Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Сабақ жоспары: Түс және символ.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сабақ жоспары: Түс және символ.

библиотека
материалов

Бейнелеу өнері

17.01.2015ж.

Сабақтың тақырыбы: Түс және символ.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Түс және символдар жайлы оқушыларды жаңа,

тың мәліметтермен таныстыру. Сондай-ақ символдар

жайлы тереңірек мағлұмат беру. .Мәтінді қос тілде(орыс тілі) меңгертуге үйрету.

ә) Дамытушылық: Бағыт-бағдар бере отырып, өздігінен жұмыс істеуге

дағдыландыру, ой-өрістерін дамыту, қорытынды жасай

білуге үйрету.

б) Тәрбиелілік: Белсенділігін арттыра отырып, бір-біріне көмектесу

мақсатымен оқушыларды ұйымшыл болуға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Дидактикалық көрнекілік құралдар, көркем суретті альбомдар, фотолар және тағы басқалар.

Сабақтың өту барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Балалармен екі тілде амандасу.Балалар амандасу өлеңін екі тілде айтады.

Қайырлы таң,ұстазым! Доброе утро,учитель!

Қайырлы таң, достарым! Доброе утро,друзья!

Шеңберге тұрайық, Посмотрите друг на друга,

Жылулық сыйлайық! Пожелайте добра!

2) Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.Повторение пройденного.

Салған суреттерін бағалау,қосымша тапсырмалармен жұмыс жүргізу,сұрақтарға жауап алу.


Сабақтың барысы:

Сендер табиғаттағы сан алуан түстерді бақылаған боларсыңдар. Табиғаттағы белгілі заттар өздеріне ғана тән түске ие. Сонымен қатар түспен түрлі сезімді, көңіл күйді және көптеген басқа құбылыстарды көрсетуге болады. Символ - бұл кез келген бір түсінікті, құбылысты білдіретін шартты белгі. Әрбір халықтың, адамдар тобының өз символдары болады. Бейнелеу өнерінде де, өмірде де түстер символ ретінде жиі қолданылады. Қызыл, қара, ақ түстер символ ретінде жиірек кездеседі.


4sdgzsdfgzdfgzdfg









Қызыл түс - махаббаттың, сұлулықтың, қуаныштың, байлықтың, жеңістің, жастықтың белгісі. Мына сөздерге назар аудар. «Қыз», «қызыл», «қызық», «қызғалдақ» сөздерінің түбірі бір. Бұл кездейсоқ емес. Мұндай мысалдарды басқа ұлттардың тілінде де келтіруге болады: орыстың «красота», «красный» сөздерінің түбірі бір. Осыдан барып «Қызыл алаң», «Қызыл үй» атаулары пайда болған. Қытайда бай, ауқатты адамдар үйлерінің қақпаларын қызылмен бояған. Ежелгі құдайлардың


үстемдігін, табиғаттан тыс ерекшеліктерін көрсету үшін қызыл киімде бейнелейтін болған.

Көптеген халықтарда ақ түс жарықты, өмірді, тазалықты, бейбітшілікті білдіреді. Ежелгі Римде ақбоз аттар, ал Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде ақ пілдер қасиетті саналған. Ақ көгершін - бейбітшіліктің белгісі. Қазақ халқы әжелердің ақ жаулығын аса қадірлеген. Ал қара түс зұлымдықты, түнді білдіреді. Көп елдерде ол қайғы-қасіреттің түсі. Ертедегі шеберлер көркем шығармаларында құбыжықтар мен шайтандарды қара түспен берген. Қара түске ақ түс қарама-қарсы, сондықтан да болар, суретшілер шығармаларындағы мейірімді батырлар мінген ат ақ түспен бейнеленсе, ал зұлымдардың аты қара түспен берілген.2vsxvdfvdff


Қытайдың астанасы Пекин қаласында «Тыйым салынған қала» - императорлар өмір сүріп, билік құрған Қытай империясының орталығы бар. Бұл сарайдың қызыл қабырғалары оңтүстікті, күнді, бақытты білдірген. Ал ашық сары шатырлары жердің символы болған.3dzfgzdfgdfgdfgdfg





Қазақтың декоративтік шығармашылығында көгілдір түс - аспанның символы, жасыл түс - өсімдіктердің, өмірдің белгісі, ақ түс - тазалықтың, құдіретті аспан күштерінің символы, қызыл түс - отты, қанды, өмірді, сұлулықты, ал сары - кең даланы, даналықты білдіреді. Бұл түстер қазақтың ұлттық кілемдерінде жиі пайдаланылады.


5dfhxdfhxdfhfgh


















Барлық халықтар үшін символдар бірдей болмайды. Олар халықтардың мәдени, тұрмыстық салт-дәстүрлеріне, елдің географиялық орналасуына және басқа да көптеген жағдайларға байланысты туындайды. Мысалы, Еуропада қаралы күні қара киім киеді, бірақ Шығыс елдерінде, мысалы, Үндістанда ақ түсті киім киеді. Ал Жапонияда қара түс қуаныштың символы болып табылады.1dfsdff

Түрлі елдердің мәдениетін тереңірек зерттей түссе, кез келген символдың түпкі тамырын табуға болады. Қалай дегенмен, барлық символдарды адамдар ойлап шығарған. Балалар, сендер де өз символдарыңның түсін ойлап табыңдар.


Сондай-ақ басқа түстердің де өзіндік белгілері бар. Көгілдір түс
барлық елде де аспанның символы. Еуропа елдерінде көгілдір түс
жоғарғы мәртебенің, ерліктің, үстемдіктің белгісі. Осыдан «көгілдір
қан» ұғымы шыққан және бейбітшілік символы Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілікті жақтаушылары «көгілдір береттер» деп аталуы да сондықтан. Азия және Шығыс елдерінде көгілдір түс тек аспан түсі ғана емес, сонымен қатар тыныштық пен игіліктің белгісі. Сары түстің белгілері әр түрлі, кейде қарама-қарсы болып келеді. Еуропада сары түс сатқындықты білдіреді, көбінесе ол ескертудің символы ретінде қолданылады. Ал көптеген мемлекеттерде, әсіресе Азия мен Шығыс елдерінде сары түс - жаздың, алтынның, күннің,
күзгі егіннің, қуаныштың, байлықтың түсі.

Сергіту сәті.

Десять пальцев на руках,

Десять пальцев на ногах.

Один нос,два уха,

Один нос, два глаза,

Хлопаем два раза!

Дәптермен жұмыс жүргізу.

Сабақты бекіту.(закрепление)

1. Сен қалай ойлайсың, мына сөз тіркестері қандай мағынаны білдіреді: «жарық дүние», «ак тілек», «қара ниет», «ақ жүрек», «алтын қолдар», «ақ сүйек», «сары уайым» ?


2. Қалыңдықтың ақ көйлегі, жол жөндеушілердің сарғыш және сары киімдері, ақ ту, ашық хаттардағы қызыл жүрек суреті, пираттардың жалауларының қара түсі қандай мағынаны білдіреді?



Үйге тапсырма беру: Түс және символ жайлы толығырақ таныс, символ ойлап тап.






Автор
Дата добавления 03.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров741
Номер материала ДВ-502933
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх