Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары "Үй бюджеті.Үйге кіретін табысты құрастыру.Кіріс және шығыс көзін есептеу"

Сабақ жоспары "Үй бюджеті.Үйге кіретін табысты құрастыру.Кіріс және шығыс көзін есептеу"

  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Үй бюджеті.Үйге кіретін табысты құрастыру.Кіріс және шығыс көзін есептеу.


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға үй экономикасы туралы жайлы түсінік беру. Отбасы бюджетін дұрыс ұйымдастыруды кіріс және шығыс көзін есептуді үйрету.

Білімділік мақсаты: Оқушыларға үй экономикасы оның маңызы мен мақсаты жөнінде түсінік беру.

Дамытушылық мақсаты: Логикалық ойлау жүйелі жоспар құрып, іскерлік қабылеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Үй бюджетін жоспарлауға, шеберлікпен атқаруға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта , кестелер, тестік карточкалармен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: Экономика, математика, тарих, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру. «Ақшаны сыйласаң ол да сені жақсы көреді», «Тиыннан сом құралады» - деген мақалдар біздің сабағымызға қатысты.Себебі біз өткен сабақта «Үй экономикасы» деген бөлімді бастағанбыз. Біздің барлығымыздың отбасымыз бар. Біз онда тәрбиеленеміз, демаламыз, еңбек етеміз, барлық қуанышпен қиыншылықты бірге бөлісеміз.Олай болса үй экономикасы біздің экономикамыз.

Үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтар:

  1. Экономика деген сөз нені білдіреді?

  2. Үй экономикасы дегеніміз нені қарастырады?

  3. Негізгі мақсаты не?

  4. Жоспарлау дегеніміз не?

  5. Үй экономикасының маңызы неде?

  6. Нарық дегеніміз не?

  7. Қаржы дегеніміз не?

  8. Ақша дегеніміз не?

  9. Өскеменде қандай банктер бар?

  10. Депозит дегеніміз не?


Жаңа сабақ

Мақсатымыз табысты құрастыра отырып, кіріс,шығыс көзін есептеу, үнемдеуді үйрену.

Үй бюджеті деген не?(Бюджет- сөзі ақша салатын әмиян деп аударылады. Біз әр күнімізді мерекені жұмыстың бәрін жоспарлаймыз. Сол секілді ақшаны да санап, жоспарлап жұмсаған дұрыс. Үй бюджеті дегеніміз үйге кіретін барлық табыстарды және шығындары тиімді құрастырып, есептеп отыру.

Бюджет қалай тиімді болады? Ол үшін отбасылық кірістерді және шығыстарды дұрыс құрастыру қажет.

Кірістер дегеніміз барлық ақшаларымыз.

Шығыстар дегеніміз барлық жаратылып жатқан ақша. Кірістерге шәкіртақы, зейнетақы, айлық жалақы ,жәрдемақы, т.б. жатады. Шығыстарға – салық, азық- түлікке жұмсалатын қаржы, киім- кешек, оқуға ,жолға ,жиһазға кететін қаржы т.б.


Келесі ойын ойнаймыз: (Отбасы бюджеті) бұл ойында кімнің отбасында таразы басы қалай тартады екен? Тақтада тексереміз.

«Отбасы бюджеті» ойыны

1. Отбасының айлық жалақысы

2. Көлік үшін жұмсалатын қаржы

3. Тамаққа жұмсалатын қаржы

4. Шәкіртақы, зейнетақы, жәрдемақы

5. Жалданған пәтер үшін ақы төлеу немесе алу

6. Үйірме секция репетиторлық қызмет көрсету

7. Сыйақы

8. Әр түрлі салықтар, коммуналдық қызметпен несие

9. Киімге жиһазға жұмсалатын қаржы

10. Жеке шаруа қожалығына түстеін қаржы

11. Тұрмыстық мәдени қызметтер (кино, театр, музей, туған күн , той, т.б.)

12. Ақылы оқуға төлеу

13. Үнемдеу, жинақ сомалары

14. Жоспарланбаған шығындар


Жауабы: Кірістер


Шығыстар

Егер тең болса, тепе- теңдік жағдайда біреуі басым болуы да мүмкін.


Тест сұрақтары:

  1. Отбасылық бюджет ол-

а) Ол белгілі бір уақыт мезгіліндегі кіріс шығыс көзі

ә) Ақшалай немесе заттай құндылықтар

б) Отбасылық кіріс және барлық бағалы заттар, қарыздар, кірістер, шығыстар және т.б. қажеттіліктер жазатын журнал

2. Табыс дегеніміз-

А) Шығыс қажеттілігі үшін жұмсалатын қаржылар

ә) Тепе- теңдікті сақтау үшін берілетін мүмкіндіктер

б) өндірістен жеке адамнан ақшалай, заттай бағалы қағаз алатын құндылықтар

3. Болжам жасалынбаған шығыстар:

А) Тамаққа

ә) Коммуналдық қызмет

б) Тұрмыстық мәдени шығын

4. Негізгі сатып алу ережесі:

А) Кездейсоқ сауда жасау

ә) Заттың сапасын кепілдік мерзімін көру

б) Ыңғайлылығы, қолайлылығы

в) Сапасы , ерекшелігі

5. Зат қандай талаптарға жауап береді?

А) Құнды , бағалы

ә) Ыңғайлы, Қолайлы

б) Ерекше сапалы

6. Отбасылық қажеттіліктің қайсысы материалдық шығынға жатпайды?

А) Тамақпен киімге жұмсалатын қаржы

ә) білімге, қоғаммен араласуға

б) Үйге, жиһазға, тұрмыстық заттарға жұмсалған қаржы


Жаңа тақырып бойынша тапсырма:

Отбасылық бюджетті есептеу.

Тақырып бойынша қорытынды сұрақтар:

  1. Үй бюджеті дегеніміз не?

  2. Кірістер дегеніміз не?

  3. Шығыстар дегеніміз не?

  4. Тепе- теңдік жағдай дегеніміз не?

  5. Ал егерде біреуі басым болса ше?

Үйге тапсырма. Оқушыларды бағалау







Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 02.10.2016
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров157
Номер материала ДБ-231833
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх