру

Сабақ түрі:Аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Проблемалық,дифференциалдық

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Қайырлы таң достым,

Қайырлы күн болсын.

Сәрсенбінің әр кезі,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең «бестік» болсын

ІІ. «Ер дәулеті - еңбек»

Үй тапсырмасын қайталау.

ІІІ. «Ырыс алды – ынтымақ»

Жаңа білім қалыптастыру.

1.     Қызығушылықты ояту

2.     Мағынаны ажырату

ІҮ. «Екпей егін бітпес,үйренбей білім бітпес»

Жаңа білімдерін бекітіп, қорытындылау.

Ү. «Жердің сәні-егін,ердің сәні -білім»

Оқушылардың білімдерін бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма беру

ҮІІ. Шығу парағын толтыру

-         Бүгінгі сабақта маған жаңалық болды.

-         Бүгінгі сабақта басты ой не болды?

-         Менің ұсынысым.  

Мұғалім:биология пәні мұғалімі

Ташимова Әлима Нүриденқызы

 

 

Қазақ тілі пәніннен сабақ жоспары

Педагогикалық ұстанымым: «Әр сабақ өмірге сабақ болсын»

Сабақтың тақырыбы:Құрмалас сөйлемді  қайталау.

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың құрмалас сөйлемдерді ажыратып, олардың мағыналық түрлерін анықтай білу біліктерін тексеру.

Құрмалас сөйлемдердің өмірде адам ойын жеткізудегі рөлін практикалық тұрғыда дәлелдеу.

Оқушылардың ойын ауызша және жазбаша түрде сауатты жеткізе білуге төселдіру.

Сабақтың түрі: қорытынды шығармашылық сабақ

Сабақтың әдісі:СТО, талдау, салыстыру, іздендіру.

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

«Ой қозғау»сатысы. Адамның ойы мен пікірі сан қилы. Осы ойларын атап жазыңдар.

Адам өз ойын жеткізу үшін құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін қолданады екен. Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Құрмалас сөйлемдер.

Тапсырма: Берілген ойды жалғастырып, сабақтың мақсатын анықта.

1.      Кез келген адамда  қарсы пікірі, шарты, себебі, талғауы, түсінігі, мақсақты болады, сондықтан ол өз ойын  жеткізу үшін  құрмалас сөйлемдерді қолданады. Менің ойымша, ...

2.      Адам  өз ойын үнемі ауызша айтатын мүмкіндік бола бермейді, сол кезде адам өзінің  пікірін, мақсатын, шартын, себебін жеткізу үшін жазуға тура келеді. Сол уақытта адам  ойын дұрыс құрастырып, сөйлемдерге тиісті тыныс белгілерін дұрыс қою қажет. Сондықтан менің мақсатым ...

3.      Басқа адамның сөзін тыңдай білу де өнер, сондықтан оның айтпақ ойын түсіну үшін құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін білген жөн...

 

Сергіту сәті:Өмірлік  ұстанымыңды анықта:

Өмірлік ұстаным:

Шартты бағыныңқы сабақтас: Адам туған тілін құрметтемесе,  өзін де құрметтемейді.

Қарсылықты салалас: Ғалым болу  - міндет емес, білімді болу - парызың.

Мақсат бағыныңқы сабақтас: Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену үшін, біз білімді болуымыз керек.

Себеп-салдар салалас: Біз қазақ тілін дамытуымыз керек, себебі ұлт болашағы тіліне тәуелді.

Мезгіл бағыныңқы сабақтас: Менің ойымша, мақсатқа жетудің үш жолы бар: білім жолы, еңбек жолы, сенім жолы.

«Ой жалғау» сатысы

І.  Қайталау – білім анасы,

ІІ. Талдау – табыс кілті,

І. Қайталау – білім анасы.

Шарты: Құрмалас сөйлемнің салалас, сабақтас сөйлем түрлерін «Венн диаграммасы» бойынша ерекшелігі мен ұқсастықтарын анықтайды.

 

2. «Графикалық сызба»  бойынша мағыналық түрлерін анықта.

Құрмалас сөйлемнің түрі

Мағыналық түрі

Жасалу жолы

 

 

 


1.      Салалас құрмалас сөйлемдер:

Түсіндірмелі салас:

 Адамды екі нәрсе қартайпайды: бірі – жақсы мінез, екіншісі жақсы сөз.

 Қарсылықты салалас: Көз – қорқақ, қол – батыр.

 Себеп-салдар саласа: Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қар суы сықылды тез суалар.

 Ыңғайлас салалас: Ақылды көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра

 Талғаулы салалас:Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.

 

2. Сабақтас құрмалас сөйлемдер:

Бәйгеге түсіп жарыспай, ат өнері білінбес (шартты бағыныңқы сабақтас)

Тұрмысың жақсы болу үшін, еңбек өнімді болу керек.(мақсат бағыныңқы)

Аздың азаншысы болғанша, көптің қазаншысы бол. (қарсылықты бағыныңқы)

Ескі дос келгенде, жаңа достың көзінен жас шығады. (Мезгіл бағыныңқы сабақтас.)

Адам болып туғандықтан, адамдықты бағала. (Себеп бағыныңқы сабақтас)

Іші-бауыры елжіреп, сорлы шеше балапанын қорғайды. (Қимыл- сын бағыныңқы сабақтас).

 

«Кім жылдам?»   Оқушылар сөйлем оқылысымен құрмалас сөйлемнің мағыналық түрін анықтау керек (ауызша жұмыс).

      Абай есіктен кіре , үйде отырған үлкендерге ашық дауыспен, айқын сәлем берді. (қимыл-сын) Үлкендер үй ішінен қатты пысынап шыққанда , бұл маңдағы жан иесінің бәрі де ыстықтан мезі боп күйзеліп жүр екен. (мезгіл) Телғара бұлардың қасынан оқшауыңқырақ кетіп, жалғыз шомыла бастады. (қимыл-сын) Құнанбай күзеуден ерте қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан тыс, күземді ерте алып көшіп еді. (себеп) Қонысымыз алыс болғанымен, көңіліміз жақын.(қарсылықты)

    Күзетші сезіп қалмау үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп кеттік. (мақсат) Ербол да сөздің асыл болатын сипаттарын білсе, досы Абай сияқты сөзін таза,  мінсіз шығаратын еді. (шартты) Абай шошыған кісідей ұйқысынан оянғанда, қараңғы түнді таң жарығы жеңіп, терезе бозара бастап еді. (мезгіл) Араларына түсетін арашасы болмай, екеуі де әбден титықтап шаршады. (себеп) Бетінен оты шықса да , Құнанбайдың сөзіне көнбесіне  Тәкежанның шарасы  болмады. (қарсылықты) Абай әкесіне сәлем бермек болып, әжесінен рұқсат алды. (мақсат) Ошаққа аққайыңның қабығын салмайынша, қазандағы ет көп қайнаусырайды. (шартты)

ІІ. Талдау – табыс кілті. Берілген сөйлемге  толық синтаксистік талдау жаса.

                    Синтаксистік  талдау:

1.      Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай: хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты.

2.      Сөйлемдегі мүшесі бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш.

3.      Құрылысына қарай : жай сөйлем (жалаң,жайылма, толымды, толымсыз, жақты, жақсыз, атаулы);   құрмалас (салалас, сабақтас, аралас, )

4.      Құрмалас сөйлемнің мағыналық түрі, жасалу жолы.

5.      Сөз тіркестері: тұрақты, еркін.

6.      Сөздердің байланысу түрі:(қиысу,  меңгеру, матасу, жанасу, қабысу

7.      Байланысу тәсілі: интонация,   жалғаулар, шылау, орын тәртібі)

«Ойтолғау» сатысы

І. Шығармашылық – білімді адам жететін шың.

Әр топқа суреттер таратылады.

Тапсырма: Суретті  сабақтас құрмалас сөйлеммен байланыстырып,

 қорытынды ой шығар

(Өз сабағымда оқушылардың айтқан пікірлерін жазып отырмын)

  «Ми»  суреті

Жауап:Адамның миы, басы жалғыз болғанмен, ойы сан қырлы болады, сол ойын құрмалас сөйлемдер арқылы сыртқа шығарады.

«Алтыбақан»суреті

Жауап: Адамның өмірі  алтыбақан сияқты қимыл -қозғалыс пен  іс-әрекет тұрады. Сол қимылын бақылап тұратын алтыбақан сияқты, салалас пен сабақтас сөйлемнің мағыналық түрлері арқылы  адам іс-әрекетінің мезгілін, себебін, шартын т.б. білдіреді.

«Сағат»Адам өмірі сағаттың айналымындай қысқа, сағат тілі он екіге жеткенше адамның өмірінде түрлі ойлар туындап, түрлі істер іске асады. Біздің тілегіміз адамның сағаты тоқтамай, әр минуты мағыналы болсын демекпіз.

Үй жұмыс: І топ «Қазақтың ырымдары мен тыйымдарындағы құрмалас сөйлемнің қолданысы»

ІІ топ «Адамгершілік қасиеттерге қатысты мақал-мәтелдердегі құрмалас сөйлемдердің жасалу жолы»

            Бағалау кезеңі:

                                                               № 25 жалпы орта білім беру мектебінің

                                                                 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

                                                                                             А.Ш. Мухаметжанова.

 

 

  Сабақтың тақырыбы: Асан қайғының Жерұйықты іздеуі.

  Сабақтың мақсаты: Асан қайғы туралы деректерді білу,

                                        ақын - жыраулық  дәстүрін тану.

                                      Асан қайғының өмір сүрген ортасын тарихи деректермен дәлелдеу..

                                      Асан қайғының толғауларының өміршеңдігінің сырын ашу.

Сабақтың түрі: ізденіс, шығармашылық сабағы.

Сабақтың көрнекілігі:Асан қайғының портреті, өлеңдерінің жинағы , «Бес ғасыр     жырлайды»  І том, слайд  «Асан қайғының Жерұйықты іздеуі».

Сабақтың әдіс-тәсілі:талдау, СТО, шығармашылық, сөз әдісі,

Сабақ барысы:

Интербелсенді тақтаға  мына өлең жолдары жазылады:

                                       Қамын ойлап халқының,
                                       Қайғы жұтқан қария.
                                       Жайлы қоныс іздеген
                                       Қазақ деген халқына.
                                       Әділдікті жырлаған,
                                       Ел бақытын ойлаған,
                                       Желмая мініп шарлаған
                                       Жерұйық іздеп жалғанда...

Оқушылар осы өлең жолдарынан бүгінгі тақырыпты анықтайды.Сабақ тақырыбы анықталған соң, сабақ барысы тақтадан көрсетіледі.

Сабақ барысы:

  1. Суреттер сөйлейді... (сұрақ-жауап)

  2. Ой түбінде жатқан сөз,

             Шер толқыса шығады.(Көрініс қою)

  1. Сергіту сәті

  2. Ақын айнасы... (Толғауларын талдау)

  3. Таза мінсіз  асыл сөз,

            Ой түбінде жатады. (Шығармашылық сәт)

1.    Кіріспе бөлім: Суреттер сөйлейді... (сұрақ-жауап).

Тақтаға  Асан қайғының өміріне байланысты суреттер ілінеді. Оқушылар сол суреттер арқылы  Асан қайғығаның өмірі жайлы деректерді айту керек (оқушылар  үйден өздері қосымша деректер әкеледі.).

2.        Ой түбінде жатқан сөз,

             Шер толқыса шығады.(Көрініс қою)

Сыныпты үш топқа бөліп , оларға Асан қайғының толғауларының жазылу тарихы туралы мәліметтер таратамын.

1-топ. «Асан қайғының Жерұйықты іздеуі» слайд. Асан Қайғы Желмаяға мініп, жиһан кезіп, “Жерұйық” дейтін қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын қоныс іздейді. . Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы жерлерге, халыққа пайдалы жағын есептеп, тиісті бағасын беріп отырады.

Алматыны көргенде:

Үш Алматы деген жер бар екен.Сарымсағы сабаудай, бүлдіргені бүйректей, алмасы бар жүректей. Сол жерді қимадым.”

Шымкент, Сайрамды көргенде:

Екі басы бір базар, малда береке болмайтұғын, екі басы бір мазар, баста береке болмайтұғын, базары жақын – байымас, мазары жақын - көбеймес”

Семейтауды көргенде:

Төс табаны төрт елі

Атан жүрер жер екен.

Төсегінен түңілген

Адам жүрер жар екен”

Шідертіні көргенде

Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай арықтатып мінген ат бір айда майға бітетін жер екен, бос жылқы шідерлеп қойғанда тоқтайтын жылқының жері екен”

Үшқараны көргенде:

Он екі тұтам-тұтам қазылық үй түндік, маңырап жатқан қой түндік, қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен”- деп артына үш қараған екен.

Ерейментауды көргенде:

Желдің жеті есігі бар екен, қыс болса жылқы тұрмас, жылқы тұрса ішінде құлын тұрмас ораздының жайлауы, жиырлының қыстауы екен, екі жағындағы ел бай болар да қақортасындағы қоныс қылған ел кедей болар, бітісі жаман екен, бір-бірімен төбелесетұғын кісі сықылды ерейіп тұрғанын, панасы жоқ дала секілді тау екен.”

Терісаққанды

Уа шіркін, Сарыарқаның тұздығы екен: тек анда –санда обып қоятын жұты бар екен, бірақ артынан мал тез өсетін жер екен”

Баянды көргенде

Баянға жаймай, қой семірмес...”

Ертісті көргенде:"Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отрымас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен", - депті.

Талас өзенін көргенде:

Екі Келес, бір Талас,

Бал татыған жерін-ай,

Ағайының аралас,

Тату екен елің-ай.

Желмаяға өңгертіп,

Алып кетер едім-ай,

Сыймаған соң алдыма,

Әттең, дүние, дедім-ай! -

депті.

Асанқайғы Жиделібайсын жеріне қызығып: "Ай, Жиделібайсын, артыма бөктеріп кетер едім, әттең атым көтере алмайды-ау! Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын тып-тыныш мамыражай ел екенсің", - депті.

Қорытынды сөз:

Аңыз бойынша  Асан қайғы шұрайлы қоныс, нулы өлке  іздеумен өмір бойы Желмаясымен желіп өткен екен. Ұлытаудың бас жағына келіп дүние салыпты –мыс.

2-топ.     2- көрініс:

     Бір жазда Әбілқайыр хан өзінің Маңғыт деген әйелінен туған тұңғыш ұлы қайтыс болып, ас береді. Бұл ұлан-асыр ас Ұлытау мен Ақкөл аралығындағы көк орай шалғынды кең далада өтеді. Асқа аяқ жетер атыраптан көп халық жиналады. Ханды құрмет тұтқан жер-жердегі бай, бектер, сұлтан, билер бірінен бірі асыра тарту-таралғысымен артынып-тартанып жетеді. Ас бірнеше күнге созылады. Ат жарыс, бәйге, көкпар, күрес дейсің бе, әйтеуір қазақ дәстүрінде бар барлық салт-сана, ойын-сауықтың бәрі өтеді. Ақындар айтысады, күйшілер күй шертеді, әншілер ән салады. Хан сол бір асты өзінің ақылгөй абызы сарай жырауы Асанқайғыға баскартады. Бірнеше күнге созылған осы жиынды Асан жырау:

  Таза мінсіз асыл тас,

   Су түбінде жатады.

  Таза мінсіз асыл сөз,

  Ой түбінде жатады.

   Су түбінде жатқан тас,

  Жел толқытса шығады.

  Ой түбінде жатқан сөз,

  Шер толқытса шығады, -

деп бастаған екен дейді ел. Осы ас өтерден бірер жыл бұрын Асанқайғы жырау халқынын болашақ қамы үшін қазақтың кең дала, қаласын шарлап, "Жерұйықты" іздеп оралған екен. Оны көптен бері көрмей, аталық ақыл, өсиетін тыңдай алмай, сағынып аңсап жүрген ел-жұрты сөз иіні келген кезде өздерінің сұрақ, өтініштерін тұс-тұсынан жаудырыпты. Біреулер: "Қалай еткенде елге әділдік орнайды?" дегенде ол:

Әділдіктің белгісі,

Біле тұра бұрмаса.

Ақылдының белгісі,

Өткен істі қумаса.

Жамандардың белгісі,

Жауға қарсы тұрмаса;

Залымдардың белгісі,

Бейбіттің малын ұрласа.

Надандардың белгісі,

Білгеннің тілін алмаса.

Шамаңша шалқып көре бер,

Қабірге әзір қоймаса.

Артыңда қалар атақ жоқ,

Тіріде данқың болмаса,-

деп термелепті.

 

3- топ. 3-көрініс:

Осы аста халықтың ішінен тағы бір сұрақ туындапты:

Енді бірі "Асан Ата, осы халық бірлігіне не жетіспейді, бұл заманда не ғаріп?" деп сұрапты. Сонда қарт абыз:

Бұ заманда не ғаріп?

Ақ қал алы боз ғаріп.

Жақсыларға айтпаған,

Асыл шырын сөз ғаріп.

Замандасы болмаса,

Қария болар шын ғаріп.

Қадірін жеңге білмесе,

Бойға жеткен қыз ғаріп.

Ел жағалай қонбаса;

Бетегелі бел ғаріп.

Қаз, үйрегі болмаса,

Айдын шалқар көл ғаріп.

Мүритін тауып алмаса,

Азғын болса пір ғаріп.

Ата жұрты бұқара

Өз қолында болмаса,

Қанша жақсы болса да,

Қайратты туған ер ғаріп.

Ғалымды хатим еткендер,

Мақсатына жеткендер,

Жас көрілер отырып,

Алдынан сабақ алмаса,

Қарамаса жүзіне,

Ғалым да болса ол ғаріп, -деп термелепті.

Бірде ас барысында Әбілқайыр хан "намаз уақтысы өтіп бара жатыр екен ғой" деп сылтауратып отырған орнынан тұрып, далаға шығып кетеді. Осыны сезген Асан би сөзін былайша жалғастыра түсіпті дейді:

Көлде жүрген қоңыр қаз,

Қыр қадірін не білсің?

Қырда жүрген дуадақ,

Су қадірін не білсін?

Көшіп-қонып жүрмеген,

Жер қадірін не білсін?

Көшсе кона білмеген,

Қонса көше білмеген,

Ақылына көнбеген,

Жұрт қадірін не білсін?-деп тура ханға айтқан екен.

Сергіту сәті:

 Асқар биік тауларды,

 Алыс-алыс белдерді,

 Арнасы кең көлдерді,

  Ойлы, қырат жерлерді,

  Желмаямен ол кезді.

  Оңды-солды шарлады,

  Жерұйықты іздеді.

  Жұмақ болар мекенді

 “Қазақ жері” деп білді.

(Өлеңді қимылмен келтіріп, денемізді, ойымызды сергітеміз)

3.      «Ақын айнасы»Оқушыларға Асан қайғының толғаулары таратылады. Олар мәнерлеп оқып, тақырып, идеясын анықтайды. Ақын позициясын ашып, сөздік қолданысына сипаттама береді.

  1. Таза мінсіз  асыл сөз,

            Ой түбінде жатады.  (Шығармашылық сәт)

Оқушыларға екі сауал қойылады.

1.      Қазіргі заманың Асан қайғысы...

2.      Асан қайғының Жерұйықты Қазақстан жерінен іздеуінің себебі, менің ойымша, ...

Бағалау кезеңі:

Суреттер сөйлейді.

Ой түбінде жатқан сөз,

Шер толқыса шығады.

Ақын айнасы.

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады...

Қорытынды баға

 

 

 

 

 

Үй жұмысы:

Міндетті деңгей: “Жерұйық болған мекенім...” эссе жазу
Мүмкіндік деңгей:
“Асан қайғы толғауларының философиялық мәні” реферат жазу.

                                                                № 25 жалпы орта білім беру мектебінің

                                                                    қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

                                                                                             А.Ш. Мухаметжанова.

 

 

Әдебиет пәні сабағынан сабақ жоспары

 

Мақсатым:  Оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге , барлықоқу-әдістемелік жүйеге жаңа талап қойылуда. Осы талаптарды ескере отырып, алдыма қойған мақсатым -  әр сабақта оқушыларды оқуға  қызықтыратын,қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оныңнегізгісі оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру,оқушылардыңойлау дағдыларын  жетілдіру, өздігінен   білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.

 

Сабақтыңтақырыбы:«Қорқыт ата кітабы» – ұлт мәдениетініңбас кітабы.

Сабақтыңмақсаты:Оқушыларды өзіндік ізденіске бағыттау  барысында Қорқыт туралы білім-біліктерін арттыру.

Оныңөмірі мен күй өнерініңөзара байлансы, күйлерініңжазылу тарихы туралы мәліметтерді жинақтап, меңгерту.

Қорқыт шығармаларындағы өзекті мәселелерді анықтап, күй өнері  туралы пікірлерін анықтау.

Сабақтыңтүрі:ізденіс сабағы

Сабақтыңәдіс-тәсілі:СТО стратегиясыныңэлементтері, талдау, салыстыру, пысықтау.

Сабақтыңкөрнекілігі:Қорқыт ата портреті, қосымша материалдар, «Қорқыт» күйі.

Сабақтыңөзектілігі: Өнер – өшпес,өлмес  мұра.

Сабақбарысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сынып оқушыларын екі топқа бөлемін. І топ «Қорқыттанушылар», 

                                                                     ІІ топ«Күйтанушылар».

«Ой қозғау»сатысы.Интербелсенді тақтаға төмендегідей өлеңшумақтарын жазамын.

                                       Жыраудыңүлкен пірі Қорқыт ата.

                                       Бата алған таман бақсы асқан ата.

                                       Таңқалып жұрттыңбәрі тұрады екен.

                                       Қобыз алып Қорқыт ата күй тартқанда.

Осы кезде «Қорқыт» күйі ойналады. Оқушылар күйді тыңдап, алған әсерлерін ортаға салады. «Күй» және «Қорқыт ата» деген сөздерге тірек ойларын жазады.

  Мысалы, Қорқыт ата – күй атасы, жарау, сұңғыла дана, асқан абыз , т.б.

                   Күй – өнер, асыл мұра, адамныңішкі дүнисінің  сыры, рухани азғымыз, т.б.

«Ой жалғау» сатысы. Оқушыларға  Қорқыт туралы мәлімет таратылады.

Олар өздеріне берілген тақырып төңірегінде негізгі мағұлыматтарды жинақтап, өзіндік ойларын ортаға салады.

І топ «Қорқыттанушылар»

Зерттейтін мәселелері: Қорқыт ата туралы аңыздардыңсыры

 ІІ топ. «Күй танушылар»     

Зерттейтін мәселелері: Күйдіңшығу тарихы.

Осы мәселерді оқушылар зерттеп, ойларын ортаға салады.

  «Қорқыттанушылар» тобы

Аңыз бойынша:Дүниеге келуі

Қорқыттыңдүниеге келуі де өзгеше. Анасы Қыпшаққызы құланныңжаясына жерік болыпты-мыс. Бір жыл ішінде   жерігін әреңқойыпты. Ана құрсағында 3 жыл жатыпты. Жыл сайын бір рет толғаққысыпты. Дүниегее келерінде арасы тоғыз күн  көз шырымын алмай толғатқан. Үш тәулік  тастай қараңғылықбасқан. Жаңбыр жауып, дауылдатқан. Сөйтіп, жарықдүниеге Қорқыт сөйлеп туыпты-мыс. Кейбіреулер Қорқытты қу терісін жамылған перініңқызынан немесе аққудан туды дейді.

Есімініңқойылуы

Қорқыт есімінің  қойылуы да бір аңыз  екен. Мәселен, Қорқыт дүниеге келер алдында  үш тәулік қараңғылықжер бетін басып, далада дауыл соғып, жаңбыр жауған екен. Сонда елдіңбарлығы қорқыпты. Осы оқиғаныңсебебінен нәрестеніңатын «Қорқыт» деп қойса керек.

Зерттеуші Ә. Марғұлан пікірі:

«Ол- бір туар ақын, әрі бақсы. Осы ұғымдар сәуегейлікті, емшілікті, күйшілікті  сыйғызады.   Демек, Қорқыт – «керемет иесі», ұлыстыңұлы кеңесшісі, қария сөз айтушы, тарихи оқиғаларды жырлап беретін жырау».

Қорқыттыңөліммен күресуі туралы аңыздар көп.

М. Әуезов былай дейді: «Аңызда тамыры қурап қалған бәйтерек ; «мені тапқан ажал сені де табады» дейді Қорқытқа. Айдалада өсіп тұрған   шөпте осыны дәлелдейді.  Қаусап құлағалы тұрған құз-тас та Қорқыттыңажалы  таяп қалғанын дәлелдейді». Енді бір аңызда: «20 жасқа жеткенде , түс көріп, түсіндегі   ақкиімді кісі: «Қырықтан артықөмір сүрмейсің», - деген соң, нағашылары сыйлаған желмаяға мініп алып, өлмейтін жер іздейді.Сонда қасиетті Желмая желдей есіп    небір шөл даладан тау мен құздардан,  өзендер мен көлдерден   құстай ұшып жердіңбір шетіне келеді. Шексіз мұхиттыңжағалары екен. Желмаясынан түсіп, теңіздіңсуымен жуынып, тынығады. Бір кезде құлағына бір сыбыр естіледі., неткен сыбыр деп соған қарай жөнеледі. Келсе бір жігіт жер қазып жатыр екен.Қорқыт:

    – Жігіт, не істеп жатырсың?  дейді. Жігіт:

   - «Саған көр қазып жатырмын» -дейді. Қорқыт қайда барса да алдынан жер қазып жатқан адамдар шығады. «Бұл не?»-деп сұраса, олар: «Бұл-Қорқыттыңкөрі »- деп жауап береді. ». Осыдан «Қайда барсаңда Қорқыттыңкөрі» деген мақал қалыптасса керек.

Қорқыт көр қазушылардыңбәрінен қашып құтылдым деп бір жерге тоқтаған кезде, жанына қараса, тереңкөр жатыр, ішінен сақалы аппақшал шығып:

-            Қорқыт, өлімнен құтылмайсың, көріңдайын, кел, жат! – дейді.Осы кезде Қорқыт есінен танып, ұйықтап кетеді. Сол кезде түс көреді. Түсінде ақсақалы беліне түскен, ақтаяғы көк тіреген әулие қарт : «Е, Қорқыт, өлімнен құтылудыңамалын іздеп жүрсіңбе? Өлімнен құтылудыңбір-ақамалы бар. Ол өлімнен тек саз арқылы ғана құтыласың, ол үшін сен аспап жаса. Аспабыңнар атанныңжілігіндей болсын, шанағы бақырдай болсын, ішегі  бесті аттыңқұйрығынан болсын,  аспабыңныңатын қобыз қой. Өлімнен араша болатын тек қана сол қобыз. Тұр, жатпа!» дейді.

«Күйтанушылар»

... Қорқыт шошып оянады.. жалма жан қасиетті тау басында өсіп тұрған  киелі қарағайды шауып, аспап жасауға кіріседі. Аспаныңбиіктігі 6 жасар нар атанныңжілігіндей қылып ойып, қасиетті тау басындағы ортекеніңмүйізінен тиек жасап, Желмаясын сойып, терісін қобызына көн қылып қаптайды, үстіне мінбеген бесті аттыңқұйрығынан ішек жасап, қобызын қолына алып Қорқыт:

       Қарағайдыңтүбінен

Қайырып алған қобызым,

Үйеңкініңтүбінен

Үйіріп алған қобызым,

Желмаяныңтерісін

Шанаққылған қобызым,

Ортекеніңмүйізін

Тиек қылған қобызым,

Бесті айғырдыңқұйрығын         

Ішек қылған қобызым,

Құлағын да бұрайын

Осы айтқаным болмаса,

Қайырып жерге ұрайын,-дейді

Суда көр қазушы болмас , тереңағыс-иірімдерге ажал, өлім келе қоймас деп ойлап, кілемін жайып, аспандағы құстыңұшуын, самал желдіңсоққанын тиятын   толқынды күйлер, толғаулар шығарады, сөйтіп ғасырға жуықөмір кешіпті.Қорқыт қобызын күні-түні тартады екен. Сонда Қорқыттыңтартқан  күйін тыңдайық. ( «Қорқыт» күйі ойналады).

       Ә. Марғұлан: «Қорқыт туралы аңыздар көп. Қорқыт – бір кездегі қауым тіршілігіндегі белгілі адам. Ол жайындағы мәліметтер аңыз болса да, Қорқыт тарихи адам болғанына ешкім таласпауы тиіс.» Қорқыт ата 8-9  ғасырларда Сыр бойындағы Жанкент қаласында өмір сүрген. Ол кісініңмазары Қармақшы стансасынан 18 шағырымдай жерде екен.

Қобыздыңтарихы

      Тарихшылар: «Қобызбен күй, сарын тарататын бақсы, жыраулар, не Қорқыт жолын қуған атақты күйшілер көп. Қорқыт- жыраулардыңатасы, олардыңпірі болып табылады. Қорқыт қобыз аспабын алғаш жасап, тартқан адам» - дейді.

      Қобыздыңбейнесі туралы да көптеген пікір-таластар бар екен. Соныңбірі – кейбір ғалымдар қобыздыңбейнесін адамға ұқсатады екен. Мысалы, бас, құлақ, мойын, кеуде.

Ал  Ә. Марғұлан: «Қазақтыңескі дәуірдегі қобызыныңформасы аққудыңбейнесіне ұқсайды, мойны ұзын, құйрығы сопақ, ұзынша келген аққудыңқұйрығы сияқтанып тұрады. Сыртынан қарағанда аққудан еш өзгешелігі жоқ.». Оған дәлел ретінде үш деректі үсынады: біріншіден, халықаққуды еңсұлу құс деп санаған, екіншіден, аққудыңдауысы    құлаққа әдемі  естілетін еңсұлу үн,  үшіншіден, аққу – ерекше қадірлейтін киелі құс, оны атуға болмайды.Мүмкін, көне заманда аққу түркі тайпаларыныңбір төтемі болуы тиіс.

Ш. Уалиханов: Өзініңағасы Уалиханов тартқан күйлердіңаттарын ғана жазып алған. Олардыңсаны 14 екен.Олар: «Тәңір күйі»,«Саймақтыңсары өзені», «Қорқыт күйі», «Ақсаққұлан», «Жошы хан», «Азамат қожа», «Жеті қыз», «Бозінген» т.с.т.

«Ойтолғау» сатысы.

1.      Оқушыларға жеке-жеке Қорқыт атаныңнақыл сөздері таратылады.

Олар нақыл сөзді оқып өзіндік пікірін ортаға салады.

                                  Қанатты  сөздер:

Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас,

Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес;

Дәулетті ұлыңболса, ошағыңныңқоры болар,

Дәулетсіз ұл болса, ошағыңныңқоры болар;

Жер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі;

Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды;

Көңілі пасықерде дәулет болмас;

Қар қаншама қалыңжауғанмен - жазға бармас;

Ата даңқын шығарып, өзініңтегін қуған балаға ешкім жетпейді, т.б.

  1. Сабаққорытындысын шығару үшін пікір-талас ұйымдастырамын,

Өзекті тақырыбы: Дүниеде не өлмейді?

Бағалау кезеңі:

р/с

Оқушыныңаты-жөні

«Ой қозғау» сатысы

«Ой жалғау» сатысы

«Ойтолғау»

сатысы

«Пікір-талас»

Қорытынды баға

 

 

 

 

 

 

 

 

Үй жұмысы:

Міндетті деңгей: Қорқыттыңнақыл сөздерін жаттау.

Мүмкіндік деңгей: Қорқыт ата күйлерін тыңдап, алған әсерлері жайлы эсее жазу.

 

                                                                                 № 25 жалпы орта білім беру мектебінің

                                                                                   қазақтілі мен әдебиеті пәнініңмұғалімі

                                                                                             А.Ш. Мухаметжанова.

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:    Мақал – мәтелдер – даналық мәйегі.

 

Сабақтың мақсаты: І Білімділік. Ғасырлар шежіресі, халақ тарижы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл – өнегесімен көрініс тапқан мақал – мәтелдердің қолдану тәртібі, халық даналығының бір түрі туралы түсінік беру.

ІІ Дамытушылық. –ойлау қабілеттерін, танымдық ізденістерін, көркем ауызша баяндау ретін ойындар арқылы жан – жақта дамыту.

ІІІ Тәрбиелік. Асыл да ата мұрамызды құрмет тұтуға, тәрбиелі қыз, ардақты ұл болуда ұлттық құндылығымызды  сөйлеу тілінде тобықтай сөздің түйінін жасқанбай жағымды пайдалануға, қасиетті қызыл тіліміздің үстемін көтеруге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, сызбалар, суреттер, картотекалар.

Сабақтың әдісі: оқыту, түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың өзектілігі.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеу, оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.

Қайталау үшін сұрақтар.

Ауыз әдебиеті дегеніміз не? Ауыз әдебиетінің түрлерін ата. Тұрмыс салт жырлары дегеніміз не?Тұрмыс салт жырларының  түрлерін ата.

ІІІ. Жаңа түсінікті қалыптастыру кезеңі.

-Балалар,дәптерлеріңе күн ретін жазыңдар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын мына сөзжұмбақты шешу арқылы анықтайтын боламыз.

СӨЗЖҰМБАҚ

 

М

 

 

 

 

 

 

 

 

А

 

 

 

 

 

 

 

 

Қ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А

 

 

 

 

 

 

Л

 

 

 

 

 

 

-

 

 

 

 

 

М

 

 

 

 

 

 

Ә

 

 

 

 

 

 

 

Т

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

е

 

 

 

 

 

 

л

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1. Жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер.

2. Заттың атын білдіретін сөз табы.

3. Жылқы пірі

4. Адамның түрлі көңіл күйін білдіретін сөздер.

5. жеке затарға қойылатын атау.

6.Балаға ең қымбат –

7. Білім беретін мекеме.

8. Бірнеше сөйлемнен құралып негізгі ойды білдіреді.

9. Көркемдеп суреттеуде затты не құбылысты екінші затпен немесе құбылыспен салыстыра суреттеу.

10. Сиыр пірі.

11. Сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы.

- Қандай сөз шықты? (Мақал - мәтел)

- Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы – «Мақал- мәтел» екен.Сендер мақал- мәтел білесіңдер ме?

Білсеңдер қазір біз «Топтастыру» әдісі арқылы мақалдардың тақырыптарын анықтаймыз. Ол үшін әр тақырыпқа бір – бір мақал айтайық.

Топтастыру.

 

 

Мақал

Мәтел

Біреу тойып секіреді,

Біреу тоңып секіреді.

Әлін білмеген әлек

Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені,

Еменнің иілгені – сынғаны

Көппен көрген – ұлы той

Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

Көрмес түйені де көрмес

 

Мақал мен мәтелді енді салыстырып көрейік. Ой қалай айтылған?

 Венн диаграммасы.

                   Мақал                 Ортақ                 Мәтел

 

 

   

                                 Ауыз әдебиетінің бір түрі

«Керекті сөздерді тап» ойыны

1.     Білгенге....Білмеске.... . 2. Өтірік .... өрге баспас. 3. Сөз...өтеді, таяқ ....өтеді.4. Тоқсан....сөздің тобықтай түйіні бар. 5. Ел үмітін ...ақтар. 6. Жігітті ....таңы. 7. Денсаулық – зор.....

Кітаппен жұмыс. Интербелсенді тақтада орындалады.

Мына мақал- мәтелдердің жалғасын тап.

1.     Тіл тас жарады, ....... .

2.      Кісі елінде сұлтан болғанша, ....... .

3.     Өнер алды - ...... .

4.     Талапты ерге ...... .

5.     Бірлік болмай, ....

6.     Ерді намыс өлтірер,.... .

«Қызықты сұрақтар» ойыны

1.     Қорқақ неден қорқады?

2.     Ердің атын не шығарады?

3.     Оқусыз не жоқ? Білімсіз не жоқ?

4.     Ашу не? Ақыл не?

5.     Бір қазанға сыймайтын қандай бастар?

6.     Тауық түс көре ме?

7.     Көп түкірсе не болар?

8.     Оқу түбі не?

9.     Үйіңе құтты қонақ келсе не болады?

10.                                                                                                Жаманға неге күлме дейді?

Сабақты қорытындылау.

Сабақ «Орныңды тап » ойынымен аяқталады. Оқушыларға мақалдың әр сөзі беріледі. Өздері ойланып, қажетті орындарына тұрып, сол сөзден мақал құрайды. Мақалдың мазмұнын түсіндіреді.

Бағалау.

Үйге тапсырма. Бұрын көп айтылмаған бес мақал- мәтел жазып кел, жатқа айту.

 

Өткізген: Копаева А.С

 

                                             Қазақ тілі

 

Сабақтың тақырыбы:   У әрпінің жазылуы.

Сабақтың мақсатыты:   «У»дыбысы бар сөздерді дұрыс жазуға  

                                   дағдыландыру; ы,і дыбыстарына аяқталған             

                                   сөздерге у әрпі жалғанғанда ы,і әріптерінің түсіп   

                                          қалатынын түсіндіру; сауаттылыққа тәрбиелеу. 

Сабақтың міндеттері:  Сөздерді мағыналарына қарай        

                                         топтастырып,сөздерді буынға бөле                                              

                                          білу білігін жетілдіру.

                                          Оқушылардың ой-өрісін,сөздік қорын,жүйелі

                                          баяндау,көркем жазу,сауатты оқу дағдысын

                                         арттырып,танымдық,есте сақтау қабілеттерін

                                       дамыту.

  Сабақтың көрнекілгі: оқулық,интербелсенді тақта,карточкалар

  Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,танымдық ойлау,талдау,топтау,

                                      СТО , рефлексия.

 Cабақтың  түрі:   Дәстүрлі емес.

Сабақтың типі:   Білім жетілдіру.

       Пәнаралық байланыс:ана тілі, дүниетану,

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезең.

Психолгиялық дайындық.

Қайырлы таң достым,    - 1 топ

Қайырлы күн болсын.    -2топ

Сәрсенбінің әр кезі,      -3 топ

Сәттілікке толсын.         -4 топ

Біздің алар бағамыз,      -бәрі

Кілең бестік болсын.     -бәрі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Әр топ «У»  дыбысы туралы ережелерді жаттап, мысалдар келтіреді. (орфография,орфоэпия туралы сұрау)

ІІІ.  Мотивациялық-бағдарлау кезеңі. (Бір оқушы айтады)

-Ерте,ерте ертеде қазақ тілі жерінде,дыбыстар мен әріптер елінде «Дыбыс» деген үлкен шаhар болыпты. Бұл елде «у» дыбысы және әріпі өмір сүріпті. Олардың дауысты , дауыссыз, жуан,жіңішке түрлері болыпты.Тіпті өздеріне тән түстері, киімдері, таңбасы, сөз ішінде өз орындары болыпты.   Бірақ кішкентай  «У»  өзінің қалай дұрыс жазылатының толық ажырата алмаған екен. Өзін- өзі ажырата алмағандықтан, шаршағаны сондай «У» дыбысы мен әрпі тіпті қашып кетіпті.

- Ал ендеше балалар,бізде «Ертегілер еліне» саяхатқа аттанып «у » дыбысы мен әрпіне өзін тануға  көмектесейік.(шаһардың суреті) Әр топ «У» дыбысына  қолғабыс жасасын / 1  флипчарт /

Ол  үшін тақтадағы сөздерге назар аудар

ІҮ. Жаңа сабақ: интербелсенді тақта   / 2  флипчарт /

- Сөздерді оқытып,салыстыру (қорытынды жасату)

 -Ережені оқыту.(шымылдықпен ашу)  / 3  флипчарт /

- Тау етегінде «Жайлау»бар екен.( жайлаудың суреті) / 4  флипчарт /

-Бүгінгі күнді жазамыз

 Балалар жайлауда жайланып, тапсырманы орындайды ал тапсырма мынадай:

*  Әр топ берілген сөздерге – у - әрпін қосып жазады және қандай өзгеріс болғанын айтады.(ережеге сүйене отырып дәлелдеу.) / 5  флипчарт /

Қатесін түзеп жаз-4 жаттығу  / 6  флипчарт /

      Сонымен у әрпі өзінің қай уақытта қалай жазылатының түсініпті

- Сергіту сәті.

  *  Берілген сөздерге талдау жасау: / 7  флипчарт /

Сауыт, сурет сөздерін буынға бөліп,буынның аттарын жазу, бұзау-фонетикалық талдау жасау, туған жер туралы әңгіме  құрастыру , сөзжұмбақ шешу.    интербелсенді тақтада –аққу /   флипчарт /

    - Қуанып келе жатқан балалар жол жиегінде жайқалған бау-бақшаға кездесіпті.(бау-бақша суреті)

Қарындары ашқан балалар жеміс-жидек жемекші болады.Бағбан атай олардан жөн сұрасыпты.

   Әңгіме үсінде бағбан  ата балалардан  өлең шумағын сұрапты.

 5 жаттығуды орындау /   флипчарт /

- 1 шумағын  өлең құрылысына талдау- дауысты –у- тобы; 2 шумақтың мағынасын түсіндіру- дауыссыз –у- тобы ,зебра туралы білімдерін-жуан –у-тобы айтады, Сауыры- сөзіне түсіндірме сөздікпен-жіңішке –у –тобы жұмыс жасайды.

Балалар атаймен қоштасады.Бағбан атай балаларға жеміс-жидектер береді

(Жақсы жұмыс істеген топ марапатталады)

 интербелсенді тақтада шығармашылық жұмыс: /    флипчарт /

- Торкөздің ішіндегі буындары белгілі бір ретпен құрастырғанда,денсаулық туралы  мақалды оқисың: Дені саудың, жаны сау.

Сөйтіп олар ауылдың сыртына келіпті.

-Балалар бүгінгі саяхатымызды қорытындылайық:/   флипчарт /

1 топ—5 жол өлең

 2 топ- Венн диаграммасын құрады

3 топ- у дыбысы бар мақал мәтел айтады

4 топ-тест

Бағалау.

Үй жұмысы 47 бет, 3 жаттығу

                                                         Өткізген:

                                                                      Маутина Светлана Тулегенқызы

 

Дүниетану

 

Сабақ тақырыбы: Денелер. Заттар

Сабақ мақсаты: оқушылардың табиғи және жасанды денелер мен олардың құрамы туралы, зат туралы, түсіктерін қалыптастыруына ықпал ету; балалардың өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру; есте сақтау және ойлау қабілеттерін арттыру; тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі : жаңа сабақ

Сабақ әдісі: интербелсенді тақта, электрондық оқулық, салыстыру, талдау, сұрақ- жауап

Көрнекілік: суреттер, кесте

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезең   Психологиялық дайындық

     Бүгін қай күн?  Сәрсенбі                        Қайырлы күн, балалар

    Ертең қай күн ? Бейсенбі                        Қайырлы күн, мұғалімдер

    Оят онда Сәрсенді                                   Тыныш болып түніміз

    Оят онда Бейсенді                                    Ашық  болып күніміз

    Сабағынан қалмасын                               Сәттілікке толсын- ай

       

Топ басшыларына бағалау парағын тарату

2. Үй тапсырмасын тексеру

    «Әр суретті өз орнына қой» ойынын ойнау. (Интербелсенді тақтада слайд )

Бәріміз тақтаға қарайық. Әр суреттің орнын тапсаң, артынан құпия сөз шығады.Ол үшін үй тапсырмасы бойынша мына сұрақтарға жауап берулерің керек.

  1. Температураны немен өлшейді? Оның түрлерін ата (суреттерін көрсету)

  2. Ауа, су, топырақ температурасының тіршілік иелері үшін қандай маңызы бар?

  3. Дені сау адамның қалыпты температурасы қандай болу керек?

  4. Ауа райын білу не үшін керек?

  5. Ауа- райын болжайтын қандай жәндіктерді білесіңдер?

(Көл,аққу, балық ,құс ,ағаш ,инелік суреттері және рет сандары бар буындар болады.) Суреттерді орнына жылжыту арқылы  құпия сөз шығады. Оларды ретімен орналастыр.)

Денелер мен заттар деген сөз шығады. Ендеше бүгінгі сабағымыз денелер мен заттар жайында болмақ.

Тақтаға назар аудару. Суретке қарап не айтуға болады? Табиғат көрінісі. Осы суреттердің қайсысы артық? Көл

. Неге? Өйткені ол өлі табиғат.Сонымен тірі, өлі табиғат дегеніміз не екен? Ал осылардың бәрін бір сөзбен дене дейміз.

Ал сендер дене дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Жаңа сабақ

 Дене деген сөздің басқа да мағынасы бар екен. Бәріміз тақтаға қарап, дененің не екендігін түсініп алайық. ( электрондық оқулық арқылы тыңдау)

Не түсіндік? Дене деген не? Оның қандай түрлері бар екен? Зат деген не?

Осы сыныптың ішінде дене бар ма?

4. Оқулықпен жұмыс.

 1 топ: 30 беттегі 1- абзацты оқу. Денелер табиғи және жасанды дене екендігі жайлы оқиды. Суреттерін ажырату.

Тақтамен жұмыс  Электрондық оқулықтан табиғи , жасанды денелерді ажырату

2- топ: Денелер қатты, сұйық, газ тәріздес болады. Үстелдің үстіндегі тас, целлофандағы ауа, стақандағы суды көрсетіп қайсысына жататындығын айту.

3-топ:  Дене заттардан тұрады. Үстелдің үстіне 2 сызғыш ( ағаш, пластмасса), 1 қант, стақандағы су, өсімдік, ауа. Өсімдіктің құрамы күрделі.(су, крахмал, қант және басқа заттар бар.Адамдар мен жануарлар да әр түрлі заттардан тұрады.Кітап пен дәптер, қаламды дәлелдеу.

4- топ: Сен білесің бе? айдары бойынша (балаларға қосымша карточка тарату)

Қайсы дене? Қайсы зат? Ажырат. Үстелдің үстіне сабын қою.

Сабын неден жасалған?Ерте кезде қазақ халқы қара сабынды алабота деген өсімдікті өртеп, малдың сүйектерін өртеп, өсімдіктің күлін және сүйектің майын қосып жасаған. Жасалған нәрсе түнімен тұрған. Сабынның мынадай пайдасы бар:

Егер жара шықса сол жерді сабынмен жуу керек.Иіс сабыннан гөрі кір сабынды пайдаланған дұрыс екен.

3 минут уақыт беру. Топтың жауаптарын тыңдау.

Енді біраз шаршаған шығармыз, сергіп дем  алайық.

6.Сергіту сәті. « Бақытты баламыз» әнімен

Елді сүйген баламыз,                           Біз талапты баламыз,

Білімнен нұр шашамыз.                       Оқып - білім аламыз.

Әлкей, Қаныш атадай,                         Заттар сырын ұғынып

Көп жаңалық ашамыз.                         Ажырата аламыз.

7.Топтық жұмыс ( музыка)

1- топ: Жасанды денелерді пайдаланып, бүгінгі тақырыпқа сай әңгіме құра.

2- топ: Берілген өлеңнің ұйқасын тап. ( тақтаға шығарып қою)

   Дене деген немене?                                                Бізді қоршап тұрған

   Достым білгің  ------------ ме?                                Өлі, тірі  ----------------

   Дене   ----------- баласы                                           Дене неден тұрса

   Зат      ----------- анасы                                             Дейміз оны ------------

Керекті сөздер : келе, заттың, дененің, табиғат, зат.

3- топ: Мына заттарды пайдаланып  не құрастыруға болады? ( шырпы, ермексаз, скрепка, қағаз, кубик, қағаз, трубочка, )

4- топ: Жұмбақ құрастыру. Сендер бір денені ойлап, сол дененің атынан сөйлейсіңдер.Ол қандай заттардан тұратынын жұмбақтап айтасыңдар. Мен құмнан жасаламын. Әрбір үйде боламын.Мен болмасам үйдің іші қараңғы болады. Мен қай денемін?

8.Қорытынды.

Ал, балалар бүгін сабақта не үйренгендеріңді тексеріп көрейін.Бәріміз тақтаға назар аударайық.( Электрондық оқулықтан тапсырма орындау)

  • Тапсырма: Денелер қандай заттардан тұрады?Жаңбыр судан,

  • Тапсырма: Денелер қандай заттардан тұрады? Ұшақ металлдан

  • Тапсырма: Не неден жасалады? Ауызша

  • Логикалық тапсырма. Алабота мен шырпының суретін көрсету. Қандай байланысы бар?

( шырпымен алаботаны өртеп сабын жасайды)

9. Бүгін сабақта не білдіңдер? Не үйрендіңдер? (балалар өз ойларын айтады.)

10. Топ басшылары бағалайды.

11. Балалар осымен сабақ аяқталды. Үйге тапсырма: Бір дененің жасалу жолын қарастыру. Адамдарға дененің қандай заттан тұратындығын білу не үшін керек? Сұраққа жауап іздеу.

Өткізген : Смаилова Майгүл Қабыкенқызы

 

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов. Біржан сал Абай ауылында.

 

Мақсаты: І. Оқушыларға әңгімедегі (үзінді) кейіпкер характерлерін сомдаудағы жазушы шеберлігін таныту.

ІІ. Әңгімені (үзінді) талдай отырып, өнер адамы Біржан сал мен сөз өнерін терең түсінуші Абайдың бейнесін ашу арқылы оқушылардың білім, білік, дағдыларын дамыту.

ІІІ.Дені сау жеке тұлғаны өнер құдіретін, сөз өнерін түсіне білуге, асыл өнерді ардақтап, құрмет тұта білуге баулу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәтінді талдау,сөз әдісі, логикалық ізденіс, интербелсенді тақта, үлгілеу-жобалау технологиясы.

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка.

Көрнекілігі. Интербелсенді тақта, таратпа.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

                                 А) сәлемдесу;

                                 ә) оқушыларды түгендеу;

                                 в) сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ. Мотивация. Оқушыларға бір-бірінің қолдарын ұстатып, көздерін жұмғызу және бір-бірлеріне іштей жақсы тілектер тілету.

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

ІІІ. Жаңа сабақ

-Мақсат қою

- алдын-ала оқып келу тапсырылған мәтінмен жұмыс.

Жетекші сұрақтар:

-          М.Әуезовтің қандай әңгімесімен таныс едіңдер?

-          Ол әңгіме кім жайында еді?

-          әңгімеде Абайды қай қырынан танып едік?

Шығарманы талдау жұмыстары

Мұхтар Әуезов. Біржан сал Абай ауылында

 

-          Мұхтар Әуезовтің «Әжемнің әңгімесі» әңгімесі;

-          Бала Абай туралы;

-          Халық ауыз әдебиетін, ертегі, дастандарға құмар бала.

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

топ «Таным»

-модуль арқылы таратпамен жұмыс

 

 

 

 

 

 

ІІ топ «Зерде»

-модуль арқылы таратпамен жұмыс

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

М.Әуезов.

Біржан сал Абай ауылында

М. Әуезов туралы                                         

   Абай мен Біржан арасындағы

 мәлімет      жарастық (инценировка)

«Біржан сал Абай ауылында»

 әңгімесінің мазмұндық құрылымы

 

Біржан сал Абай ауылында

«Абай жолы»                                                         

   Абайдың ән- күйден алған әсері

   туралы . Құлақтан кіріп бойды алар

  «Біржан сал Абай ауылында»

  әңгімесінің кейіпкерлері

 

 

Ән адамды сергітеді,

Ұзартады өмірді.

Ұлылырдың жарастығы,

Өсіреді көңілді.

Ән   мен күйді ұнатамыз,

Тыңдаймыз біз ден қойып.

Өнерменен шындаламыз,

Өсеміз біз сән құрып

 

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

ІІІ топ «Өнер»

Таратпамен жұмыс

 

 

 

 

 

ІҮ топ «Талап»

-модуль арқылы таратпамен жұмыс

 

 

 

 

Қорытынды:

Топтар шығармашылық жұмыстар жасайды

І топ «Таным»

ІІ топ «Зерде»

ІІІ топ «Өнер»

ІҮ топ «Талап»

Үй жұмысы:

 

Бағалау.

 

 Біржан сал Абай ауылында

Біржан сал                                                              

  Әңгімеде орындалған  туралы                                                                     әндер. «Жанбота» әні,                                                                                          шығуы туралы

«Біржан сал Абай ауылында»

 әңгімесіндегі әнқұмар жастар

М.Әуезов.

Біржан сал Абай ауылында

Портрет. Әңгімедегі                                               

 Әңгімеде белең алған

кейіпкерлер портреті.                                      

  салт-дәстүрлер.

Әңгімедегі тілдік қор.

Ой толғау

Мақала.

Тест құрастыру

« Біржан» сөзіне сөзжұмбақ  құру.

«Әнді сүйсең, менше сүй» ой толғау;

Типтік образ туралы оқып, біліп келу.

 

 

                                                                         Жангабулова Назира Ерғалиқызы

                Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі

               


Сабақтың тақырыбы: «Тау жыныстары деген не»

Мақсаты: Оқушылардың пайдалы қазбалар, оларды пайдалану туралы түсінік қалыптастыруына ықпал ету. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, тілдерін дамыту, өздігінен білім алуға жағдай жасау.

Қазақстанның пайдалы қазбалар картасымен жұмыс істеуге үйрету.

Бір-бірін сыйлауға, қарым-қатынас жасауға , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, энциклопедия, шартты белгілер, «Пайдалы қазбалар» топтамасы, кестелер, қосымша мәлеметтер, атлас, суреттер.

Сабақтың әдіс-тәсілі: орталықтарда жұмыс істеу, жұппен, топпен.

Технология: “Step by step”

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі (Психологиялық дайындық)

                                      Шеңбер болып тұрайық

                                                               Алақанды созайық,

                                                               Сәттілік тілеп сабақта

                                                               Көңілді  де болайық.

Миды

шынықтыру: -Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы сұрақ түрінде тұр

-Кім бұл сұраққа бірден жауап бере алады? Ендеше бұл сұраққа толық жауабын табу  үшін біз көп жұмыс істеуміз керек.

-Біріншіден, менің сұрағыма жауап беріңдерші?

-Балалар, адамдар құрылыста қандай материалдар пайдалынады?

-Оларды қайдан алады?

-Ал, отынның қандай түрлерін білесіңдер?

-Металды қайдан алады?

-Оларды қайда пайдалынады?

-Осылардың барлығын қалай атауға болады?

-Бүгінгі сабақта біз әдеттегідей орталықтарда жұмыс жасап білім аламыз.

-Алдымен жұмыс істеу ережелерін қайталайық

-Сызба арқылы жұмыс жасаймыз.

Спикерлер маршруттық парақтарды алып өз топтарына таратады. Олар аттарын жазады.

-Бүгін біз 4 орталықпен жұмыс істейміз

І «Дүниетану» орталығы

ІІ «Ғылыми-ізденіс» орталығы

ІІІ «Сарамандық» орталығы

ІҮ «Шығармашылық» орталығы

Маршруттық парақтан қарап орталықтың тапсырмасын орындаймыз.

Әр орталықта жұмыс істеген кейін тұжырым шығару. Өздерін бағалайды.

2 айналымнан кейін

Сергіту сәті: Қол көтерсем солтүстік

                          Топ-топ бассам оңтүстік

                          Қолды созсам жан-жаққа

  Көрсетеді бағытты

  Батыс пенен Шығысты

Иіліп сәлем берейік,

Экватор белде деп

Белді бұрай қозғасақ,

Сағат тілі Батысқа

Жер айналар Шығысқа.

Рефлексия :

-Бүгін сабақта нені білдік?

Сызбаны толтырайық

-Сабақ ұнады ма?

- Несімен ұнады?

- Қай орталықта қиын болды?

- Ең қызықты орталық қандай болды?

 Бағалау: Спикерлерге сөз беру

Үй тапсырмасын беру: Мәтінді оқып , қосымша мәліметтер әкелу.
         



Автор
Дата добавления 04.06.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров162
Номер материала ДБ-109826
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх