Инфоурок Всеобщая история КонспектыСабақ жоспары VІ-ХІІІғғ. шаруашылық және мәдениет

Сабақ жоспары VІ-ХІІІғғ. шаруашылық және мәдениет

Скачать материал

 

Күні:                         Пән: Қазақстан тарихы               Сынып: 11 «Ә»

Тақырыбы: VІ-ХІІІғғ. шаруашылық және мәдениет
Сабақтың мақсаты:  Білімділік: Оқушылардың Қазақстан жерінде өмір сүрген ерте орта ғасырлардағы мемлекеттердің VІ-ХІІІғғ. шаруашылық және мәдениеті  туралы алған білімдерін пайдалана отырып сөздік қорларын толықтыру, ауыз екі тілде жеткізуін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушының алдынғы өткен сабақтарды қайталай келіп, тілдерін, ой - өрістерін, дұрыс сөйлеу дағдыларын қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттердің тарихымен таныстыра отырып, оқушыларды елін, жерін сүюге, отаншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: карта, оқулық  кестелер, конверттер, плакат деңгейлік тапсырмалар
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер, тақырыптық слайд - суреттер.
Сабақ барысы:  Ұйымдастыру кезеңі.  Оқушыларға топқа бөлу

Үй тапсырмасын сұрау

* Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер туралы  жазып келу;
* Тақырыптық салыстырмалы, баламалы, ашық, жабық тесттер құру.

Жаңа сабақ

1топ

Шаруашылық, мәдени және саяси байланыс

Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыс мәселесі тарих ғылымында әр түрлі пікірлер туғызып отыр. Біраз зерттеушілер көшпелілер мен отырықшылар қарым-қатынасын олардың арасындағы қырғи қабақ қақтығыстар, соғыстар, жаулап алу әрекеттерімен байланыстырады. Бұл ретте көшпелілер белсенді рөл атқарды деп есептейді. Енді бір топ зерттеушілер бұл қарым-қатынастағы көшпелілердің орнын төмендетіп көрсетуге тарысады. "Көшпелілер отырықшылардың мөдени жетістіктерін қиратушылар, не болмаса өздеріне қабылдап алушылар болды" деген пікірлер де жиі кездеседі.

Көшпелі және отырықшы жұрттардың арасындағы қатынас әр заманда, әр түрлі аймақта әрқалай болды. Олардың карым-қатынасында кактығыс, соғыстармен қатар бейбіт сабақтастық, шаруашылық, сауда, мәдени өзара әсерлер аз болған жоқ. Мал өнімдеріне мамандандырылған көшпелі экономика егіншілік өнімдерін, қолөнер бұйымдарынотырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдерін, кейбір қолөнер заттарын, қолөнерге қажетті шикізаттардыкөшпелілерден алып отырды. Мұндай сауда, айырбас қатынастары, әсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі елдер көршілес орналасқан шекаралық, аймақтарда пәрменді түрде іске асып отырды.

Отырықшы елдерге жылқы малы, оны мініске, жегуге үйрету көшпелі малшы тайпалардан келді. Атты әскер дәстүрі, садақтың түрлері, қылыш, ат әбзелдері де көшпелілерден келген. Мысалы, VI ғасырда түркі тайпалары пайдаланған темір үзеңгілі ертоқым келесі ғасырларда бүкіл Еуропаға таралды. Отырықшы елдер көшпелілердің қару-жарағына, киіміне еліктеді. Мысалы, VII—VIII ғасырлардағы түркілердің кісе белдіктері Қытайдан Иракқа дейінгі аралықта пайдаланылған. Таң әулеті кезіндегі Қытайда көшпелілердің киімі кең таралды, Еуропада орыс, поляк, венгр ақсүйектері киім киісінде, шаш қоюында көшпелілер үлгісіне еліктеді. Көшпелілерде б.з.д. 1-мыңжылдықта пайда болған өнердегі "аң стилі" Қытайдан Дунайға дейінгі аралықтағы отырықшы елдерге де кең таралды.

Көшпелілердің өзіндік саяси мәдениеті болды. Олар ел басқарушыларын ерекше қасиетті адам, Тәңірдің жердегі өкілі деп түсінді, ерекше басқару жүйесі, империялық қызмет шендері, рәміздері, ел басқарудағы ерекше мұрагерлікдәстүрі болды. Осы мемлекеттік басқару тәртібін көшпелілер кейбір жаулап алған отырықшы елдердің саяси жүйесіне орнықтырып та отырды.

2 топ      Көшпелілер отырықшы халықтардың бір-бірімен мәдениет алмасуына, олардың бірінен екіншісіне мәдени үдерістердің ауысуына себепші болды. Көшпелілер миграциясы, олардың бір отырықшы елдерден кейін келесі бір отырықшы халықтарды жаулап алуы арқылы мәдени диффузия іске асып отырды.

Ерте орта ғасырлар заманында көшпелілер отырықшылармен тек қана соғысып қойған жоқ, сонымен қатар өзара тығыз бейбіт байланыста болды. Көшпелілер отырықшы елдер шеберлеріне өздеріне қажетті құрал-сайман, жабдықтарға тапсырыс жасаумен қатар оларды кажетті шикізатпен қамтамасыз етіп отырды. Сонымен бірге көшпелілер отырықшылардан түрлі қолөнер түрін үйренді.

IX—XII ғасырларда қалыптасқан қала мәдениеті жағдайында қолөнер мен сауда дамыған кезде отырықшы өркениеткөшпелілердің экономикалық қарым-қатынастарының қажетті құрамды бөлігіне айналды. Бұл кездегі көшпелілер мен отырықшылардың қарым-қатынасы қалаларды жаулап алудан бастап, қарапайым айырбаска дейін түрлі сипатта болды. Бұл кездегі қала мәдениетінің өсуі, мүлік теңсіздігінің күшеюі көшпелілерді қызықтыра түсті.

Қалалар көшпелілердің сауда-саттық жасайтын орталықтарына айналды. Қарлұқтардың, тоғыз-оғыздардың жартылай отырықшылыққа айналуы жөнінде ортағасырлық авторлар жазған.

Көшпелілердің Азия мен Еуропада қағанаттар түріндегі ерте мемлекеттіліктерінің пайда болуы 1-мыңжылдықтың екінші жартысындағы аймақтық әлеуметтік-саяси, экономикалық ерекшеліктерін анықтаушы фактор болды.

Қыпшақтардың оңтүстік Ресей даласында пайда болуы Киев Русін өзінің оңтүстік-шығыс шекараларын қорғауды ұйымдастыруға, бекіністер салуға мәжбүр етті.

Көшпелілер мен отырықшылардың шекаралық аймағының материалдық мәдениеті аралас болды.

Аралдың шығыс маңы, Сырдың төменгі ағысы, Шу, Талас өңірі, Жетісу көшпелілер мен отырықшылардың ежелден және ұзақ уақыт тоғысқан аймағы болды.

VII ғасырларда салынған Жетісу қалаларының көбі түрік қағандарының ордасы ретінде пайда болып қалыптасты. Жетісуда отырықшы мәдениет VI—XIII ғасырлар бойында көбейіп, қанат жая бастады. Түркеш, Қарлұқ, Қарахандар қағанаттарының халқы көшпелілер мен отырықшылардан тұрды. Қарлұқ, әсіресе Қарахандар дәуірінде көпшіліккөшпелілер отырықшылыққа өтті. Осы кезеңде көп пайда болған қоныстар мен қалалардың ерекше түрі — төрткүлдер. Осы I кезеңдегі қала жұртының материалдық мәдениетінде қалалық жөне көшпелілік сипат араласты. Мысалы, ауланың ішінде киіз үй тігіп отыру салты, ауладағы кең мал қоралар, т. б.

3 топ

 Жетісуда ортағасырлық қалалардың қирауының, қала мәдениетінің құлдырауының басты себебі — әскери саясаттәртібіне байланысты болды. Алдымен хорезмшахтың қидандарымен, одан соң наймандармен соғысы. Содан соң Жетісуды монғолдардың жаулап алуы. Соғыстардан, шапқыншылықтардан, ең алдымен, қалалар мен қоныстар қатты зардап шекті. Өндіріс, мәдениет ошақтары қиратылды, қала халқы жаппай Сырдария мен Ферғанаға қоныс аударды.

Қалалардың қирауына ішкі, отырықшы иеліктердің өзара қақтығыстары да себеп болды. Іле даласында қала мәдениеті XIII ғасырда, Шу аңғарында — XIV ғасырда, Талас өңірінде XV ғасырда құлдырап, тоқырай бастады. Жетісуда кала мәдениетінің мүлде кұруы Ақсақ Темірдің Моғолстанмен соғыстарының салдарынан болды. Қазақстан аумағында исламды таратушылар арабтар емес, Орталық Азияның қалалық мәдениет орталықтарынан шыққан саманидтер болды. Араб мәдениетімен бірге араб жазуы, араб сәулет өнері, қыштан жасалған бұйымдары,эпиграфикасы келді. Мұсылмандық түркі қоғамының интеллектуалдық өміріне біршама өзгеріс әкелді. Арабтық, мұсылмандық мәдениетті меңгерген ғалымдар тобы қалыптасты: әл-Фараби (X ғ.), Жүсіп Баласағұни (XI ғ.), Махмуд Қашқари (XI ғ.), әл-Хорезми (XIV ғ.), т.б. Қазақстанда мұсылман дінін таратушы топтар пайда болды. Олар: хатибтар, мутаввалдар, молдалар, имамдар, т.б.

Сонымен, көшпелілер мен отырықшы халықтардың арасында тығыз байланыс болған. Бұл байланыс бірде жаугершілік, бірде арагүдік қақтығыстар, алым-салық түрінде болса, ал көпшілік жағдайда бейбіт қарым-катынас, сауда, айырбас түрінде іске асты. Көшпелі мәдениет пен отырықшы өркениеттердің жиі, тығыз араласуына Ұлы Жібек сауда жолындағы калалар үлкен өсер етті. Көшпелі және отырықшы шаруашылық-мәдени тұрпаттың өзара әсері, әсіресе олардың шекаралық аймақтарында күшті жүрді. Көшпелілер мен отырықшылар шаруашылық-экономикалық, мәдени байланыстары арқылы бір-бірінің мәдениетін байытты. Жоғарыда аталып өткен ұлыстардың шаруашылық-экономикалық жағдайы. Көрші халықтармен өзара қатынастары. Тайпалық және этникалық құрамы.

VI және IX ғасырдың бірініші жартысындағы Қазақстан жеріндегі отырықшы және көшпелі мәдениет. Көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара байланысы. Қалалар мен қалалық қоныстар. Ұлы Жібек жолы және оның тарихи рөлі. Көшпелілердің материалдық мәдениеті-қолөнер, сауда шаруашылығы, архитектура және өнері. Рухани мәдениет: әдет-ғұрып, салт-дәстүрі.

IX ғ. екінші жартысы – XIII ғ. басындағы дала мен отырықшы қала халқының мәдениеті. Қалалар санының өсуі. Қала құрылысының өзгеруі. Сауда мен қолөнердің дамуы. Сәулет өнері. Қолданбалы өнер. Діні мен мәдениеті. Айша-бибі, Қарахан мазарлары. Исламның таралуы. Тіл, ғылым әдебиет. IX-XII ғғ. Қазақстанның ғалымдары мен ұлы ойшылдары: Әбу-Наср Әл-Фараби, Жүсүп Баласағуни, Махмұд Қашғари, Қожа Ахмет Ясауи, Сулеймен Бақырғани т.б. Олар қалдырған мұралардың дүние жүзі мәдениетіндегі маңызы.

Киім киюдің де өзіндік рәсімі болған. Мысалы, жасөспірім қыздар аң терісінен жасалған, төбесіне үкі тағылған бөрік кисе, жаңа түскен келін әуелі сәукелемен жүрсе, кейін басына желек салады. Отыздан асқаннан соң әйелдер кестеленген кимешекпен жүреді. Әшекей тастарды қолданудың да өзіндік рәмізі бар. Халық інжу — көзді шел басудан, көз сүйелінен; құлпырма тас — көз тиюден, маржан — азғындыққа түсуден, дүр тасы — жемсау ісігінен сақтайды деп есептеген, әйелдің қолындағы жүзікті ас адалдығының кепілі деп білген.

          Қорытынды

Жоғарыда келтірілген деректерден көшпелілік шаруашылықмәдени типінің адамзаттың материалды және рухани қорына қосқан үлесінің қомақты екендігіне көзіміз жетеді. Кейде «варвар-көшпелілер» жер бетінде қиратудан басқа мұра болып қалатын құндылықтарды қалдырмады деген пікірді еуропалықтық мәдениеттанушылар жиі айтады. Оған дәлелді жауабымен тойтарыс берген ғұлама Л. Гумилев ойын былай түйіндейді: «Осынау ерекше сахара мәдениеті көне дәстүр мен тереңге меңзейтін тамырлардан нәр алғанымен, бізге отырықшы елдердің мәдениетіне қарағанда құптарлық дәрежеде белгілі емес. Мұның мәнісі түркілердің, басқа да көшпелі тайпалардың көршілеріне қарағанда дарындылығының төмендігінде емес, олардың заттық мәдениетінің қалдығы — киіздің, терінің, ағаш пен былғарының нашар сақталатындығыңда болып отыр...» Көшпелілерді кейбір зерттеушілер сияқты ертедегі феодализм өкілдері деп айдар таққанша, олардың кәсіптік ерекшеліктерін атап өткен жөн. Ғылыми әдебиетте көшпелілік өмір салтының мынадай типтік белгілері айқындалған:

1) мал бағу — шаруашылықтың басым түрі;

2) жыл бойы малды табиғи үстауға негізделген шаруашылықтың экстенсивтік тәсілі;

3) жер жағдайына қарай маусымдық көшіп-қону;

4) қазіргі капиталистік ранчолардан өзгеше шаруашылықтың натуралдық әдістерінің басымдығы.

Сонымен, қазіргі қазақ халқының материалды мәдениетінің архетияінде екі шаруашылық-мәдени тип бар. Көшпелі шаруашылық-мәдени типі XX ғасырға дейін жетекші шаруашылық төсілі болып келді. Ол б.з.б. IX—VIII ғасырларда Қазақстан жерінде қалыптасып («Беғазы Дандыбаев» және «Қарасұқ» мәдениеттері). VI—XII ғасырларда оазистік-дихандық-қалалық мәдени-шаруашылық типімен синхронды өрістеп, XVIII ғасырдан бастап күйзеліске ұшырады.

Бағалау

Үй тапсырмасы тақырыпты оқу қосымша іздену

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары VІ-ХІІІғғ. шаруашылық және мәдениет"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Ректор

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 899 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.05.2016 2102
    • DOCX 30.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ерманова Улмекен Калдымуратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11792
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Анализ результатов образовательной деятельности в работе учителя истории

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 416 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1354 человека из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 913 человек

Курс повышения квалификации

Достижение эффективности в преподавании истории на основе осуществления положений историко-культурного стандарта

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 638 человек

Мини-курс

Личность в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов

Мини-курс

Мастерство влияния и успешных переговоров

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов

Мини-курс

Творческие возможности в мире фотографии и медиа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 416 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 47 человек