Инфоурок / Информатика / Научные работы / Сабақ жоспары: V тарау. Мәтіндік редактор §19. WordPad мәтіндік редакторының интерфейсі
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Сабақ жоспары: V тарау. Мәтіндік редактор §19. WordPad мәтіндік редакторының интерфейсі

библиотека
материалов

Күні: 03.02.2016ж

Сыныбы: 5 «А», «Ә», «Б».

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: V тарау. Мәтіндік редактор

§19. WordPad мәтіндік редакторының интерфейсі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.

Білімділік: WordPad. мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, компьютерде мәтіндерді өңдеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін, мәтіндік құжатты әр формада сақтауды үйрету;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың өту әдісі: Түсіндіру, дәптермен жұмыс, компьютермен жұмыс, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, үлестірмелі қағаздар, слайд, дербес компьютерлер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Өткен тақырыпты еске түсіру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Компьютермен жұмыс

  5. Сергіту кезеңі

  6. Сабақты бекіту

  7. Бағалау 

  8. Үйге тапсырма беру.



1.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың өту ретін баяндау.

2.Өткен тақырыпты еске түсіру (үй жұмысы)

Сонымен балалар өткен сабақта біз Paint графикалық редакторы туралы өткен болатынбыз.Есімізге түсіру үшін мен сіздерге мына тапсырмаларды беремін. Мен кеспе қағаздарын дайындап қойдым. Өздерің таңдап алған кеспе қағаздарда түрлі тапсырмалар бар. Олар тақтада, компьютерде орындайтын тапсырмалар және сұрақтар бар. Кеспедегі тапсырманы біртіндеп келіп орындаймыз.

  • Paint редакторы дегеніміз не?

/ графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа. (Алығшынша сурет, сурет салу) /

  • Paint редакторынмен қалай жұмыс жасаймыз?

/ мәтіндердің көркемделуін, жұмыс үстелі үшін фондық бейнелерді құруды, бейнелерді өзгертуді және тағы да көп нәрселер/

  • Paint редакторының сурет салу құралдарын туралы не білеміз?

/сурет сала алу, түстерді өзгерту, масштаб, қылқалам/

  • Сурет салу, ашу және сақтау.

1 Оқушы шығып Paint редакторын ашып, сақтап көрсетеді.

  • Paint редакторының терезесін кім түсіндіріп береді?

hello_html_m71a1ad58.png

  • Paint редакторында түстерді қалай өзгертеміз? hello_html_m597878d8.png

  • Суретті басып шығару үшін берілетін бұйрық? hello_html_m1169ec2c.png

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жаңа түсініктер:

Біздің әрқайсымыз қандай да бір жазбаларды тұрақты орындаймыз: сендер үй тапсырмасын орындайсыңдар, хаттар мен хабарламалар жазасыңдар, кейбіреу өлең жазды және т.с.с. Кейде өздерің қолжазба мәтінін де оқуға тура келеді. Ол кітап оқығаннан әлде қайда қиынырақ. Барлық сөздерді анықтағанша қаншама уақыт өтеді. Қайсыбір сөзді қате оқуыңда мүмкін.Нәтижесінде мәтінді қате түсінесің.

Арнайы программалардың – мәтіндік редактордың көмегімен кез- келген мәтінді оңай және тез құруға және безендіруге болады. Компьютерде мәтінмен жұмыс істеу өте ыңғайлы:

  • мәтін - сақтау үшін аз орын талап етеді;

  • керек емес мәтіннің орнына жаңасын оңай жазуға;

  • мәтінді оңай көшіруге, жөнелтуге болады;

  • өз құжаттарыңды түзетуге;

  • құжатыңды суреттермен безендіруге болады.

3.1. Дәптермен жұмыс

WordPad мәтіндік редактор – қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

Мәтіндік редактор- ол мынадай мүмкіндіктерді беретін қолданбалы программа:

  • мәтіндік құжаттарды құруға;

  • оларды өзгертуге, яғни, қателерін түзетуге, мәтін фергаменттерін жылжытуға, көшіруге, жоюға және қосуға, іздеу мен алмастыру жүргізуге.

  • мәтінді пішімдеуге-әріптің мөлшері мен түсін, абзацтың қасиеттерін және басқаларды өзгертуге;

  • құжаттарды басып шығаруға.

WordPad мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз: Пуск - Программы - Стандартные - WordPad .

Редактор іске қосылғанннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі ашылады.

WordPad мәтіндік редакторының терезесімен таныс болайық.

Мәтіндік редакторлар жұмыс жасайтын деректер – мәтіндік ақпарат, оның ең кішкентай бірлігі символ болып табылады. Сөз – бір – бірінен тыныс белгілерімен немесе бос орындармен ажыратылып жазылған символдар тізбегі. Сөздердің арасында және тыныс белгісінен кейін бір бос орын қойылады. Мәтіннің элементтері: символ – сөз-жол – абзац-бет-мәтін.

Абзацтар бір-бірінен арнайы «абзацтың соңы» символымен ажыратылып жазылады.

Кез келген құжаттың кем дегенде бір абзацы бар.Абзацтарға тақырыптар мен тізімдердің элементтері де жатады.

Абзацтың ең негізгі қасиеттері:

Әріптің гарнитурасы, кескін сызығы, мөлшері;

Мәтінді түзеу тәсілдері;

Шегіністер мен интервалдар.



4.Компьютермен жұмыс

1-тәжірибе

Уақытты белгілеп, дәптерге «Мен мәтіндік редакторды аша аламын» деп жазыңдар. Word Pad мәтіндік редакторын іске қосыңдар және сол мәтінді теріңдер. Жазу және басып шығару уақытын санаңдар. Компьютерде мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеудің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы тұжырым жасап, оларды дәптерге тіркеңдер

2-тәжірибе.

1. «Мәтіндік редактор» сөздерін жартылай жуан әріппен ерекшелеңдер.

2. Құжатты өз бумаларына 2-тәжірибе_RTF деген атаумен, файлдың типін RTF етіп, сақтаңдар.

3. Word Pad батырмасы → Қалай сақтау бұйрығын орындаңдар, файлдың атын 2-тәжірибе_TXT деп, ал файлдың типін «Мәтіндік құжат» деп көрсетіңдер.

4. Жақындағы құжаттар тізімінен 2-тәжірибе_RTF файлын ашыңдар. Мәтіннің сыртқы түріне көңіл аударыңдар. Жаңадан 2-тәжірибе_ TXT файлын ашыңдар. Мәтіннің сыртқы түріне көңіл аударындар.

5. Редакторды жабыңдар.

6. Файлдардың мөлшерін анықтаңдар.

  • 7. Дәптерге құжатты әртүрлі пішімдегі файлдарда сақтау туралы өз тұжырымдарыңды жазыңдар.

5.Сергіту кезеңі

Көз жаттығуын орындайық. Орнымызда отырып көзімізді алыс бір нүктеге қадап ұзақ қарау.

Басымызды қозғамай көзімізбен оңға, солға қарау.

Басымызды қозғамай көзімізбен жоғары, төмен қарау.

Көзімізді қатты қысып немесе қолымызбен жауып тұру.

Көзімізді жиі жыпылықтатып ашып жұму.

6.Сабақты бекіту

  1. Компьютерде мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңдар.

  2. Мәтіндік редактор деген не?

  3. Мәтін элементтерін атаңдар және сипаттаңдар.

  4. Мәтіндегі абзацтар бір – бірінен қандай символмен ажыратылады?

  5. Мәтіндегі жаңа абзацты қалай құрамыз?

  6. Абзацтың ең әйгілі қасиеттерін атап шығыңдар.

  7. Құжатты мәтін безендіруі қоса сақталатындай етіп сақтағанда қандай пішімді таңдау керек?

7.Бағалау

Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалау.

Бағаларын күнделіктеріне қойдыртады.

8.Үй тапсырмасын беру

V тарау. §19 оқу.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.









Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-502793

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"