Сабақ жоспары "Зат есімді қайталау"

Предпросмотр материала:

Сабақтың тақырыбы: Зат есімді қайталау

 

Сабақтың мақсаты: Зат есімнен алған білімдерін пысықтау, зат есімнің түрлерін ажырата білуге үйрету, зат есімді тәуелдей білу; тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту; оқушыларды ұйымдастырушылаққа, ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: ертегі (жарыс) сабақ, саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс істеу, топтастыру

Көрнекілік: (интерактивті тақтадан) ауылдар, тапсырмалар

 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болмақ! Сабағымыз ертегі желісінде өтпек. Ертегіміз былай басталады екен:


Ерте, ерте, ертеде,

Мінезі суық қаталдау

" Қазақ тілі" атанған,

Хан патшасы болыпты.

Үйлер тігіп жайлауға,

Қыр басына қоныпты.

Зат есім деген атаның

Бес ұлы болыпты.

Бесеуі де ер жетіп,

Білімімен жаныпты.

Ақылымен жетектеп

Сара жолға салыпты.

Бесеуіне қаз-қатар

Үш үй тігіп беріпті.

Себебі төрт баласы

Ұқсас егіз болыпты.

 


ІІ. Саяхат

-  Енді біз «Қазақ тілі патшалығына» саяхатқа шыгамыз. Бүгін хан патшасы Зат есім атаның 5 ұлының білімдерін тексермекші екен. Бүгін сол ұлдарының рөлін сендер ойнайсыңдар. Ал, мен хан патшасы боламын.

-  Хан патшасы Зат есім атаның ұлдарын шақырып алады, бір-біріне қонаққа барып, білімдерін тексерді.

 

ІІІ. 1. «Жалпы және жалқы есім аулы»


Бірі жалпы атаса,

Бірі жеке жер-суды,

Адам, қала аттарын

Саралап айтып беретін

Егіз ұлмыз екеуміз

Жалпы болсақ біріміз,

Екіншіміз Жалқымыз.


«Жалпы және жалқыға» берілетін тапсырма


1. Зат есім дегеніміз не?

2. Зат есімге қандай

сұрақтар қойылады?

3. Зат есімнің түрлерін

атап, мысал келтір


ІV. 2. «Негізгі және тынды зат есім»  аулы


Зат есімнің екінші

Егіздері мына бізбіз.

Мен түбірдің өзімін

Зат есіммін негізгі.

Түбір сөзге жалғанса,

Жұрнақ деген қосымша

Зат есім болам туынды.

-  Негізгі және туынды зат есім дегеніміз не?

-  Мысал келтір.

-              Достық

Өкпелесіп сызданбайды,

Бірін-бірі сыйлайды.

Жақсылықты қызғанбайды,

Жамандықты қимайды.

-  Туынды сын есімдерді сөз құрамына талда.

 

V. «Тәуелдік жалғауы» аулы


Ал мен егіз емеспін,

Ең кенжесі боламын.

Жалғап алып жалғауымды,

Біреуге тән боламын.

Менің, сенің, сіздің, оның деп

ІІІ жақта жекешеде,

Ал көпшеде біздің,

Сендердің, сіздердің

Және олардың деп

Тәуелденіп тұрамын


-  «Айна» сөзін тәуелдеп жаз.

-  Бұтағы - бабасының,

Ұрпағы - атасының,

Шуағы - әжесінің,

Тұяғы - әкесінің,

Тілегі - анасының,

Тірегі - ағасының,

Түлегі - даласының,

Дарытқан бар асылын

Мен - қазақ баласымын, - тәуелденген сөздерді теріп жазып, сөз құрамына талдау.

 

VІ. Қорытынды

Кең-байтақ өлкемізде үлкенді-кішілі өзендер көп-ақ. Солардың бірі - Сырдария. Бұл өзен Аралға құяды. Сырдарияның төменгі ағысында көптеген көне қалалар орны кездеседі.

Сөйлемдерден әр ауыл өзеріне қатысты сөздерді тауып жазады, талдайды.

VІІ. Үйге тапсырма

Ішінде зат есімнің түрлерінің бәрі кездесетін сөйлемдер жазып келу.

VІІІ. Бағалау

 

Сабақ жоспары "Зат есімді қайталау"

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

БАЛМАГАНБЕТОВА МОЛДИР ЕРБОЛОВНА

УЧИТЕЛЬ НАЧАЛЬНЫХ КЛАССОВ И САМОПОЗНАНИЕ

  • На сайте: 10 лет и 6 месяцев
  • Всего просмотров: 17168
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 5
  • 17168
    просмотров
  • 5
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем БАЛМАГАНБЕТОВА МОЛДИР ЕРБОЛОВНА.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~150

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: