Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Конспекты / Сабақ жоспары "Йод сабақ жоспары"

Сабақ жоспары "Йод сабақ жоспары"

  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:


Пән: химия

Сынып:10 сабақ: 2 өтілетін уақыты: 23.04.2015ж

Сабақтың тақырыбы:

Йод оның қасиеттері. Адам тіршілігіндегі йодтың биологиялық маңызы

сілтеме:

Химия 10 сыныпқа арналған оқулық, Электронды оқулық, Ғаламтордан алынған материалдар.Слайд.

Жалпы мақсаты:

Йодты ҮІІ А топ элементтері ретінде сипаттау, физикалық және химиялық қасиеттерімен, практикада қолданылуымен танысу

Оқу нәтижелері

Йодтың биохимиялық маңызы, оның қосылыстары, йод тапшылығынан туындайтын аурулар түрлерін біле алады жоғары ой кеңістігін дамыту.

Дереккөздер

Химия . Жалпы білім беретін мектептің 10 сыныбына арналған оқулық. Нұрахметов Н, Қ.Б.Бекішев, Н.А. Заграничная, Г.В. Абрамова Алматы «Мектеп», 2014, Нұрахметов Н.Н, Қ.Б.Бекішев, Н.А. Заграничная Химия оқыту әдістемесі, Нұрахметов Н, Қ.Б.Бекішев, Н.А. Заграничная Химия, дидактикалық материалдар, Алматы «Мектеп», 2010 ж

Сабақтың түрі

кіріктірілген

Сабақтың

әдіс-тәсілдері

Жеті модуль / үштік картасы, екі жұлдыз, бір ұсыныс, постерлер, маркерлер, үлестірме материалдар, презентация, нан, картоп крахмалдары, йод ерітіндісі, стакандар, тамызғы.

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Уақыт

Білу

І. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. Күн сәулесі кімге түсті?

Қағаз қиындылары арқылы топқа бөліну

І Дүние жүзі соғысында химиялық қару ретінде қолданған газ / хлор/

Жүйкені тыныштандыратын дәрі құрамына кіреді.

/бром/

Қан тоқтатын сұйықтық /йод/

І топ: хлор ІІ топ: бром ІІІ топ: йод

ІІ. Өткенді қайталау. Үй жұмысын қайталау

  • Есепті тексеру

  • Өткенді қайталау. Тест тапсырмасын орындау

І нұсқа

1. Галогендер үшін дұрыс тұжырым:

а.молекулалары қ.ж екіатомды

ә.барлық галоген атомдарының жоғары валенттігі VII ге тең

б.оттекпен қосылыстарында барлық галоген атомдарының тотығу дәрежесі оң

в.барлық галоген атомдарының сыртқы энергетикалық деңгейлерінде негізгі жағдайда 7 электрон болады.

2. Галогендердің ішінде тотықсыздандырғыш қасиет айқын байқалады? а.Бром ә.Хлор б.Йод в.Фтор

3.Тұз қышқылы мына заттармен әрекеттесе отырып тотықсыздандырғыш болады? а.KMnO4 ә.K2CO3 б.NH3 в.MnO2

4.Сәйкестендір:

1.НСІО а.хлорат

2.НСІО2 ә.перхлорат

3.НСІО3 б.гипохлорит

4.НСІО4 в. Хлорит

5.Төмендегі реакция теңдеуіндегі барлық коэффициенттер саны:

2СаОСІ2 +СО22О = СаСО3 +СаСІ2 +2НСІО

а. 4 ә. 2 б.10 в.8

1.Барлық галогендерге тән қасиет:

а.жоғары тотықсыздандырғыш қасиет

ә.тотықтырғыш қасиет

б.жоғары реакцияға қабілеттілік

в. әдеттегі жағдайда жай заттардың газтектес болуы

2.Қай реакция жүрмейді? а.КІ +Br2 = ә.КCI +СІ2= б.КBr +СІ2= в.КCI + І2

3.Тұз қышқылы қатысында жүретін реакцияны көрсет:

а.Cu +HCI = ә.K2SiO3 +HCI =

б.HCI +NH4HCO3 = в.HCI +SiO2 =

4.Хлордың оттекті қышқылдарында қышқылдық қасиет төмендегі реттілік бойынша:

НСІО ←НСІО2 ← НСІО3 ← НСІО4

а.артады ә. Кемді б.өзгермейді.

5. Галогендер молекулаларының атомдарға жеңіл ыдырауы олардың қандай қасиетіне байланысты

а. физикалық қасиетіне ә.балқу температураларына

б.жоғары химиялық белсенділігіне в.бір топшада болуына

ІІІ нұсқа

1. Дұрыс тұжырымды көрсет:

а.2-5- периодтарда жай заттардың ішінен галогендер ең күшті тотықтырғыштар болып табылады.

ә.қатты жағдайда галогендер иондық кристалл торын түзеді.

б. фтор басқа элементтермен қосылыстарында бір ғана тотығу дәрежесін көрсетеді.

в.NaI → NaCI → NaF қатарындағы тұздардың балқу температурасы жоғарылайды.

2.Белгілі жағдайда хлор әрекеттесетін заттың формуласын көрсет:а. КОН ә.Н2О б.Ғе в.КІ

3.СІ22О ↔НСІ +НСІО реакция теңдеуіндегі түзілген өнімдер:а.тұз қышқылы және хлорлы қышқыл

ә.тұз қышқылы және хлор қышқылы б.тұз қышқылы және хлорлылау қышқылы в.тұз қышқылы және хлорлау қышқылы

4.Галоген атомдарының сыртқы қабатындағы электрондық конфигурациясының формуласына сай келетін нұсқаны белгіле: а.ns2np5 ә.ns2np4 б.ns2np3 в.ns2np6

5.Фтордың басқа галогендерден айырмашылығы оның

а. ол s элементке жатады ә.р орбиталы жоқ

б.d орбиталында 2 электроны бар в. d орбиталы жоқ

ІV нұсқа

1.Галогендер сумен, сутекпен, оттекпен, мырыш оксидімен, мыспен, фосформен, бензолмен әрекеттеседі. Осы тұжырымда қанша қате бар?а.1 ә.жоқ б.3 в.2

2.Тұз қышқылына мынадай қасиеттер тән:

1.Лакмустың түсін өзгерту 2.Фенолфталеиннің түсін өзгерту

3. Көптеген металдармен әрекеттесу 4.Мысты еріту

5.Кальций гидроксидін бейтараптау 6.Алтын оксидін еріту

7.Тұздармен әрекеттесу 8.фосфаттардан фосфор қышқылын ығыстыру. Осы қасиеттердің қаншасы дұрыс?

а.4 ә.5 б.6 в.7

3.Адам организмінде /масса бойынша/ хлордың мөлшері ... % тең : а.0,5 ә.0,2 б.0,25 в.0,50

4.Галогендердің ядро заряды өскен сайын атомдарының радиустары ...., себебі энергетикалық деңгей саны

а.артады, жоғарылайды. ә.артады, төмендейді.

б.төмендейді, кемиді. в.кемиді, артады.

5.Хлор иондарына сапалық реакция .... бола алады.

а.Ерітіндіде крахмалдың болуы, көк түске боялуы

ә.Жанарғы жалынын көк жасыл түске бояйды

б.күміс иондарымен әрекеттескенде, күміс хлориді тұнбаның түзілуі

в.Сілті қосқанда, қоймалжың тұнба түзілуі

мұғалім жетелеме сұрақтар қояды.

Сендер орындаған тапсырма қандай тақырыпқа негізделген?

Олар қай топта орналасқан? Аталған элементте металдық және бейметалдық қасиет қалай өзгереді? Ол қандай қасиетке байланысты?

