Топқа
бөлу
Сұрақтар(Ережелер)
|
І топ:
Жай бөлшек
ІІ топ: Аралас сандар
ІІІ топ: Бүтін сандар
Оқушыларға
өткен тақырыптар бойынша ережелер қойылады.
1. Бөлімдері
бірдей бөлшектердің айырымын тбау үшін .......
2.Бөлімдері бірдей бөлшектердің қосындысы .......
3. Бөлімдері бірдей аралас сандардың қосындысын табу үшін...........
4. Бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту үшін...........
5. Жай бөлшектердің көбейтіндісі- ......
6. Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін бөлінгішті бөлгішке кері бөлшекке
көбейту керек.
7. Жай бөлшекті натурал санға көбейту үшін....
8.Жай бөлшекті натурал санға бөлу үшін ..
9.Натурал санды бөлшекке қосқанда ....
10. Натурал саннан жай бөлшекті азайтқанда
11.Аралас сандарды бөлу үшін.......
12.Аралас сандарды көбейту үшін .........
13.Аралас сандарды азайту үшін ........
14.Аралас сандарды қосу үшін.....
15. Натурал мен аралас санды қосқанда.....
16.Аралас саннан натурал санды азайтқанда..
17. Натурал мен аралас санды көбейткенде
18. Натурал мен аралас санды бөлгенде..
|
Оқушылар
алдына таратылған үлестірмелі карточканың бірін таңдап, топқа бөлінеді,
Оқушылар
өткен тақырыптың ережелерін еске түсіріп, сұраққа жауап береді.
1.
Бөлімдері бірдей бөлшектердің айырымын табу үшін бірінші бөлшектің алымынан
екінші бөлшектің алымын азайтып, айырымның мәнін алымына жазып,бөлімінқзгеріссіз
бөліміне жазу керек.
2. Бөлімдері бірдей бөлшектердің қосындысы алымы бөлшектердің алымдарының
қосындысына , ал бөлімі өзгеріссіз қалдырылған бөлшекке тең болады.
3. Бөлімдері бірдей аралас сандардың қосындысын табу үшін, аралас сандардың
бүтін бөліктерін жеке, бөлшек бөліктерін жеке қосып, қосындыны аралас сан
түрінде жазу керек.
4. Бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту үшін, аралас сандардың бүтін
бөліктерін жеке, бөлшек бөліктерін жеке азайтып, нәтижесін аралас сан түрінде
жазу керек.
5. Жай бөлшектердің көбейтіндісі- алымы берілген бөлшектердің алымдарының
көбейтіндісіне, ал бөлімі бөлімдеріне көбейтіліп жазылады.
6. Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін бөлінгішті бөлгішке кері бөлшекке
көбейту керек.
7. Жай бөлшекті натурал санға көбейту үшін натурал санды алымына көбейтіп,
мәнін жай бөлшектің алымына жазамыз, ал бөлімін өзгеріссіз қалдырамыз.
Натурал санды бөлшекке көбейту үшін, оны бөлімі 1 болатын бөлшекпен
алмасырады.
8. Жай бөлшекті натурал санға бөлу үшін бөлшектің алымын өзгеріссіз қалдырып,
бөлімін натурал санға көбейту керек.
9. Натурал санды бөлшекке қосқанда, бүтін сан бөлшекке қосылып,аралас сан боп
қалады.
10. Натурал саннан жай бөлшекті азайтқанда, натурал санды аралас санға
айналдырамыз.Ол үшін натурал санымыз 1 санға шегеріп,келесі бөлшектің
бөліміне қарап 1-ге тең болғандағы бөлшекке келтіріп азайтамыз.
11. Аралас сандарды бөлу үшін, аралас сандарды бұрыс бөлшеке
айналдырып,содан кейін ғана жай бөлшектерді бөлу амалы орындалады.
12. Егер көбейткіштер аралас сандар болса, оларды дұрыс жай бөлшекке
айналдырып, содан кейін жай бөлшектерді көбейту ережесін қолданамыз.
13. Аралас сандарды азайту үшін бөлшек бөліктерін ең кіші ортақ бөлімге
келтіру керек.Бүтін бөліктерін бөлек, бөлшек бөліктерін бөлек азайтып,
нәтижелерін қосу керек.
14. Аралас сандарды қосу үшін бөлшек бөліктерін ең кіші ортақ бөлімге келтіру
керек.Бүтін бөліктерін бөлек, бөлшек бөліктерін бөлек қосып, нәтижелерін қосу
керек
15. Натурал мен аралас санды қосқанда, Натурал мен аралас санның бүтін бөлігі
қосылып, қосындыға аралас санның бөлшек бөлігі тіркеліп жазылады.
16. Аралас саннан натурал санды азайтқанда, аралас пен натурал санның бүтін
бөлігі азайтылып, нәтижесінде аралас санның бөлшек бөлігі тіркеліп жазылады.
17. Натурал мен аралас санды көбейткенде, оның бөлімі 1 болатын бөлшекке
келтіріп, аралас санды бұрыс бөлшекке айналдырып, одан бөлшектердің алымын
алымына , бөлімін бөліміне келтіріп көбейтеміз.
18. Натурал мен аралас санды бөлгенде, оның бөлімі 1 болатын бөлшекке
келтіріп, аралас санды бұрыс бөлшекке айналдырып, оның алымын мен бөлімін
алмастырып, содан шыққан бөлшектердің алымын алымына , бөлімін бөліміне
келтіріп көбейтеміз.
|
Оқушылар
өз топ мүшелерін жинау.
Әр топ
мүшелері жасырылған ережеге тез ойланып, нақты жауабын қайтару.
|
Логикалық
есептер
|
Арман черновикте есеп шығарып, оны дәптерге көшірді.Бірақ
жақшаларды қалай қойғанын ұмытты. Оның есінде қалғаны мынау 6*8+20:4-2=40.
Арманға жақшаларды қоюға көмектесіңіз.
Әділ тақтаға екі сан жазды. Мейрамбек олардың қосындысын қасына жазды.
Жәнібек тақтадағы үш санын қосты. Егер Мейрамбектің жазған саны бес болса,
Жәнібек тапқан қосынды нешеге тең?
555555 саны 3 пен 5-ке бөлінеді ме?
Бір елде 20 қала бар. Оның әрқайсысы бір-бірімен ауебайланыста
жұмыс жасайды. Бұл елде неше әуебайланыс бар?
Ойлаған санға бірді қостым, қосындыны еіге көбейттім. Көбейтінідіні төртке
бөлдім. Бөліндіден үшті азайттым. Бір шықты. Мен қандай сан ойладым?
Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы ұш жеңіл машина
және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?
Отбасында анасы, әкесі және 4 баласы бар. Балалардың орташа бойы
120 см, ал ата-аналарының орташа бойы 174 см. Барлық отбасы мүшелерінің
орташа бойы неше см?
|
Арман черновикте есеп шығарып, оны дәптерге көшірді.Бірақ
жақшаларды қалай қойғанын ұмытты. Оның есінде қалғаны мынау 6*8+20:4-2=40.
Арманға жақшаларды қоюға көмектесіңіз. Жауабы: 6*(8+20):4-2=40
Әділ тақтаға екі сан жазды. Мейрамбек олардың қосындысын қасына жазды.
Жәнібек тақтадағы үш санын қосты. Егер Мейрамбектің жазған саны бес болса,
Жәнібек тапқан қосынды нешеге тең? Жауабы: 5+5+10=20
68. 555555 саны 3 пен 5-ке бөлінеді ме? Шешімі: бөлінеді,
себебі: 1)5-ке аяқталады – 5-ке бөлінеді, 2)цифрларының қосындысы 3-ке
бөлінеді – 3-ке бөлінеді
Бір елде 20 қала бар. Оның әрқайсысы бір-бірімен ауебайланыста
жұмыс жасайды. Бұл елде неше әуебайланыс бар? Шешімі:19+18+17+....+3+2+1=190
Поштада 5 әртүрлі конверт және 4 әртүрлі марка сатылады. Неше тәсілмен 1
конверт пен 1 марка сатып алуға болады? Шешімі: 5*4=20
Ойлаған санға бірді қостым, қосындыны еіге көбейттім. Көбейтінідіні төртке
бөлдім. Бөліндіден үшті азайттым. Бір шықты. Мен қандай сан ойладым? Шешімі:
(((x+1)*2)/4)-3=1 x=7
Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы ұш жеңіл машина
және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр? Жауабы: Бір ғана
мотоцикл
Отбасында анасы, әкесі және 4 баласы бар. Балалардың
орташа бойы 120 см, ал ата-аналарының орташа бойы 174 см. Барлық отбасы
мүшелерінің орташа бойы неше см? Шешімі: 120*4=480 174*2=348 4+2=6
(480+348)/6=138 см
|
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.