Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / Сабақ жоспары, "Вирустық гепатит"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Сабақ жоспары, "Вирустық гепатит"

библиотека
материалов

Вирустық гепатит және оның алдын алу

Қазіргі таңда вирустық гепатиттің таралуы адамзатқа қауіп төндіруде. ДДҰ деректері бойынша дүниежүзінің әр елдерінде вирустық гепатиттер ауруы жұқтырылған және онымен 2 млрд.адам ауырған. Қазақстан аумағы осы ауруды жоғары деңгейде жұқтырудың қатарына жатады.

Гепатит деген не?

Вирустық гепатит – бұл вирустар арқылы туындайтын барлық жедел және созылмалы бауыр қабынуларының жалпы атауы. Вирустық гепатит (ВГ) кезінде ағза толық түрде зақымданады, қабыну әртүрлі вирустарды тудырады, сәйкесінше сырқаттанудың барысы, оның қиындығы мен аяқталуы да әрқалай болады. Бұл гепатит түрін жұқтыру әртүрлі жолдар арқылы жүреді: фекальды-оральды (кір қол, су және т.б.), қан, жыныстық жол арқылы, босану кезінде ана балаға жұқтыруы мүмкін.

Бауырдың қабынуы (гепатит) сол органның жұмыс істеуіне қатты әсерін тигізеді. Гепатиттің жедел түрлері А қатары, ал гепатиттің В түрі дұрыс емделсе, нақты бір уақыт өкеннен (шамамен 6 ай) кейін қалыпты жұмыс істеуге әкеледі. Гепатиттің қауіпті түрлері В, С көптеген жылдарға созылуы мүмкін және цирроз бен бауыр обырына әкелуі мүмкін.

Гепатитпен ауырмау үшін не істеу керек?

Бақылау деректері бойынша ауруды жұқтырғандар қатары 2-3 есеге артуда. Ауруды кез-келген адам жұқтыра алады, негізі бұл құбылыс адам иммунитетінің төмендеген кезінде болады. Сол себепті аурудан алдын ала сақтанған жөн. Жұқтыру жолдарынан сақтануда:

  • гигиена ережелерін сақтау (қол жуу, таза су ішу, мұқият түрде көкөністер мен жемістерді жуу және т.б.);

  • қан және жыныстық жолмен жұқтыру мүмкіндігін болдырмау керек.

Жұқтыруды вакцинациялау арқылы тоқтатуға болады. Вакциналар қорғаныс пен қауіпсіздіктің жоғары деңгейін көрсетеді. Вирустық гепатитті жұқтыруға бейім адамдарға және қауіпті топ адамдарына вакцинация жүргізу аса қажет.

Вирустық гепатиттер- бұл бақытсыз отбасы іспетті, құрамында кем дегенде бес мүше, вирустық гепатит (А, В, Е, С, D) бар. Олардың әр біреуінде симптоматика мен салдар, бір-бірінен өзгеше. Олар бес түрлі аурудың алғышарты болып табылады.

А вирустық гепатит

Көне замандағы ойшылдар: «Жуылмаған қолды шауып тастау жөн» деп,- тектен-тек айтқан жоқ. А вирустық гепатитті фекалды-оральді яғни жуылмаған қолдар ауруы деп атайды. А вирустық гепатит ең көп тараған жұқпалардың бірі. А вирустық гепатитімен ең әуелі, мектепке дейін жастағы  балалар ауырады. Қол жумай жемістерді, нан мен майды жеу, ойыншықпен ойнап, саусағын ауызғу салу салдарынан жұқпаға душар болады. Бірақ, бірнеше жыл бұрын,- Чехияда, жоғары сынып оқушылары, қаттырған құлпынайы мен кілегейі  бар балмұздақты жеп, эпидемия тіркелген болатын. Зертханалық сараптаманың нәтижесінде аталған кілегейдің орнында өзі емес, мұздалған А гепатиті болып шықты. Ал, А гепатиттің вирустары өте өміршең, Солтүстік үйегінде де жансүгір. Ресейлік ғалым, вирусолог  И.В.Шахгильдяннің пікірінше А гепатиті, ең «миірімді», өйткені оның салдарынан ауру асқынған созылмалы түрге айналмайды.

Аурудың белгілері:

Жоғары температура, әлсіздік, шаршаңдық, құсу.

Баланың тері түсі сарғайса, онда жұқтыру қасиеті жойылады да бірнеше аптадан кейін А гепатитпен мәңгілікке қоштасады. Дәрігерлердің пікірінше, гепатиттің мұндай түріне шалдыққан бала, ауруханаға қарағанда, үйде емделгені абзал. Өйткені, үйде күтім де тамақ та жақсы болады.

А вирустық гепатитті алдын алу

Қымбатты аналар, қай заман болса да, А вирустық гепатитті алдын алудың ең оңтайлы түрі- «хош иісті  сабын мен биязы сүлгі» екені ұмытпағайсыздар.  Балаларыңыз тамақтанудың алдында қолын сабынмен жуып отыруын қадағалаңыз. Сондай-ақ көкөніс пен жемісті мұқият жуылып, желінсін. Балаңыз балабақшада біреудің түбегіне отырмауы жөнінде  нұсқап, ақыл айтыңыз. Отбасыңызда біреу гепатитпен ауырып қалса, киімдерді, ойыншықтарды, ыдыс-аяқты хлораминмен өңдеп, жуыңыз. Естияр адамдар  А гепатитімен әлдеқайда сирек ауырады. Бірақ, олар да ауруы мүмкін. Ресейлік ғалым, вирусолог  М.С.Балаян А гепатиті вирусына қарсы жоғары сапалы вакцинаны ойлап тапты. Өкінішке орай, аталмыш вакцина қыруар көлемде әлі де шығарылмайды. Мұндай вакцина әсіресе әскерилерге, коммуналдық шаруашылық саласында жұмыс жасайтын қызметшілерге ауадай қажет. Мысалы, канализация желісін жөндеу үстінде вирусты жұғатын зор қауіп бар емес пе?!

Е вирустық гепатит

Е вирустық гепатит жұғу тәсілі бойынша А вирустық гепатитке жақын. Ал, Е вирустық гепатит, бөлек бір ауру екенін, 80-жылдары- М.С.Балаян дәлелдеді. Ол нағыз ғалымға сай, сол кезде әлі анықталмаған гепатит түрмен өзін-өзі жұқтырды. Бұл нақты, А вирустық гепатиті емес екені, айдан анық  болатын. Өйткені зерттеушінің, аталған гепатитке қарсы иммунитет өндірілді. Дәрігерлер, әріптестің халін бақылай отыра, тұңғыш рет аурудың сипаттамасын жазды.

Статистикалық мәлімет бойынша Е вирустық гепатитке шалдыққандардың көбі ер адамдар. Е вирустық гепатит жүкті әйелдер үшін өте кауіпті.

Е вирустық гепатитті алдын алу

Орта Азия мен Қазақстанда Е вирустық гепатитті алдын алу үшін, тек қайнаған суды ішу қажет. Өйткені ыстық судағы Е вирустық гепатитінің жұқпалары өліп, жойылады. Эпидемия немесе Е вирустық гепатиті тіркелген жерінен аулақ жүргеніңіз жөн. Егер симптомдар байқалса, дереу дәрігерге қаралу қажет. Ауруханаға жатудан бас тартпаңыз. Е вирустық гепатитінің жұқпалары үшін Оңтүстік-шығыс Азия (Үндістан, Бирма, Қытай), Африка, Орталық Америка ең қолайлы мекен.

В вирустық гепатит

ХХІ ғ. В вирустық гепатиттің қатері ЖТҚА індетінен де кем болмауы мүмкін. Тек ЖТҚА індеті сирек, ал, В вирустық гепатит кең таралған. Аталған індетпен 20-40 аралығындағы жастылар жиі ауырады. Әдетте, В вирустық гепатит тіс дәрігердің немесе гинекологтің сәтсіз емінен, сондай-ақ зарарсызданбаған «шприцтік гепатиттен» пайда болады. Жұқтырудың өзге  жағдайлар: шаштаразда, сән салонында және басқа да тұрмыстық қатынас арқылы. Сонымен қатар, В вирустық гепатиті нашақорлар мен гомосексуалистер арасында кең таралған.

В вирустық гепатитті алдын алу

В вирустық гепатитті алдын алу үшін біреудің тіс щеткасын, косметикалық құралдарын, ұстарасын пайдаланбаңыздар! Және кездейсоқ жыныстық қатынасында мүшеқапты пайдаланудыұмытпаңыздар! Аяулы ханымдар, жүктілікті жоспарлаудыңалдында, өз денсаулығыңызды тексеріп, сауығыңыз! Қымбатты жасөспірімдер, татуировкаларды, сырға және т.б. жасатқыңыз келсе, онда репутациясы мінсіз косметикалық салондарына барыңыз. Құрметті халайық, спирт, вирустарды жойып, өлтірмейді, сондықтан да тұрмыстық құралдарды, медициналық құрал-сайманды мұнымен сүртпеңіз. В вирустық гепатитті алдын алудың ең сенімді кепілі- вакцинация!!!

D вирустық гепатит

D вирустық гепатит «кейде» В вирустық гепатитпен «қосарлап  жүреді». Бұл екі вирус бір-бірін қостап тұрады. В вирустық гепатитпен күресіп, D вирустық гепатитпен мәңгілікке қоштасуға болады. Қос вирусты алдын алу әдісі ұқсас.

D вирустық гепатитті алдын алу

D вирустық гепатитті алдын алуын оқымас бұрын, әуелі В вирустық гепатитті алдын алуын оқыңыз. Содан соң, екеуінің әдістері бір екенін түсінесіз.

С вирустық гепатит

«Миірімді жендет» деп С вирустық гепатитті осылайша атайды. Клиникалық С вирустық гепатит жеңіл өтеді. 100 адамнан-1 ғана өлім. Бірақ, бауырдың асқынған, созылмалы ауруына жиі әкеп соқтырады. Ауру,- сары ауруының айқын белгілерімен өтуі мүмкін. Дерттің ең негізгі симптомы- шаршаңдық. Ауру көлемінің 50% жуық қан құйылуынан жұғады.



ҚР Білім және Ғылым министрлігі

Ж.Жабаев атындағы №6 орта мектеп







Баяндама

Тақырыбы: «Вирустық гепатит және оның алдын алу»





Деректерде

Атаулары

Ирандықтарда

Сақтар

Еуропада

Скифтер

Грек деректерінде

даилар,массагеттер, исседондар т.б.

Парсы деректерінде

Хаомоварга,тиграхауда, парадарайа



6 сынып тест 1тоқсан 1 нұсқа

1. Ғалымдар Шығыс Африкадан табылған алғашқы адамды қалай атады?

а)епті адам ә)саналы адам б)тік жүретін адам в)ннеандерталь

2. Ерте палеолит неше кезеңге бөлінеді?

а)2 ә)3 б)4 в)5

3. Питикантроптың қаңқасы алғаш рет табылған жер?

а)Африкадан ә) Германиядан б) Франция в)Ява аралы

4. Қазақстан аумағында алғашқы адамдар пайда болған кезең?

а)1 млн ә) 2млн б) 3 млн

5. Ең көне тас құралдар табылған жер?

а) Ертіс бойы ә)Алтай аймағы б) Олдувей шатқалы в) Германия

6. Алғашқы адамдардың кәсібі ?

а)Терімшілік ә)зергерлік б)балықшылық

7. Аңшылықпен бірыңғай кімдер айналысты?

а) әйелдер ә)балалар б) ақсақалдар в) еркектер

8. Қол шапқы мен жарғыш пайда болды?

а) энеолитте ә) неолитте б) ащель заманында в) мустье дәуірі

9.Тас құралдың жүзін өткірлеу әдісі?

А) қашау ә) жону б)кесу в)ретущь әдісі

10.Жердің күрт суытқан кезеңі?

А) мұз басу дәуірі ә) қола дәуірі б)энеолит в)топан су қаптаған кезең

11.Тас дәуірі нешеге бөлінеді?

А)2ге ә)4ке б)5ке в) 3ке

12.Саналы адам қайдан табылды?

А)франциядан ә)германиядан б)африкадан в)ява аралынан

6 сынып 1 тоқсан 2 нұсқа

1.Алғашқы адамдар нені паналады?

а) орманды ә) тұрақтарды б) ағаш қуысын в)тауды

2.Отты жағуды үйренген кезең?

а) энеолитте ә) неолитте б) ащель заманында в) мустье дәуірі

3.Мұз дәуірі аяқталған уақыт?

а) 12 мың жыл бұрын ә) 21мың жыл бұрын б)13 мың жыл бұрын в) 22мың жыл б

4. Инені неден жасады?

а) ағаштан ә)үшкір сүйектен б) тастан в) темірден

5.Жер бетін мұз басқан уақыт?

а) 100 мың жыл б. ә) 21мың жыл бұрын б)13 мың жыл бұрын в) 22мың жыл б

6.Бір жағынан өңделген тас құрал?

а)бифас ә) қашау б)монофас в)жарғыш

7.Алғашқы адамдар алғашқы баспанасы?

а)ағаш күрке ә) киіз үй б)үңгірлер в)лашық

8.Әлемдегі ең көне тас құралдар қалай аталады?

а) чоппер, чоппинг ә)үшкір тас б)шоқпа в) шапқы

9.Адамдар тобырында қанша адам болады?

А)2-3 адам в)6-7 адам с)20-30 адам в)1 адам

10.Питикантроп пен синантроп қай адам өкіліне жатады?

А)Епті адам в)саналы адам с)тік жүретін адам в)неандерталь

11.Алғашқы адамдардың кәсібі?

А) балық аулау ә) Терімшілік аңшылық б)зергерлік.

12.Палеолит дәуірінің қанша құралдары табылды?

А)500 ә)5000 б)20 в)300


6сынып 3 тоқсан

1.Алғашқы адамдар нені паналады?

а) орманды ә) тұрақтарды б) ағаш қуысын в)тауды

2.Отты жағуды үйренген кезең?

а) энеолитте ә) неолитте б) ащель заманында в) мустье дәуірі

3.Мұз дәуірі аяқталған уақыт?

а) 12 мың жыл бұрын ә) 21мың жыл бұрын б)13 мың жыл бұрын в) 22мың жыл б

4. Инені неден жасады?

а) ағаштан ә)үшкір сүйектен б) тастан в) темірден

5.Жер бетін мұз басқан уақыт?

а) 100 мың жыл б. ә) 21мың жыл бұрын б)13 мың жыл бұрын в) 22мың жыл б

6.Бір жағынан өңделген тас құрал?

а)бифас ә) қашау б)монофас в)жарғыш

7. Аңшылықпен бірыңғай кімдер айналысты?

а) әйелдер ә)балалар б) ақсақалдар в) еркектер

8. Қол шапқы мен жарғыш пайда болды?

а) энеолитте ә) неолитте б) ащель заманында в) мустье дәуірі

9.Тас құралдың жүзін өткірлеу әдісі?

А) қашау ә) жону б)кесу в)ретущь әдісі

10.Жердің күрт суытқан кезеңі?

А) мұз басу дәуірі ә) қола дәуірі б)энеолит в)топан су қаптаған кезең

11.Тас дәуірі нешеге бөлінеді?

А)2ге ә)4ке б)5ке в) 3ке

12.Саналы адам қайдан табылды?

А)франциядан ә)германиядан б)африкадан в)ява аралынан







Призидент: Несіпбек Әлия

Староста:Сикатаева Гүлзира

Оқу секторы: Абылқасым Мөлдір

Нұртаев Темірлан

Тәртіп секторы:

Ясинов Арыстанбек

Разикова Дана

Тазалық секторы:

Шарипова Диана

Саматова Ақмарал

Енбек секторы:Абиров Дидар

Дәлелханқызы Нұрила

Спорт секторы:Нүсіпәлі Лаура

Амангельды Алмаз

Редакторлар: СмағуловаМаржан

Усербаева Асель

Дамирқызы Асем

Асқарбай Ұлдана


  Қысқа тест: §19 Қаз тар 1 нұсқа

1.Кеңес өкіметі орнады?

А)1916ж 12ақпан ә)1917ж 25 қазан б)1918ж 25қаңтар

2.Қазақстанда   Кеңес өкіметі түгел орнап бітті?

А)1916-17жжақпан -желтоқсан ә)1917-1918жжсәуір-шілде б)1917-18ж қазан-наурыз

3.Қазақстанда К.Ө. алғаш орнаған қала ?

А) Қызылжар ә)Перовск б) Верный

4.Алаш партиясы құрылды?

А)1915жж ә)1917жж б)1918ж

5.Алаш париясынынң баспасөз оргоны ?

А) Қазақ газеті ә)Айқап газеті б)Үш жүз партиясы.

6.Үш жүз париясы басшысы ?

А)Ж.Сәдуақасов ә)Ә.Досов б)К.Төгісов

7.Үш жүз партиясының баспа оргоны?

А)Үш жүз газеті ә)Қазақ газеті б)Айқап журналы

8. «Шуро –и-Ислам» ұйымы құрылды?

А)1917жнаурыз ә)1918ж сәуір б)1917ж ақпан

9.Ташкент қаласында Жалпы Түркістан мұсылмандарының алғашқы съезі өтті?

А)1917ж 14-15 ақпан ә)1917ж 16-21ж сәуір б)1917ж 14-20ж наурыз

10.Түркістан автономиясы басшысы?

А)М.Дулатов ә)А.Байтұрсынов б)М.Шоқай

11.Үш жүз париясы қай аймақтарда құрылды?

А)Оңтүстік Ә)Солтустік-Орталық б)Шығыс-Батыс

12.Үш жүз париясы өмір сүрді?

А)1916ж сәуір-шілде ә)1917ж ақпан –наурыз б)1918ж мамыр-маусым

13.Кеңес өкімнті Қазақстанда бейбіт жолмен орнады қай жылы?

А)1917ж ә)1918ж б)1919ж

14.Түркістан автономиясы таратылды?

А)1917ж1 наурыз ә)1918ж 2 ақпан б)1918ж 3-сәуір

15.Үш жүз мүшелерін кімдер өлтірді?

А) Алашордашылар ә)кызыл әскер б)колчак жендеттері




 Қысқа тест: §19 Қаз тар 2 нұсқа

1.Түркістан автономиясы басшысы?

А)М.Дулатов ә)А.Байтұрсынов б)М.Шоқай

2.Үш жүз париясы қай аймақтарда құрылды?

А)Оңтүстік Ә)Солтустік-Орталық б)Шығыс-Батыс

3.Үш жүз париясы өмір сүрді?

А)1916ж сәуір-шілде ә)1917ж ақпан –наурыз б)1918ж мамыр-маусым

4.Кеңес өкімнті Қазақстанда бейбіт жолмен орнады қай жылы?

А)1917ж ә)1918ж б)1919ж

5.Алаш париясынынң баспасөз оргоны ?

А) Қазақ газеті ә)Айқап газеті б)Үш жүз партиясы.

6.Үш жүз париясы басшысы ?

А)Ж.Сәдуақасов ә)Ә.Досов б)К.Төгісов

7.Үш жүз партиясының баспа оргоны?

А)Үш жүз газеті ә)Қазақ газеті б)Айқап журналы

8. «Шуро –и-Ислам» ұйымы құрылды?

А)1917жнаурыз ә)1918ж сәуір б)1917ж ақпан

9.Ташкент қаласында Жалпы Түркістан мұсылмандарының алғашқы съезі өтті?

А)1917ж 14-15 ақпан ә)1917ж 16-21ж сәуір б)1917ж 14-20ж наурыз

10.Кеңес өкіметі орнады?

А)1916ж 12ақпан ә)1917ж 25 қазан б)1918ж 25қаңтар

11.Қазақстанда   Кеңес өкіметі түгел орнап бітті?

А)1916-17жжақпан -желтоқсан ә)1917-1918жжсәуір-шілде б)1917-18ж қазан-наурыз

12.Қазақстанда К.Ө. алғаш орнаған қала ?

А) Қызылжар ә)Перовск б) Верный

13.Алаш партиясы құрылды?

А)1915жж ә)1917жж б)1918ж

14.Түркістан автономиясы таратылды?

А)1917ж1 наурыз ә)1918ж 2 ақпан б)1918ж 3-сәуір

15.Үш жүз мүшелерін кімдер өлтірді?

А) Алашордашылар ә)кызыл әскер б)колчак жендеттері






Тақырыбы: «Нашақорлық - ғасыр дерті » 11 сынып
Мақсаты:Нашақорлық - ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:ХХІ ғасыр - есірткісіз ғасыр, «Есірткіге жол жоқ!» және суреттер.
І. Кіріспе сөз
ІІ. Нашақорлық ғасыр дерті атты баяндама
ІІІ. Сахналық қойылым «Жан азабы»
ІV. Салауат үгіт-насихат тобы
V. Қорытынды.
VІ. Рефлексия
І. Кіріспе сөз.
Армысыздар құрметті қонақтар және оқушылар! Бүгін сіздерге Салауатты өмір салты айлығы және 19 қараша бүкіл дүние жүзілік шылым шегушілерге қарсы күрес күніне байланысты 11 –сынып оқушыларының «Нашақорлық ғасыр дерті» атты кіріктірілген үлгідегі ашық тәрбие сағатымызды ұсынып отырмыз. Бүгінгі кездесуімізге мектебіміздің психолог маманы, оқу ісі меңгерушісі мектеп мұғалімдері қатысуда.

Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған
заманымыздың келесі дерттері шылым шегу, нашақорлық. Өмір - өмір сүру үшін беріледі. Тәрбие сағатымыздың мақсаты - жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау. «Денсаулық-зор байлық»

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз. «Өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз қолымызда»
Өмірге адам бір ақ рет келеді,
Жастық шағың өміріңнің кемелі.
Күте білсең саулығыңды өрелі,
Табиғаттың бергеннен көп берері.
1- жүргізуші
«Нашақорлық - ғасыр дерті» атты баяндама
Есірткі грек тілінде ұйқы мағынасын білдіретін «nerke» сөзі ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді. Жалпы айтқанда, есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Бірақ дүние жүзінде күнделікті қолданыста стимулятор да есірткі ретінде қабылдануда. Өйткені бұлардың құрамында, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар да бар.

Нашақорлық - бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, айналасын торып, ғасыр індеті жүр.
Есірткі - химиялық тұрғыдан алғанда улы заттар мен олардың қосындылары болып табылады. Олар түрлі топтарға бөлінеді:
- таза түрде пайдаланатын өсімдіктерден алынатын улы заттар ( марихуана, гашиш, саңырауқұлақтар)
- химиялық өндіруден өтетін өсімдіктерден алынатын улы заттар( гашиш
майы, апиын, морфин, героин, кодеин, кокаин, крэк);
- синтетикалық жасанды жолмен алынатын улы қосындылар (экстази, фенциклидин, амфетаминдер, барбитураттар, ВФ және момент желімдері);

2-жүргізуші:
Біздің ата-бабаларымыз кең далада еркін өсті. Олар ойын да, бойын да таза ұстады. Ақыл-ойды улап, адамды есінен тандырып, мас қылатын арақ-шарап дегеннен аулақ болды. Ата-бабамыздың ең сүйікті сусыны - дертке дауа, жанға шипа қымыз еді.
1- жүргізуші:
Есірткі, анаша – ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол - оңай алдырар жау емес екен. Есірткі - бір басын кессең, екінші басы шыға келетін жеті басты жалмауыз сияқты.

2-жүргізуші:
Есірткі бар жерде есірткіні таратушылар да бар. Олар – кісінің көз жасынан , қайғы – қасіретінен алтын ақша тауып отырған қаныпезерлер.


1- жүргізуші:
Сол қаныпезерлердің ең алдымен айналдыратыны - өсіп келе жатқан көкөрім жастар.
2- жүргізуші:


Көкнәр деген шөп болады. Есірткінің біразын осыдан жасайды. «Көкнәрдің көз жасын ішкен адамдар өмір бойы жылап өтеді» деген сөз бар халықта.
1-жүргізуші:
Иә, есірткіге бір берілген адам өмір бойы жылап өтеді. Тек өзі ғана емес, ата-анасын, бауырларын, жанашыр жақындарының бәрін де қоса жылатады.
ІІІ. Сахналық қойылым. «Жан азабы»
Қойылымды тамашалау.

Нашақорлық зардабы :

Есірткі билеп сананы, Тілек айтқым келеді

Есірткен мына заманда Адасқан адамдарға
Ессіздің сөзі бағалы. Екі айналып келмейтін

Естінің күні қараңғы. Ғұмырды қымбат бағала

Жұлдызға өзін балайды Мен қалаған өмірді

Жарқырып тіптен жанады Ине де деп санама.

Шынында өмір көгінен, Қор қылма жастық жалынды

Ақырын ағып барады. Тілеймін қанат талмайтын

Ақыл айтса менсінбей, Саған ғана бауырым,

Көкіре көзбен қарады Бақытты өмір қалаймын.

Опасыз достың аздырған,

Көңілінен шықса жарады

Есірткі билеп сананы,

Есірткен мына заманда.

Оқушы :

Таудан биік секілденіп талғамың

Ардан биік секілденіп арманың

Пенделікпен ұмытасың тәубеңді,

Сынағына шыдай алмай Алланың

Оқушы:

Ай мен күне үптіргін кеп шекеңді

Көрмедім деп көлгірсисің шетелді

Тәубаға кел шетел түгел зағиптар,

Көре алмайды өзі туған мекенді

Қошеметті көрмесеңіз несібар,

Бар жағдайды ақиқатпен шешіп ал,

Жылы сөзді естімеген кезіңде

Керең болып туылғанды есіңе ал.

Оқушы:

Тәубаға кел, пенде болсаң есі бар

Сабырсыздар қадірсіз болып тосылар,

Дүниеге қолың жетпей қалғанда,

Бақыт мәңгі тұрсын десең басыңда

Қанағат қыл,ашуланба ,тасынба.

Көлігім жоқ деп ренжуің бекерлік

Аяғы жоқ адамдардың қасында

ІV. Салауат үгіт насихат тобының насихаты.

Оқушы:

«Жан аздырма жеткіншек» 3 оқушы өлең оқиды.

1 Оқушы:

Біраз жас қанын бұзып құтырып жүр,

Айықпас ауруларға тұтылып жүр.

Тән саулық, жан саулықтан сақал сипап,

Ақылдан жүген ұстап ұтылып жүр

2 Оқушы

Не нәрсе тәнін бұзған, жанын бұзған?

Сұйылтып қою күрең қанын бұзған

Адамдық қасиеттерден жалаңаштап,

Қандай күш жынды суға табындырған.



3-оқушы:

Әуестік көк түтінге әнді бұзды

Қашырып қанды ішке сәнді бұзды

Болған соң өкпені ыстап күркілдетіп

Сымбатты денені иіп, тәнді бұзды,.

2-жүргізуші:
Анаша шегушілер бара-бара өздерінің адамдық қасиетінен айырылады. Олар тек қана өзін ойлайды. Оқу, жұмыс жайына қалады.
1-жүргізуші:
Олар өтірік айтады. Ұрлық істейді. Адам тонайды. Ал кейде анаша алу үшін кісі өлтіруден де шімірікпейді.
2-жүргізуші:
Есірткіні шприц арқылы тамырына жіберушілер бауыр ауруына және СПИД дертіне шалдығады.
1- жүргізуші:
Анаша шегушілер - өзін-өзі өлтірушілер.
2-жүргізуші:
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, Ауғанстан мен Тәжікстанда бірнеше мыңдаған тонна апиын сақталып отыр.
1-жүргізуші:
Сол апиын легі бізге келмесіне кім кепілдік береді.

Оқушы :

Нашақорлық аздырады сананы,

Жек көрсетіп жақының мен ағаны.

Осы тектес жамандыққа жолама

Сыйласаңдар сені тапқан ананы.

Оқушы:

Өміоіңдң мәнді өткіз, бос қылма,

Арақ пенен темекіні дос қылма

Нашақордың үлгі етсең істерін

Адам емес болғаның ол бос тұлға.
2 - жүргізуші:
Олай болса, сақ болайық, ағайын!
1-жүргізуші:
Ажал тарататын анашадан абай болайық!
2-жүргізуші:
Егер ел боламыз десек, ұлт боламыз десек,
1-жүргізуші:
Ата-анамызға қуаныш әкелгіміз келсе,
2-жүргізуші:
Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі көркем болсын десек,
сынып і қосылып:
Ел болып, халық болып, анашаны ауыздықтайық! Ғасыр індетіне қарсы тізе қосып күресейік, бауырлар!
VІ. Рефлексия ( балауыз шамды жағып көрсету)
2-жүргізуші:
Құрметті оқушылар, мына жанып тұрған шырақ біздің болашақ
өміріміз. Осы жанып тұрған өмірімізді неге өшіреміз, өзіміздің болашақ
өмірімізге неге балта шабамыз?
Хормен:
Өз өміріміз үшін күресе білейік!
Салауатты өмір салтын қолдаймыз!
Кері байланыс.
1. Нашақорлық мәселесі бойынша айтылған ойлар сіздерде қандай
сезімдер тудырды?
Мұғалім сөзі:
Нашақорлық қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда.

Салауатты өмір сүрейік, спортпен айналысайық, «Салауатты өмір салтын ұстанайық»- деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды қорытындылаймыз.




 

 





1 топ -1. «Мың қаланың билеушілері»деп неге Бактриялықтарды олай атады?

2.Қалаларда қолөнер кәсібі қалай жетілді?

3.Қала сырты немен қоршады?

4.Бактр қаласы несімен әлемге әйгілі болды?




2-топ – 1.Бактрия мәлениетінің тамаша үлгісі Аә Ханум қаласында қандай мәдениет

дамыды?

2.Тихти Сангиндегі Окс храмы несімен ерекшеленеді?

3.Бактриялық дәстүрдің гректік құрылыс өнерінен айырмашылығы?

4.Ай Ханум мен Тахти Сангиннен қандай мүсін, бейнелеу өнер

ескерткіштері табылды?







3.топ – 1. Б.з.б 3ғ ортасында Бактрия жеке мемлекетке айналды. Дилдот не шығарды?

2.Евтидем және 3 Антиох деген кім?

3.Евтидем мен 3 Антиох қандай келісімге келді?

4.б.З.Б 2ғ. Евтидем ұрпақтары Индияға жорығы қандай болды?



































Халық жиналысына қатысты – ер-азаматтар

Сақ тайпаларын басқарды – көсемдер

Сақтарда қанша әлеуметтік топ болды – 3

Олар қалай ажыратылды – киім түсіне б/ты

Жауынгерлер - ?

Абыздар - ?

Қалғандары - ?



Сақтар көптеген әлемдік тарихи оқиғаларға

қатысқан:

-Прасы патшасы Кир шапқыншылығы –

- Грек- македондықтар Ескендір Зұлқарнайын шапқыншылығы –

- Парсы патшасы Дарий шапқыншылығы –

Шырақ ерлігі дегенді қалай түсінесіз?

Томирис патшайым өмір сүрді? –


Теңдесі жоқ жәдігерлер

«Алтын киімді адам»




«Есік адамы» «Аралтөбе адамы» «Шілікті»

? ? ?









Үй тапсырмасы :

-Б.З.Б.2мыңжылдықта басталды?

- Қола металлы қалай алынды?

- Қола дәуірін қамтитын уақыты?

- Қола дәуірінде қандай бірлестіктер п.б.

- Қола дәуірі қанша тарихи кезеңге бөлінеді?

- Қола дәуірінің неше ерекшелігі бар?

-Андрон мәдениеті ұғымы қалай қалыптасты?

- Қаз- да ескерткіштер ең көп шоғырланған жер?

- Қола дәуірінде Қазақстанды мекендеген тайпалар?Олар ?

Андрондықтардың шаруашылығы?





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-294791

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"