Оқушылардың есімдерінің бастапқы әрпіне қарай жақсы тілек сөзбен күн сәулесінің сол оқушыға түскенін айту. Аты аталған оқушы орнынан тұру.

Қағаз қиындыларын дұрыс құрастыру арқылы топқа бөлінеді






Сұрақтарға ойланып, топпен талқылай отырып жауап береді.







Дұрыс жауаппен салыстыру

бағалау смайлик, қимыл арқылы іске асады.

1 мин



2 мин

Түсіну

ІІІ. Жаңа тақырып. Ой қозғау: жұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпқа шығу

Мен ерекшемін, қара қоңыр түстімін

Тек теңіз өнімдерінен ғана табыламын

Арғы атам галоген

Мен сонда кіммін? /йод/

Олай болса, бүгінгі тақырыбымыз йод және оның қасиеттері, адам өміріндегі маңызы.

Ал, балалар бүгінгі сабақтағы мақсатымыз қандай болмақ?

Дәптермен жұмыс:

І хлор тобы: Йодтың периодтық жүйедегі орны, химиялық қасиеті

ІІ бром тобы: йодтың физикалық қасиеті, қолданылуы, йод жетіспеушілігі

ІІІ йод тобы. Йодты сапалық анықтау

йодтың алынуы

Йод тапшылығы бейнебаянмен таныстыру.


Жұмбақты шешу.


Ой қозғау сұрақтарына жауап беру

Сабақтың мақсатын анықтау





Дәптерге бүгінгі сабақтың тақырыбын жазу.

І хлор тобы: презентация жасау

Йодтың периодтық жүйедегі орны, химиялық қасиеті

ІІ бром тобы: денсаулық бағдарлама

йодтың физикалық қасиеті, қолданылуы, йод жетіспеушілігі

ІІІ йод тобы. Тәжірибе жасау

Йодты сапалық анықтау йодтың алынуы

жұмыстарын қорғайды. Смайлик, қимыл, қол шапалақтау арқылы бағалау

15 мин

Қолдану

Тапсырма: «Білім қорын толықтыр»

1.Мүмкін болатын реакция теңдеулерін жүзеге асыр.

FeCI3 → I2 → HI → KI → I2

2.Йод толығымен тотығу үшін 332 г калий йодидімен әрекеттесетін хлордың (қ.ж) көлемін анықтаңдар.

3. Йодтың этил спиртіндегі 5 %-тік ерітіндісінің 1 кг-ын дайындау үшін қажет йодтың массасы мен этил спиртінің ( p=0,79 г/см3) көлемін есепте.

4. Калий йодиді А газымен әрекеттескенде түзілген күңгірт күлгін түсті, кристалды Б заты түзілді. Б заты сілтімен әрекеттесіп оттексіз С тұзын түзді. А.Б,С заттарын анықта.

Есептерді шығару. Топтар арасында талқылау, смайлик арқылы бағалау.

«Өкіл» әдісі арқылы тапсырманың орындалуын анықтау

15 мин

Талдау:

Жинақтау

«Үштік» картасы

айырмашылығы

ұқсастығы

айырмашылығы

Йод


Хлор








Топпен бірлесе отырып орындайды. Интербелсенді тақтада орындайды.



5 мин

Қорытынды:

Екі жұлдыз, бір ұсыныс

Қимыл арқылы бағалау

2 мин

Бағалау

Суммативтік бағалау

формативтік бағалау

2 мин

Үй тапсырмасы

§7.14 оқу, есептер жинағы 258 бет, 4,10, йодқа байланысты материалдар жинақтау./, реферат, слайд дайындау/

§7.14 оқу, есептер жинағы 258 бет, 4,10

1 мин



Автор
Дата добавления 17.11.2015
Раздел Химия
Подраздел Конспекты
Просмотров725
Номер материала ДВ-163675
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх